Читайте также: |
|
Құқықтық мемлекеттің классикалық либералды нұсқасымен
қоса жетілмегендігіне, сондай-ақ классикалық социализмның
материалдық бостандықты қамтамасыз ету мен қоғамда
әлеуметтік әділеттілік пен теңдікті орнатуға қабілетсіздігіне
әлеуметтік мемлекет теориясы мен практикасы толықтай ойласты-
рылған жауап болды.
Әлеуметтік мемлекет — әрбір азаматқа лайықты өмір сүруді, әлеуметтік қорғауды, өндірісті басқаруға қатысуды, ал идеалда шамамен бірдей өмірлік шансты, қоғамда тұлғаның өзін-өзі көрсете алу үшін мүмкіндікті қамтамасыз етуге ұмтылатын мемлекет. Мұндай мемлекеттің кызметі ортақ игілікке, қоғамда әлеуметтік әділеттіліктің орнауына бағытталған. Ол мүліктік және басқа да әлеуметтік теңсіздіктерді тегістеп жібереді, әлсіздер мен мұқтаждарға көмек береді, әркімнің еңбек етуіне немесе өмір сүрудің басқа көздерін табуға қамқорлық жасайды, қоғамда бейбітшіліктің сақталуына, адам үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға мүдделі болады. Тіршілік етудің кез-келген, бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық сферасының тиімді қызмет етуі бәсекелестіктің қанша қатал және адамдардың өмірі мен тағдырына аяушылық білдірмейтіндігіне қарамастан оны талап ететіндігіне әлемдік тәжірибе куә болып отыр. Бірақ дүние басқаша жаралған, бәсекесіз, бақталастықсыз, жарыссыз коғамдық организм сола бастайды, онда оның құрып кетуіне соқтыратын зиянды процестер бас көтереді. Сондықтан да кез-келген қоғамдық жүйе, кез-келген режім құрып кетпеуі үшін бәсекелестікті, онымен бірге бастаманы жоимауға міндетті, оларды заң шсңберіне сыйдыруы тиіс және сонымен бір уақытта әділеттіліктің қарапайым нормаларын құқықтық қамтамасыз ету туралы ойлануы қажет. Әділеттілік режимнін немесе жүйенің зандылығын кез-келген дәйектеудің негізін құрайды. Тіпті ең тирандық режимдердің өздері әділеттілік принциптерін ұстанатындығы туралы жариялап отырулары да кездейсоқ емес.
Әлсуметгік мемлекет бастаулары ертеден пайда болған әлеуметтік саясатқа шығады. Ежелдегі көптеген ел билеушілер, мысалы, рим цезарьлары барынша кедей адамдарға қамқорлық жасап отырған. Алайда әлсіздер мен мұқтаж адамдарға көмек берудің ауыртпалығы отбасылар мен қауымдастықтарға түсіп отырған.
Қоғамның индустрализациясы, урбанизациясы және индивиду-ализациясы (атомизациясы), капитализмның бақылаусыз дамуы әлеуметтік қамтамасыз етудің дәстүрлік формаларын қиратып, әлеуметтік шиеленістер мен тап күресін асқындырып жіберді. Бұл мәселелерді шешу әлеуметтік саясат объектілерін күрт кеңейту мен оны мемлекеттің басты бағыттарының біріне айналдыруды талап етті. Осының нәтижесінде шамамсн XX ғ. 60 жылдарында әлеуметтік мемлекеттер пайда бола бастады. Олардың қажетті алғышарттары әрбір мұқтаж адамға ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Батыстың басты елдерінің экономикалық дамуының жоғары деңгейі болып табылды.
ХІХ-ХХ ғасырлар бойына демократияның дамуы «адам құқығы» ұғымына әлеуметтік-экономикалық құқықты қоса отырып оны кеңейтуге болды. Ұлы француз революциясының замандастары адам құқықтары Декларациясына мұқтаж адамдарға қоғамдық көмекпен толықтыруды ұсынды. Бұл үсыныстың қарсыластары бостандық топырағында әлеуметтік мәселелер де шешілетіндіктен бұған ешқандай қажеттілік жоқ деп уәж айтып қарсы шықты. Адамның барлық әлеуметтік-экономикалық кұқықтарының ішінен 1791 ж. Декларацияға тек біреуі ғана - жекеменшік құқығы ендірілді. 1848 ж. революция кезінде Францияда алғаш рет еңбек ету құқығын заңды түрде бекіту талаптары ұсынылды. Соңынан Англиядағы чартистік қозғалыстың қатысушылары, Еуропа елдерінің әлеуметтік-демократиялық партиялары оны кәсіподақтардың еңбек келісімдерін жасауға қатысу құқықтарын тану талаптарымен, ереуіл жасау құқығымен, жұмыс күнінің ұзақтығын шектеумен, еңбек ақының ең төменгі деңгейін белгілеумен және т.б. толықтырды.
Әлеуметтік құқықтарды жүйеге келтірудің қазіргі замандағы негізі 1966 ж. БҰҰ қабылдаған және 1973 ж. КСРО бекіткен экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтардың Халықаралық пактісі болып табылады. Әлеуметтік құқықтың бес негізгі тобын боліп кәрсетуге болады.
Бірінші топ — еңбек ету қүқығы, яғни әр адамның өзінің өмір сүруін еңбек етумен қамтамасыз ету туралы еркін таңдалатын құқығы. Еңбек ету құқығының толықтай жүзеге асуы кәсіби-техникалық оқыту мен даярлаудың шынайы бағдарламаларын, меншік иелерінің құқығын бұзбай еңбекпен қамту саясатын қамтиды. Еңбек кұқығына әділетті және қолайлы еңбек жағдайларына деген құқықты жатқызады: бекітілген минимумнан кем емес сый беру, тең еңбек үшін теңдей мадақтау, қауіпсіздік пен гиғиена талапта-рына жауап бере алатын еңбек жағдайын құру. Барлығы үшін бірдей жұмыс стажы, біліктілігі негізінде, жұмыс күнінің шектелуі, демалысқа шығу құқығы, мейрам күндері үшін мадақтау негізінде көтерілу мүмкіндіктерін жасау.
Екінші топ — отбасыны қорғау, аналарға босанғанға дейін және одан кейін көмек көрсету, балаларға қамқорлықты қамтиды,
Үшінші топ — баланың дені сау болып өсуін, сыртқы ортаның жақсаруы мен қорғалуын қамтамасыз етуді, еңбек гигиенасын, аурудың алдын алуды қамтамасыз етуді, сырқаттанып қалған жағдайда медициналық күтіммен қамтамасыз етуді қамтитын денсаулық құқығы.
Төртінші топ — тамақтанудың, киім мен тұрғын үйдің жеткіліктілігін қоса алғандағы жеткілікті өмір сүру деңгейіне деген құқық.
Бесінші топ — бастауыш білім берудің барлығы үшін тегін және міндетті болуын, орта және жоғары білімнің ашықтығы мен қол жеткізудің қиын еместігін қамтитын білім алу құқығы.
Әлеуметтік құқықтардың жүзеге асуы эгалитаризм мен этатизмның дәстүрлері дамуының гуманистік формасы болып табылады, құқықтық мемлекетті әлеуметтік құқықтық мемлекетке айналдырып жібереді. Әлеуметтік құқықтық мемлекет орнауының мысалы ретінде конституционализм принципі мемлекеттің белсенді мемлекеттік әлеуметтік саясаты толықтыратын елдер бола алады. Мүндай елдерге АҚШ, Канада, Австралия, Израиль және Еуропаның көптеген елдері, Жапония жатады. Еуропа елдерінің бір-қатарындағы социалистік үкіметтің саясатын, мысалы, Швециядағы социал-демократтар, Англиядағы лейбористер саясатын әлеуметтік мемлекеттің саясаты ретінде қарастыруға болады. Мұндай саясат ж аңа бағыт концепцияларында, ізгі мемлекеттерде, ұлы қоғамда, қалыптасқан қоғамда бейнелерін табады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл құқық демократиялық мемлекеттердің көпшілігінің конституциясында бекітілді, БҰҰ қабылдаған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пакт» құжаттарына ендірілді.
Аталмыш құқықтың занды түрде бекітілуі және олардың практикада ішінара жүзеге асырылуы әлеуметтік күрестің ұзақ онжылдықтарын талап етті. Қазірде ол аяқтала қойған жоқ, өйткені еңбек құқығы жұмыссыздық пен жұмыстан босап қалудан құтылуға кепілдік бере алмайды, мұқтаждарға көмек қайыршылықты жойып жібере алмайды. Бірақ бұл құқықтардың құқықтық бекітілуі қандай да бір деңгейге дейін демократиялық қоғамды экстремизм мен күш көрсетуден қорғап түрады, ең өткір әлеуметтік қайшы-лықтарды берік қүқықтық негізге, әлеуметтік қақтығыстардың легитимді шешілуіне сүйене отырып демократиялық әдістермен шешуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен дамыған елдер жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың мазмұны мынада, экономикалық белсенді тұрғындар өз жағдайының тұрақтылығына кепілдік алды, жұмыссыздық, еңбекке қабілеттілігін жоғалтып алудан қорғалған, балаларына білім бере алады жәнс лайықты өмір сүру деңгейін сақтайды. Маргиналдар, яғни тұрақты жұмыс орындары жоқ немесе жұмыссыздар, қандай да бір себептермен қоғам жиегіне шығып қалғандар жоғары емес, бірақ негізгі қажеттіліктерін өтей алатын табыстарға ие болады. Мұндай саясат қазіргі батыс демократиясының тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, басты саяси партиялар таныған қоғамдық келісімнің бір бөлігі болып саналады.
Қазіргі әлеуметтік мемлекеттердің қызметі көпқырлы. Бұл ұлттық табысты халықтың аз камтамасыз етілген жігінің пайдасына бола қайта бөлу, еңбекпен қамту және жұмыскерлердің кәсіпорындардағы құқығын қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, отбасы мен аналарды қолдау, жұмыссыздарға, қарттарға, жастарға қамқорлық, барлығының қолы жететін білімді дамыту, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. саясаты.
Әлеуметтік мемлекет өз мақсаттары мен принциптерін құқықтық мемлекеттілік формасында, яғни құқықтық негізде іске асырады, алайда қоғамды гуманизациялау жолымен одан ары жылжиды, тұлға құқығын кеңейту мен құқықтық нормаларды барынша әділетті мазмұнмен толықтыруға ұмтылады. Мемлекеттік қүрылыстың құқықтық және әлеуметтік принциптері арасында бірлік те, сондай-ақ қайшылықтар да бар. Олардың бірлігі мынада, олардың екеуі де индивидтің игілігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған. Біріншісі — азаматтардың мемлекетке және бір-біріне қатынасы бойынша, оның қандай да бір қол сұғушылықтан бөлінбес құқығын қорғау, индивидуалды бостандығын және негізгі, басты тұлғаның азаматтық және саяси құқықтарын мемлекеттік араласудың айқын шекараларын белгілеу және деспотизмге қарсы кепілдік көмегімен физикалық қауіпсіздік, екіншісі — әлеуметтік қауіпсіздік, бостандық материалдық шарттары мен әр адамның лайықты өмір сүруі. Олардың арасындағы қайшылықтар құқықтық мемлекеттің өзінің пиғылы бойынша, өз ұғымы бойынша қоғамдық байлықты бөлу мәселелеріне, азаматтардың материалдық және мәдени жақсы өміріне араласпауы керек дегеннен туады, әлеуметтік мемлекет жеке меншік, бәсекелестік, индивидуалды жауапкершілік және т.с.с. нарықтық шаруашылықтың негіздерін үзіп алмауға және бұқаралық қамқорлықты тудырмауға ұмтылса да тікелей осымен айналысады. Әлеуметтік мемлекет бірінші кезекте өндірістің тиімділігін арттыру нәтижесінде, индивидуалды жауапкершілік пен белсенділік нәтижесінде әр адамның лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Басқаша айтқанда, әлеуметтік мемлекеттің негізінде нарықты конвергенциялау мен әлеуметтендіру идеясы жатыр.
Біздің заманымызда демократиялық мемлекеттер құқықтық және әлеуметтік принциптердің тиімді түйісу шараларын табуға ұмтылуда. Бұл жағдайда консерваторлар әдетте құқықтық, ал социал-демократтар және оларға жақын либералдар — әлеуметтік принциптерге баса көңіл бөледі. Бірақ олардың қай-қайсысы да, осы аспектілердің біреуін абсолюттендірудің іскерлік белсенділік пен кәсіпкерліктің төмендеуіне немесе әлеуметтік қорғау механизмдерінің әлсіреуіне алып келетіндігін жақсы түсінеді.
Жаңа әлеуметтік және саяси проблемалардың мәні мынадай. Мемлекеттің әлеумсттік құқықтарды іске асыру туралы қамқорлығы табыстары барлардан алынатын салықтар есебінен, күштілер белсенділігін тежеу есебінен жүзеге асырьшады. Мемлекет әлеуметтік кепілдік қамтамасыз ету жүгін өз мойнына алып бюрократиялық құрылымдарды өсіре бастады. Құзыретсіз шешімдер синдромы пайда болды. Мемлекеттік араласуды либералдық сынау негізінде Ф. Хайек мүмкін шектерді іздестіру туралы мәселені қойды. Одан тыс жерде ол стагнацияға алып келуі мүмкін, нарықтық жүйеге қатер төндіреді. Жалпы игілікке арналған мемлекет жобаларының жүзеге аспауына реакция ретінде 70-ші жылдардың ортасынан бастап АҚШ-та және Еуропаның бірқатар елдеріндегі неоконсерватизмның күшті толқыны қарсы тұрды. Ол әлеуметтік құқықтық қызмет аясының тарылуына әкеліп соқтырды. Табыстарды шектеуге, ескі либералдың басты қаруы. Бұл жағдайда оның өзі терең өзгерістерге ұшырайды, ұйымдасудың жаңа формалары мен мазмұндық сипаттағы жаңа белгілерге ие болады.
Қазіргі уақытта деэтатистік тенденциялардың дамуымен бірге, нарықтық қатынастарды реттеудегі мемлекеттің рөлін арттыру және мемлекет қызметінде әлеуметтік аспектіні күшейту қажеттілігімен байланысты авторитаризм мен тоталитаризмге өтудің алдын алатын этатистік тенденциялар да объективті түрде дамып отыр.
Басқа сөзбен айтқанда, құқықтық мемлекет құқықтық әлеуметтік реттеуге өзгеріп отыр.
Әлеуметтік және реттеушілік аспект — демократиясы дамыған барлық мемлекеттердің қызметінде бар, бірақ олардың ара қатынасы бірдей емес. Бұл құрлықтық Еуропада құқықтық мемлекет құқықтық реттеуші әлеуметтік, ал Англия мен АҚШ-та — құқықтық әлеуметтік реттеуші мемлекет болып өзгерді деген тұжырым үшін себеп болды. Олардың арасындағы айырмашылық акценттердің қойылуында болып отыр: біріншісі реттеу арқылы әлеуметтік проблемалар шешіледі деп сүйенсе: екіншілері — әлеуметтік қорғау және кепілдік және реттеу проблемалары бірінші кезекте осы бағытта сүйенеді. Олардың қай-қайсысы да әлеуметтік проблемаларды мемлекетті, қоғамдық проблемалардың институционалды-құқықтық формаларын жетілдіру, билік пен қоғамның әлеуметтік серіктестігін күшейту жолымен шешуге тырысады.
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 377 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет | | | Бейүкіметтік ұйымдар қоғамды демократияландыру факторы ретінде |