Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бейүкіметтік ұйымдар қоғамды демократияландыру факторы ретінде

Читайте также:
  1. I.1 . Конкурентоспособность частного предприятия здравоохранения, факторы ее определяющие.
  2. VI. Факторы, вовлекающие механизмы, связанные с активацией комплемента.
  3. Абиотические факторы
  4. Балла) Какие факторы наиболее полно определяют организационное поведение?
  5. Биологические факторы современной урбанизированной среды
  6. Биотические факторы среды. Гомо- гетеротипические реакции

"Бүкіл адамзат үшін жарқын болашаққа үміт беретін бірден-бір жол, ол өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық жолы, мұнда барлық қоғамдық күш-жігерлер - мемлекеттер, жеке сектор, білім беретін және зерттеу мекемелері, барлық нысандағы азаматтық қоғам нақты, қол жететін мақсаттарға ұмтылу үшін өз күштерін біріктіреді." (БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Аннанның ұйымның қызметі туралы есебі, Бас Ассамблея, Нью-.Йорк, 6 қыркүйек 2001 жыл.)

Әр мемлекет демократияның қалыптасуында өзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму деңгейіне, халықтың дәстүрлері мен менталитетіне қарай өз жолын таңдайды. Қазір сарапшылар мен саясатшылардың басым көпшілігі, демократияның әділдік пен игіліктің ең ықтимал кепілдіктерінің бірі екендігін, ал оны практика жүзінде іске асыру механизмі азаматтық қоғам болып танылатынын бірауыздан құптайды.

Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен еркіндіктері заң жүзінде қамтамасыз етілетін және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесімді дамыған коғам. Оны ішкімемлекеттік қатынастардың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әрекеті ретіндеде анықтауға болады. Қоғам мүдделеріне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қоғамның маңызды белгісі болып табылады.

Дамыған демократиялық мемлекеттер сонымен қатар өркендеген азаматтық қоғамдар да болып табылады. Сонымен бірге азаматтық қоғамның дамуына бағытталған түрлі әлеуметтік топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетілдіре түседі. Дамушы және "өтпелі экономика" мемлекеттеріне жататын елдерде жағдай біршама басқаша. Соңғылары өйткені азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тікелей міндеттері шектерінен шығып кетуіне байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды. Азаматтық бастамалар тек елеусіз шамада ғана мемлекет арқылы қабылданады: мемлекет мұндай бастамаларды өзінің даму үлгілеріне көшіруге қабілетсіз. Мемлекет пен азаматтық қоғам органикалық жүйе эле-менттері ретінде емес, ал тек ресми түрде ғана өзара іс-қимыл жасайды: олар өзара тіпті белгілі бір қарама-қайшылыққа да барады.

Азаматтық қоғамның даму қажеттілігі тек демократия қажеттіліктерімен ғана мәжбүрленбейді, ол сонымен қатар экономикалық сипат та алады: кәсіпкерлік қызмет бастамалары, әсіресе шағын және орта бизнес салалары, тек жеткілікті түрде дамыған азаматтық қоғамда берілетін мүмкіндіктермен тікелей байланысты.

Азаматтық қоғамның қалыптасу және даму процесі Үшінші сектордың дамуымен тығыз байланысты. Үшінші сектор - бул өз мақсаттарын мүдделер бойынша клубтарда, кәсіби одақтарда, әлеуметтік қозғалыстарда, одақтарда іске асыратын ерікті азаматтардан құралатын өзін-өзі басқаратын сектор. Азаматтық қоғамның ажырамас құрамды бөлігі бола отырып, "үшінші сектор" елдегі қоғамдық-саяси процестерді ары қарай демократияландыруға оң ықпалын тигізеді.

Мемлекеттің демократиялық жүйесі әзірше дамымай отырған жағдайда, дәл осы бейүкіметтік үйымдар арқылы азаматтық қоғам көбіне ілгері дамып отырады.

Бейүкіметтік ұйымдар (БҮҰ) - кәсіби ерекшелікпен шектелмейтін (сондықтан да БҮҰ-ға кәсіподақтар жатпайды) және мемлекеттік билікке ұмтылмайтын (сондықтан да БҮҰ-ға партиялар жатпайды) ашық бейкоммерциялық қоғамдық ұйымдар. Қағида бойынша, бейүкіметтік ұйымдар алдарына әбден нақты, қоғамдық маңызы бар мақсаттар мен міндеттер қояды және өз қызметінде соларға сүйенеді. Бейүкіметтік ұйымдар мемлекеттік құрылымдардан бос аралықтарды толтырады. Бейүкіметтік ұйымдардың қызметі жұмылдырғыштық және серпінділік, ынталық пен өз күштеріне бағдар жасаумен ерекшеленеді.

 

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 421 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мемлекет ұғымы және оның негізгі белгілері. | Мемлекеттердегі қазіргі сайлау жүйесі | Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Леуметтік мемлекет құқықтық мемлекеттің этапы ретінде.| ОПРЕДЕЛЕНИЕ ВРЕМЕНИ ЖИЗНИ НОСИТЕЛЕЙ ЗАРЯДА В ПОЛУПРОВОДНИКАХ МЕТОДОМ МОДУЛЯЦИИ ПРОВОДИМОСТИ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)