Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекет ұғымы және оның негізгі белгілері.

Читайте также:
  1. Aуіпсіздік және еңбекті қорғaу бөлімі
  2. А) Моси тайпасы құрған мемлекет
  3. А)Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары
  4. Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет
  5. Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.
  6. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары
  7. Ауыспалы таңбалы қатары жинақты және оның қосындысы - ке тең болса, онда

Мемлекет, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.

Мемлекет ұғымы және оның негізгі белгілері.

Мемлекет туралы, оның қоғамдағы мәні мен рөлі туралы мәселе — саяси ғылымдағы маңызды мәселелердің бірі. Мемлекет — саяси жүйенің ядросы, оның барынша іштей ұйымдасқан элементі, қоғамның саяси ұйымдасуының жоғары формасы.

Мемлекет қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін оның бірден-бір фундаментальды институты.

Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1) кен, мағынасында үлкен әлеуметтік топтың үйымын білдіреді де "халық", "коғам", "ел" деген үғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, "үкімет", "әкімшілік" деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасынасында пайдаланылады. Бұдан кейінгі жерде біз де сол көзқарасты ұстанамыз.

Мемлекет құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ен кең тарағандары мыналар:

1. Теологиялық теория. Оның негізін салушылар А. Августин мен Ф. Аквинский мемлекеттің пайда болуын кұдайдың кұдіретімен түсіндірді. Мемлекетке құдайлық мәннің таңылуы кездейсоқ емес. Қоғамдық өмірдің мемлекеттің ерекше ролін абсолюттендіруге оның шығу тегі мен мәнінің теократиялық теориялары негізделінген, оған сәйкес мемлекет қоғамға сырттан таңылған, құдайлық табиғаты бар және оған әрбір адам толықтай бағынуы тиіс.

2. Патриархалдық теория. Онын негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды. Осыған ұксас идеяны Аристотель де айтқан болатын.

3. Қоғамдық келісім теориясы (Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж. Ж. Руссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді. Қоғамның тұрақтылығын ішкі және сыртқы тұрғыда сақтауда мемлекеттің ерекше рөлін тануға ағылшын философы Т.Гоббс пен саяси ойшылы Ж.-Ж. Руссо негізін қалаған табиғи құқық пен қоғамдық келісім теориясы негізделінген.

Гоббс бойынша мемлекет табиғи жағдайдың алдында болады. Осы табиғи жағдайда адамдар абсолютті түрде тәуелсіз, бір-бірінен оқшау жалғыз басты адамдар ретінде өмір сүреді. Бұл табиғи жағдайда табиғи құқық болады. Табиғи құқықтың негізі әр адамның барлығына, оның ішінде басқа адамның иелігіндегілерге құқықтылығы болып табылады. Осы табиғи құқықтың әрекетінің нәтижесінде барлығының барлығына қарсы күресі басталады. Бұл жағдайда адам адамға қасқыр болады.

Бұл табиғи-құқықтық институт барлығының барлығына қарсы қырғын соғысын жою қажеттілігіне итермелейтін әр адамның өзін-өзі сақтауға деген құқығына қарсы келеді. Соғысты тоқтату қажеттілігі туады. Адамдар өздерінің арасында қоғамдық келісімге келейік деген тұжырымға келіп, соғысты тоқтататын қоғамдық күш пайда болады.

Мұндай күш болып табиғи ахуалды, қоғамға кұрып кету қаупін төндіретін барлығының барлығына қарсы қырғын соғысын тоқтатуды мақсат тұтатын мемлекет табылады. Бірақ мемлекет абсолюттік суверенитетке ие болғанда ғана табиғи жағдайды тоқтата алады.

Қоғамдық келісімде адам өзінің барлығына деген құқығынан бас тартады және бұл құқықты мемлекетке береді. Адамдар мемлекетке өз құқығының қауіпсіздік, тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін бөлігін береді.

Мемлекеттік билік абсолютті суверенитетке ие болуы тиіс, оның абсолютті, ештеңемен шектелмеген болуы шарт. Мемлекет осынысымен жасанды құрылымға, мифтік құбыжық Левиафанға теңестіріледі. Бұл жасанды дене туады, ауырады және өледі. Туу - қоғамдық келісім, ауыру — тілазарлық, өлу — революция. Табиғи жағдайға қайта оралу өтеді, мемлекет құриды және жаңа қоғамдық келісім мен жаңа мемлекетке деген қажеттілік туады.

Гоббс - демократиялық құрылыстың қарсыласы. Ол мемлекет абсолюттік монархия немесе шектеусіз демократия ғана бола алады деп есептеді.

«Табиғи» жағдайды индивидтің табиғатпен бақытты үйлесімі деп бағалай отырып, Ж.-Ж.Руссо үйлесімдікті бұзатын сыртқы факторлардың «қоғамдық келісімінің» қажеттілігін түсіндіреді. «Қоғамдық келісім» барлығының барлығымен келісімі және халықты абсолюттік коллективтік суверен деп жариялайды.

4. "Зорлык жасау" теориясы (Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы катынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды.

5. Географиялық теория (А. Ратцель, В. Соловьев, Б. Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.

6. Психологиялық теория адамдарға бағыну мен кұлшылық ету қажеттігі мәнгі бақи тән болған дегенді айтады. Бұл теория мемлекеттің пайда болуын адамдардың психикалық айырмашьшықтарынан шығады (олардың біреуі тобырды құрайтын басқаларына гипнотикалық ықпалын тигізеді) деп қарастыратын. Егер осы теорияға сүйенсек, онда қоғам неге үзақ уақыттар бойы бүл институтсыз өмір сүрді деген түсінбестік пайда болады.

7. Марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады. Ол экономика жағынан үстемдік етуші таптын, саяси үстемдігін камтамасыз ету үшін және басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек деп санайды. Ф. Энгельс мемлекет әрдайым "ең қуатты, экономикалык жағынан үстем таптын мемлекеті болып табылады, сондай-ақ ол тап мемлекеттің көмегімен саяси жағынан да үстем тап болып алады және осы аркылы езілген тапты басып-жаныштау және қанау үшін жаңа кұралдарға ие болады" деп жазды. (К. Маркс пен Ф. Энгельс. Шығармалар, 21-том, 171-бет). Егер де қоғамдық келісім теориясында мемлекет қоғамның -тұрақтылығын сақтау үшін қажет күш деп қарастырылса, марксистік теория мемлекеттің таптық мәніне назар аударады. Марксизм бойынша мемлекет қоғамдық дамудың белгілі бір сатысында пайда болады, ол экономикалық негізі жеке меншік болып табылатын қоғамның таптарға бөлінуінің жемісі. Мемлекет экономикалық үстем таптың мүдделерін білдіреді және қорғайды, ал олар мемлекеттің арқасында саяси үстем тапқа айналады. Бұл көзқарас тұрғысынан алғанда, мемлекет қанаудың, бір таптың екінші тапты езуінің, үстем тап диктатурасының құралы. Күш көрсетуді мемлекет функциясын іске асырудың негізгі құралы ретіндс қарастырылады.

Марксистік теорияда мемлекеттің таптық табиғаты, белгілі бір таптын мүдделерін қорғау абсолюттендірілген, олай болса мемлекет қоғам істерімен байланысты функцияларды қалай атқарады деген ой келеді. Бірақ мынаны ескере кеткеніміз дұрыс болар, марксизм мемлекет таптардың нәтижесіз күресте бірін-бірі жеп қоймауы үшін қарама-қайшылыктарын жуасытады, оларды тізгіндеп ұстайды деп тұжырымдайды.

Мемлекеттің марксистік теориясының тағы бір осал жері мемлекеттің билік функцияларын атқарудағы күш көрсетудің рөлін шектен тыс асырып жіберуінде болып отыр. Шындығында, марксизм билікті іске асырудың басқа да құралдарын мойындайды, бірақ олардың рөлі жанама болады дейді.

8. Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың, ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдык тәртіпті жасайтын ұйым, күрал ретінде қарайды. Коғамға кауіпті әлеуметгік шиеленістерді аскындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы катынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.

Сонымен мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіістерің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамнық саяси жуйесінің негізгі элементін айтамыз.

Мемлекеттін бірнеше белгілері бар.

1. Аумақтық (территориялық) бөліну. Алғашкы кауымдық қоғамда халық қандас туысқандығы жағынан ұйымдасып, ру-ру, тайпа-тайпа болып тұратын. Жоғарғы өкімет халық жиналысының колында болған, яғни ол не шешсе, сол орындалатын. Ер-азаматтар қаруын қасында сақтаған, тосыннан жау шапса, дер кезінде тойтарыс беру керек болған. Сондықтан халықтан оқшау қарулы күштер болмаған.

Қоғам таптарға бөлінгеннен кейін жағдай өзгерген. Өндірістің өркендеуі, еңбектің бөлінуі, сауданың өсуі, халықтың көбеюі ру мен тайпаның бұрынғы бірлігін бұзды. Түрлі рулар мен тайпалардың мүшелері кәсіптеріне қарай қоныстана бастайды. Соның арқасында олар бір-бірімен араласады. Қолөнер мен сауда өркендеген соң қалалар пайда болады. Бұларға басқа ру, тайпалардан көптеген келімсек халық келіп қосылады. Ру жағынан бөлінудің орнына халық аумағы бойынша бөліне бастайды. Штаттар, губерниялар, болыстар пайда болады. Мемлекеттің заңдары мен өкілеттілігі сол аумақта тұратын адамдардың бәріне де қатысты.

2. Ерекше өкімет аппараты (жария билік). Құлдық дәуірінде құл иеленушілер мен құлдардың арасында тап күресі күшейді. Аз ғана құл иеленушілерге мындаған құлдарды бағындырып, дегенін істету үшін бұкара халықтан бөлек, оның үстінен карайтын айрықша өкімет аппараты керек болды. Ол өзінің үстемдігін қарулы әскер, шенеуніктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз және т.б. құралдары арқылы жүзеге асырды. Алғашқы қауымдық қоғамда олар болмаған.

3. Мемлекеттің егемендігі. Ол — ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толык тәуелсіздігі, дербестігі. Сондықтан ол бүкіл коғам атынан ресми істі жүргізе алады. Өзінің аумағындағы барлық адамдарға, үйымдар мен мекемелерге міндетті зандар мен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана құқығы бар.

4. Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. Оны орындауға жоғарыда екінші белгісінде көрсетілгеи құралдары бар.

5. Салық салу. Орасан үлкен мемлекеттік аппаратты ұстау үшін халықтан салық алынады. Бертін келе қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығарып жаздыртады. Салықпен заем рулық кұрылысқа жат құбылыс болатын.

6. Мемлекеттін міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы. Жалпы мемлекет болу үшін оның өз аумағында (жерінде) тұратын халкы болуы керек. Ол халық бірұлтты немесе көпұлтты болуы мүмкін. Халықсыз мемлекет болмайтыны белгілі. Алайда мемлекетсіз халық болуы мүмкін. Мысалы, 1948 жылға дейін еврейлердің мемлекеті болмады. Ал курд халқының әлі күнге дейін өз мемлекеті жок.

Мемлекетте тұратын адамдар сол елдің азаматы болуы керек. Мысалы, партияға, кәсіподаққа, т.т. кірсеңде, кірмесеңде өз еркінде. Ал мемлекеттің аумағында тұрған соң, сол елде туған соң, сол елдің азаматы боласын. Азаматтығы жоқ адам (апатрид) құқыктық жағынан корғансыз келеді. Ал азамат болсаң сол елдің заңын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапка тартады.

Осы көрсетілген белгілер мемлекетті баска ұйым, мекеме, бірлестіктерден ерекшелендіреді.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетгі қызметтері (функ-

циялары) болады.

ішкі қызметтеріне мыналар жатады:

а) экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономиканы нарықпен қатар мемлекет те реттейді. Оны мемлекеттік тапсырыс, салық, несие, экономикалық бағдарлама және т.б арқылы жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасын-дағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге т.с.с. қатысады;

ә) әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтын әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту,тұрмыс кажетін өтеуді жетілдірумен т.б. айналысады;

б) зандылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сактауға, кылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік зорлықка жол бермеуге т. с. с. басшылық етеді;

в) мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оку-ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды. Сонымен қатар мемлекет бір топтын, таптың негізінде басқарушы күшті қалыптастыруға қатысады, бюджет саясатын жүзеге асырады, қарулы күштерді құрып, ұстап, пайдаланады.

Мемлекеттің сыртқы міндеттеріне жататындар: а) мем-лекетгің тұтастығы мен кауіпсіздігін қорғау; ә) өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету; б) өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т. б,

Мемлекетті қоғамның рулық ұйымдасуымен салыстыра қарағандағы негізгі белгілері: 1) адамдардың территориялық принцип бойынша бөлінуі; 2) шенеуніктерден, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен тұратын мемлекеттік аппаратпен үйлеспейтін ерекше бұқаралық биліклің болуы. Бұқаралық билік мемлекеттің өзінің де, оның азаматтарының да ішкі жәнс сыртқы қауіпсіздігіне кепілдік үшін қажетгі күштік құрылымдарға (армия, жандармерия, сот, прокуратура, түрме және т.б.) иелік етеді. Олар мемлекет саясатын күшпен қамтамасыз етеді. Үшінші маңызды белгісі салықтар, яғни бүқаралық билікті, мемлекеттік аппаратты сақтау үшін халықтан алынатын алым.

Мемлекет екіжақты сипатта болады, ол мәжбүрлеу және қоғамды басқару функциясын атқарады.

Белгілі бір элеуметтік топтардың мүдделерін қорғау; оларды биліктің сақтауы мен нығайтуы мемлекеттің негізгі, бірақ бірден-бір емес міндеті. Мемлекет шаруашылықты ұйымдастырушылық, саяси басқару, мәдени идеологиялық, сыртқы қауіптен қорғау функцияларын да атқарады. Бұл үшін ол дәстүрлер, бедел және күш көрсету тәрізді алуан түрлі кұралдарды пайдаланады.

Тәуелсіадік, жалпылық және биліктің мәжбүрлеу сипаты

мемлекеттің атрибуттары болып табылады. Тәуелсіздік мемлекеттің

жоғары биліктің тасымалдаушысы екендігін, барлық субъектілерге

қатынаста шексіз билікке ие екендігін білдіреді. Мемлекеттің

тәулсіздік принципі оның территориясының тұтастығы мен

бөлінбейтіндігі, оның шекарасына қол сұғылмайтындығы және оның

ішкі істеріне араласпауы, яғни оньң тәуелсіздігін басқа

мемлекеттердің құрметтеуі болып табылады.

Мемлекеттің жалпылығы оның билігінің мемлекет азаматтарының барлығына және оның территориясындағы басқа мемлекеттердің азаматтарына да таралатындығын білдіреді. Барлық субъектілер шеңберінде мемлекет өмір сүретін зандарға бағынуға міндетті, ал мемлекеттің қызметі оның легитимділігіне сілтеме жасайтын заңдар негізінде жүзеге асырылады. Б.П.Вышеславцев былай көрсетеді: «Заңда және заң арқылы өзгерістер болады: легитимділік өктемдігін тоқтатады және жалпыміндеттеуші күшке айналады».

Мемлекет — билігі мәжбүрлеу сипатында болатын жалғыз институт. Бұл мемлекеттің күш көрсетуді құрал ретінде пайдаланады дегенді білдірмейді. Шындығында кез-келген билік күш көрсетуге жүгінеді, бірақ барлық жағдайда мемлекеттен басқалардың күш корсетуі заңға қайшы және легитимді болып саналмайды. Мемлекетке келер болсақ, оның күш қолдануы заңмен негізделген және заңмен реттелінеді. Басқаша айтқанда, күш көрсету құқығы тек мемлекетке ғана тиесілі. Биліктің басқа барлық формаларынан айырмашылығы мемлекет басшылығы мен басқармасы легитимді, яғни заңды күш көрсету монополиясына ие. Осыны ескере отырып, М.Вебер мемлекет «легитимді... құрал ретіндегі күш көрсетуге сүйенетін адамдардың адамдарға үстемдігінің қатынасы» деп жазды.

Алайда, легитимді күш көрсету — бұл мемлекеттің биліктік өкілеттіктерін жүзеге асыру құралдарының бірі ғана. Мемлекет тек күш көрсетуге ғана сүйенбеуі керек, қоғам мүшелерін өзінің қажет екеніне сендіруі тиіс, сол арқылы ол олардың тарапынан қолдауға ие болады.

Мемлекеттің легитимділігін қамтамасыз ету үшін дәстүрлер, бедел, билеушінің харизмасы және т.б. тәрізді құралдар пайдаланылады. Бұл жағдайда мемлекет мынадай негізсіз емес тұжырымға сүйенеді, ол адам құмарлықтары мен адамның жалпы өмір сүруінің берекесіздігінде қарапайым тәртіпті орнатады және азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделерін олардың күнделікті түрмысының қауіпсіздігі мен тұрақтылығында қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттің қызметінде күш көрсету мен күш көрсетпсу құ-ралдарының түйісуі де орын алады және мемлекетті идеализациялау мен оны мифтік құбыжық ретінде де көрсетуге болмайды. Мемлекет саяси реттеу институты есебінде абсолютті игілік те, абсолютті жамандық та болмайды.

Күш көрсету мен күш көрсетпеу құралдарының арақатынасы мемлекет қызметінде әртүрлі болуы мүмкін, ол қоғамның тарихи дамуы процесінде өзгеріске ұшырайды. Мемлекет формалары мен оның қызмет ету әдістері қоғамның өзінің, оның жалпы және саяси мәдениетінің кемелдену деңгейімен анықталынады.

Мемлекет функцияларына келер болсақ, оның негізгі функциясы қоғам істерін басқару мен оның ресурстарын иелік ету екендігі даусыз. Бірақ әлеуметтік топтардың антагонизмі жағдайында бұл функция үстем таптың билігін сақтайтын және нығайтатын қызметтік функциямен біте қайнасып кетеді. Мемлекеттің негізгі функциясъшың жүзеге асуы үстем тап мүдделерінің призмасында және оның мүдделерімен санасу өлшемінде өтеді. Мемлекеттің даму тенденциясы мынада, қызметтік функция жоғалып кетпесе де екінші орынға ығыстырылады да негізгі функция үстем болып қалады. Мемлекеттің қызметіндегі партикулярлық мүдделердің қанағаттан-дырылуына жалпы мүдделердің призмасы арқылы қол жеткізіледі. Бұл сот қоғамдық мүдделердің таптық мүдделерден басымдығын корсетпейді.

Негізгі және қызметтік функциялардың арақатынасы тарихи даму барысында өзгереді және қоғамның өзінің деңгейіне байланысты болады.

Әрбір мемлекеттің басқа мемлекеттерден ерекшелеп тұратын өзіне тән өзіндік ерекшеліктері мен белгілері бар. Алайда мемлекетті кез-келген критерийі бойынша жіктеуге болады. Формациялық принципке сәйкес мемлекеттер құлиеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік болып бөлінеді. Билікті ұйымдастыру тәсілі бойынша монархия және республика болып бөлінеді.

Монархия — мемлекеттегі жоғары билік мұрагерлік арқылы берілетін басқару формасы.

Республика — мемлекет басшысын өкілдік органдар немесе барлық азаматтар сайлайтын басқару формасы.

Монархиялық форманың бірнеше түрі бар, оларға абсолюттік монархия, шектеулі монархия және конституциялық монархия жатады. Олардың арасындағы айырмашылық мемлекет басшысының билік өкілеттілігінің көлемінде, оларды монарх пен өкілдік органдар арасындағы бөлінуінде жатыр.

Абсолюттік монархия мемлекет басшысының шексіз билікке ие екендігін білдіреді. Ол мемлекет басшысы мен үкіметтің функцияларын атқарады, заңдар шығарады, жоғары сот және бас қол басшы болады.

Шектеулі монархия абсолюттіктен басқарудың мәслихаттық органның функциясын орындайтын заң шығарушы жиналыстың қатысуымен жүзеге асырылуымсн ерекшеленеді.

Конституциялық монархияда өкілдік демократияның барлық институттары қызмет етеді. Монарх билігі заң шығарушы қызметке таралмайды және басқару ауқымы шектелген. Заңдарды парламент қабылдайды, ал үкімет парламенттік көпшілік негізінде және парламентке есеп беретіндей құрылады.

Республика қазіргі әлемде кең тараған басқару формасы. Әлемде басқарудың республикалық формасының — президенттік және парламенттік сияқты екі түрі бар.

Президенттік республика алғаш рет АҚШ-та құрылған болатын және кең өкілеттіктерге ие күшті президенттік билікпен сипатталынды.

Президент мемлекет басшысы және бір уақытта атқарушы билік қызметін атқарады. Президенттік билікке күштілігі одан кем емес және тәуелсіз заң шығарушы билік органы (парламент) қарсы тұрады. Президент пен парламент бір-бірінен тәуелсіз жалпыхалықтық сайлау арқылы сайланады.

Мемлекеттік билік тармақтарының бөлінуі жүзеге асырылады және билік тармақтарын тең қалыпта ұстайтын және олардың тепе-теңдігін қамтамасыз ететін тежемелік әрі тепе-тендік жүйесі жолға қойылады.

Президент парламенттің келісімімен немесе мақұлдауымен үкімет мүшелерін тағайындайды, министрлік лауазымдарға үміткерлер таңдауда ерікті болады.

Парламенттің Конституцияда көрсетілгендей кейбір жағдайларда президентті жауапкершілікке тартуға, немесе оны биліктен аластатуға құқылы. Бұл жағдайда ел президентін конституциялық орнынан түсірудің (импичмент) шарттары, тәртіптері мен жай-жапсары көрсетілген.

Президенттік басқаруда мемлекеттік билік жүйесінде басты рөлді атқарушы билік ойнайды, ал басты фигура президент болып табылады. Бұл өзінде биліктің бір адамның қолына шоғырлану, жинақталу қаупін білдіреді. Афро-азиаттық регион үшін тән азаматтык қоғамның әлсіз дамуы, дамыған көппартиялық жүйенің және сонымен қатар биліктің салмақты оппозициясының болмауынан мемлекеттік институттар жүйесінің өзіне берілген және өзі таңдап алған адамдарға сүйенген бір адамның — президенттің бір өзінің билігі тасаланып тұратын қалқан ғана болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр.Тіпті демократиясы дамыған елдердің өзінде президенттік басқару формасы атқарушы биліктің шектен тыс күшейіп кетуін тоқтататын тежемелік әрі тепе-тнндіктің қатаң жүйесін талап етеді.Парламенттік республикаларда мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес: онда президенттік республикадан айырмашылығы үкіметті сайлауда жеңіп шыққан партия құрады және ол парламент алдында есеп береді. Мемлекет басшысы — президентті — заң шығарушы орган немесс жалпы сайлау арқылы сайлайды. Үкіметтің құрамын, конституциялық монархиядағыдай парламенттегі көп орынға ие ІІартияның лидері бекітеді.

Сонымен, парламенттік республикадағы президенттің президенттік республикаға қарағанда өкілеттіктерінің ауқымы онша кең емес. Мемлекеттік билік жүйесінде үкімст басты орында болады, басты фигура премьер-министр болып табылады. Үкімет парламент алдында жауап береді және заң шығарушы органның бақылауында болады және сонымен қатар кең өкілеттіктер мен қызмет ету бостандығына ие. Парламенттік республикаларда мемлекеттік биліктің басты тұлғасы өте қатаң бақыланады, ал мемлекеттік жүйенің тұрақтылығы президенттік республикамен салыстырғанда жоғары. Бірақ парламенттік республикада үкімет алмасуы мен кезектен тыс сайлаулар жиі болады. Бұл кағида бойынша, қандай да бір салмақты әлеуметтік-саяси қиыншылықтарға алып келмейді, бірақ белгілі бір жағдайларда саяси құрылымның қирау факторы бола алады.

Президенттік және парламенттік республика таза классикалық түрде бола бермейді. Шынайы өмірде екі типтің бірлесуінің, екі типтің белгілері басым аралас типтегі рсспубликалардың болу мысалы да аз емес.

Ұлттық-территориялық құрылысы бойынша мемлекеттер унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып бөлінеді.

Унитарлық мемлекет билік жүйесінің, басқару мен құқықтың біртұтастығымен сипатталынады. Оларда біртұтас конституция, біртұтас сот билігі және біртұтас азаматтық болады.

Алайда басқарудын қатаң орталықтануын, яғни саяси шешімдерді орталық қабылдайды, биліктің жергілікті органдарының қызметі орталық тарапынан қатаң бақылауда болады дегенді білдірмейді. Орталықтану унитарлық мемлекетке де, федеративтік мемлекетке де тән болуы мүмкін.

Федерация — салыстырмалы дербестікке ие бірнеше мемлекеттік құрылымдар (республикалар, штаттар, жерлер және т.б.) біртұтас мемлекетті құрайтын ұлттық-әкімшілік ұйымдасу. Федерацияның негізінде ұлттық мүдделер жатады. Федеративты мемлекеттерде демократиялық принциптермен орталықтан құтылу мен орталыққа ұмтылушы күштердің компромисін іздестіру және табу, біртұтас мемлекет пен оны құрайтын мемлекеттік құрылымдардың мүдделерін түйістіру жолымен ортақ мүдделер мен жекелеген ұлттық-территориялық құрылымдардың мүдделерінің түйісуі өтеді. Осы ретте орталық пен федерация субъектілерінің өкілеттіктерін шек-теу, тиісті келісімдерді бекіту үлксн мәнге ие. Бұл практика соңғы жылдар, мысалы Ресейде кең қолданылуда. Федерация үшін билік функцияларының тек горизонталь және вертикаль бойынша ғана емес, мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының арасында бөлінуінің мәні зор.

Мемлекеттік құрылыстың өзіндік формасы конфедерация болып табылады, мұнда оны құрайтын құрылымдардың дербестігі түйіседі және олардың арасында ең берік одақ болады.

Конфедерация — тәуелсіздігін сақтап қалған, бірақ бір немесе бірнеше ортақ органдар арқылы біріккен мемлекеттердің одағы, Конфедерацияда — үстемдік Конституцияға және келісімге қатысушы мемлекеттердің заңдарына беріледі. Федерациядан айырмашылығы, конфедерация мемлекеттерінің одағы біржақты тәртіп бойынша мемлекеттердің әрқайсысымен келісімдері бұзылуы мүмкін. Ортақ орган өкілеттіктердің қатаң шектелген көлемін бекітеді, ойткені конфедерацияның орталық органдары азаматтарға тікелей билік жүргізе алмайды. Бұл орғандардың шешімдері конфедерацияға кіретін мемлекеттердің келісімдері негізінде қабылданады жәнс олардың әрқайсысының билік институттары арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік құрылыстың конфедеративті формасы тарихта өте аз кездеседі және мемлекеттердің тығыз бірлестігіне өту, федеративтік немесе унитарлық мемлекетке қадам жасау болып табылады.

Мемлекеттер билікті іске асыру әдістері бойынша да, анығырақ айтқанда, билікті жүзеге асыру әдістерін ғана емес, демократиялық құқық пен бостандық ахуалын да қамтитын саяси режимнің сипаты бойынша да ажыратылады.

Мемлекеттердің бүл классификациясы (типологиясы) тарихи дамудың барлық кезендерінде мемлекеттерді сипаттау үшін қажетті болса да, қазіргі заманда бірінші орынға қойылады.

Барлық саяси жүйенің интеграциялық бастауы ретіндегі мемлекетте саяси биліктің демократиялық және демократиялық емес сипаттары шоғырланған түрде бейнеленеді. Мемлекеттің саяси режимдерінің сипаты бойынша саяси жүйелердің бөлінуімен сәйкес демократиялық, тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді. Бүл саяси жүйелердің барлық өзіне тән белгілері тиісінше мемлекет типтеріне жатады, бірақ оларда барынша айқын көрінеді.

Қазіргі Ресейдің саяси тарихын зерттеп жүрген ағылшын зерттеушісі Э.Карр демократиялық мемлекеттің мәнін былай анықтайды: «Конституциялық заң ұғымы батыс әлемі үшін мемлекеттің өзі бағынатын заң дегенді білдіреді. Бұл түсінік мемлекетті жасайтын заң деп есептейтін доктринамен келісе бермейді».

Басқаша айтқанда, демократиялық мемлекет заңның мемлекет пен оның институттарына үстемдігін білдірсе, тоталитарлық және авторитарлық мемлекеттердс іс керісінше болады.

Демократиялық мемлекет қызмет аясы заңмен шектелген мемлекет. Осы идеяға сүйеніп барлық нормативті-қүқықтық жүйе, бірінші кезекте Конституция құрылады. Осыны ескере отырып, Э.Карр: «Батыс елдерінің көбінің Конституциясы асыра пайдалануға жол бермеу үшін нені шектеу керек, неге шек қою деген сияқты түжырымдарға негізделінген», — деп жазады. Бұдан «индивидуумның бостандығына, оның істеріне мемлекеттің араласпауына кепілдік береді», яғни мемлекеттің көмегінсіз мемлекеттен бостандық деген пайым шығады.

Мемлекет адам құқықтарының теңдігін және жекелей алғанда «бір адам — бір дауыс» принципін қамтамасыз етуге міндетті.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 3582 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет | Леуметтік мемлекет құқықтық мемлекеттің этапы ретінде. | Бейүкіметтік ұйымдар қоғамды демократияландыру факторы ретінде |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ГЛАВА 20| Мемлекеттердегі қазіргі сайлау жүйесі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)