Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйретудің оқыту тәсілдері

Методикалық тәсілдер | Р түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау | Жұмыс формалары | Дәстүрлі | Н. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі. | Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі | Орта топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі | Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету. | Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі. | Н үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау |


Читайте также:
  1. Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері
  2. Заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән ...
  3. Кіші жастағы балаларды музыкалық- ырғақтық қимылдарға қатыстыру әдісі
  4. Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
  5. Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері
  6. Оқу пәндерін оқытудың жоспары

Балаларды ырғаққа және ән айтуға үйрету әдісінде көптеген ұқсастық бар.

Біріншіден, ұқсас әдістер қолданылады: есту көрнекілігі (педагогтың музыканы мәнерлеп орындауы), көру, қимыл көрнекілігі (ойындарды, секірме билерді, олардың жекелеген элементтерін көрсету), сөздік әдіс (жаңа ойын, би туралы жетекшінің әңгімесі, қимылдарды жасау барысында түсінік беруі, олардың тәсілдері туралы еске салуы жәнет.б.), жаттығулар (бірнеше рет қайталау, таныс материалды түрлендіру).

Екіншіден, ән айту мен ырғақты шығарманың қиындығын, әр баланың жасы мен жеке басы мүмкіндігін еске алумен репертуарды жүйелі түрде жаттау әдісі қолданылады.

Алайда музыкалық қызметтің осы түріне ғана тән ерекшелік те бар.Енді соларды қарастырып көрейік.

Музыкалық шығармалар қабылдаудың тұтастығын талап етеді.Олар сипаты жағынан айқын болғанымен, көлемі аз болса да белгілі бір мазмұнға ие болады(бұл көбінесе қол ұстасып жүрумен айтылатын, марштық,ойынға арналған өлеңдер бейнелеу сипатындағы аспапта ойналатын пьесалар), ырғаққа үйрету әрқашан қимылмен, белгілі бір әрекетпен, кейде сөзбен байланысты болып келеді.Сол себепті музыкалық ойындарды тұтас қабылдау-музыка мен қимыл тұтастығын қабылдау.Мұны жасау өте күрделі, өйткені ойын көптеген қатысушылардың әрекетінің болуын қалайды және оны музыканың сүйемелдеуімен тұтастай көрсету тіпті де мүмкін емес.Мұндай жағдайда педагог тек көрсету әдісін ғана емес,сондай-ақ ойынды образды түрде, қысқаша да нақтылы нұсқау түрінде түсіндіру арқылы сөздік әдісті де пайдаланалады.

Ойынмен алғаш таныстырудың көптеген әдістері бар.Солардың ішінде біз мыналарды барынша жөн санаймыз:ең алдымен музыка түгелдей орындалады, содан соң ойынның қысқаша мазмұны беріледі, ең ақырында музықалық шығарма қайталанып ойналады.

Бұл әдіс көбінесе сюжетсіз жеңіл немесе өлеңмен сүйемелденетін ойындарда толығырақ пайдаланылады.

Әрекет өрбіп отыратын ойындар өзіндік әдістер мен тәсілдерді қолдануды талап етеді.Солардың бірі «Аю мен қояндар» ойынын жаттап алу, бұл қояндар өмірінен қысқаша әңгіме айтып беруден басталады да Н.Римскиий-Корсаковтың өңдеуіндегі орыстың «Көжек» халық әнін айтумен сүйемелденеді.Содан соң аю туралы әңгімеленеді: «Жақын маңдағы апанда аю ұйықтап жатты, бір кезде ол дауысты естіп оянып кетті.Ол өзін мазалап жүрген кім екенін көру үшін, апаннан сыртқа шықты.» Осыдан кейін В.Ребиковтың «Аю» атты пьесасы орындалады.

Ойын қимылдарына тән ерекшелікті көрсету әдісін де қолдануға болады:тәрбиеші қимыл жасайды, оған қосыла музыка жетекшісі шығарманы орындайды.Егер жетекші өзі көрсететін болса, онда ол алдымен музыканы орындайды, содан соң әнді қоса айтады, қимылды көрсетеді.Осы секілді түрлі тәсілдерді ұйымдастыру-музыкалық шығарманы тұтас орындау, ойынның негізгі элементтерін көрсету, ішінара оларды әңгімелеп беру- үйркту барысында үлкен әсерін тигізеді.Алайда балалар қандай болмасын бір қимылды көп жағдайда олардың өздігінен таба білуі қажет.

Егер бала өзінің санасында шығарманың жекелеген компоненттерін:музыкалық шығармалардың даму ерекшелігін, қарқынын жылдамдық өзгерісін қабылдай білуге және есіңде сақтай білуге қабілетті болса, тұтас қабылдау ерекше мәнге ие болады.Сондықтан балаларды үйреткенде баланың «Музыка тілінің байлығын сезе білуге және оны қимыл арқылы бере білуге көмектесетін тәсілдерді іріктеп алған жөн.

Н.Ладухиннің «Епті бол» ойынын үйрену барысындағы тапсырмалар мен мен тәсілдердің жүйелілігін қарастырып көрейік.Музыка жеңіл әрі әсем.Бірінші сөйлем екпін түсіру және үзіліс жасауы көрсетілген әр тақырыптағы шағын тізбектен құрылған.Екінші сөйлем он алтыншы бөліктің бір қалыпты, үзіліссіз қимлмен берілген.Осыған сәйкес бірінші сөйлемде қимылдар пайдаланылады-орындыққа арқасымен отырған балалар әр тактының бірінші бөлігіне екпін түсірілген бастаушыға мойнын созып қарайды және одан жасырынады; екінші сөйлемде барлығы да орындықтан артымен шеңберді айнала жүгіреді және соңғы аккордпен дәлдікте кез келген бос орындыққа келіп отырады.

Ойынның қииындығы сонда, қимыл екпінмен және соңғы аккордпен дәл келуі керек.Сондықтан балаларды музыкалық шығармалардың осы ерекшеліктерін тыңдай білуге үйрететін даярлық жаттығуларының болғаны жөн.

Сөйтіп, сабақтардың жүйелілігі мен тәсілдердің шеберлікпен пайдаланылуы балалардың ойынды жақсы меңгеруіне музыкалық қабылдаудың программалық дағдылары мен қимылдардың мәнерлілігін ойдағыдай үйреніп алуына көмектеседі.

Секірме билерді, билерді, қол ұстасып жүріп өлең айтуды үйренудің әдістері де осыған ұқсас болып келеді.Сондай-ақ би музыкасын ойнау және ол жайында көркем тілмен әңгімелеп беру арқылы секірме би жайында алған алғашқы әсерлеріне қызыға білу жағдайларын жасаудың маңызы зор.Жаттау біртіңдеп жүзеге асыралады және қимылдың аса күрделі элементтерін меңгеру үшін, алдын ала жүргізілетін жаттығулар пайдалыналады.Сол сияқты қимылдардың нақты нұсқауы мен қысқаша сипаттамасы, сапасын айқындайтын үлкендердің дұрыс,сауатты мәнерлі орындап көрсетуінің ерекше маңызы бар.

Қатысушылардың барлық тобына бірден арналған(ырғақ сабақтарының ерекшелігінің өзі де осында) немесе әр баланың жекелей белсенділігін арттыруға бағытталған методикалық тәсілдер жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.Ондайларға мыналарды жатқызуға болады:

1.Меңгерілген дағдылар дәрежесін, ауық-ауық тексеруден өткізу жолымен қабілеттердің дамуын, сондай-ақ баланың міңез-құлқына,оның табыстарына бақылау жасау жолымен жекелей тексеру;

2.Сабақтар процесінде әрбір балаға арналған тәсілдерді пайдалану;

Өзіне сенімі жоқ және сенімі тым көп балалардың бойында әрекет жасау ынтасын тудыруға жағдай жасау;

Бүкіл коллективке берілетін нұсқаумен бірге кейбір балаларға жекелей нұсқаулар беру;

Жеке- дара рольдерді орындау, балалардың ішінен біреулері тапсырманы орындауы үшін, енді біреулерінің оған баға беруі үшін оларды топқа және ұсақ топтарға бөлу.

3.Қажет болған жағдайда уақыт жағынан барынша қысқа(2-3минут) жеке-дара сабақтарды енгізу.

 

Мұндай методикалық тәсілдер мектепке дейінгі балалардың өздігінен әрекет жасауын және творчестволық талабын дамытады.Балаларды музыкалық шығармалармен алғашқы рет таныстырғанда педагог музыканың сипаты, осы музыкаға сәйкес келетін қимылдар туралы олардың өзіндік пікір айта білушілік қабілетін оята білуі керек.Келесі сабақтарда, тіпті оларға көрсетілген қимылдарды меңгеру кезінде де өздігінен жұмыс жасауға ынталандарып отыру керек.Балалардың биді қалай тәуір орындауға болатынын айтуға шамасы келеді, секірме билер құрылымының жүйелілігін санап бере алады және үлкендердің көмегінсіз-ақ қимылдың белгілі бір түрін т.б. орындайды.Балалардың өздері ойлап тапқан қимылдар соңынан нақтыланады және оларға жетекші баға береді.

Балалар творчествосын жандандыруға септігін тигізетін бұдан басқа да алуан түрлі тәсілдердің қолданылуы мүмкін: «Доппен ойна», «Қар лақтырып ойна» сияқты көз алдына заттарды елестетумен орындалатын жатттығулар(ойын кезінде программалық музыка орындалады және бұл ойындарда болатын жағдайлар еске түсіріледі); «Біздің нені көрсететінімізді, ойлап тапшы» түріндегі ойын жаттығулары (мұнда балалардың бірі алдын ала педагогпен келісіп алынған және тиісті музыканы орындайтын ойындарды көрсетеді, басқалары мұның қандай қимылдар екенін ойлап табады); орыстың халық билері үлгісіндегі секірме билер- жаттығулар(балалар кезекпен билейді және әрқайсысы биді еске түсіреді, өз қимылын орындайды, өте қызықты әрі әр түрлі қимылда билегендер мадақталады)

22.Сабақтың тақырыбы: «Кіші мектепке дейінгі жастағыларға музыкалық ырғақ қозғалысына оқыту әдістемесі"

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: кіші мектепке дейінгі жастағылар бұл кезеңде қандай ырғақтық қимыл түрлерін игере алатынын, оларға аяқпен тақылдату, алақанмен қол соғу сияқты қимыл қозғалыстың оңай түрлеріне үйрету әдістемесінің маңызын оқыту

Дамытушылығы: Кіші мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық әр түрлі екпінінде өзгеруін байқай алатын ойын түрінде қолданып алғашқы жүгіру мен секіру сияқты жаттығуларға дағдыландыру мақсаты

Тәрбиелілігі: Кіші мектепке дейінгі жастағы балаларды ырғақтық қимылдарға үйретулің әдіс тәсілдерін көрсету және қимылдардың түрлерінің алуан түрін дайындау талдауға үйрету

Парктикалық сабақ: дәстүрлі

Көрнекілігі:

Сабақ барысы:

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1533 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жалпы сипаттама| Кіші жастағы балаларды музыкалық- ырғақтық қимылдарға қатыстыру әдісі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)