Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Н. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі.

Сабақтың тақырыбы: Әдістемелік тәсілдерді анықтау және оның қолданылуы | Музыка тыңдау - қызмет түрі | Музыка тыңдаудың бағдарламасы | Музыка тыңдаудың репертуары | Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері | Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі. | Методикалық тәсілдер | Методикалық тәсілдер | Р түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау | Жұмыс формалары |


Читайте также:
  1. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
  2. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  3. Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау
  4. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
  5. Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика
  6. Ақпараттық экономиканың тұжырымдамасы. Экономикалық ақпараттың мазмұны және мәселелері. Электрондық Үкімет.
  7. Азақстандағы электронды бизнес: болашағы және кедергілері.

Ән салу - дыбыс жасаудың күрделі процесі, онда есту мен дауысты үйлестіру, яғни ән айту интонациясы мен есту, дене тітіркеністерінің өзара әрекеттері өте маңызды орын алады. Музыка үнін есіне алғанда адамның жай толқып қана қоймай, сонымен қатар әрқашан да сезім дүниесіне күш түсіріп, сол үнді «іштей» әндететінін атап көрсете отырып, орыс физиологы И.М.Сеченов бұған қоса баланың дыбысқа инстинкті еліктегіш келетінін айтқан. Ол былый деген: «санаға айқын жатталған дыбыс немесе дыбыстар тобы бала үшін өлшем сияқты қызмет етеді, ол өз үнін осы өлшемге шамаластырады және онымен әбден ұқсастырғанға дейін тағат таппайды».

Балалар ересек адамдардың сөйлеу және ән салу интонациясына еліктейді, малдың, құстардың даусын айнытпай салуға тырысады. Мұндайда есту қабілеті дыбыстың дұрыс, бұрыс еместігі аңғартады.

Есту мен дауыстың өзара байланыстылығын көптеген ғалымдар зерттеп келеді. Балалар даусының табиғатын зерттеуші доктор Е.И.Алмазов дамыған есту қабілетінің дұрыс және дауыс интонациясы үшін айрықша иаңыздылығын атап көрсетеді. Балалардың ән салудағы кемшіліктерін талдай келіп, оның себептерін атайды және бұл кеселдерді дәрігер дер кезінде қарап емдеуі қажет дейді.

Егер оқыту дұрыс жолға қойылса, есту қабілеті қалыпқа келеді. Балалар бақшасындағы кіші топтарда балалардың назары әуенді дәл қайталауға: 2-3 нота негізінде жазылған қарапайым, шағын қайырмалар мен әндер айтуға аударылады. Тәрбиешінің әсерлі дұрыс орындаған әні мен дыбысы жүйеге келтірілген аспап үні әрқашанда үлгі бола алады. Бала тыңдайды, сонан соң жеке дауыстық интонацияға «ілескендей» болып, ересек адаммен бірге қосылып ән айтады. Бірте-бірте есту қабілеті тиянақтанады да, соның нәтижесінде лад-биіктігін есту қабілеті дамиды.

Мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалар әуендік естуді дамытатын үздіксіз жатттығулардың барысында қалыптасатын кейбір алғашқы биік дыбыс пен ырғақ жөніндегі түсініктермен танысады, әуеннің биіктеп-төмендеуін анықтайды, биіктігі, ұзақтығы әр түрлі дыбыстарды салыстырады, интервальдарды, шағын әндерді айтады. Баланың есту қабілетін үннің дұрыс шығуын үнемі бақылайды.

Балалардың мектеп жасына дейінгі шағында олардың дыбыс аппараты әлі қалыптасып бітпейді және организмнің жалпы нығаюы мен жеке дауыстық бұлшықет дейтіннің жетілуімен қатар нығаяды.

Дауыс желбезектері толық қабыспайтындықтан және олардың тек жиектері ғана тербеліске түсетіндіктен ән үні ашық шықпай мүкіс естіледі де, мұқият болуды қажет етеді.

Бала даусын қорғау ән айтуға үйретудің дұрыс жолға қойылуын қажет етеді. Бұған балалардың жасына сай келетіндей музыкалық материалды, яғни репертуарды ойластырып, іріктеп алудың көмегі көп.

Бала даусының естілу диапазонын зерттеу репертуардың дұрыс іріктелуіне көмектеседі. Ән айту диапазоны дегеніміз- дауыс жақсы естілетін ең төмнегі және ең биік дыбысқа дейінгі интервалмен айқындалатын дыбыстар көлемі.

Балалардың жасына сай ән айту диапазонының ерекшеліктерін көптеген ғалымдар зерттеген. Н.Д.Орлова жұмыс істейтін диапазон деп аталатын «дыбыс шығаратын аймақты» анықтады.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 854 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәстүрлі| Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)