Читайте также:
|
|
Дәрістің мақсаты: экономикалық өсу ұғымымен танысып, «Қазақстан- 2030» жолдауындағы алғы шарттарды білу.
1. Экономикалық өсудің мәні
2. Экономикалық өсудің факторлары
3. Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан- 2030» жолдауындағы қазақстандық экономиканың алғы шарттарының бағыттары
Негізгі ұғымдар: экономикалық өсу, сыртқы экономикалық тепе- теңдік, ішкі саяси тұрақтылық, т.б.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Немесе, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдіегі өзгерістерін атайды. Ал оның көрініс түрлері туралы экономикалық теорияда екі бағыт орын алған. Экономикалық өсу деген ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған (1, б. 240-241).
Көптеген оқулықтарда экономикалық өсудің екі түрін қарастырады: экстенсивтік, яғни өндіріс көлемінің ұлғаюуы факторлардың қолданысын сандық жағынан арттыру арқылы мүмкін болады, ал интенсивтік түрі - факторларды тиімді пайдалану арқылы өндіріс көлемін сандық тұрғыдан да және сапалық тұрғыдан да арттыруды айтады. Нақты экономикада оның өсуінің екі түрі де белгілі арақатынаста немесе ұштасқан жағдайда көрініс табады. Дамыған елдерде ғылыми техникалық революцияның жетістіктерін экономикада кең түрде еңгізудің нәтижесінде жаңа экономика қалыптасты, оны постиндустриалдық немесе инновациялық экономика деп те атайды. Бұл экономикада интенсивтік, инновациялық факторлар экономиканың өсуін негізінен қамтамасыз етеді, сапалық жаңа сатыға көтереді.
Экономикалық өсудің факторлары деген ұғымға өндірістің нақты көлемінің ұлғаюуына әсер ететін әртүрлі құбылыстар мен үрдістерді жатқызуға байланысты. Бұл жерде біз басқаша да түсініктердің болуын ескеруіміз керек. Сонымен қатар оларды тікелей және жанама деп бөлуге болады (Толығырақ бұл сұрақты 2. б. 243-244 табуға болады).
Мақсаттардың иерархиялық бағыныштылығын «мақсаттар пирамидасы» деген ұғыммен атау қабылданған. Экономикалық әдебиеттерде, әдетте, маңызды төрт мәселені атайды: 1. Экономикалық өсу; 2. Жұмыспен толық қамтылу; 3. Баға деңгейінің тұрақтылығы және ұлттық валютаның орнықтылығы; 4. Сыртқы экономикалық тепе-теңдік. Ұсынылып отырған схема сырттай осындай құрылымды көрсетеді: оның негізгі мақсаты молшылықпен байланысты және оны нақты цифрлармен белгілеу мүмкін емес, ол белгілі бір нақтылы тапсырмалар қатарына бөлшектенеді. Алайда, экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында осынау нақты тәсілдердің жиынтығынан үйлесімді жүйе тудыру өте қиын. Бұл екі түрлі жағдайлармен байланысты. Біріншіден, нақты міндеттің тұжырымдалуының өзі белгілі бір қиындықтардың элементтерін көрсетеді. Қоғамның әртүрлі топтарында, көбінесе, мақсаттар туралы әрқилы түсініктер болады. Екіншіден, іс жүзіндегі реттеудің жүзеге асуы мынаны көрсетеді: бір мақсатты орындау екіншісінің орындалуын тежейді немесе тіпті, жалпы оған жету мүмкін де болмайды. Бірқатар нақтылы мақсаттарды жүзеге асыру үшін олардың қисындарын қалыптастыра отырып, экономистер оны «мақсаттардың дуалы қөпбұрышы» деп атаған.
Экономиканың тұрақтануы және жоғары қарқынмен өсуі 1999 жылдың екінші жартысынан басталды. Осы жылдан 2004 жыл аралығында елдің ІЖӨ-і 40 пайызға өсті. Осы жоғары жетістіктің және де Қазақстандағы басқа да тарихи өзгерістердің, табыстардың негіздері мен себептерін қарастыруда 1997 ж. қабылданған Қазақстан-2030 Стратегиясының маңыздылығын көрсету керек. Өйткені бұл маңызды бағдарлама ел жағдайының ең бір қиын тұсында қабылданып, халықты алдағы күнге деген сенімге үндеген, елдің ұзақ мерзімдік даму траекториясын белгілеген және соған сәйкес нақты жоспарлар құрып, оны орындау жөніндегі шамшырағымыз болды деуімізге толық негіз бар. Қорытындысында экономикалық өсу қарқыны бойынша, өмір сапасы мен құрылымдық реформалардың нақты қайтарымы бойынша Қазақстан бұрыңғы одақтық мемлекеттегі өзінің жуырдағы серіктестерінен, бастапқы тең мүмкіндіктері болғандарын ғана емес, сонымен бірге бір кездері өзі кейіндеп қалғандарын да қоса алғандағы серіктестерінен көп алға кетті. Еліміз кеңестік кеңістіктегі көшбастаушы елдер қатарына қосылды және бүгінде әлемде ең ырғақты дамып келе жатқан елдердің бірі. Мысалы, соңғы бес жылда ІЖӨ-нің орташа өсуі 10,3 пайыз болды. Қазақстан халқының жан басына келетін ІЖӨ тек соңғы жеті жылда үш есе – 1999 жылғы 1130 доллардан 2005 жылғы 3440 доларға дейін ұлғайған. Бүкіләлемдік экономикалық форумның есебі бойынша 2005 жылы Қазақстан ТМД-дағы өз көршілерінен оза отырып, есепке енген 117 елдің арасында 61-ші орын алды.
Қазіргі кезеңде еліміздің алдында одан да биік асулар тұр, өйткені экономиканың дамуының әлдеқайда күрделі жаңа сатысы - инновациялық экономиканы қалыптастыруымыз керек. Осы тұрғыдан Үкіметтің жасаған елді индустриялық-инновациялық дамытудың бағдарламасын іске асыру маңызды болып отыр. Мұның нәтижесінде 2012 жылы Қазақстан әлемдегі индустриалдық жағынан дамыған елдер қатарына енеді. ІЖӨ үш есеге дерлік өсіп, 6,8 триллион теңгеден 2012 жылы 17,7 триллион теңгеге артады. Яғни, халықтың жан басына шаққанда ІЖӨ 8-9 мың долларға жетеді. Сонымен қатар, Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев он жылда әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына кіру міндетін қойды.
Қазақстанның өтпелі экономикасы үшін Жапония мен Оңтүстік Кореяның өнеркәсіптерінің құрылымдық қайта құру тәжірибелері өте маңызды.
Өндірісті құрылымдық тұрғыдан қайта құрудың оңтүстік Кореялық моделіне сүйене отырып, салалардың басыңқы бағыттарының алты критериі қолданылады:
1. Саланың экономикалық әлеуеті бағаланады, яғни ұлттық экономиканың салыстырмалы артықшылығына сүйеніп, тезірек экспортты қарқындату мүмкіндігі.
2. Ішкі нарықта сала өніміне сұраныстың өсуі.
3. Осы саланың дамуы елдің ең жоғары индустриальды стадиясына жетуге сәйкес келуі тиіс.
4. Салалар дамуы олардың шикізат пен энергия импортына аз көлемде тәуелді болуы керек.
5. Елдің сауда балансында тапшылықты аз мөлшерге дейін қысқарту мүмкіндіктерене баға беру.
6. Басым бағыттағы сала дамуы қаншалықты жағымды эффект беруге қабілетті болып, сонымен қатар экономиканың басқа сектор мен саласындағы өндіріс тиімділігін қамтамасыз етуі қажет.
Аталған критерийлерді талдаудан кейін таңдап алынған саланы жеделдете дамыту жоспарын құруға кіріседі.
Осы мақсаттарға әлемдік тәжірибе көрсеткендей инвестиция көздеріне мыналар жатады:
- халық жинақтарын банктермен, мемлекетпен бүтіндей, жартылай емес, қорғау кепілдіктері негізінде тарту;
- шикізат экспортынан табыс пен ұлттық қорды құру;
- тікелей және портфельді шетел инвестицияларын тарту;
- кәсіпорынның шетел капиталымен бірлескен кәсіпорындар құру.
«Қазақстан –2030» стратегиясы»
Бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты – Қазақстан республикасының жоғары индустриальды дамуға қол жеткізуді және дамушы елдер қатарынан, қазіргі «азиялық жолбарыстары» деп аталатын Оңтүстік Корея, Малайзия, Бруней, Сингапур, Тайвань сияқты Азияның гүлденген индустриальды елдер қатарына өтуін жүзеге асыру. Осы мақсатқа жетудегі жолдар:
1. Бизнестің барлық төрт деңгейінде: өтпелі экономиканың барлық сфераларында ғылыми-техникалық жетістіктердің ашу мен енгізу жолдарында ішкі және сыртқы мемлекетаралық кәсіпкерлік қызметтің (шағын, орта, ірі және мемлекеттік) қалыптастыру мен ынталандыру саясатын жалғастыру.
2. Экономикада салалық, құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру.
Қазақстан ғалымдары атап көрсеткендей, Қазақстанда өз уақытында жүргізілген индустриализация – ірі экономикалық іс-әрекет қалыптастыруға жол ашты. Бірақ та, республикадағы индустриализация процесінің өзі, егер оны экономикалық техникалық құрылымының өзгерістерімен байланыстырғанда - ол аяқталады, оның себептері:
- технологиялық базистің үштен екісі төменгі ескішеге негізделген алғашқы машиналы технологияларды құрайды;
- автоматтандырылған және кешенді механикаландырылған өндіріс техникалық базистің үштен бірін құрайды;
- кибернетикалық техника мен ақпараттық технология технологиялық базисте жекеленген ошақтармен берілген.
1997 жылдың қараша айындағы ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік – экономикалық қорытындының шығарылуы, тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асыруға көзделген жеті ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді.
Ұзақ мерзімді жеті басымдық:
Ұлттық қауіпсіздік.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген – экономикалық өсу.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.
Энергетика ресурстары.
Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс.
Кәсіби мемлекет.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін мына үш кезеңде болуы қажет:
- 1998-2000 жылдар,
- 2001-2010 жылдар,
- 2011-2030 жылдар,
2000 жылдың 21 ақпанында Республика Үкіметімен кездесуінде Қазақстан республикасы Президенті ұзақ мерзімді стратегияда анықталған реформалардың І кезеңі аяқталғанын атап көрсетті:
- әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту;
- басқарудың тиімділігін арттыру;
- өндіріс секторына несие беру;
- экономикалық шикізат бағдарын өзгерту;
- аймақтық диспропорцияларды жою
Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рөл берілді. Осы мәселелер туралы дайындалатын бағдарламаларда шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өндеуді кеңейтуге негізделген өндірістерді құрауға және дамытуға атсалысу қажеттілігі көзделеді.
Экономикада шикізат бағдарын өзгерту мәселесі шешумен байланысты кешенді құрылымдық саясат жүргізу, яғни отандық шикізаттың жаңа, бірінші, екінші, үшінші және төртінші сатыларын құруда, ауыл шаруашылығын өңдеу өнеркәсібін құру мен дамытуда айқын белгіленген стратегия, импортты алмастыру бағдарламасын құру.
Орытынды
Қорытындылай келсек, экономикалық тепетеңдіктің мәні және оның түрлі ауытқулары қарастырылды. Экономикалық өсу ұғымымен терең таныстырылды. Осыған орай экономикалық өсудің факторларына сипаттама берілді.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 342 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Мәселелік дәріс. Ұлттық экономика жүйе ретінде. | | | Аналитикалық дәріс. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық және инфляция. |