Читайте также:
|
|
Дәрістің мақсаты: қоғамдық шаруашылық формаларын анықтап, тауарлық шаруашылықтың мәнің ашу, тауар қасиеттерімен танысу, ақшаның айналым заңын ұғу.
1. Қоғамдық өндіріс нысандары ұғымының сипаттамасы. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары: натуралды және тауарлы
2. Тауарлы шаруашылық: мәні, пайда болу жағдайлары мен себептері. Тауарың қасиеті. Құн және баға.
3. Ақшаның пайда болуы мен мәні. Ақшаның қызметтері. Ақшаның айналым заңы
4. Нарықтық шаруашылық жүйесінің теориялық негіздері
Негізгі ұғымдар: өндіріс, тұтыну, айырбастау, бөлу, тауар, ақша, айналым заңы, т.б.
Шаруашылықтың бірінші тарихи нысаны натуралды шаруашылық. Онда өндіріс пен тұтыну тікелей қосылған, ал қызметті ұйымдастыру патриархалды дәстүр мен еңбекке экономикадан тыс мәжбүр ету негізінде іске асады.
Шаруашылық
Натуралды Тауарлы
Өндіріс Тұтыну Өндіріс Бөлу Айырбас Тұтыну
Натуралды шаруашылық - бұл адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдастыру экономикалық қатынастарының жүйесі.
Қасиеттері:
1.Тұйық шаруашылық.
2.Тікелей шаруашылық нысандары. Өндіру тұтыну қатынастарының байланыстылығы.
3.Әмбебап еңбек.
Алайда «өндірдік- тұтындық»- қағидасы бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.
Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.
Тауарлы шаруашылық - пайдалы өнімдер нарықта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру экономикалық қатынастарының жүйесі.
Қасиеттері:
1.Ашық шаруашылық.
2.Еңбекті бөлу.
3.Жанама шаруашылық байланыстары.
Тауар өндіру және айырбастау негізінде жүзеге асырылады, бұл заң тауар өндірісі жағдайында тауар өндірушілер арасындағы байланыстарды қоғамдық еңбекті бөлумен, көтермелеуді реттейтін объективті заң - құн заңы.
Құн - тауарға сіңген және айырбас кезінде айқындалатын қоғамдық еңбек.
Тұтыну құны – тауарлардың қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қасиеті.
Айырбас құны – тауарлардың басқа тауарларға айырбастау қасиеті.
Сатушының және сатып алушының да экономикалық жағдайы нарықтың конъюнктурасына тәуелді болады.
Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты.
· жеке меншіктің пайда болуы;
· тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;
· еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;
· қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;
· экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.
Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар:
- адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;
- басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).
Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.
Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:
Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы.
Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:
- Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).
- Пайдалануға өте ыңғайлы
- Мүлтіксіз сақталынуы
- Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 588 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар. | | | Ақшаның атқаратын қызметтері. |