Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржы нарығы

Оқу тәртібінің мінездемесі | Осымша әдебиеттер | Оқу пәніне қойылатын талап | Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді. | Шолу дәрісі. Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы | Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау | Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар. | Дәріс. Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Тауарлық өндіріс. Ақша. | Ақшаның атқаратын қызметтері. | Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау |


Читайте также:
  1. Кеңестік дәріс. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар.

- капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;

- несие нарықтары;

- құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.б.);

- валюта, ақша нарықтары.

Интелектуалды өнімдер нарығы - иновацияландыру, ойлап табудағы информациялық қызметтердің, әдебиет және еңбектерінің нарықтары. Жұмыс күші нарығы – бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмыс күші миграция жасап отырады. Аймақтық нарықтар - жергілікті, ішкі ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.

Экономикалық теориядағы жасырын экономика - әртүрлі себептермен ресми түрде статистика арқылы есепке және бақылауға алынбаған өндіріс, айырбас және материалдық игіліктерді бөлу процестері. Нарықты өмірде жасырын экономика факторын есепке алмау қоғам мүддесіне қайшы келетін өте ауыр әлеуметтік экономикалық салаларға лауазымдық қызметкерлердің қылмысының өсуіне және басқа да әртүрлі қылмыстық істерге әкеліп соқтырады.

Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.

Экономикалық мәселелер тауарларға сұраныс пен ұсыныстың тікелей әсер етуімен шешіледі.Осыған байлансты сұраныс пен ұсынысты талдау міндетті.

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
  2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.
  3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)

4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.

- Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.

- Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.

  1. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.

2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.

3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.

4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.

5. Бәсекенің деңгейі

6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.

7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

 

. Ұсыныс қисығы Ұсыныс қисығының жылжуы
Р S Р1 A B Р2 Q2 Q1 Q   Р S1   S0     S2       Q  
Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан қөрінеді. Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға – төменге (өсуі), солға – жоғары (азаюы).

Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S). Қисық сызық шығып келе жатқан бағытта болады.

 

Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.

Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.

 

 

Нарықтағы тепетеңдік.  
Р S   PЕ   Р     Мұнда: Е – сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысқан тепе-теңдік нүктесі; Ре- теңдік баға; Qе- теңдік көлем.    

 

 

Бірінші жақтан, сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістермен екінші жақтан, теңдік баға мен тауардың теңдік көлемі арасындағы өзгерістер арқылы төмендегі байланыстарды анықтауға болады:

 

  Теңдік бағаның өзгеруі Тауардың теңдік көлемінің өзгеруі
Сұраныстың өсуі Өсуіне Өсуіне
Сұраныстың азаюы Төмендеуіне Азаюына
Ұсыныстың азаюы Өсуіне Азаюына
Ұсыныстың өсуі Төмендеуіне Өсуіне

 

Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.

Сұраныстың қисығы Сұраныс қисығының жылжуы
Р Р1 А   Ро В D   Q 1 Qо Q   Р   D1   D   Do Q
Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді. Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі,ол қисық сыздықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - жоғары (өсуі); солға – төменге (азаюы).

Икемділік – бұл сатып алушының интенсивтік реакциясын көрсететін көрсеткіш. Егер бағаның өзгерісі, сатып алу көлеміне қатты әсер етсе, онда сұраным икемді болып табылады. Ал егер, бағада үлкен өзгеріс болмаса, сұранымның бағалық икемділігі сатып алу көлемінің өзгерісін баға өзгерісінің қатынасы арқылы қарастыру керек. Сұраным икемділігі бағаға қатысты болады. Баға 1%-ға өзгерсе, сұраным көлемі салыстырмалы түрде өзгереді, сондықтан тәжірибеде абсолютті шамадан гөрі салыстырмалы шама өз рөлін атқарады.

Икемді сұраныс. Икемсіз сұраныс.
Р Р1 Р2 D Q1 Q2 Q Р Р1 Р2 D Q1 Q2 Q
ЕPD > 1, баға төмендеген сайын сату көлемі өзгереді, ал жалпы түсім өседі. ЕPD < 1, баға өскен сайын, сату көлемі азаяды және жалпы түсім азаяды.  

 

Бірлік икемділік. Абсолютті икемді сұраныс.
Р     Р1 Р2 D   Q1 Q2 Q Р       P D   Q1 Q2 Q
ЕPD = 1, бағаның әрбір 1 % өзгеруіне сұраныс көлемінде 1 % өзгереді, ал жалпы түсім өзгермейді. ЕPD = ∞, баға өте аз көлемде өзгерсе де, сұраныстың көлемі шексіз көп өзгереді.
 
Абсолютті икемсіз сұраныс.  
Р   D Р1 Р2 Q Q   ЕPD = 0, бұл баға көлемі өзгергенімен, сұраныстың көлемі өзгермейді.

Орытынды

Қорытындылайтын болсақ нарық ұғымы толығымен талдап қарастырылды. Сұраныс пен ұсыныс заңдарының теориялық мазмұнын ашып графикалық түрде түсініктемелер берілді. Сұраныс және ұсыныс теориясы, әсер етуші факторлары. Нарықтық тепе- теңдік міселелері толығымен дәрісте қарастырылды.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 162 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кеңестік дәріс. Нарық: түрлері, құрылымы, моделдері. Сұраныс және ұсыныс.| Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)