Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақпараттық экономиканың тұжырымдамасы. Экономикалық ақпараттың мазмұны және мәселелері. Электрондық Үкімет.

Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері | Негізгі әдебиет | Осымша әдебиет | Бақылау түрлері (ағымдық, кезеңдік) аралық аттестаттау | Кіріспе дәріс | Дәріс №2 Ақпарат категорияның құпиялары және қасиеттері. Ақпараттық тауарлар мен қызметтер түрлері | Дәріс №3 Ақпараттық экономиканың заңдары. Ақпараттық қызметтердің негізгі категориялары. | Азақстандағы электронды бизнес: болашағы және кедергілері. | Ақпараттық таным. Трансакциялық шығындар. Электрондық кітапхананың жаңа рөлі. | Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика |


Читайте также:
  1. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
  2. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  3. Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау
  4. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
  5. Ақпараттық таным. Трансакциялық шығындар. Электрондық кітапхананың жаңа рөлі.
  6. Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика

Дәріс мақсаты: Экономикалық ақпараттың мазмұнын және мәселелерінтүсіндіру.

Дәріс жоспары:

1. Қазіргі тауарлық өндіріс және ұдайы өндіріс жүйесіндегі экономикалық ақпараттық қарама –қайшылықтар нарығы.

2. Тұтастық жүйе ретіндегі нарықты, әлеуметті бағдарланған ақпараттық экономиканың негізгі қалыптасуының ұстанымдары.

3. Нарықтық шаруашылық даму факторы ретінде ауыспалы және ақпараттық экономиканың нәтижелігінің өсуі.

 

Ақпараттық өнімдер және қызмет көрсет унарықтың қалыптасуына кешенді көз қарас келесі мезеттерді зерттелуімен байланысады:

- ақпараттық өнімдер және қызмет көрсетулер құндылығының (құнының) талдауымен;

- ақпараттық өнімдер және қызмет көрсетулер құндылығының қарастырылуымен;

- ақпараттық өнімдер және қызмет көрсетулер шығындарының талдануымен;

- ақпараттық өнімдер және қызмет көрсетулер қажеттілігін және нысаналылығымен.

Бірнеше жағдайларда «капитал», «еңбек», «құн», «үстемелі құн», «еңбек шығындары», «пайдалығы», «баға», «ақша» және басқа терминдер жақшаға алыңған, өйткені біз олардың ақпараттық капитал, кертартпалыққа негізделген шығармашылық құндылығы, өсірілген құндылығы, генерация, бағытталыну, ақпараттық баға, электрондық квази ақша және тағы басқа келесі сәйкес категорияларға ауысу ғылыми- ақпараттық негіздерінің ұғымдары туралы айтамыз.

Құнның құндылыққа, капиталдың ақпараттық капитал айналуына әсер еткен ақпараттық нарықтыңерекше факторларды бөлу қажет. Құнның құндылыққа айналуы осындай негізгі факторлармен байланысты:

1) еңбектің кертартпалыққа негізделген-шығармашылық қызметке айландыруымен;

2) жасанды парасаттың пайда болуы, оның қалыптасуы және дамуы және оның табиғи парасатпен бірігуімен;

3) ұстанымды жаңа ақпараттық -зияткерлі жоғары өнеркәсіптік неотехнологиялардың, шектеулі бірлікте кертартпалыққа негізделген-шығармашылық қызметтің заттары және тәсілдерінің пайда болуы және екпінді өрлеуі;

4) айқын бейнеленген әртүрлі және алғашынан шығарылған жеке меншіктік зияткерлік қалыптардың түрлерінің таралғаны және жетекші рөлдерге шыққандары.

Ал капиталдың ақпараттық капиталға ауыстырылуы келесі негізгі факторлар арқылы мүмкін болады:

1) құнның құндылыққа айналуына;

2) ақпараттық - экономикалық үдерістердің жаңа сапа және жоғары белсенділігімен кодтау және декодтау, материалдану және дематериалдануымен;

3) нәтижелері кертартпалыққа негізделген-шығармашылық табиғи –жасанды қызмет өзімен- өзі таратылып, өзімен-өзі өсіп және өзімен өзі көрсетілетін қасиеті пайда болуымен;

4) негізінде, ақпараттық - экономикалық үдерістер және ғалами тарату және транснационалды өнеркәсіптік-коммерциялық қызметтің нәтижелерін қолдануға талпынады.

Қазіргі ақшалардың, не электрондық квазиақшалардың ақпараттық негізін және түрін капиталдың ақпараттық капиталға, құнның құндылыққа, ақпараттық өнімнің құнының ақпараттық өнімнің құндылығына ауыстырылуымен байланысты өзара байланыса дамып келе жатқан, өзгеріп жатқан және экономикалық қалыптарға және категорияларға ауысып жатқан үдерістердің кешенді-құрылымды қаралмауынша. Сонымен, сапалы жаңа ақпараттық экономикаға ауысу заңды үдерістер, стремительный рост доли заттық емес зияткерлік ақпараттық тауарлардың екпінді өсуі, негізді несиенің және мемлекттік қарыздардың қарқынды дамуы, тез электрондық-қаржылық өзара байланыстардың ғаламдық және трансұлттық түрлері және тағы басқалары, және распространению электрондық - виртуальды (көзге көрінбейтін) ақшалардың не электрондық квазиақшалардың пайда болуына, олардың қалыптасу және тарауына әкелді.

ХХ-шы ғасырдың екінші жартысында ақшалар не электрондық квазиақшалар алтындық материалдық стандарттан шығып кетіп және біртендеп эталондық ақпараттық тауарлық құндылыққа келді. Құжаттылық қалпында және электрондық қол таңбаларымен бірлесе осындай бағаланулар және ойда белгіленеді және қазіргі ақпараттық компьютерлік торлардың және жүелердің қаржылық- экономикалық базаларында жиналады. Сонымен, қаржылық жүйелердің ақшалық қарым- қатынастар негізі сместилась алтын-материалдық заттық қалпынан идеалдық -затсыз экономикалық ақпараттың қалпына ауысты.

Басқаша айтқанда, материалды-заттық қоршаудан ауыстырылған және қайта еңгізілген және ақпарат метаформалық ақшалық қарым-қатынастар «босатылып шығып нағыз, ең алғашқы жаратылған ақпарат құшағына» енген. Ақпараттық және экономикалық заңдарды, олардың ішінде сонымен қатар құндылық заңын қолдану, привело және приводит экономикалық субстрактінің синхрондық-ауыстырылған қалыптарының бүкіл қатарына алып келді, ал тура айтқанда: SWIFT қаржылық телекоммуникациялар Халықаралық банкінің мысалында ақшалар квазиақшаларға (не ақпараттық - электрондық ақшалар және олардың түрлері дебет-карточкалар, Оптимум-кард, STB, smart-карточкалары, магниттік -пластик кредиттік карточкаларға және тағы басқаларға), шығындар генерацияға, еңбек - кертартпалыққа негізделген-шығармашылық қызметке, құн - құндылыққа, еңбек кұш - зияткелік кұшке, еңбектің заттары және еңбек жасау құралдары – жоғары жаңа технологияларға, баға – ақпараттық бағаға, капитал - ақпараттық капиталға және тағы басқаларға айналады.

Сонымен, ақшалардың электрондық квазиақшаларға айналударын бірыңғай және нақты өтіп жатқан басқа экономикалық категориялардың айналударын шектеулі біртұтастықта қарастыру қажет. Барлық осы өзгерістер және айналударының негізінде суперсубстанционалды заңдар, үдерістер, қарым-қатынастар және ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ АҚПАРАТТЫҢ даму ұстанымдары жатыр.

Құн және құндылық БІРІҢҒАЙ НЕГІЗДІҢ ұстанымынан қаралады, яғни: суперсубстанционалды бірыңғай негізде - әлемнің ақпараттық түсінігі, ақпараттық диалектика және ақпараттық көз қарасынан. Құн және құндылықтың осындай қаралуыынан келесі төрт қысқа және аралық қорытынды шығады:

1) құндылық ақпараттық - экономикалық дамудың жоғарылау баспалдағының құнның қабылдағышы болып табылады;

2) құндылық - экономикалық субстраттың (экономикалық ақпарат) сыртқы шығу қалыптарының бірі болып табылады;

3) құндылық- генерация (шығындардың) және нысаналылықтың (пайдалылықтың) өзімен -өзі ұйымдасатын біртұтастығы;

4) құндылыққа өзімен -өзі өсетін нәтиженің потенциялары ендірілген.

Бұрын Интернет файлдарды алмастыру, хаттар жіберу ретінде қолданылатын. Соңғы уақытта қазіргі технологиялар ақпараттық орталықты, халықаралық кітапханананы, құқықтық және ғылыми ақпараттың мәліметтерін, көптеген мемлекетті және коммерциялық ұйымдарды, биржаларды, банкілерді біріктіретін дамыған инфрақұрылымға айналды. Қазір интернет үлкен нарық ретінде қарастырылады, сондықтан да ақпараттық және программалық өнімді өндірушілер, саудалық және қаржылық ұйымдар интернеттегі түрлі әдістер мен тәсілдерді қолданып, коммерциялық істі электрондық коммерция арқылы жүргізеді.

Қазіргі уақытта «электрондық коммерция» деп ғаламдық ақпараттық желі арқылы тауар мен төлемдік қызметтерді жасауды айтамыз. Сатып алушы мен жабдықтаушының арасындағы төлем электрондық құжаттар немесе төлем құралдарымен жүргізіледі. Тауарды сатып алушы ретінде жеке тұлға не ұйымдар бола алады.

Ғаламдық желі Интернет электрондық коммерцияны әртүрлі масштабтағы фирмаларға қол жетімділікке әкелді.WWW электрондық сөрмесі компанияларға бүкіл әлемнен клиенттерді тарту мүмкіншілігін береді. Осы on-line бизнесі материалдық салымдарды қажет етпейтін «виртуалдық» өткізу каналын қалыптастырады. Егер ақпарат, өнім немесе қызметтер (мысалы, пограммалық жабдықтау) web арқылы жеткізілсе, онда сату үдерісі on-line режимінде жүргізілуі мүмкін.

Электрондық коммерция деп біз Internetке тәуелді жүйелерді ғана айтпай, коммуникациялық орталарда қолданатын «электрондық дүкендерді», «электрондық банкілерді» да жатқызамыз.

Қазіргі уақытта on-line сатып алымдағы басты төлем құралы ретінде несиелік карточкалар қолданылады.Сонымен қатар заман талабына сай жаңа төлем құралдары пайда болып жатыр: смарт-карталар, цифрлық ақшалар, микротөлемдер, электрондық чектер.

Электрондық коммерция түсінігіне тек on-line транзакцияларын ғана емес, сонымен қатар маркетинг зерттеулерін жүргізу, әріптестерді іздеу, жабдықтаушылар мен тұтынушылармен байланыс жасау қызметтерін да енгіземіз..

WEB арқылы қандай тауарларды сатып алуға болады? WWW компьютерлік технологияларға, программалық және техникалық құралдарға, соңғы кезде қаржылық пен туристік қызмет көрсетуге негізделген. Төменгі кестеде біз екі түрлі критерии арқылы электрондық комерция нарығын сипаттаймыз.

 

Кесте №1 Электрондық коммерциядағы нарық секторларының бөлінуі:

Орын ақша көлемі бойынша бөлу сату көлемі бойынша бөлу
  жылжымайтын мүлік программалық жабдықтар
  комьютерлер дауыс жазушы аппараттар
  туристік қызмет көрсету қаржылық қызметер

Электрондық коммерция жүйесі сатып алушыға сатушымен араласпау, дүкендерді аралауға уақытты өткізбеу, сонымен қатар тауарлар туралы толық ақпаратты <http:www.png-shop.com.ua> сайтынан алуына мүмкіндік береді. Сатушы сұраныстың өсуіне байланысты тез шешімдер қабылдап, сатып алушылардың мінезіне талдау жүргізуге және персоналдар мен арендаға кететін шығындарды үнемдеуіне мүмкіншілік алады.

Ең көп таралған электрондық коммерция түрлеріне «электрондық дүкендерді» жатқызамыз. «Электрондық дүкен» ретінде тауар каталогы бар WEB-site елестетеміз. Тауарды жеткізу пошта немесе электронық тауарларды сатып алу кезінде (программалық жабдықтаулар) электрондық пошта каналы әйтпесе интернет желісімен WEB-site арқылы жүзеге асырылады. Электрондық коммерцияның басқа жаңа таралған түрі әртүрлі программалық жабдықтауларды арендалау, яғни «микротөлемдер»-программалық компоненттерді қолданған үшін тұтынушыдан аз мөлшерде ақша алынады. Бұл бизес түрінің дамуы Java технологиясының таралуымен байланысты. Қажетті программалық компоненттер WEB-серверден желі арқылы көшіріледі.

Соңғы уақытта электрондық коммерцияның жаңа түрі электрондық банктер қарқанды даму үстінде. Электрондық банктердің ең негізгі артықшылығы: бұндай банкті ұйымдастырудың өзіндік құны төмен (ғимараттарды арендамауы) және клиенттердің санының көп болуы (клиент ретінде интернет қолданатын әрбір адам бола алады). Соның арқасында электрондық банк жай банктерге қарағанда клиенттерге банктік пайыздарды төмен шамамен, қызметтерді арзандау бағамен жүзеге асырады. Әрине электрондық банктің өзіндік қауіпсіздік және ақпараттарды қорғау жүйесі бар. Олар: арнайы карточкалар-банктік сервер арқылы қойылатын кездейсоқ парольдер, тұлғалық смарт-карталар, тұтынушының биометриялық идентификация құралдары.

Электорндық коммерция арқылы желілік коммерциялық қызметтер көрсетіледі. Мысалы аукциондық, қаржылық, банктік, туристік, медициналық, сақтандыру қызметтері. Соңғы уақытта аукциондық сайттар мен оларға қатысты сервис өсіп келеді. Сонымен қатар онлайндық брокерлік қызметтер де кең таралып, 2006 жылы 9,6 млн адам бұл қызметтерді пайдалаған болатын. АҚШ банктерінің барлығы өзінің клиенттеріне шоттармен жұмыс істегенде онлайндық қызметтер көрсетеді. Ал интернетте турларды, әуебилеттерді, қонақүйлерді брондау, экскурсияларға тапсырыс беру сияқты туристік қызметтер көрсету жыл сайын өсіп келеді.(Garther Group бағалауы бойынша)

Сонымен электрондық коммерция дамыған қоғамның маңызды қызметтердің бірі болып табылады. Біз ол арқылы тапсырысты оңай беріп, қажетті тауарларды, қызметтерді тез тауып, таңдағанымызды аламыз. Электрондық коммерция арқылы бизнес жүргізудің көптеген артықшылықтары бар: өндірістік процестің тиімділігін көтереді; айналым қорларының қысқаруы. Ол кіші бизнес өкілдеріне тиімді. Желі оларға ірі кәсіпорындармен бәсекелесуіне мүмкіншілік береді; делдалдар болмайды; шекара мен мемлекеттің салықтарынан тәуелсіздігі. Электрондық дүкендерді құру халықаралық масштабта бизнесті басқаруға мүмкіндік береді; аудиториялардың үлкен болуы; жеке маркетингті қолдану мүмкіндігі; тәуліктік сату; сатып алушылармен интерактивті байланыс; сұранысқа тез икемделу; тауарлар мен көрсететін қызметтер туралы толық ақпарат; тез сатып алу мүмкіндігі; Электрондық коммерцияның мүмкіншілігі қазіргі бизнеске мынадай сапалық элементтер енгізеді:

бәсекенің өсуі;

қызмет сферасының ғаламдануы;

қарым-қатынастың тұлғалануы;

шығындарды үнемдеу;

тауарларды тарату каналдарының қысқаруы;

Бәсекенің өсуі.Қазіргі бизнес ғаламдық бәсекенің өсуі мен тапсырыс беруші талаптарының деңгейін көтерілуімен сипатталады. Көптеген компаниялар электрондық коммерцияның технологияларын пайдаланып, тауарлар туралы толық ақпаратты ұсына отырып, тапсырыс берушінің претензияларына тез икемделіп, сатуға дейінгі және кейінгі қызметтерді сапалы түрде көрсетеді.

Қызмет сферасының ғаламдануы. Интернет коммерция жүргізудің сағаттық және кеңістік масштабын өзгертеді. Электрондық коммерция ұсақ жабдықтаушылардың өзіне де әлемдік масштабта бизнеспен айналысу мүмкіншілігін береді, ал уақыттық масштабты айтатын болсақ, Интернет арқылы қызметтер мен ақпарат тәулік бойы қолжетімді болады. Біз тапсырысты тез беріп, оған уақыт шығындамаймыз.

Қарым қатынастың тұлғалануы. Электрондық қарым қатынас құралдарын қолдана отырып, компаниялар әрбір тапсырыс берушінің талаптары туралы ақпаратты алып, автоматты түрде олардың жеке қажеттіліктеріне сай талаптарын орындай алады.

Тауарларды тарату каналдарының қысқаруы. Көптеген жағдайларда электрондық коммерция тауардың жабдықтаушыдан тапсырыс берушіге дейінгі жеткізу каналын қысқырта алады. Тауар жабдықтаушыдан ешқандай бөлшек және көтерме қоймалары мен сауда орындардан өтпей, тапсырыс берушіге бірден жеткізіледі. Тағы бір ерекшелікке тоқталсақ, кейбір тауарлар мен өнімдер түрлері электрондық тәсіл арқылы жеткізіледі. Мысалы электрондық тәсіл цифрлық өнімдерді(фильмдер, видео, музыка, журналдар мен газеттер), ақпараттарды, оқыту құралдарын(програмдық жабдықтаумен айналысатын компаниялар үшін)жеткізуге қолданылады.

Шығындарды үнемдеу. Электрондық коммерцияның ең үлкен жетістігі келісім жасалғаннан кейінгі қызмет жасау кезінде шығындар үнемделеді.

Енді электрондық коммерция кезіндегі кемшіліктерге келетін болсақ:

әртүрлі континенттерде орналасқан компаниялардың шынымен де қызмет жасайтыны туралы қалай сенімді болуға болады? Жердің басқа бөлігінде орналасқан елдің бизнес жүргізу ережесі мен тәртібін білу мүмкіншілігі де аз.

Екі компания арасындағы контракт бекітілгені туралы сенімділік пен ол контрактінің заңдылық статусы қандай, төлем қандай тәртіпте жүргзіледі, салық пен кедендік төлемдер кімнің заңдары бойынша алынады т.с.с сұрақтар туындайды.

Электрондық тәсіл бойынша таралған тауарлар оңай көшіріліп, интеллектуалдық меншікті қорғау мәселесі пайда болады.

Ашық желіде жүргізілетін электрондық коммерция қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиімді әрі сенімді механизмдерді талап етеді.

Бақылау сұрақтары.

1.Қазіргі нарық экономикалық ақпаратының түп негізін көрсету.

2. Қазіргі ақпараттық - экономикалық тауар өндірісінің және ұдайы өндірісінің қарама – қайшылықтарын түсіндіріңіз.

3.Қазіргі ақпараттық нарық жағдайларында экономика негізгі қалыптасу ұстанымдарын сипаттаңыз.

4.Түрлендіру және ақпараттық экономика нәтижелігі өсуінің маңыздығы неде?


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 318 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Электрондық хаттың құрылымы. Электрондық қолтаңба.| Капиталдың инон жаңа категориясына ықпалы мен әсері. Ақпаратты-экономикалық талдау. Жаңа экономиканың концепциясы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)