Читайте также:
|
|
Дәріс мақсаты: Қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуының ақпараттық үдерістерінтүсіндіру.
Дәріс жоспары:
1. Экономика дамуының негіздерінің жағдайын және ақпараттық зерттеу деңгейін анықтаныз.
2.Ақпараттық - категориялық экономикалық зерттеудің басталу пунктін сипаттаңыз.
3.Экономикалық үдерістердің ақпараттық категориялық талдауының субстраттық сипаттамасын көрсетіңіз.
Қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуының ақпараттық үдерістерін зерттеу деңгейі туралы айтсақ, келесі екі мезгіл туралы айта кету қажет:
1) ақпараттық зерттеулер капиталдың ақпараттық капиталға және олардың - инонға ауысу саласындағы зерттеулер өткізілмегенде; ақпараттық капитал және инонға ауысатын ақпараттық құнның және құндылықтың өздік дамуының ішкі факторлары табылмай және қарастырылмаған жағдайда; құнның капиталға, ақпараттық құндылықтың ақпараттық капиталға және құндылықтың инонға ауысуы ақпараттық теңдестіктің ақпараттық айырмашылығына ауысуы арқылы өтеді; яғни, ақпараттық зерттеуде құн тұтынушылық құннан, ақпараттық құн - ақпараттық тұтынушылық құннан, құндылық - нысаналылықтан бөлек қаралуы қажет; сонымен, құнның, ақпараттық құнның және құндылықтың ішінде, олардың өздік дамуының, өздік жоғарлауының және өздік көбеюінің себептері болады; экономикалық қалыптардың даму және өздік даму үдерісінде құн - ақпараттық құнға, ал ақпараттық құн – құндылыққа ауысады; «әріпіне» және «рухына» әлеуметтік- экономикалық және рухани-өнегелі үдерістерге жиынтық ақпараттық көз қарастың «әріпіне» және «рухына» бұл көз қарас сай; бірақ, дәстүрлік көз қарас әлі капитал, ақпараттық капитал және инон арасында ажырату жасалмаған; сондықтан көп ғалымдар продолжают считать түрлендіру (ауыспалы) және орталық категория деп ақпараттық экономиканың - категориясы капиталды атайды;
2) қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамудың ақпараттық негіздерін зерттеуі әртүрлі жайғасымдардан, зерттеу затының негізін ұғуының әртүрлі деңгейімен жасалған және жасалып жатыр және әртүрлі терминдермен аталады; сондықтан да әлеуметтік –экономикалық зерттеулерге көз қарас әртүрлі ұғылады, меңгеріледі және әртүрлі бейнеленеді.
Қоғамдық өнеркәсіптің шаруашылық ресурстарының, факторларының және қорытындыларының (табыстарының) ақпараттық экономикалық әлеуетінің талдауы әртүрлі негізінде жасалады. Біріншіден, зерттеу үдерісінде экономикалық ресурстарының, факторларының және қорытындыларының семантикалық маңызды ажырату өткізілмейді. Екіншіден, зерттеу үдерісінде ақпараттың мағынасы және қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуымен әртүрлі түсініледі. Үшіншіден, ақпараттық көз қарастың негізгі мезгілдері, атап айтқанда: сәйкестік ұстанымдары, қарама-қайшылықтары, детерминдеу, қалпын құрау, керісінше байланыс, бейнелеу және өздік ұйымдастыру. Төртіншіден, не еңбек және кертартпалыққа негізделген шығармашылық арасындағы айырмашылықтар қаралмайды. Өйткені, шығармашылық қызмет етудің нәтижелері әрқашан өлшелмейді. Осыған байланысты осындай нәтижелер ақпараттық – тауарлық қарым қатынастықтар және электрондық - қарым қатынастардың ұясына мәселелі түрде енеді.
Енді қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму ақпараттық негіздерінің салыстырмалы зерттеулерінің салыстырмалы деңгейін анықтаймыз және ақпараттық - экономикалық талдаудың қайнар көздік мезгілдерін ұсынамыз. Біріншіден, зерттелуге қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуының келесі ақпараттық негіздері жатады:
* адам ақпараттық -өндірістік және ақпараттық – тұтынушы күш;
* ресурстар, кертартпалыққа негізделген-шығармашылық қызметтің заттары және амалдары (КНШҚ), зияткерлік күш;
* экономикалық өсудің, капиталдың, ақпараттық капитал және инонның ауыспалы айналымының және айналымының инновациалық –қарқынды түрі ұдайы өндірісінің факторлары;
* біріктірілген, тұрақты және жасанды-ауыспалы сипаттамалы және ауыспалы табиғи капиталдың, ақпараттық капиталдың және инонның қарым қатынастарын өздерініңің ісіне асыратын ақпараттық тауарлар;
* материалдық ұдайы өндірістің рухани өндіріске айналуының нәтижелігі;
* жоғары ақпараттық жаңа технологиялар ретіндегі ғылым;
өсірілген құндылықтың, туындырудың, нысаналылықтың және ақпараттық бағаның құндылық өлшемі;
* зияткерлік меншіктің әртүрлі қалыптарын дамитын көрсететін өндірістік қарым қатынастар.
Экономиканың әлемнің біртұтас суретін көрсетудің ақпараттық ұстанымын табиғи біртұтастықта ендіретін теориясы, ақпараттық диалектиканы, ақпараттық көзқарас және ақпараттық - категориалық ПАФОСИ (Қарама қайшылық – Адаптация – Қалыпты жасау – Ұйымдастыру – Ақпараттық Өзін өзі ұйымдастыру) ұялы талдауының бірыңғай көзқарасы. Ақпараттық экономика теориясы - экономикалық ақпаратты жалпыға бірдей ақпарат арқылы өзін өзі талдау теориясы. Осындай теорияның маңызды әдістемелік негізі болып, ақпараттық диалектика деген саналады. Ақпараттық диалектика әлеуметтік- экономикалық дамудың жиынтық материалды-мұратты қалыптар және мета қалыптарды зерттеу негізінде жатыр.
Осыған байланысты жалпыға бірдей ақпаратқа деген біздің ұстанымды қайталап кетеміз. Ақпарат - материалды-мұратты виртуалды шынайылық. Барлық объективті және субъективті бар нәрселер ақпараттың болуының және дамуының әртүрлі қалыптары болып табылады. Әлем бірлігі – оның ақпараттылығында. Ақпараттың жалпыға белгілі қалыптарының болуы материя саналады (масса, зат, табиғат, болу), идея (сана сезім, ерік, ой, рух), қимыл, энергия, кеңістік және уақыт. Әлемнің бейнесінің ақпараттық-бірлігінің негізгі ұстанымы: ақпараттық материяның және сана сезімге салыстырмалы біріншілігін мойындау. Яғни, ақпарат бір мезетте материалды және мұратты, ол мәңгі бақи бассыз - аяқталмайтын кеңістікте, энергия, рухты, затты және ойды оның саналмайтын әртүрлі және қарама қайшы қалыптарының жиынтығына ауыстыра күнелтеді.
Қазақстанда "Электрондық Үкіметтің" негіздері қалануда, салық, кеден қызметтерінің ақпараттық жүйесі жұмыс істеуде. Көптеген компанияларда, ұйымдарда, оқу орындарында ішкі тұйық желі енгізілген, мұның өзі көп ретте олардың қызметінің тиімділігін арттырады. Ақпараттык, технологияларды талдап-жасаумен, енгізумен, компьютерлік техниканы жеткізіп берумен, құрастырумен, дайындаумен айналысатын ондаған кәсіпорын ("Алси", "Логиком", "Глотур", "Аstel" және басқалары) жұмыс істеуде. Өңірде бірінші болып әлемдік сауда-саттык алаңдарына шыға алатын "Тұран-Азия" әмбебап электрондық сауда-саттық алаңы (биржасы) құрылды.Жаңа ақпараттық экономика сәйкес кадрлық қызмет көрсетуді талап етеді. Біз мұнда да мақсатты жүмыс жүргізудеміз.
Бірішіден, электронды үкімет (ЭҮ) терминінің мағынасына тоқталайық. Электрондық үкімет анықтамасына мамандар әр түрлі қағидаларға сүйеніп береді. Кейбір авторлар сипаттамалық анықтаманы қалайды- электронды үкіметтің енгізілуіне байланысты қоғамда және оның жеке құрылымдарында қандай өзгерістердің болуын анықтайды. Енді біреулері электрондық үкіметтің қолданбалы жағын таңдайды және жай ғана олардың әр түрлі қолданыстағы жеке құралдарын атып шығады. Техникалық анықтама да бар, бұнда технологиялық шешімдерге және арнайы бағдарламалық өнім нәтижесінің жемісіне аса көңіл аударылады. Сондай-ақ, экономикалық анықтамада мемлекетті басқарудың максималды тиімділігіне бағытталған. Біз оның толық анықтамасын, осы терминді түсіндіретін барлық түсіндірмемен танысқаннан кейін беруге тырысамыз. Әдебиеттерде «электронды үкіметті» түсіндірудің екі көзқарасын кездестіреміз. (э-үкімет) және э-үкімет ен э-демократияның арақатынасы(э-демократия).
Бірінші көзқарас электрондық демократияны электрондық үкіметтің бір бөлігі ретінде қарастырады. Мұндай көзқарасты, негізінде, ақпараттық технология жағының мамандары ұсынады. Электрондық демократия және оның қатысуы электрондық үкіметтің құрылымында толық құқылы элементі болып саналады және «заңдастырылған демократиялық жолдары немесе шешім қабылдау тәртібін электрондық іске асыру» ретінде, негізінде электрондық сайлау және электрондық дауыс беруге жатқызады.
Екінші көзқарас, гуманитарлық-әлеуметтік жақтың өкілдерінің көбі бөліседі, қарама-қарсы, электрондық үкіметті электрондық демократияның бір бөлігі ретінде қарастырады. Бұл көзқарас мынадай қорытынды жасайды, электронды үкімет «электрондық демократияның» маңызды элементі, бірақ оны түгел қамти алмайды, өйткені «электрондық демократия» азаматтардың басқару құрылымдарымен қарым- қатынастарын ғана енгізбейді, сонымен бірге барлық азаматтардың желілік жағындағы қарым-қатынастарын, ұйымдарын және институттарын электрондық коммуникациялық жүйе арқылы, яғни барлық көпшілік жағын немесе азаматтық қоғам жағын қамтиды. Осы жоспар бойынша Интернет-қауымдастықтары кейде азаматтық қоғамның бір кибержалғасы ретінде қарастырылады. Интернетті қолдану мүмкіндігіне ие болу жалпыға жеткеннен бері, ол көп елдерде,сонымен қатар постсоветтік елдерде де нәтижелі іске асып жатыр және олардың арасындағы айырмашылық жойылып келеді.
Жоғарыдағы айтылған анықтамаларды талдай келе, біз бұл терминге өзіміздің анықтамамызды беруге тырыстық Ол мынадай:
Электрондық үкімет- ол мемлекеттік басқару ұйымы, электрондық құралдардың негізінде мемлекеттік органдардың барлық саласына, барлық категориядағы азаматтарға ақпаратты өңдейді, хабарлап жеткізеді және таратады. Осы құрал негізінде мемлекеттік органдардың жұмысы жөнінде азаматтарды ақпараттандырады.
Мемлекетті басқарудың негізгі қызметтері келесідей:
азаматтардың барлық қажетті мемлекеттік ақпараттарға еркін қолы жекізуін қамтамасыз ету;
салық жинау;
көлік құралдары мен патенттерді тіркеу;
қажетті ақпаратты беріп отыру;
келісім жасау және мемлекеттік аппаратқа қажетті материалды жеткізуге құжаттар жасау және жабдықтау.
Бұл салық төлеушілердің мемлекеттік аппаратты қамтамасыз етудегі экономикалық құралдын және шығындарын және іс-әрекеттерін қаржыландыруды төмендетуі мүмкін, басқару органдарының іс-әрекеттерінің анық болуын арттырады. Басқаша айтатын болсақ, электрондық үкімет- мемлекеттің билік органдары мен қоғамның ақпараттық- телекоммуникациялық технологияны қолдана отырып, ақпараттық келісім жасау.
Азаматтардың тіршілік әрекетіне және ұйымдардың қызмет етуіне байланысты электрондық үкіметтің қызметтері:
1. Салықтық және кедендік міндеттеме
Бақылау сұрақтары.
1. Экономика дамуының негіздерінің жағдайын және ақпараттық зерттеу деңгейін анықтаныз.
2.Ақпараттық - категориялық экономикалық зерттеудің басталу пунктін сипаттаңыз.
3.Экономикалық үдерістердің ақпараттық категориялық талдауының субстраттық сипаттамасын көрсетіңіз.
4.Ақпараттық - категориялық экономикалық зерттеудің және экономикалық парадигманың маңыздылығы неде?
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 469 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Капиталдың инон жаңа категориясына ықпалы мен әсері. Ақпаратты-экономикалық талдау. Жаңа экономиканың концепциясы | | | Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика |