Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Электрондық хаттың құрылымы. Электрондық қолтаңба.

Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері | Негізгі әдебиет | Осымша әдебиет | Бақылау түрлері (ағымдық, кезеңдік) аралық аттестаттау | Кіріспе дәріс | Дәріс №2 Ақпарат категорияның құпиялары және қасиеттері. Ақпараттық тауарлар мен қызметтер түрлері | Дәріс №3 Ақпараттық экономиканың заңдары. Ақпараттық қызметтердің негізгі категориялары. | Капиталдың инон жаңа категориясына ықпалы мен әсері. Ақпаратты-экономикалық талдау. Жаңа экономиканың концепциясы | Ақпараттық таным. Трансакциялық шығындар. Электрондық кітапхананың жаңа рөлі. | Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика |


Читайте также:
  1. Ақпараттық таным. Трансакциялық шығындар. Электрондық кітапхананың жаңа рөлі.
  2. Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика
  3. Ақпараттық экономиканың тұжырымдамасы. Экономикалық ақпараттың мазмұны және мәселелері. Электрондық Үкімет.
  4. Электрондық ақша. Ақпараттық экономика мен ақпараттық қоғам.

Дәріс мақсаты: Ақпараттық экономиканың мүдделерінтүсіндіру.

Дәріс жоспары:

1. Ақпараттық постиндустрия дамуының мазмұны және мәселелері.

2. Ақпараттық еңбек және кәсіпкерлік қызмет.

3. Жиынтық еңбеккердің жаңаруы және құрылымдық экономикалық

ақпаратты өндеу бойынша қызметкерлердің құрамдық өзгерістері.

Ақпараттық постиндустрия мазмұны жиынтық ақпараттық (оның ішінде кәсіпкерлік те) еңбек түрінен және машинадан кейінгі индустриядан тұрады. Жиынтық ақпараттық еңбек дегеніміз ақпараттық тәбиғи интеллектуалды және жиынтық жасанды зияткерлік күштердің тұтыну үдерісі. Жиынтық тәбиғи зияткерлік күш дегеніміз - тез жаңартылатын инновациялық білімдерге, қазіргі заманға сай жұмыс күшіне негізделетін күш. Жиынтық жасанды зияткерлік күш қазіргі заманға сай автоматтандырылған жұмыс орындары, автоматтандырылған дана банкілері және білім базалары, квазиадамсыз өндірістерде және өздігінен орнатылатын бағдарламамен қамтамасыз етілетін жасанды интеллект ретінде көрінеді.

Тарихи-маңызды көз қарасы бойынша, алдымен, эволюциялық қоғамдық ақпараттық еңбектін жеке-ғаламаттық ақпараттық кертартпалыққа негізделген-шығармашылық қызмет (КНШҚ) материалды –техникалық базасының экономикалық қалпына ауысатын, оның негізінде эволюциялық ауысулары қоғамдық ақпараттық еңбектің жеке-ғаламаттық ақпараттық кертартпалыққа негізделген-шығармашылық қызмет (КНШҚ) бар. Экономикалық қалыптың материалды - технологиялық база ретінде ақпараттық постиндустрия деген бар.

Басқаша айтқанда, ақпараттық постиндустрияның экономикалық қалпы АҚПАРАТТЫҚ еңбектің АҚПАРАТТЫҚ кертартпалыққа негізделген-шығармашылық қызмет (КНШҚ) ауысуының негізінде жатқан факторлар дамитын жағдайды жасайды. Бұрын бұл жұмыста, оның әртүрлі бөліктерінде, сәйкес көз қарас арқылы осындай факторлар анықталған. Енді, оларды жай ғана қайталауға болады:

1) ҒТП 4- ші буынының тууы және дамуы табиғи және жасанды парасаттың бірлесіп қызмет етуге экономикалық жағдайлар туғызды;

2) еңбектің қоғамдық бөлінуінің сыртқа тебуші күштері машиналық өнеркәсіп өндірісінің жағдайларында оның ОРТАҒА ТАРТУШЫ КҮШТЕРІМЕН және қоғамдық өнеркәсібінің машиналық тәсілдерінің өнеркәсібінен кейінгі өндірісінің және қайта өндіруінің ауысу жағдайларындағы интеграциялауына біріктіруі орын алды;

3) қоғамдық жұмыстың біріктіруімен байланысты нағыз ақпараттық -ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ экономикалық үдерістер болмай қоймайтын келесі үйлестірілуінің қажеттілігіне әкелді:

* шектелген және шектелмеген ресурстардың;

* материальдық және материалдық емес (рухани) өнеркәсіптің;

* материальдық және материалдық емес қажеттіліктердің;

* экономикалық үдерістердің анықталатын және анықталмайтын жайларынан;

* материальдық және материалдық емес (өнегелі) ынталарынан, ниеттерінен, стимулдар және мотивтерден;

* интеллектуалды жеке меншіктердің жеке және жеке емес креативті формалардың түрлері.

4) қазіргі қоғамдық өнеркәсіптің құрымымында интеллектуалды – адамның ой еңбегі оның жетекші және басымды жеке еңбегімен салыстырғанда жетекші және басымды; осымен байланысты, тауарлардың барлық әртүрлі түрлері ақпараттық тауарлар потенциясына ауысты;

5) қазіргі өнеркәсіптің дамуы сындық пунктке жетті, одан бастап начиная әртүрлі материалдық - энергиялық - зияткерлік- ауыстырылған қалып және метаформ экономикалы ақпараттық, ақпараттық тауарларға ендірілгендер арасынан жетекші орынды ауыстырылған қалыптар және метақалыптар алады; зияткелік – ауыстырылған қалыптар в ресурс ретінде нақты экономикалық метаақпаратқа айналады; басқа сөзбен айтқанда, экономикада ақпарат өзінің ЖАРАТЫЛЫСЫНДАҒЫДАЙ түріне келіп және сол түрінде көрінетін болды.

Сондықтан, тарихи үдерісте кодтау және декодтау өнеркәсіптік экономикалық ақпараттың ағымдары қоғамдық еңбекпен жиналған материалдық және интеллектуалдық потенциалдың сапалық деңгейі жиынтық жасанды жеке дараның пайда болуына және еңбектің КНШҚ ауысуына жағдайлар жасауына әкелді. Өзара байланыс, өзара шарттылық және шығармашылық және кертартпалыққа негізделген КНШҚ дамуы табиғи және жасанды парасаттың қарым- қатынастықтары арқылы көрінеді. Бұл жағдайда КНШҚ МАЗМҰНЫНДА (жалпыдан жекеге қарай) болған кейбір өзгерістерді қараймыз:

1) табиғи және жасанды парасаттың бірыңғай үйлесуі;

2) табиғи және жасанды парасаттың кертартпалыққа негізделген-шығармашылық жақтарының бірыңғай үйлесуі;

3) табиғи және жасанды парасаттың заттандырылған (өткен), жандандырылған және тірі кертартпалыққа негізделген-шығармашылық жақтарының бірыңғай үйлесуі;

4) табиғи және жасанды парасаттың дерексіз және нақты, заттандырылған, жандандырылған және тірі кертартпалыққа негізделген-шығармашылық жақтарының бірыңғай үйлесуі;

5) табиғи және жасанды парасаттың құндылық және нысаналық, дерексіз және нақты, заттандырылған, жандандырылған және тірі кертартпалыққа негізделген-шығармашылық жақтарының бірыңғай үйлесуі;

6) сонымен, маңызды мағынада, табиғи және жасанды парасаттың әртүрлі мезгілдерінің үйлесу деңгейіне байланысты ақпараттық тауарларда инновациялық-интеллектуалды КНШҚ жақтары іске асырылған.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан банктік сала өте маңызды орынға ие, өйткені банктік сала – дербес экономиканың «омыртқасы» (хребет). Ал XXI ғасырда банктердің ақпараттық технологияларсыз жұмыс істеуі мүмкін емес. Ақпаратық технологиялардың банктік салада қолдануын нақтырақ ашып көрсету үшін «Қазкоммерцбанктің» қолданатын технологияларын мысал ретінде қарастырамыз. Тақырыпты зерттеу барысында «Қазкоммерцбанктің» www.kkb.kz сайты қолданылды.

Карточкалардың түрлері:

Жалақы карточкасы — ол қолма-қол ақша алумен қатар оны басқаруға мүмкіндік береді және оның келесі түрлері бар:

Visa Classic, MasterCard Mass — бұл карточкалар әлемдегі ең танымал карточкалар. Бұл карточкалардың артықшылығы — пайдалану қолайлығы, жоғары сенімділігі, кез келген сауда түрі үшін қолайлығы. Бұл карточкалар ай сайын жалақы алу үшін ыңғайлы. Бұл карточкалардың иелеріне шетелге шыққанда 42000 АҚШ долларға дейін тегін сақтандыру полисі беріледі.

Visa Electron, Cirrus Maestro карточкаларының артықшылығы төлемнің төмен болуы, әлем бойынша миллиондаған сауда нүктелерінде қолдану мүмкіндігі.

Корпоративтік карточка — қызметкерлердің қызмет міндеттемелерін орындауымен байланысты кәсіпорын шығыстарын басқаруға мүмкіндік беретін тиімді құрал. Оның түрлері:

Visa Electron Corporate, Cirrus Maestro Corporate карточкалары кез келген бизнес түрі менеджерлерінің, жеке кәсіпкерлердің мұқтаждығын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Карточка кәсіпорынның чек кітапшасын ауыстыруға, ағымдағы шотын шұғыл басқаруға, іссапар, шаруашылық және өкілдік шығыстарды бақылауға мүмкіндік береді.

Visa Business, MasterCard Business карточкалары қызметкерлердің өкілдік және іссапар шығыстарын қолма-қол ақшасыз төлеудің таптырмайтын құралы. Карточка барлық шығыстарға ыңғайлы. Карточка қызметкерлердің есеп берілетін қаражаттарды жұмсауын егжей-тегжейлі бақылауға және есептеуге мүмкіндік береді. Ол фирма шығыстарын тиімді басқаруға, сонымен қатар іссапардағы қызметкердің шотын жедел толтыруға көмектеседі.

Visa Gold Business, MasterGold Business – бұл элитарлық клиенттер үшін табысы мен беделінің символы, жеке әл-ауқатының куәсі болып табылатын төлем карточкалары. Ол іссапар және өкілдік шығыстарға төлемді жүзеге асыруға ғана емес, тек Қазкоммерцбанк клиенттері қол жеткізе алатын қосымша қызметтер пакетін, әлемдік деңгейдегі жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдалануға мүмкіндік беретін карточка.

Go card бонустық карточкасы – бұл клиенттің ақшасының жұмыс істеуінің айрықша және ерекше тиімді түрі, ол тауарлар мен қызметтерді сатып ала қана қоймай, мұнымен бонустар табуға да мүмкіндік береді.

Мультивалюталық карточка. Ерекшелігі – бір уақытта үш шот бойынша - теңгедегі, АҚШ долларындағы және еуродағы – операцияларға қызмет көрсету мүмкіндігі. Бұл карточканың артықшылығы - ақшаларын карт-шоттарда сақтайтын клиенттер үшін, бір карточкадағы ақша қаражатын түрлі валюталарға әртараптандыруында. Клиент ақшаны түрлі елдерде түрлі валютамен алуы мүмкін.

Eurocard MasterCard Virtual card виртуалдық карточкасы интернетте сауда жасау үшін қолданылады. Бірақ карточка Интернетте одан әрі нақты ұсынуды талап ететін қонақүйлерде номерлер брондау, автокөлік жалға алу сияқтыларға есеп айырысу үшін қолданыла алмайды.

Diners Club карточкасы – клиенттерге айрықша «клуб» қызметтерінің пакетін ұсынатын ең көне төлем жүйесі, ол өзіне алуан сақтандыру түрлерін, тауарлар мен қызметтерге жеңілдіктер ұсыну, әлемнің ірі әуежайларындағы VIP-залдарға кіру, іскерлік сапарлары мен кездесулер және басқаларды ұйымдастыру бағдарламаларын кіргізеді.

American Express карталары бойынша жұмсау лимиті түбегейлі анықталмаған. Клиент несиеге тауар сатып алып, келесі айда оны жаба алады. Карточка ашу үшін сақтандыру депозитін ашу қажет, алайда карточка бойынша рұқсат етілген жұмсау лимиті депозит мөлшерінен едәуір асып түседі.

Карточкалар бойынша көрсетілетін операциялар тізімі:

Қосымша карточка ашу

Карточканы қайта шығару

Карт-шотты толықтыру

Карточкадан карточкаға қаражат аудару

Карточкадан ағымдағы шотқа ақша аударымы

Карточка жоғалғанда шектеу

Ұялы телефонға төлеу

Телефонға төлеу

Қазкоммерцбанк өзіне жеті түрлі карточканы ұсынады және әрбіреуінің өз ерекшелігі бар. Егер клиенттер банкке карточка тапсырғанда, өздеріне қажет қасиеттерін қалыптастырып алса, ыңғайлырақ болар еді деп ойлаймын. Мысалы, жалақы карточкасының иегеріне шетелге шыққанда сақтандыру сомасы беріледі, ал мультивалюталық карточкаға үш түрлі валютада ақша салуға боолады. Осы екі карточканың қасиеттерін біріктірген жағдайда, шетелге көп баратын клиенттер үшін бұл өте қажетті және ыңғайлы болар еді деген ойдамын.

Карточкалар бойынша туындайтын тағы бір мәселе – оларды бүлдіріп алу немесе жоғалтып алу қаупі. Сондықтан оларды жай ғана номермен ауыстыруға болады (РНН секілді) немесе болашақта Қазақстанда әр адамға берілетін жеке кодпен алмастыруға болады.

2. БАНКОМАТ, мультибанк

Жаңа қызметтер кешеніне енді Қазкоммерцбанк банкоматтарының торабы арқылы қол жеткізу оңай.

Таяуда ғана Қазақстанда төлем карточкаларының иелері жасаған саудаларына карточкамен төлегеннен гөрі, банкоматтан анағұрлым жиі ақша алды, ал банкоматқа қолма-қол ақша алатын машина ретінде ғана қарады.

Бүгін «жай» банкоматтардың дәуірі өтіп бара жатыр, олардың орнына Қазкоммерцбанктің жаңа, қосымша қызметтер ұсынатын технологиялық мультибанктері келуде:

Карточкадан карточкаға қолма-қол ақшасыз аударым. Қазір Қазкоммерцбанк карточкаларының иелері кез келген уақытта жеңіл және қарапайым түрде алушы қайда болғанына, Қазақстанда немесе шетелде, қарамастан туысқандары мен жақындарына қаржылық көмек көрсете немесе ақша аудара алады. ҚКБ клиенттері Қазкоммерцбанктің кез келген банкоматында өз карт-шоттары ішінде қолма-қол ақшасыз валюта сатып алу/сату операцияларын жедел жүргізе алады. Бұл операцияны үш валютада – теңге, АҚШ доллары және еурода - жүзеге асыруға болады. Жекелеген банкоматтар осы үш валютаның кез келгенін қолма-қол ақша түрінде алуға мүмкіндік береді.

Карточкадан ағымдағы шотқа қолма-қол ақшасыз аударым. Қазкоммерцбанктің клиенттері өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде ыңғайлы уақытта карточкадын ағымдағы шотқа ақша аударудың жаңа мүмкіндігіне ие болды, мысалы, тұтынушылық несиесін өтеу мақсатында (ипотекалық, автокредит, экспресс-кредит)

K-Cell, K-Mobile, Dalacom және Pathword ұялы байланыс операторларының қызметтеріне төлем жасау.Бұл қызмет Қазкоммерцбанк карточка иелерінің арасында кең қолданыс тапқан. Ақша санаулы минуттарда ұялы байланыс абонентінің шотына түседі.

«Қазақтелеком» телефондық байланыс жүйесі қызметіне төлеу Бүгін Қазкоммерцбанктің төлем карточкалары иелері қалалық телефон шотына өзіне ыңғайлы кез келген уақытта, жылдам төлем жасай алады. Жаңа қызметті Қазкоммерцбанктің кез келген банкоматында пайдалана аласыз.

Қазкоммерцбанк Қазақстанда бірінші рет Cash-in ақша қабылдау функциясын меңгерген банкоматты іске қосты. Cash-in карточкалық шотты доллар түрінде, таяу уақыттан бері - Қазақстанда бірінші рет теңгеде толықтыру үшін пайдаланылады. Ыңғайлылығы мынада, енді кезекте тұру, қолма-қол ақша салу үшін құжаттар толтыру қажет емес. Шотқа ақша аудару аптаның 7 күнінің, тәуліктің 24 сағатының кез келген ыңғайлы уақытында мезетте жүзеге асырылады.

Ақша қабылдайтын банкоматтар жұмысының технологиясы: Ақша бумасымен арнайы орынға орналастырылады, содан соң банкноттардың түпнұсқалығы сәйкестендіріледі. Банкомат салынған ақшаны санайды да, қолма-қол ақша салу операциясын мақұлдауды сұрайды (өтінеді). Бұдан кейін ақша нақты уақыт режимінде карточкаларға аударылады.

Қазкоммерцбанктің банкоматтардың орнына мультибанктар енгізуін орынды деп санаймын. Олардың функциялары жай банкоматтарға қарағанда кеңірек. Осы себепті клиенттер көбірек уақыт үнемдейді. Алайда мұнда қауіпсіздік мәселелері бар, себебі карточкамен қолданғанда кодты басқа кезкелген адамның біліп қою қаупі бар. Сондықтан банкоматтардың жадыларына немесе клиенттердің түрлерін, әйтпесе саусақтар таңбаларын, сонымен қатар дауыстық үлгілерін жазып қоюға болады.

3. Телебанкинг

«Қазкоммерцбанк» АҚ телефоныңызды шоттарға қол жеткізу құралы ретінде пайдаланудың ерекше мүмкіндігін ұсынады. Телефон арқылы шоттарды басқару жүйесі: Қазкоммерцбанкте шот ашқан клиенттерге шоттағы балансты білуге; Kcell, KMobile, Алматытелеком компанияларының қызметін төлеуге мүмкіндік береді. Телебанкинг қызметін пайдалану шарты мен тәртібі: Бұл қызметті пайдалану үшін 3 нәрсені білу қажет: ID – қаржылық порталда тіркелгенде берілетін сандық сәйкестендірме номері, порталға түрлі тәсілдермен шыққанда талап етіледі (Интернет, телефон, ұялы телефон бойынша) Password – порталға кіруді растау үшін енгізілетін сандық пароль. Карточка коды – порталда тіркелген, төлем жасау жоспарланған карточканың номері. Жүйемен жұмыс істеу үшін (3272) 585-333 номерін теріп, оператордың айтқанын істеу қажет. Шарттары және тіркелу ережелері: «Қазкоммерцбанк» ААҚ-ның төлем картасының болуы Қаржылық порталда тіркелу 3 жолмен жүзеге асырылуы мүмкін: Интернет арқылы - www.homebank.kz сайтында сипатталған тізбекке сәйкес түрлі қызмет көрсетушілерге (Алматытелеком, Kcell, KMobile, Dalacom, Алма-ТВ, ICON, Digital TV және аударма жасайтын INSEL компаниясына) қосылу үшін 585-334 номеріне қоңырау шалу; 585-334 телефоны бойынша – оператордың нұсқауын басшылыққа ала отырып, тіркелуге болады. Төлем жасау қызметіне қосылу үшін, мәселен Алматытелекомның қызметіне телефон нөмірі мен Алматытелекомдағы дербес шоттың нөмірін білу қажет.


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 177 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстандағы электронды бизнес: болашағы және кедергілері.| Ақпараттық экономиканың тұжырымдамасы. Экономикалық ақпараттың мазмұны және мәселелері. Электрондық Үкімет.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)