Читайте также:
|
|
Дәрiстiк және семинар сабақтары барысында ағымдық бақылау жүргiзiледi, ал оқытушының жетекшiлiгiмен жүрiзiлетiн өзiндiк жұмысы (ОЖСӨ) мен студенттің өзiндiк жұмысына (СӨЖ) екі аралық бақылау жоспарланып отыр.
Бақылау формалары
Ағымдық бақылау (7-ші және 15- ші апта): ауызша сұрау, пiкiр таласына қатысу, iскерлiк ойындарға қатысу, есеп және мәселелiк жағдайларды құрастыру, тестiлеу, жазбаша бақылау жұмысы тәрiздi әдiстердi қолдану арқылы iске асырылады. Қорытынды бақылау ауызша емтихан түрiнде өтедi.
8 Оқу пәнінің саясаты
Курсты оқу үшін студентке қажетті барлық әдістемелік құралдар болу керек. Барлық берілген тапсырмаларды көрсетілген уақытта орындап отыру қажет. Сабаққа қатысу қатаң бақыланады. Қатыспау қортынды бағаға тікелей әсер еткендіктен, сабаққа міндетті түрде қатысып отырған жөн.
Жазбаша жұмысқа қойылатын талап:
- мазмұны, қойылған сұрақтардың экономикалық мәнiн терең ашып көрсету керек;
- экономикалық түсiнiктердiң арасындағы логикалық байланысты сақтау керек;
- эмпирикалық, статитикалық деректердi жинай бiлу керек, оларды талдау арқылы қорытындылап және қолданбалы ұсыныстарды жасау керек.
- цитаталарды, деректердi және т.б. материалдарды қолданғанда, олардың көздерiне сiлтеме жасау керек;
- жазу стилiмен, логикасына назар аудару қажет;
Бағалау саясаты 100 балдық жүйеге негізделген және келесідей бөлінеді: ағымдық бақылауға жалпы соммада 65 балл, ал қорытынды бақылау – 35 балл.
Пән бойынша студенттің білімін қорытынды бағалау
Әріппен бағалау | Сан мәнді бағалау | % бойынша | Дәстүрлі жүйемен бағалау |
A | 4,00 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3,67 | 90-94 | |
B+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3,00 | 80-84 | |
B- | 2,67 | 75-79 | |
C+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
C | 2,00 | 65-69 | |
C- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 1,00 | 50-54 | |
F | 0,00 | 0-49 | Қанағаттанарлық емес |
Глоссарий
Автоматты тұрақтандырушы – сұраныстың конъюнктуралық өзгерістерінің әсерін әлсіздендіріп, төмендетуге көмектесетін экономикалық құралдар.(табыс салығы, пайыздық мөлшерлеме, арнайы төлемдерді түзету және т.б)
Авторитарлы тәртіп – француз тілінен аударғанда авторитарлы қатал бағындыруға негізделген өктемділікті білдіреді; экономикада үкіметтің кең ауқымда экономикалық өмірді реттеу мен тәртіпке келтіруді жүзеге асыруды білдіреді.
Агрегирлеу – баға базасында болатын тұтас макроэкономикалық көрсеткіштердің есептелінуі.
Адекватты – тепе-тең, маңызы бірдей, сәйкестендірілген.
Әкімшілік ету – арнайы тұрақты аппарат арқылы басшылық ету немесе басқару. Күнделікті мағынада термин формалдық - бюрократтық басшылықтың бұйырушы әдісінің символы ретінде қолданылады.
Аксиома – дәлелсіз қабылданатын ереже; анық, дәл шындық.
Активтер – иесінің меншігі болып табылатын, құндылыққа ие игілік; заттық және қаржылық қорлар, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік.
Капиталды активтер – сату-сатып алудың, күнделікті іскер операциялардың пәні болып табылмайды; ол ғимарат, жер, зауыттар, құрал-жабдықтар, құнды қағаздар.
Ө тімді активтер – қолма-қол ақшаларға жақын; олардың өтімділік дәрежесі тәуекелден қорғанушылығына және ақшаға айналу жеңілдігіне тәуелді болады.
Жалпы тепе-теңдік талдауы – нарық жүйесін, бағалардың арасындағы қарым-қатынасын, өндіріс көлемін, жұмыс бастылық деңгейлерімен және басқа да макроэкономикалық өзгергткіштерді ескере отырып, жалпы түрде зерттеу.
Анти игілік – пайдасыз қасиетке ие өнім немесе тауар; экономикалық әдебиеттерде «сыртқы күштің әсерлеріне» және қоршаған ортаның ластануымен байланысты өндіріске қатысты қолданылады. (химиялық тастаулар, шу, радиация, су тәртібінің бұзылуы және т.б.)
Ан ти монополиялық реттеу – заңдық актілер және сот тәжірибесі арқылы бағаларды бекітуді, ірі жабдықтаушының біреуінің немесе олигополияның тарапынан болатын сатудың шарттарын монополиялық бақылаудың мүмкіндіктерін шектеу.
Игілік – экономикалық ауқаттылыққа оң үлес болып табылатын заттай нәрселер, тауар мен қызмет көрсету.
Әл-ауқаттылық (теория) – А.Пигудың болжамына сәйкес, халықтың ауқаты тікелей табиғи ресурстарға тәуелді емес, ұлттық дивиденттердің(ұлттық табыс) мөлшерімен анықталады. Оның нақты бөлінісі жалпы ауқаттың өсуіне септігін тигізеді. Пигу лайықты өкінішті, келешектің алдындағы осы шақтың жоғарылығын тіршілік игіліктерінің жоғары бағалануы ретінде анықтайды, адамдық мінез-құлықты заң деп атайды.
Бреттон - Вудтық жүйе – валюталық есеп-қисаптарды реттеу мақсатында екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған халықаралық валюталық жүйе. Резервтегі құралдар ретінде алғашқы кезде алтын және доллар қолданылды, содан соң 1976 жылдан кейін доллар болды, алтын халықаралық ақша айналымынан кетеді.Бреттон - Вудс шеңберінде Халықаралық валюталық қор құрылды.
Бюджет – ұлттық табыстың қайта бөлуге жататын бөлімі. Мемлекеттік бюджет есеп беру кезеңінде табыстардың және шығындардың теңдігі түрінде ұйымдастырылған, федеральды (жалпы ұлттық) және жергілікті, муниципальдық бюджет болып бөлінеді.
Бюджеттік шектеулер – кірістердің көлеміне байланысты шығыстарды шектеу.
Валюталық саясат – қаржы министірліктері және Орталық банкінің, басқа да мемлекеттік органдардың ұлттық валюта курсын ұстап тұру, оның айналым шеңберін кеңейту сияқты валюталық қатынастардағы нормативті және монетарлы әрекеттерінің жиынтығы.
Валюталық операциялар – валютаны сату – сатып алу, депозитті-несиелі акциялар, халықаралық есептеулер, валютада деномирленген несие карточкаларының иелеріне қызмет көрсету және тағы басқа саудалық операциялар бойынша валюталық нарықтың қатысушыларының іс-әрекеті.
Сыртқы сауда саясаты – сауда айырбастарын кеңейту, сыртқы сауданың тауарлық және географиялық құрылымын дамыту үшін мемлекеттік реттеудің шараларын анықтауды кірістіреді; сауда саясатын мемлекетаралық және әлемдік экономикалық ұйымдар да жүргізеді.
Сыртқы әсерлер (экстерналилер) – өндірісте және тауарлар мен қызмет көрсетуде пайда болып, үшінші тұлғаларға әсерін тигізетін құбылыстар, бұл процеске қатыспайтын экологиялық және басқа да жоғалтулар. Олар оң және теріс сипатқа ие; технологиямен қамтылған және қоршаған ортаны қорғау мәселесін көтереді; жай ақша түрінде болуы мүмкін. Теориялық жағынан әсерлер өндіріс функциясының қарама-қарсылық байланысының нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттің сыртқы қарызы – инвестициялық қорлар, халықаралық және шетелдік банктерден алынған несиелер мен займдар бойынша қарыздардың жиналуы; пайыздардың төленуін және жою төлемдерін болжайды.
Сыртқы саясат – басқамемлекеттермен және мемлекетаралық ұйымдармен қатынастары реттелетін саяси әрекеттер; ережеге сай ішкі саясаттың көрінісі.
Ішкі саясат – мемлекеттегі экономикалық және әлеуметтік процестердің реттелуі, тұлғалар мен қоғамның қызығушылықтарының құқықтық қорғалуы.
Капиталдың шығарылуы – ақшалай, өндірістік және тауар түрінде болуы мүмкін; қазіргі кезде тәжірибеде қолданылатын әдістердің бірі шетел фирмаларының акцияларын сатып алу немесе шетелде өз филиалын ашу болып табылады; қарыздар мен несиелер беру, депозит сертификаттарына ие болу. Мемлекеттен «капиталдың қашырылуы» оның шығарылуының ресми тіркелмейтін арнайы түрі болып табылады.
Геосаясат – оның негізінде мемлекеттің экономикалық және саяси дамуына әсер ететін физикалық және географиялық бағалануы жатыр. Мемлекеттің геосаясаттық қызығушылығында негізгі рөлді сыртқы және ішкі саясат алады.
Жаһандану – мемлекеттер мен халықтардың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени, саяси қатынастары, объективті заңдылықтардың жалпы, әлемдік мәселеге айналуы; халықаралық қатынастар мен ұлттық сыртқы саясаттың күрделенуі.
Мемлекеттік реттеу – Кейнске сәйкес, жалпы ерікті білдіреді және тұтынушылық пен қорлануға деген бейімдеушілік сияқты экономикалық өзгерістерге, капиталдың тиімділігіне, ұлттық кіріске, үлес нормасына, жұмыс бастылыққа әсерін тигізу. Экономикаға мемлекеттің араласуының тарихи сипаттамасында laissez-faire (франц.), іс-әрекеттер бостандығы қағидасының басшылығына сәйкес жеке меншіктің сақталуы болып табылады. Бьюкенен сәйкес, қазіргі мемлекеттік реттеу бірге қолданылатын игіліктер мен қызметтерді бөлу және басқару бойынша азаматтық келісім-шартты білдіреді.
Мемлекеттік қарыз – Ұстаушылардың иелігіндегіОрталық банктің, қаржы министрлігінің қарыздық міндеттемелері (облигациялар, вексельдер, депозиттік сертификаттар). Мемлекеттік қарызды өтеу керек, үлесін және жою төлемақыларын төлеу керек. Ішкі және сыртқы қарыздарды бөледі.
Мемлекет – күш пен билікке ие, сонымен қатар қоғамдық ресурстарды бөлу мүмкіндігіне ие қоғамдық саяси ұйым.
Демография – (грекше demos - халық) – халықтың динамикасын, құрылымын, географиялық бөлінісін, халықтың айналасында болып жатқан процестерді зерттейтін ғылым. Ол халықтың құрамын, жасын, әлеуметтік көмекке зәру тұлғалардың санын болжайды. Демографиялық өзгерістерді анықтайтын факторлар қоршаған ортаның жағдайына, халықтың ауқатына, медициналық қызмет көрсетудің және жалпы мәдениеттің, соғыстың қауіптілігінің деңгейіне байланысты болады.
Демократияландыру – барлықәлеуметтік топтпр үшін жүйенің ашықтылығына әкелетін демократиялық қағидаларды сол және басқа жүйеге енгізу.
Деноминация – 10, 100, 1000 көне ақша бірліктерін бір жаңаға теңестіретін, ақшалай бірліктерді күрделендіретін және соған сәйкес кірістер мен бағаларды есептейтін ақшаны мемлекеттік алмастыру.
Дискрециондық экономикалық саясат – «ақылды бостандықтың саясаты», қиындыққа тез жауап беру мүмкіншілігін кірістіретін мөлшерлі және иілімді араласушылық.
Кондратьевтің ұзын толқындары мен үлкен циклдері – экономикалық өсудің темптері, үлкен уақыт шектеуіндегі (30-60 жыл) динамиканы анықтайтын құрылымдық немесе басқа да үлкен экономикалық өзгерістер; бір-біріне ұқсамайды, дискреттік сипатқа ие. Ғалымдар соңғы 200 жылға кем дегенде 6 үлкен циклды болжап отыр. Олардың пайда болуын ғылыми-техникалық прогрестің біркейкіліксіздігімен, демографиялық, экологиялық құрылымдық факторлармен байланыстырады.
Үй шаруашылығы – экономиканы ресурстармен қамтамасыз ететін және солардан түскен табыстарға тұтынушылық негіздегі қызмет пен тауарлар алуға қолданатын бір немесе одан да көп тұлғалардан тұратын шартты экономикалық бірлік.
Идеология – белгілі-бір құндылықтардың басымдылығын бекітетін догмалар жүйесі.
Иерархия – ( грекше hierarhia-киелі) қазіргі жағдайда бұл термин жүйелі анализ кезіндегі реттелген және сәйкестендірілген сатыларды анықтау үшін қолданылады. Қоғамдық ғылымда басқарушы тіктің мазмұны ретінде қолданылады.
Артық резервтер – талаптардың мөлшерін жоғарылататын банкалық түсім сомасы.
Импорттық квоталар – мемлекетпен енгізілген тауарлар мен қызметтің импорттына сандық шектеулер.
Интеграция – еңбек бөлінісінің негізінде болатын экономикалық шаруашылықтың аясындағы, саласындағы, құрылымындағы әсерлесу, әрекеттесу. Мемлекетаралық интеграцияда шаруашылық, институциялық, валюталық және саяси интеграция деп бөлінеді.
Инфрақұрылым – экономиканың құрылымдық элементтері: байланыс құралдары және транспорттық артериялар, ғимараттар, коммунальды шаруашылық. Оларды экономикалық өсудің алдын-ала шарттары деп атайды, көп жағдайда құрылыс инфрақұрылымы мемлекет арқылы жүргізіледі.
Ипотека – кепілі жылжымайтын мүлік (жер) болып табылатын қарыз.
Кворум – заң және жарғы бойынша шешім қабылдау үшін қажетті ұйым мүшелерінің, депутаттардың, қатысушылардың минимальды мөлшері.
Кейнсиандық – қазіргі заманғы макроэкономиканы құрушы теория. Зерттеудің негізгі құрамы немесе міндеттері болып жұмыссыздықты жоюдың және ақша-несиелік механизмінің басымды өңдеу мәселелері есептеледі. Өзінің көптеген замандастарына қарағанда Дж.Кейнс нормативті реттеулердің мүмкіншіліктерін асырып көрсетпеген.
Коллективті таңдау – бұл шешімді коллективті негізде қабылдай отырып жасалынған таңдау. Ол нарықтық үлгінің кемшіліктерін дұрыстауға бағытталған, нормативті мемлекеттік саясаттың негізінде болуы керек. К.Эрроу жеке таңдаудың агрегирлеуінің қиындықтары жөнінде ескертеді.
Командалық экономика – экономикалық жүйенің қызмет көрсету тәсілі. Мұнда өндіріс құралдары мемлекеттік меншік болып табылады. Мақсаттар, бағыттар және экономикалық қызметтің координациясы орталықтандырылған жоспарлау арқылы жүзеге асады.
Коммуникациялар – жалпы алғанда хабар беру құралы: транспорттық жүйе, пошта, телеграф, радиобайланыс, информатика, байланыстың компьютерленуі, интернет.
Конъюнктурлі саясат – циклдік ауытқуларды жоюға бағытталған: экономиканың құлдырауы және өрлеуі мен салааралық кризистер. Бұлар тікелей бюджеттік дотация, салықтың пайыздық мөлшерлемесіне өзгертулер енгізу арқылы реттеледі.
Лукастың сыны – экономикалық саясаттың өзгеруіне байланысты адамдардың іс-әрекеттерінің өзгеруі туралы Лукастың гипотезасы. Өсудің тұрақты темпі арқылы саясаткерлер экономиканы басқаруға тырысқанда, ақша айналымының жылдамдығы тұрақсыз болады. Нарық айналым жылдамдығының өзгерісіне жауап қайтарады.
Лаг – 1) анықтаушы фактордың өзгерістеріне бейімделу кезеңі; 2) саясатта – қалаусыз жағдайлардың туындауы, мемлекеттік шаралардың қабылдануы, олардың жүргізілуі және шын нәтижелері арасындағы уақыт аралығы.
Халықаралық сауданы либерализациялау – ГАТТ шеңберінде басталған халықаралық саудадағы тарифті және тарифті емес шектеулердің төмендеу процесі.
Либерализм – бостандыққа ұмтылушылық; буржуазиялық революция кезеңінде пайда болған көз-қарастар жүйесі, саяси мағынасы конституциялық демократия, азаматтық қоғам дегенді білдірсе, экономикада еркін нарықтық шаруашылық, экономикаға мемлекеттің араласуын азайтуға әкелу, бәсекелесудің күшін есептеу сияқты ұғымдарды білдіреді. Экономикадағы либеральды бағыттың өкілі Фридрих Ф. Файек (1899-1990) болып табылады..
Өтімділік – активтердің құнының сақталыну және төлемдік құралдарға айналу (валюта, банкілік депозиттер, мемлекеттік бағалы қағаздар, картиналар, жылжымайтын мүлік) қабілеті.
Лоббирлеу – ағылшынша lobby – кулуар, дәліз – саяси өмірдің құбылысы. Ол агенттердің экономикалық күштердің орталығы екенін, үкіметтің қызметшілеріне және парламентарилерге заң нормаларын қабылдату немесе қайтарту мақсатында, атқарушы құрылымға адамдарды тағайындатуға әсерін тигізуін білдіреді.
Меркантилизм – ерте капитализмнің (XV-XVIII ғғ.) экономикалық оқылымы және саясаты, ақшалай байлықты жоғары қояды; сыртқы саудада импортқа қарағанда экспорттың өсуіне, ақшалай қордың жиналуына ұмтылды.
Минимальды жалақы – кәсіпкердің заң бойынша еңбек сағатына төлейтін ең төменгі мөлшерлемесі.
Дүниетаным – әлемге, қоғамға, табиғатқа деген көз-қарастар жүйесі.
Үлгілер – графиктер ментеңестірулердің көмегімен экономикалық жүйелер мен механизмдердің шарттық сипаттамасы. Үлгілер шектеулі сипатқа ие, экономиканың жеке жақтарын ғана математикалық формада сипаттайтын, зерттеу ізденімдерінің құралы болып табылады. IS-LM үлгісі – өзгермелі үлестік мөлшерлеме мен бағалардың шарттарында тауарлар мен қызметтерге ұсыныс және сұранысты ақшаға сұраныс пен ұсынысқа байланыстыратын жабық экономикалық үлгі; бұл экономикалық теңестіру көрсетілген факторлардың ұлттық өнімге әсерін білдіреді. Қысқасы, IS-LM үлгісі қаржылық және тауарлық нарықтың байланыс сызығын анықтайды.
Мониторинг – бақылау; мысалы, қарыз құралдарының бағдарсыз жұмсалуына бөгет жасау мақсатында бақылау; экономикалық процестерді бақылау.
Моральды тәуекел – нақты бақылаудың болмауымен байланысты жабдықтаушының немқұрайлылығы; қызметтік міндеттерге немқұрайлы қатынас, салықтардан жалтару және іскер адамның имиджіне зиянын тигізетін басқа да құбылыстар.
Мораторий – сыртқы несие берушілерге, банкке төленетін төлемдерді кейінге қалдыру, ол төтенше жағдай кезінде үкіметпен бекітіледі.
Ұлттық экономика – адамдардың экономикалық іс-әрекеті туралы ғылым. Ұлттық экономика оны ұлттық әдіс, тәжірибе, әдет-ғұрып негізінде, адамның және әлеуметтік топтардың рациональды-эмоциональды іс-әрекеттерінің әрекеттесуін, қоршаған ортаның өзгеруіне бағытталған ерікті белсенділікті, ұлттық саясаттың әдістері мен объективті заңдылықтардың әрекеттеріне арнайы түр беретін ерекшелікті зерттейді.
Ұлттық экономикалық қауіпсіздік – отандық өнімнің халықаралық бәсекелестікке қабілеттігіне ынталандыруды, әлеуметтік теңдік пен тұрақтылыққа ұмтылушылықты кірістіретін американдық доктрина.
Экономиканың неоклассикалық теориясы – XIX ғасырдың аяғындағы маржиналистік концепция негізінде құрылды. Оның құрылымдық белгілері тауарлар мен қызметтердің шектеулі құндылықтары, капитал мен еңбектің өнімділігі болып табылады. Неоклассиктер жалпы теңдік теориясын, индивидтердің рациональды әрекеттеріне негізделген экономикалық анализді құрды. Неоклассиктердің Кейнстен өзгешелігі нарықтық механизмге экономиканы кризистен және жұмыссыздықтан шығаруды енгізулері болып табылады.
Мемлекеттік сектордың қабілетсіздігі – әлеуметтік, экономикалық міндеттердің шешілуін тоқтататын мемлекеттік шаруашылықтың экономикалық тиімсіз әдістері.
Нормативтік экономикалық теория «солай болуы керек» деген бағалау негізінде құрылған, экономикалық саясаттың мақсат және міндеттерін нақтылаумен айналысады, басқарудың әкімшілік әдістеріне бейімдеушілік білдіреді.
«Ноу-хау» - қызметтің айырбас пәні болып табылатын ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық және коммерциялық білім мен тәжірибелердің сәйкестілігі.
Қоғамдық таңдау – конституциялық экономика теориясында жаңа кезең ретінде пайда болған концепция. Қоғамдық таңдаудың жақтаушылары тиімді айырбас процесі ретінде саяси нарық түріндегі экономикалық саясатты көрсетеді; бастаушысы ретінде шведтік экономист К.Виксельді санайды. Қызметкерлердің әрекеті мен сайлаушылардың даусына талас, саяси шешімдерді қабылдау процедурасына нарықтық қатынастың таралуы мемлекеттік қызметтің құны мен олардың өмір сүру шығыстарының арасындағы оптималъды қатынастардың ізденісімен сәйкестендіріледі.
Қоғам – белгілі-бір ұлттық немесе әлеуметтік, мәдени ерекшелігі бар және жалпы заңдық жүйе, белгілі-бір географиялық шекара шеңберіндегі адамдардың жиынтығы.
Күту – экономикалық болашаққа фирмалар мен тұтынушылардың қатыстылығы.
Олигархия – аздардың билік етуі, ежелгі грек мемлекеттерінде бай құлиеленуші топтардың үстемдігі. Қаржылық олигархия заң шығарушы органдар мен үкіметте жоғары лауазымдарға ие болмай-ақ, экономикалық және саяси өмірді қадағалай алады.
Олигополия – аздардың үстемдік етуі, бірнеше ірі өндірушілердің топтық монополиясы; баға, сату шарттары, нарық бөлінісі, табысты бөлу бойынша келісімге келуге мүмкіндік туғызады. Бұндай келісімнің тежеуіші ретінде оның «бағасы» болуы мүмкін, себебі түсімнің өсуі бәсекелестердің тууына ықпал жасайды.
Офф-шор – ( offshore – ағылшынша) оларды басқаша біріккен кәсіпкерлік аймағы, салық айлақтары немесе оазистері деп те атайды; тек шетелдік валютада резидент еместер үшін және ақша-несие сипатындағы операциялар үшін жеңілдік тәртіптерін ұсынатын территориялар.
Экономиканың өтпелі жағдайы – қазіргі кезде ол орталықтандырылған– жоспарлы нарықтық шаруашылыққа көшу, экономикалық потенциалдың жалпылығынан кері қайтушылықты, мемлекеттік реттеудің түрлері мен жолдарының өзгеруін болжайды; көбінесе ауысу жетістігі мемлекеттің тиімді араласуына тікелей байланысты.
Өзгермелі валюталық курс – нақты валютаның ұсынысы мен сұранысына байланысты өзгермелі курс.
Экономиканы орталықтандырылған - жоспарлы басқару – Ресейде шаруашылық объектілеріне қоғамдық меншіктің болуымен қатар болды; өндірістік қызмет жоғарыдан түсетін жоспарлар негізінде жүргізілді; мемлекеттік органдар баға, айлық және тағы басқа экономикалық көрсеткіштерді анықтады.
Плюрализм – дүниетаным, мәдениет, ой-пікірлерде – аз ұлттардың жеке өмір сүруге құқығы және үстемдік етуші мәдениет пен мемлекеттің бұл құқықты қолдауы.
Позитивті экономикалық теория – фактілер мен ақпараттар анализі, оларды экономикалық агенттер мен мемлекеттік органдардың рациональды іс-әрекетін анықтау мақсатында жалпылау.
Саясат – (грекше politiko) мемлекетті басқару немесе әлеуметтік және топтық қызығушылықтарды қорғауға бағытталған қоғамдық қызмет; мемлекеттік билікті бекіту немесе нығайту; мемлекеттің міндеттері және оларға жету құралдары. Платон мен Аристотель бойынша қоғам, мемлекет туралы ғылым; Бисмарк бойынша – «мүмкіндік өнері».
Саяси экономия – саясатпен байланысты теорияны зерттейтін ғылым. Бұл терминді классиктер, тарихи экономикалық мектеп өкілдері және К.Маркс пен оның жақтаушылары қолданды.
Шекті пайдалылық (marginal utility) – тұтынушы тауар немесе қызметтің әр қосымша бірлігінен алатын пайдасы.
Тұтынуға шекті бейімдеушілік – У табысының көлемі бір долларға өскендегі С тұтыну өсетін көлемі.
Кәсіпкер – капитал жинап, оны түсім түсетін іске салуы мүмкін тұлға, нарықтық экономика дамуы мен оның модернизациясындағы орталық фигура.
Жекешелендіру – мемлекеттік меншіктің жеке компаниялардың қолына өтуі, ол акционерлеу мен акция сату арқылы жүргізіледі. Мақсаттары болып бәсекелестік күштерінің мобилизациялануы, мемлекеттік қаржыландыруды қысқарту, новаторлық пен ынталандыруды жетілдіру табылады. Кейде жекешелендірудің шарттары алынған акциялар пакет мөлшерінің шектелуін (25 %-ке дейін), жаңа жеке компанияны бақылауға тиым салуды (50%) қарастырады. Кеңестер немесе жекешелендірумен айналысатын комитеттер мемлекетпен тағайындалатын сенімді тұлғалардан құралады.
Болжау – экономикалық дамуды болжау. Болжау нұсқаларын таңдау кезінде іскер адамдар тәуекелділікке негізделген «нашар ауа-райы» сияқты пессимистік ережелерге сүйенеді. Сарапшылардың квалификациясы бүгінде экономикалық саясаттың тиімділігі мен шаруашылық субъектілерінің іскер белсенділігін анықтайды.
Пролонгация – мемлекеттік келісім мен шарттың, вексельдің мерзімін ұзарту.
Протекционизм – ішкі нарықты шетелдік тауардың бәсекелестігінен баж, тиым салу, импортқа шектеу, отандық өндірушілерге салықтық жеңілдіктер беру көмегі арқылы шектейтін сыртқы экономикалық саясат.
Кәсіподақ – өздерінің құқықтары мен әлеуметтік, экономикалық жағдайын (жалақыны көтеру, жұмыс аптасын қысқарту, жұмыссыздыққа төлемақыны көтеру) қорғау үшін жұмысшылардың бірігуі..
Резиденттер – мемлекет территориясында тұратын жеке және заңды тұлғалар. Термин қаржы, валюта, кеден аймағында қолданылады, себебі резиденттер мен резидент еместердің құқықтары мен міндеттері бір-бірінен ерекшеленеді.
Репатриация – азаматтардың, әскери қамауда болғандардың, отандық өнердің субъектілері, сонымен қатар капиталдың елге қайтуы.
Реэкспорт – кезінде ел территориясына әкелінген тауарларды елден шығару, қайта сату.
Референдум – маңызды мәселе бойынша бүкіл халықтық сұрау жүргізу (дауыс беру)
Нарықтық экономика – тұтынуды айырбастың көмегімен қамтамасыз ететін шаруашылық; шешімді қабылдау жеке экономикалық субъектілердің басымдылығы болып табылады.
Алымдар – кедендік, акциздік, елтаңбалық – федеральды немесе жергілікті салықтың түрі болып табылады.
Таңдау бостандығы – сатушылар мен сатып алушылар нарықта шешім қабылдау мен таңдау құқықтарын жасайды. Ф.Хайек – қазіргі либерализмнің негізін қалаушы, нарықтық экономика мен еркін қоғамды бөлінбейтін ұғым деп санады. Еркін экономикалық таңдау еңбек тиімділігі мен ынтасын жетілдіреді. Кейнс тоталитарлы мелекетте таңдау құқығын жоғалтуды барлық жоғалтулардың ұлысы деп санады.
Кәсіпкерлік еркіндігі – жеке фирмалар құру, өз қалауы бойынша экономикалық ресурстарды таңдау және өндіру, фирмалардың өздері таңдаған нарықта тауарлар мен қызметтерді сату құқығының еркіндігі.
Секвестр – мүлікті пайдалануды басқарушылардың немесе иесінің құқықтарын мемлекеттік билікпен шектеу немесе тиым салу.
Сеньораж немесе инфляциялық салық –дәстүрлі мағынасыметалл ақшалар үшін алынатын төлем. Нәтижесінде - қосымша ақша мөлшерін шығарудағы мемлекетке түсетін табыс.
Орта тап – тұтыну стандартына сай – табысы бойынша балаларын қамтамасыз етуге қабілетті және пәтері, машинасы бар жанұя; әлеуметтік контексте - бұл азаматтық қоғамның көп кездесетін тобы болып табылатын қызметшілер, интеллигенттер.
Стагфляция – бағаның инфляциялық өсуімен байланысатын депрессивті іскер белсенділік кезіндегі экономикалық жағдай. Стагфляциядан шығудың жолы өте қиын.
Сақтандыру – үлкен жоғалту тәуелділігін(өмір, меншік, табыс) аз жоғалтуға айырбастаутауға мүмкіндік береді. Сақтандыру полисіне ие болу мен сақтандыруды төлеу көп мөлшердегі адамдарға бөлу арқылы тәуекелділікті теңестіреді.
Құрылымдық саясат – экономиканың салалық құрылымының модернизациялануына бағытталған. Ресейде құрылымды реформалау көне және тиімсіз өндірісті жоюды, технологиялық жаңалықтар мен бәсекелестікті дамытуды; нарыққа бағытталған құрылымды құруды; таза монополияның қызметіне мемлекеттік бақылауды, тиімді инвестицияларды жетілдіруді білдіреді.
Суверенитет – сыртқы істер мен ішкі қатынастардағы мемлекеттердің толық еркіндігі мен тәуелсіздігі.
Көлеңкелі экономика – салықтан жалтарумен байланысты шаруашылық қызмет.
Коуз теоремасы – сыртқы әсерлермен байланысты дауларды, мысалы, көршінің орманын ластаумен немесе көршінің дүкенін жауып тұрған құрылыспен байланысты істерді келісімге келу мен келіссөздер жүргізу жолдарымен шешу керек екендігін білдіретін концепция..
Теория – жиналған тәжірибе, эксмеримент, бақылау, гипотезаларды зерттеу негізінде белілі-бір аумақта құрылатын ойлар мен концепциялардың жиынтығы.
Тоталитарлы мемлекет – басшылары мемлекет пен халықты толық билеуге ұмтылатын мемлекет. Сипаттамалық ерекшеліктері: белгілі-бір идеологияны енгізу, бір партиялылық, террорды қолдану, бұқаралық ақпарат құралдарына, қорғанысқа бақылау жасау, экономиканы орталықтан басқару.
Трансферттік төлемдер – қайтарылмайтын мемлекеттік төлемдер, мысалы, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша.
Унитарлы – бір бүтінді құрайтын біріккен, жалпы.
Урбанизация – қала халқының өсуі мен оның гетерогендігі (әр түрлілігі мен дифференциалдылығы).
Қызметтер – сұранысқа ие кез-келген қызметтер мен операциялар, қызмет көрсету нарығы олардың бағасын анықтайды. Материалдық емес қызмет көрсетудің өндірісі мен тұтынуы сәйкес келеді, соған байланысты үшінші тұлғаларға берілмейді (ақпараттық, дәрігерлік, білім, заңдық).
Мемлекеттік қаржылар – ақша құралдарының жұмсалуы мен жиналуы бойынша үкіметтің қызметі; үш операция тобын кірістіреді: құралдарды жинау, олардың бөлінісі мен қаржылық тұрақтылығы.
Қор нарығы – бағалы қағаздар нарығы (қоры), тауарлар нарығынан бағаларының жоғары тұрақсыздығымен ерекшеленеді, операциялар спекулятивті сипатқа ие.
Қоғамдың ауқаттылық функциясы – жеке тұлғаға немесе үй шаруашылығына қажет әлеуметтік жағдайды немесе пайдалылығын анықтайтын мөлшер аргументі болып табылатын функция. Қоғамның әр жағдайына өз индексі беріледі, егер қоғамның индексі келесі қоғамнан жоғары болса, ол ұстемдікке ие болады.
Ценз – шектеулік шарттар: 1) үміткер тізіміне қосуға немесе сайлауға жіберуге қатысты; 2) БАҚ қызметі мен басылым өнімінің мазмұнына цензура немесе қадағалау.
Орталық банк – ақша массасының көлемін анықтайтын, есептік мөлшерлеме мен комерциялық банк үшін резервтеу ставкасын анықтайтын, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда жасайтын мемлекеттік қаржылық мекеме.
Жеке меншік – жеке және заңды тұлғалардың иелену, сату, сатып алу қолдану, капиталын, жерін, активтерін және тағы басқа құндылықтарын мұраға қалдыру құқығына ие.
Адамдық капитал – адам ресурсын оның өнімділігін арттыру мақсатында инвестициялау.
Экономикалық интеграция – аймақтардың ұлттық шаруашылығының ынтымақтастығы және жақындасуы, тарифтік емес шектеулер мен кедендік кедергілерді жою, экономикалық саясаттың унификациялануы, валюталық одақ және бірдей ақша айналымын енгізу.
Экономикалық социология – экономикалық процестер мен экономикалық саясаттың қатынасын және олардың сипатталуын зерттейтін қоғамдық ғылымның саласы.
Экономикалық өсу – ІЖӨ немесе ұлттық кірістің өсуі. Бартер көп қолданатын экономикада немесе тіркелмеген секторларда таза ұлттық өнімді қолдану ресми деңгейден жоғары.
Экспорттық квота – ұлттық экономика, жеке сала және кәсіпорын үшін экспорт көлемін сипаттайтын, сонымен қатар өнімнің әр түрі бойынша бөлінісін сипаттайтын мөлшерлемелік көрсеткіш. Экспорт көлемінің құнына немесе өндіріс көлемінің белгілі-бір кезеңдегі таза көрсеткіштеріне қатынасына есептеледі және пайызбен көрсетіледі.
Экстенсивті және интенсивті экономикалық өсу – бірінші жағдайда еңбек өнімділігі өзгермейді, өсу капитал мен еңбек ресурстарының есебінен болады (K және L), ал екіншісінде таза өнімнің өсуі (У) еңбек шығындарының өсіміне қарағанда тез болады.
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 376 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Осымша әдебиет | | | Кіріспе дәріс |