Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Б) альтернативтік санкция-санкцияның көрсеткен түрлерінің қайсы-сын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.

ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ | Дәріс тақырыптарының мазмұны, олардың сағат көлемі. | IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны. | V Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері. | Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді. | Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері. | VІI Тақырып: Азаматтық құқық негіздері. | VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері. | IX Тақырып: Отбасы құқығының негіздері. | Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы |


Читайте также:
  1. Берілген сөйлемді тиісті сөзбен толықтырыңыз. Егер біреу өзінің тауарын сатқысы келсе, ол ... емес.
  2. Еркін конвекция кезінде шексіз қошықтықтағы кеңістікке жылу беру
  3. Сабақтың тақырыбы: Егемен ел - еркіндік жыры
  4. Типтік бухгалтерлік есеп шоттарын және бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін есеп саясатын құрастыруда қолдану
  5. Электр өткізгіштігі. Асқын өткіз-к.Асқын өткізгіштікті ғылым мен техникада қолдану.

Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз рөлін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады.

Құқықтық норманың элементтерін ашып білу үшін В.Н. Хропанюк «Теория государства и права» оқулығын қараңыз.

Құқықтық қатынас дегеніміз мемлекеттіккепілдіктегі екі жақты құ-қықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқытық қатынастардың ны-шан белгілері:

Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтің актілерде қатынастын мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқық қатынастар арқы-лы нормативтік актілер іске асады, орындалады;

Екінші – қатынастың субъектінің екі жақты құқықтары мен міндеттері-нің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады;

Үшінші – субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды;

Төртінші – егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Құқықтық қатынастардың түрлері:

1. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтық жүйе саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық тағы басқа;

2. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым -қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді;

3. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақтылық. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматта-рдың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілір болғанда басталады. Мыс: сауда – сату шартты тағы басқа;

4. Құқықтық қатынастардың субъектілердің жағдайларына қарай екіге бөлі-неді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектіде тек міндеттер болады, мысалы: жеке меншіктің иесі, құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынас-тардың субъектілердің құқығы мен міндеттері бірдей болады.

Қорытынды:

Құқықтық нормалар қоғамның экономикалық - әлеуметтік қажеттіліктері арқылы өмірге келіп құқықты қалыптастырады. Құқық тек қоғамның әлеу-меттік – экономикалық даму процесін басқарумен шектелмейді. Сонымен бірге адамдардың және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарында реттеп, басқарып отырады.

Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар ар-қылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұ-рыс, прогресстік жолымен дамуын қамтамасыз етеді.

Әдістемелік нұсқаулар:

Бұл лекцияны игеріп алу үшін құқықтық норманың белгілері мен құры-лымына, заңдардың баптарында құқық норманың орналасқанына назар ау-дару қажет. Бақылау жұмыс немесе тестік жұмыстарды алу арқылы құқық-тық норманың түсінігі мен категорияларын анықтап білуге бағыт береді.

Қолданылған әдебиеттер:

1. В.Н. Хропанюк «Теория государства и права». Москва, 1998 г.

2. Қ.Д. Жоламан «Мемлекет және құқық теориясы».

Алматы, 1999 ж.

3. Н.Дулатбеков «Мемлекет және құқық негіздері». Астана, 2001 ж.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 302 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
І Тақырып: Мемлекет және құқықтың пайда болуы| ІІІ Тақырып: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық негіздері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)