Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы

Дәріс тақырыптарының мазмұны, олардың сағат көлемі. | І Тақырып: Мемлекет және құқықтың пайда болуы | Б) альтернативтік санкция-санкцияның көрсеткен түрлерінің қайсы-сын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында. | ІІІ Тақырып: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық негіздері. | IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны. | V Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері. | Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді. | Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері. | VІI Тақырып: Азаматтық құқық негіздері. | VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері. |


Читайте также:
  1. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.

− Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі

− ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер

атқарады.

− Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты

жерді таңдауда ерікті

Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайптылар бірлесіп шешеді.

Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.

Ерлі-зайыптылар мүлігінің заңды режимі, егер некелік шартпен басқадай белгіленбесе, олардың ортақ бірлескен меншігі режимі болып табылады. Неке кезінде жиналған мүліктер олардың ортақ бірлескен меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлігін иелену, пайдалану және иелік ету ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімі бойынша жүзеге асырылады. (Неке және отбасы туралы Заңының 6 тарауын қараңыз).

Әрбір ерлі-зайыптының меншігі:

− әрбір ерлі-зайыптыға некеге отырғанға дейін тиесілі болған мүлік;

− неке кезінде ерлі-зайыптылар сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе басқа қайтарымсыз мәмілер бойынша алған мүліктер;

− неке кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ қаржыларына алынған бағалы

заттар және басқа байлықтық мүліктерден басқа, жеке қолданыстағы заттар (киім, аяқ киім т.б.) болып табылады.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі-зайыптылар арасында олардың келісімі бойынша бөлінуі мүмкін.

Дау туған жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін болу, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың сол мүліктегі үлестерін анықтау сот тәртібімен жүргізеді.

Ата-аналар өз балаларына қатысты бірдей құқықтар мен міндеттерді орындайды. Олар өз балаларының денсаулығы үшін жағдай жасауға, оларды тәрбиелеуге құқылы және міндетті. Ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуде барлық басқа тұлғалардың алдында артықтықшылықты құқықтарға ие. Баланы тәрбиелеуші ата-аналар өз қабілеттері және қаржылай мүмкіндіктері шеңберінде табиғи, психикалық және рухани даму үшін қажетті өмір салтын қамтамасыз ету үшін жауап береді.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

Қорытынды:

Әрбір азамат кәмелет жасқа толғаннан кейін некеге тұруға яғни отбасын құруға, балалы болуға құқылы. Конституцияға сәйкес балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1518 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
IX Тақырып: Отбасы құқығының негіздері.| Х Тақырыбы: Жер құқығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)