Читайте также: |
|
Мақсаты: Отбасы құқығының маңыздылығын ашып және жіктелуінің критерилігін анықтап отбасы құқығының қайнар көздерін көрсету.
Жоспар:
Негізгі мазмұны:
Отбасы құқығы ерекше қоғамдық қатынастардың түрін реттейді. Бұған адамдардың арасындағы некеге тұру қатынасының байланысы, отбасын құру, балаларының туылуы мен тәрбиеленуі жатады.
Сонымен, отбасы құқығы – некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын өзіндік және соған байланысты туындайтын мүліктік қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жиынтығы. (М. Дулатбеков «Мемлекет және құқық негіздері»).
Қазақстан Республикасының неке-отбасылық заңдылықтары мынандай қағидаларға негізделген:
− еркек пен әйелдің некелік одағының еркіндігі;
− отбасында ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;
− отбасы ісіне басқа біреулердің орынсыз араласуына жол бермеу;
− отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісімімен шешу;
− балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп
жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;
− отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсіз мүшелерінің
− құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
− отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын
қамтамсыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;
− отбасының барлық мүшелерінің салауатты тұрмыс салтына
ынтыландыру қағидаларына негізделеді.
Тек мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу (АХАЖ) органдарында отырылған неке ғана заңды деп танылады. Некеге отырған кезде отбасылық қатынастарда азаматтардың құқықтарын әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе діни нанымы белгілері бойынша кез-келген шектеуге тыйым салынады. Неке – құқықтық қатынастарда азаматтардың құқықтары тек заң негізінде және тек отбасы мүшелері және басқа азаматтардың денсаулығын, қадір-қасиетін, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қажетті көлемде ғана шектеледі.
Некеге отырудың шарттары: некеге отыратын еркек пен әйелдің екі жақты келісімі және олардың неке жасына толуы болып табылады. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жастан бастап белгіленген. Дәлелді себептер болған жағдайда АХАЖ органдары неке жасын екі жылға дейін төмендете алады. Барлық жағдайда неке жасын төмендету тек некеге отырушылардың келісімен және ата-аналардың не қорғаншылардың келісімімен мүмкін болады.
Некеге отыруға мынадай жағдайларда жол берілмейді:
− біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың арасында;
− тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың
(ата-аналар мен балалар, атасы, әжесі және немерелерінің), аналары бір және ата-анасы бөлек, әкесі немесе анасы ортақ ағалы-сінілілер мен апалы-сіңілердің (аға-қарындастардың) арасында;
− ұл (қыз) асырап алушылар мен сол асырап алынған ұл (қыз) арасында;
біреуін болса да сот психикалық ауру немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар арасында.
Некеге тұру тәртібі:
− Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік
азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады.
− Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал
актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін.
− Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.
− Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін
жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. (Неке және отбасы туралы Заңын 13 бабы).
Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлееттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.
Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.
Неке қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады.
АХАЖ органдарында некені бұзу ортақ кәмелетке толмаған балалары және бір-біріне мүліктік және басқа да айып шағымдары жоқ ерлі-зайыптылардың некені бұзуға деген екі жақты келісімімен жүргізіледі. Ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған балалардың болу болмауына қарамай, неке АХАЖ органдарында ерлі-зайыптылардың бірінің өтініші бойынша, егер екінші адам:
− сотпен хабарсыз кеткен деп танылса;
− сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылса;
− қылмыс жасағаны үшін үш жылдан артық мерзімге сотталса
бұзылады.
Басқа жағдайларда кәмелетке жасы толмаған балалар болған кезде, неке сот тәртібімен бұзылады, сондай-ақ сот тәртібі:
а) ерлі-зайыптылардың бірінің келісімі болмаған жағдайда;
ә) егер ерлі-зайыптылардың біреуі қарсылығы жоқтығына қарамастан, өзінің әрекетімен не әрекетсіздігімен некені бұзудан жалтарған болса;
б) ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген мүліктік арыз-шағымдары болса қолданылады.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 811 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері. | | | Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы |