Читайте также:
|
|
Р БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Азаматтық, табиғат ресурстық және экологиялық құқық кафедрасы
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Мамандық бойынша міндетті пән
KN – 1109 Құқық негіздері
Барлық мамандықтарға арналған
(Мамандықтың атауы және шифры)
Астана, 2012
Оқу-әдістемелік кешен мамандық бойынша МЖМБС негізінде құрастырылды.
Оқу-әдістемелік кешенді дайындаған авторы: азаматтық, табиғиресурстық және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Оразалиев К.У.
Оқу-әдістемелік кешен кафедра отырысында талқыланды.
Хаттама №_____ «____» ____________2012ж.
Кафедра меңгерушісі: ____________________з.ғ.д., профессор А.А.Мукашева
Оқу-әдістемелік кешен факультеттің оқу әдістемелік комиссиясының отырысында мақұлданды. Хаттама №____ «____»____________2012ж.
Факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясының төрайымы:
___________________________ з.ғ.к., доцент Жумашева Б.С.
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕННІҢ
МАЗМҰНЫ
1. Силлабус.............................................................................................................................4
2. Оқу пәні бойынша глоссарий..........................................................................................12
3. Дәрістердің қысқаша конспектісі...................................................................................14
4. Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі...................................................................54
5. Семинар сабақтарының орындалу жоспары..................................................................56
6. Студенттің өзіңдік жұмысына арналған материалдар (үй тапсырмасының терілген
мәтіні, әрбір тақырып бойынша өзін-өзі бақылауға арналған материалдар, рефераттар).......................................................................................................................59
7. Аралық және қорытынды бақылау материалдары, қорытынды бақылау
сұрақтары..........................................................................................................................63
8. Иллюстративтік материалдар..........................................................................................71
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Азаматтық, табиғиресурстық және экологиялық құқық» кафедрасы
СИЛЛАБУС
Мамандық бойынша міндетті пән
KN – 1109 Құқық негіздері
1-курс
Барлық мамандықтарға арналған
Астана, 2012
Силлабус
1. Оразалиев Кайырбек Өткірұлы құқықтану магистрі, аға оқытушы
(orkaut@mail.ru) жұмыс тел: 34-502.
2. Пәнінің коды, аты және кредит саны:
Пәннің коды: KN – 1109 Құқық негіздері
Кредит саны: 2
3. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орыны 2 семестроқу пәні кестеге сәйкес өткізіледі.
4. Оқу пәнінің преквизиттері мен постреквезиттері:
Оқу пәнінің пререквизиттері: Құқық негіздерін оқып үйрену үшін келесі пәндерді білу қажет:
1 Жалпы тарих.
2 Құқықтану.
Постреквизиттері:
Құқық негіздерін біліп үйрену ең біріншіден қоғамдағы құқықтық жағдайдан туындаған құқықтыққа қатысты қарым-қатынастарды жалпылама оқып үйренуге негіздеме береді.
5. Оқу пәнінің сипаттамасы:
Құқық негіздері барлық мамандық студентері үшін міндетті оқу пәні болып келеді, себебі әрбір азамат өзінің құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс.
5.1. Пәннің оқу үрдісіндегі орны: Құқық саласын меңгерудегі білімнің негізін салушы пән болып табылады.
5.2. Пәннің мақсаты: осы курсты оқу барысында студенттерҚазақстанда қандай мемлекет құрылып жатқанына түсінік беру, жүйелі түрде білім беріп, азаматтардың қандай құқықтары мен бостандықтары бар екенін, адамның заңды мүддесін нұқсан келтірілсе, оларды кімнің қорғайтынын және тағы басқаларға түсінік беру туралы білім жүесін қалыптастыруы болып табылады.
5.3. Пәннің міндеттері:
- студенттерде мемлекет пен құқықтың пайда болу кезеңдерімен таныстыру;
- құқықтың басқа құқық салаларымен ара қатынасындағы байланыс пен айырмашылығымен таныстыру;
- заңдардың мағынасын түсіндіріп кету;
- пәннің мазмұнына баланысты қайнар көздермен, оның ішінде ғылыми әдебиетпен, белгілі ғалымдардың еңбектерімен жұмыс істеуге үйрету;
5.4. Оқу пәнінің мазмұны: «Құқық негіздері» пәні мемлекет туралы негізгі түсініктерді, сондай-ақ құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдарды қарастыруға арналған. Оқу курсында конституциялық құқықтың негіздері, Қазақстан Республикасындағы адам және азамат мәртебесінің конституциялық негіздері, әкімшілік құқық, Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының негіздері, отбасылық құқық негіздері, жер құқықтық негіздері, қаржы құқығы негіздері, бюджеттік құқық, салық құқығының негіздері, еңбек құқығы негіздері, қылмыстық құқық негіздері, мемлекеттік басқарудың құқық негіздері, сақтандыру құқығының негіздері қарастырылады.
5.5. Оқу пәнінің жоспары:
№ | Тақырыптардың аттары | Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны | Сабақтың нысаны |
Мемлекет және құқықтың пайда болу теориялары. Мемлекеттің пайда болуы мен даму себептерінің маңызы. Құқықтың қайнар көздерінің бір-бірінен айырмашылығы. | Дәріс – 1 сағат Практика –1 сағат СӨЖ - 4 сағат | Мемлекет және құқықтың пайда болу теорияларын жеке-жеке қарап оларға сипаттама беру. Құқықтық қайнар көздерінің сипаттамасын анықтап бір-бірінен ажыратып көрсету. | |
Құқықтық норманың түсінігі мен түрлері. Құқықтық қатынастың субъектілері мен оның белгілері. Құқықтық қатынастың маңызы және түрлері. | Дәріс – 1 сағат Практика –1 сағат СӨЖ - 4 сағат | Құқықтық норманың түсінігін ашып оның элементтерінің бір-бірінен айырмашылығы мен түрлерін сипаттау. Сонымен қатар құқық қатынасының маңызын ашып оның түрлерін анықтау. | |
Конституциялық құқықтың маңызы. Қазақстан Республикасы демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде сипаттама беру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарын анықтау. | Дәріс – 1 сағат Практика –1 сағат СӨЖ - 4 сағат | Қазақстан Республикасында Конституцияның маңызын ашып оның құрылысын анықтап және қандай мемлекет болып табылатындығын көрсетіп, қандай билік органдарынан тұратындығын анықтау. | |
Әкімшілік құқықтың пәні. Мемлекеттік басқару органдары. Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік, шаралардың түрлері және олардың қандай белгілерден тұрады. | Дәріс – 1 сағат Практика –1 сағат СӨЖ - 4 сағат | Әкімшілік құқықтың маңызын ашып және мемлекеттің басқару органдарын анықтап олардың бір-бірімен байланысы мен айырмашылықта-рын белгілеп және әкімшілік құқық бұзушылығының түсінігі мен жауапкершілігін анықтау. | |
Еңбек құқығының маңызы. Жеке еңбек және ұжымдық шартының жасалу тәртіптерінің ерекшеліктері. Жеке еңбек шартын тоқтату және бұзу тәртіптері. Жұмыс уақыты және демалыс уақытының ерекшеліктері. | Дәріс – 1 сағат Практика –1 сағат СӨЖ - 4 сағат | Біздің еліміздің еңбек құқығының алатын орнын анықтау және еңбек шарттарының белгілері мен маңыздылығын ашып және басқа елдерден айырмашылығын салыстырып сараптау. | |
Азаматтық құқықтың маңызы мен жүйесі. Азаматтық құқықтық қатынасқа түсетін субъектілерді анықтау. Азаматтық құқық қабілеті мен әрекет қабілетілігінің айырмашылығы. Мәміленің түрлерін анықтау. Азаматтық құқықтың объектілерінің түсінігі. | Дәріс – 1 сағат Практика –1 сағат СӨЖ - 4 сағат | Азаматтық құқықтың түсінігін ашып оның жүйесіне сипаттама беріп және құқықтық қатынасқа түсетін субъектілерін бөліп қарап оларды сипаттап кету. Азаматтық құқықтың объектілерін ашып қарау. | |
Қылмыстық құқықтың маңызы мен жүйесі. Қылмыс құрамы мен элементтері. Қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі, түрлері және маңызыдылығы. | Дәріс – 1 сағат Практика –1 сағат СӨЖ - 4 сағат | Қылмыстық құқықтың жүйесін бөліп қарап және қылмыстың элементтері мен құрамының түрлерін белгілеп, Жазаның тағайындалу мақсаттарына сипаттама беріп кету керек. | |
Отбасы құқығының түсінігі мен қағидалары. Некеге тұру және некені бұзу шарты және тәртіптері. Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің жалпы сипаттамасы. Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін сипаттау. | Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағ. СӨЖ - 4 сағат | Отбасы құқығының қағидаларының маңызын ашып және біздің елімізде некеге тұру немесе некені бұзу кезіндегі шарттарының ережелерінің сипаттамасын ашып анықтау. | |
Бюджет құқығының жүйесі. Қазақстан Республикасының бюджеттің құрылымы. Бюджеттің құқықтық реттелуі. | Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағ. СӨЖ - 4 сағат | Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің құрылымын ашып анықтап олар қандай заңмен реттеліп отыратынын көрсету. | |
1) Салық құқығының түсінігі мен элементтері. 2) Қазақстан Республикасының салық жүйесі. 3) Салық қызметінің органдары. | Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағ. СӨЖ - 4 сағат | Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беріп сонымен қатар салықтың элементтерін анықтап оларды бір-бірінен ажырата білу. | |
Қаржы құқығының маңызы. Қаржылық құқық қатынасқа түсетін субъектілер. Қаржылық құқық бұзушылық пен жауапкершіліктің мәнінің түсінігі. | Дәріс – 1 сағат Практика –1 сағат СӨЖ - 4 сағат | Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесін ашып олардың маңыздылығын ашу. Қаржылық құқық қатынасқа түсетін субъектілерді бір-бірінен ажыратып олардың құзыреттерін белгілеу. | |
Мемлекет нысанының мазмұны. Мемлекеттің басқару нысанының түрлері мен сипаттамасы. Мемлекеттің құрылымдық нысанының мазмұны мен түрлері. Мемлекеттің саяси басқару жүйесінің нысаны. | Дәріс – 1 сағат Практика –1 сағат СӨЖ - 4 сағат | Қазақстан Республикасының құрылымдық нысанын ашып қарап оларды жіктеп көрсету. Біздің еліміз қандай нысан белгілеріне жататындығын және қандай нысан белгілерінен тұратындығын анықтау. | |
Жер құқығының пәні. Жер құқығының қағидалары. Жерге меншік құқығын анықтап олардың түрлерін көрсету. | Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағ. СӨЖ - 4 сағат | Жер құқығының қағидаларын ашып олардың маңыздылығын көрсету. Жер құқығының субъектілерін көрсетіп олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу. | |
Банк құқығының түсінігі. Қазақстан Республикасының банк құқығының институттары. Банкілік қатынастардың ерекшеліктерінің сипаттамасы. | Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағ. СӨЖ - 4 сағат | Қазақстан Республикасында банк жүйесін анықтап көрсету және қандай институттардан тұратындығын бөліп анықтап белгілеу. | |
Сақтандыру құқығына түсінік беру. Сақтандыру құқығының түрлерін көрсету. Сақтандыру құқығының субъектілері. Сақтандыру шарты. | Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағ. СӨЖ - 4 сағат | Біздің еліміздің сақтандыру түрлерін көрсету және сақтандыру құқығының субъектілерін анықтап белгілеу, сонымен қатар сақтандыру шартының жасалу тәртіптерің көрсету. | |
Дәріс – 15 сағат Практика - 15 сағ. СӨЖ – 60 сағат |
6. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау:
Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау; коллоквиум және бланкелік тестілеу түріндегі екі аралық бақылау, компьютерлік тестілеу формасындағы қорытынды аттестаттау жоспарлануда
Ағымдық бақылау – 20%.
СӨЖ тапсырмаларын бақылау - 20 %
Ағымдық бақылау:
Коллоквиум – 10 %
Бланкелік тестілеу – 10 %
Ағымдық және аралық бақылау – 60 %
Қорытынды бақылау – 60 %
7. Оқу пәнінің саясаты:
Курсқа келесі бақылау түрлері мен әдістері кіреді: курсты оқыту барысында бұл тақырыптың бақылау жұмыстары (жазбаша), ауызша сұрақтарға жауап беру, аралық тестер, кроссворд шешу,зерттеу жұмыстары (реферат), қорытынды сынақ түрінде жүргізіледі.
Студенттердің білімін бағалауды семинар барысында жауабының сапасымен қатар
белсенділігі де ескеріледі.
СӨЖ Тақырыбы:
Кафедраның әдістемелік секциясының отырысында қарастырылған, 2012 жылғы
«___»__________№____ хаттама
Кафедра меңгерушісі бекіткен _______________з.ғ.д., профессор А.А.Мукашева
ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Абсолюттік монархия - шексіз монархия.
Әлеуметтік норма - қоғамдық манызы бар қоғамдық қатынасты реттейтін, қабылданған және бекітілген нормалардың жиынтығы.
Басқару нысаны - қоғамда жоғары мемлекеттік биліктің ұйымдасуы.
Гипотеза - өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқықтық норманың қолданылуы.
Достық - сирек кездесетін, тәуелсіз мемлекеттердің арнайы бір мақсатқа жету үшін құрылған одағы.
Демократиялық режим - барлық халықтардың теңдік пен бостандыққа негізделген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықта болуы.
Демократиялық емес режим - халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы.
Диспозиция - құқық нормасы бекіткен субъектілердің мінез-құлық ережелері.
Империя - мемлекеттің күш қолдану арқылы біріктіру.
Конституциялық монархия -шектелген монархия.
Креационизм - әлемнің барлығын құдайдын жаратуымен түсіндіреді.
Конфедерация - бір біріне тәуелсіз мемлекеттердің арнайы бір мақсатқа жету үшін құрылған одағы.
Конституция - мемлекеттің құқықтық жүйесінде ең жоғарғы күші бар, референдум арқылы немесе парламентте қабылданатын құрылтайлық дәрежеге ие негізгі заңы.
Консолидация - кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді біріктіру арқылы нормалдарда кездесетін қайталауларды жоққа шығарып, жаңа мәтінін қалыптастыру.
Құқықтық мемлекет - мемлекетте гуманизм, адамгершілік, теңдік, бостандық идеяларының құқықтық қағидаларға ұласып, құқық үстемдік еткен, бассыздық пен заңсыздыққа жол бермеу үшін биліктің барлық тармақтарының арнайы тетіктермен тежеу арқылы адам құқытарының тиімді қорғалуы.
Құқық - әрбір этнос мәдениетінің үлгісі ретінде қалыптасып, мемлекетпен қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау мақсатында бекітілген, адамгершілік қасиеттерді анықтайтын, әділеттілік қағидаларын жариялайтын және қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.
Құқық қағидалары - қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау барысында қалыптасқан құқық жүйесінің қалыптасыу және құрылуының, мәнінің негізгі идеяларының жиынтығы.
Құқықтық идеализ - құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөл мен мүмкіндіктерін асырып бағалау.
Құқықтық нигилизм - құқықтық тәртіпке деген сыйламаушылық көз қарас.
Мемлекет - арнайы бір аумақтық кеңістіктегі таптық қоғамда билік жүргізетін басқаруды іс жүзіне асырайтын арнайы адамдардың құқықтық негізде ұйымдасқан саяси жүйесі.
Мемлекет нысаны - мемлекетте билік жүргізуді ұйымдастырудың арнайы сынарларының мәндік жиынтығы.
Мемлекеттің құрылым нысаны - мемлекетте биліктің территориялық кеңістікте ұйымдасуы және іс жүзіне асырылуы.
Мемлекеттің функциялары - оның алдында тұрған міндеттері мен мақсаттарын іс жүзіне асырудың негізгі бағыттары.
Ңұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжей көрсететін нормативтік-құқықтық кесім.
Объект - құқық бұзушылы қол сұққан қоғамдық қатынастардың жиынтығы және соның нәтижесінде зиянды зардаптардың пайда болуы.
Плюрализм - көппікірлілік.
Реципроктлық - коллективті түрде өндірілген өнімнің бәріне ортақ болуы.
Редистрибуция - жиналған барлық өнімнің қоғам мүшелері арасында тең бөлінуі.
Республика - жоғары мемлекеттің биліктің қалыптасуы сайлау арқылы белгілі бір мерзімге дейін құрылады.
Романо-германдық құқықтық жүйе - тарихи даму барысында рим құқығы және оның рецепциясын жасау негізінде нормативті құқықтық кесімдердің қабылдануы.
Регламент - қандайда бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесім.
Саяси режим - мемлекетте билік жүргізудің арнайы тәсілдері.
Санкция - мемлекет бекіткен құқықтық нормасын субъектілерге қолданылатын жаза, заңды жауапкешіліктін түрі.
Субъект - жауапқа тарту қабілеттілігі бар, құқық бузушылық жасаған сәтте заң белгіленген арнайы жасқа толған адамда айтады.
Унитарлық - мемлекетте бір орталықтан басқарылатын биліктің қалыптасуы, құрамында басқа мемлекеттік құрылымдардың болмауы және аумақтарының әкімшілік-аумақтық бөліктерден құрылуы.
Федерация - бір мемлекеттің құрамында толық тәуелсіздікке ие болмаған мемлекеттік субъектілердің болуы.
Функция - орындау деген мағынаны білдіреді.
Эволюция теориясы - әлемнің пайда болуы Үлкен жарылыс теориясымен түсіндіріледі.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 675 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тема: Базовые понятия, концепции и направления теорий среднего уровня | | | Дәріс тақырыптарының мазмұны, олардың сағат көлемі. |