Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.

ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ | Дәріс тақырыптарының мазмұны, олардың сағат көлемі. | І Тақырып: Мемлекет және құқықтың пайда болуы | Б) альтернативтік санкция-санкцияның көрсеткен түрлерінің қайсы-сын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында. | ІІІ Тақырып: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық негіздері. | IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны. | V Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері. | VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері. | IX Тақырып: Отбасы құқығының негіздері. | Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы |


Читайте также:
  1. Access 9х-пен жұмыс істеу режимі (тәртібі).
  2. Аналитикалық дәріс. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық және инфляция.
  3. Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу
  4. Бөлім. Музыка жетекшісін педагогикалық жұмысқа
  5. Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
  6. Біздің негізгі жабдықтаушыларымыз – Цесна,Агропродукты,Кәусар фирмалары
  7. Дүние тарихынан бақылау жұмыстарының жүктемесі

Жұмыс берушінің:

− Осы заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлермен жеке және

ұжымдық шарттарды жасасуға, өзгертуге және бұзуға;

− Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерден осы Заңда көзделген, белгілі

бір еңбек қызметімен айналысуға және (немесе) белгілі бір қызметті атқаруға мүмкіндігін растайтын құжаттар беруді талап етуге;

− өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;

− қызметкерлерді көтермелеуге, оларды осы Заңда және өзге де

нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға;

өзіне қызметкер келтірген зиянды өтеттіруге. т.б.

Жұмыс беруші:

− қызметкерлерге еңбек туралы заңдарға, еңбек, ұжымдық шарттарға

сәйкес еңбек жағдайын қамтамасыз етуге;

− қызметкерлер өкілдерінің ұсынысын қарауға және ұжымдық шарт

жасасуға;

− қызметкерлерді олардың еңбек міндеттерін орындауына қажетті

құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;

− жеке еңбек шартын жасасу кезінде қызметкерді ұжымдық шартпен

және жұмыс берушінің актілерімен таныстыруға;

− жалақыны және Қазақстан республикасының нормативтік құқықтық

актілерінде, жеке еңбек ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген өзге де төлемдерді уақтылы және толық көлемінде төлеуге. т.б. (Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңының 8 бабын қараңыз).

Жеке еңбек шарты дегеніміз жұмыскер мен жұмыс беруші арасында

жазбаша формада жасалынатын екі жақты келісім, онда жұмыскер белгілі бір мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша, ішкі еңбек тәртібіне бағына отырып жұмыс атқаруға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскер еңбек ақыны және заңнамада, өзара келісімде көзделген басқа ақшалай төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеп тұруға, жұмысқа жағдай жасауға міндеттенеді.

 

Ұжымдық шарт – бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (олардың

өкілдері) және бір немесе бірнеше одақтар, не кәсіптік одақтарға мүше емес, келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қойған жазбаша шарт түрінде ресімделген құқықтық акт. (Жеке еңбек шарты мен ұжымдық шарттың толық сипаттамасын Уваровтың «Еңбек құқығы» оқулығын қараңыз).

Жеке еңбек шартын тоқтату:

− мерзімінің бітуі бойынша;

− тараптардың еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша тоқтатылуы мүмкін;

− Шарттың тоқтауы жақтардың еркіне байланысты емес мән-жайларға

байланысты болады, мысалы жұмыскердің қайтыс болуы; жұмыскерді соттың өлді деп немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы; қызметкердің әскери қызметке шақырылуы; шарт мерзімінің бітуі т.б.

Жеке еңбек шартының бұзылуы:

− тараптардың келісімі бойынша;

− тараптардың бірінің бастамасы бойынша;

− заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша бұзылуы мүмкін.

Жұмыс уақыты дегеніміз – жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының жағдайларына сәйкес жұмыскер өзінің еңбек міндеттерін орындайтын уақыты.

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.

Еңбек туралы заңнама 18 жасқа толмаған жұмыскерлер үшін ұзақтылығы қысқартылған жұмыс уақытын белгілейді. 16-дан 18-жасқа дейінгі адамдар үшін жұмыс уақытының ұзақтылығы аптасына 36 сағат, ал 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін аптасына 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленген.

Ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.

Өндірістің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу ұйымдарда бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда 7 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда – 4 сағаттан аспауға тиіс.

22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі.

Демалыс уақыты дегеніміз қызметкердің өз еңбек міндетін орындаудан босаған және оны өз қалауынша пайдалана алатын уақыт.

Еңбек туралы заңнамада демалыс уақытының мынандай түрлері белгіленген: күнделікті жұмыс процесіндегі үзілістер, апта сайынғы демалыс күндері, мереке (жұмыс істемейтін) күндер және демалыс.

 

Демалыс және тамақтануға арналған үзіліс. Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс берілуге тиіс. Үзіліс, әдетте жұмыс басталғанан кейін 4 сағат өткен соң беріледі.

Арнаулы үзілістер. Мұндай үзілістер жылдың суық мезгілінде ашық далада, іші суық табық үй-жайларда жұмыс істейтін, жүк тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну және демалу үшін беріледі.

Күн сайынғы демалыс. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы арасындағы қызметкерлердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиіс.

Демалыс күндері. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына – екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі.

Мереке күндері. Жалпы ереже бойынша, Қазақстан Республикасында белгіленген мереке күндері жұмыс істелмейді. Мереке күндері мыналар: 1-2 қаңтар – жаңа жыл, 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз – Наурыз мейрамы, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлік мейрамы, 9 мамыр – Жеңіс Күні, 25 қазан – Республика Күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік Күні.

Қорытынды:

Қорыта келетін болсақ өз еңбек құқығын жүзеге асыруда барлық адамдарға бірдей мүмкіндік берілген. Жасына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, діни сеніміне, қай азаматтыққа, қоғамдық бірлестікке жататындығына, жұмыскердің кәсіби шеберлігі мен оның еңбегінің нәтижесіне байланысты емес басқа да мән-жайларға қарай ешкімнің еңбек құқығы шектелмейді және ешкімге қандай да бір артықшылық берілмейді.

Әдістемелік нұсқаулар: Еңбек құқығың терең білу үшін, алдымен еңбек заңдылықтарды жаттап алу емес, осы құқық саланың заңдылықтарын анықтап тану, аппараттың түсінігін меңгеріп алу, негізгі теориялық мәселелермен танысу, нормативтік актілерге сараптама жасап түсініп білу.

Қолданылған әдебиеттер:


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1103 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді.| VІI Тақырып: Азаматтық құқық негіздері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)