Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу

МАЗМҰНЫ | Топырақтың құрылысы және фазалық құрамы | Топырақтың технологиялық қасиеттері | Технологиялық операциялар, процестер және жүйелер | Сына мен топырақтың өзара әсері | Сынаның жұмыс қырына орнату бұрышының оның жұмысына әсері | Жазық бетті сынаның қисық бетке дамыту | СОҚАЛАР | Соқа корпусы | Соқа корпусының жұмыс бөліктері |


Читайте также:
  1. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
  2. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  3. Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау
  4. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
  5. Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика
  6. Ақпараттық экономиканың тұжырымдамасы. Экономикалық ақпараттың мазмұны және мәселелері. Электрондық Үкімет.
  7. Азақстандағы электронды бизнес: болашағы және кедергілері.

Соқаны жұмысқа тегіс алаңда, кейін егістік үстінде дайындайды. Ең бірінші жұмыс органдарының, механизмдерінің, доңғалақтардың және аспаның жағдайын тексереді. Жыртылатын жер жағдайына және жырту мақсатына қарай рамаға керек жұмыс органдарын бекітеді.

Төрт, бес, алты және тоғыз корпусты соқаның жер жырту тереңдігін тегіс алаңда реттейді. Соқа асылған тракторды тегіс алаңға шығарып, оның және соқаның доңғалақтарының астына қалыңдығы өңдеу тереңдігінен 1-2см кіші тақтайлар қояды. Жартылай аспалы соқалардың артқы доңғалақтары жерге тіреледі. Тірек доңғалақтар механизм мен трактордың аспа механизімінің винттерін бұрай отырып соқаның барлық корпустарының түрендерінің тұмсығы жерге тіреліп, ал өкшесі жерден 10 мм биіктікте орналасуын қамтамасыз ету керек. Жартылай аспалы соқада (17д сурет) болтты 29 бұрау арқылы соңғы корпустың атыз тақтайшасының ұшы мен жер беті арасында 1,5...2см саңылау қалдырады. Өңдеу тереңдігін реттеуді егістікте аяқтайды.

Трактордың аспа механизмі арқылы соқа рамасын аңыз бетіне параллель орналастырады. Раманың бойлық және көлденең жазықтықтарда қисаюуы оның жырту тереңдігінің біркелкілігін бұзады. Рама алға қисайса, алдыңғы корпустар терең, ал артқылар таяз жыртады. Егер рама кейін қисайса, соқа жер бетіне шыға береді. Раманың бойлық қисаюын трактор аспасының орталық тартқышының ұзындығын өзгерту арқылы жояды.

Рама оңға қисайғанда бірінші корпус артқы корпустан терең жыртады, ал егер рама солға қисайса, керісінше болады. Раманың көлденең қисаюын трактор аспасынан көлбеу таяныштарының ұзындығын өзгерту арқылы реттейді.

Соқаның алым енін реттеу. Соқа корпусының жыртқан қыртысы ені басқа корпустарының жыртқан корпустарының қыртыстарының ендеріне тең болуы керек. Алдыңғы корпустың алым ені кем болса, соқа өнімділігі азаяды. Алдыңғы корпус алым ені трактор мен соқаның көлденең жазықтықта өзара орналасуына байланысты. Соқаны тракторға дұрыс тіркеу үшін оның алым енін және трактордың шынжыр табанының шеткі нүктелер қашықтығын ескеру қажет.

 

19 сурет – Трактор мен соқаның дұрыс тіркелуі

 

Шынжыр табанның шеті мен қарық қабырғасының арақашықтығы С = 240…300 мм болуға тиіс.

Соқа қарықта орнықты жүру үшін соқа мен трактор қосылуында тарту күшінің бағыты О12 және соқаның трактордың бойлық тартқышына топсалы қосылу нүктесі Ш арқылы өтуі қажет. Мұнда О1 тарктордың ауырлық орталығының (19 сурет) көлденең жазықтықтағы ізі, ал О2 соқаның ауырлық орталығының ізі.

Аспалы және жартылай аспалы соқаны тракторға дұрыс қою үшін О1 нүктесінің О2 нүктесіне түзу жүргізіп, топсалы қосылу қашықтығын А және соқа аспалы мен қарық қабырғасының аралығын Б анықтауға болады.


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 877 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Соқалар конструкцияларына шолу| Соқа корпусына әсер ететін күштер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)