Читайте также:
|
|
Академик В.П.Горячкиннің тұжырымдамасы бойынша, топырақ өңдейтін машиналарының жұмыс органдарының пішіндері әртүрлі болғанымен, олардың геометриялық пішіні сынаға келеді, демек культиватор табанының да соқа корпусының да негізінде сына жатыр.
Жұмыс бетінің геометриялық пішініне қарай сына жазық және қисық сызықты болып екіге бөлінеді. Жазық беттіге соқа корпусының түрені, культиватор табаны, тырма тістері, қопсытқыш пышақтар; қисық сызықты бетке соқаның қайырмасы, канал қазғыштың көтермелі – қайырмалы беттері, түптеуіштер және т.б. жатады.
Сына қозғалыс бағытына орналасуына сәйкес тура және қисық болып бөлінеді. Жұмыс процесіне қатысатын қырларының санына қарай бір, екі және үш қырлы жазық сыналарды айырады.
Бір қырлы жазық сына (4 сурет) жұмыс қыры АВ, ал басқа қыры АС жұмыс процесіне қатыспайды. Сипаттама қасиеті тірек қыры жоқ, сондықтан қарықша түбі сынаға әсер етпейді.
4 сурет - Бір қырлы жазық сына
Үш өлшемді кеңістікте әртүрлі технологиялық қасиеттері бар екі қырлы үш жалпақ тура сыналарды келтіруге болады (5 сурет).
ABCDE (5а сурет) сынасының АВСD жұмыс қыры, ал ВСЕF тірек қыры. Қозғалыс бағытына перпендикуляр ВС қабырғасы жазықтықты кеседі, ал АВСD жұмыс қыры оны өзіне көтереді. Қыртыс көтерілгенде иіледі және ұсақталады (6 сурет). Бұл сынаның негізгі сипаттамасы – бойлық тік жазықтықта орналасқан α бұрышы. Бұл бұрыш үлкен болған сайын қыртыстың иіліп ұсақталуы күшейеді, сондықтан α бұрышы ұсақтау бұрышы деп аталады.
Басқа қарапайым сына A1B1C1D1E1F1 (5ә сурет). A1B1C1D1 жұмыс қыры, ал C1D1E1F1 тірек қыры. Бұл сынаның жұмыс қыры жер жыртысын қозғалысқа перпендикуляр бағытта көтеріп оның аударылуына жағдай жасайды. Сынаның негізгі сипаттамасы көлденең тік жазықтықта орналасқан β бұрышы. Осы бұрыш үлкейген сайын жер қыртысын аударылуы үлкейе түседі (5ә сурет). Демек β бұрышы сынаның жұмыс бетінің топырақ қыртысын аудару қабілетін анықтайды.
5 сурет – Жазық сыналардың түрлері.
6 сурет – Қарапайым сыналардың жер қыртысына әсерінің сипаттамасы.
Үшінші A2B2C2 D2E2 қарапайым сынасына (5б сурет) A2B2C2 D2 жұмыс қыры және A2B2E2F2 тірек қыры бар. A2B2 қабырғасы топырақ қыртысына тік жазықтықта қияды. Сынаның жұмыс қырының әсерінен жер қыртысы көлденең жазықтықта иіліп қозғалады (6б сурет). Қыртыс иілгенде ұсақталады. Бұл сынаның сипаттамасы – көлденең жазықтықта орналасқан γ бұрышы.
Сынаның α бұрышы тік жазықтықта жер қыртысына қандай әсер етсе, γ бұрышы көлденең жазықтықта қыртысқа сондай әсер етеді. Сонда α және γ бұрышты екі сынаның біріккен әсері қыртысты әртүрлі екі жазықтықта бұзылуына әкеліп соғады.
Бірақ топыраққа α, β және γ бұрышты үш қарапайым сынамен кезек әсер ету тиімсіз. Сондықтан академик В. П. Горячкин жоғарыда айтылған үш қарапайым сыналардың ішінен бойында барлық технологиялық қасиеттері бар сынаны көрсетті. Ол үш қырлы қисық ABEF сынасы. Онда бір АВЕ жұмыс қыры сына α, β және γ бұрышттарымен сипатталады, демек оның бойында үш қарапайым сыналардың технологиялық қасиеттерін жиналған.
Сынаның бұрыштары өзара белгілі тәуелділікпен байланысқан: (7 сурет)
ОА = ОВ tgα = OC tgβ
Бірақ ОС = OB tgγ, сондықтан
ОА = ОВ tgα = OB tgγ tgβ
сонда
tgα = tgγ tgβ (9)
7 сурет - Сынаның негізгі параметрлері α, β, γ және ε арасындағы тәуелділікті анықтайтын сызба.
Демек үш қырлы сынада ерікті түрде екі бұрыш беріле алады, ал үшінші бұрыш алдыңғы екі бұрыш мәніне сәйкес (9) өрнек арқылы анықталады.
Сынада жоғарыда келтірілген үш бұрыштан басқа төртінші бұрыш ε жиі пайдаланылады. ε бұрышы жұмыс қырының көлденең жазықтыққа көлбеулігін анықтайды. Ол да α, β және γ бұрыштарына тәуелді (7 сурет):
ОА = ОD tgε = OВ tgα
бірақ ОD = OB sinγ,
cондықтан tgα = tgε sinγ (10)
Осылай есептей келе, tgβ анықтаймыз
tgβ = tgε cosγ (11)
Бұл формулалар түреннің жұмыс бетінің жағдайын есептеуде жиі қолданылады. Топырақтың деформациялану сипаттамасы сынаның жұмыс қырының көлденең және тік жазықтықта орналасуына ғана емес, ол топырақтың физикалық-механикалық қасиеттеріне де тәуелді.
Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 253 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Технологиялық операциялар, процестер және жүйелер | | | Сынаның жұмыс қырына орнату бұрышының оның жұмысына әсері |