Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жазық бетті сынаның қисық бетке дамыту

МАЗМҰНЫ | Топырақтың құрылысы және фазалық құрамы | Топырақтың технологиялық қасиеттері | Технологиялық операциялар, процестер және жүйелер | Сына мен топырақтың өзара әсері | Соқа корпусы | Соқа корпусының жұмыс бөліктері | Соқалар конструкцияларына шолу | Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу | Соқа корпусына әсер ететін күштер |


Читайте также:
  1. Еріксіз тербелістер. Еріксіз тербеліс фазасы және амплитудасы. Резонанс. Резонанстық қисықтар.
  2. Сынаның жұмыс қырына орнату бұрышының оның жұмысына әсері

Кез келген жазық сынада, ол қарапайым екі қырлы немесе үш қырлы болса да, α, β және γ бұрышттары жұмыс беттің әрбір нүктесіне өзгеріссіз тұрақты болады. Сондықтан жер қыртысының деформациясы сынаның жұмыс бетіне көтерілгенде ғана байқалады. Қыртыс иілу немесе жарылу нәтижесінде қираудан кейін сынаның жұмыс бетінде әрі қарай қозғалуы деформациясыз өтеді.

Қарапайым жазық α бұрышты сына қыртысқа интенсивті әсер ету үшін оның қозғалу жолына α2 > α1 бұрышты А2А3 сынасын қою керек (10а сурет), әрі қарай α3 > α2 бұрышты А3А4 сынасын қою керек. Бастапқы сынаны бірнеше рет кезекпен дамыту А1А2А3А4 көп қырлы бет құруға әкеледі. Сонда қыртысты үзбей деформациялау үшін А1А2А3А4 көп қырлы фигураға іштей жанап созылған қисық сызықты бетті пайдалану керек (10ә сурет).

Жалпы жағдайда қисық үш қырлы сынаны қисық сызықты бетке дамыту үшін α, β және γ бұрыштарын үзіліссіз өзгерту қажет.

Бірақ өңдейтін топырақтың қасиеттеріне сәйкес α немесе β дамуда үстемдік алуы мүмкін.

Егер топырақ байланыссыз сусымалы болса, өңдеу құралының міндеті – қопсыту және бөлшектерді араластыру. Бұл міндет бойлық тік жазықтықта дамитын α бұрышты сына арқылы орындалады. Үш қырлы жазық сынаның бойлық тік жазықтықта бұрышы орналасқан α1 жұмыс қырын α2 > α1 бұрышты басқа сынаның A2B2C2 жұмыс қырымен қиып түсейік (11а сурет). Бұрышы α2, A2B2C2 жұмыс қырын α32 бұрышты A3B3C3, жұмыс қырымен, ал α3 бұрышты A3B3C3 қырын α4 α3 бұрышты A4B4C4 жұмыс қырымен қисық түсейік. Осының нәтижесінде α1234 дамитын қопсыту бұрыштары бар төрт жазық жұмыс қырынан тұратын сынақ жұмыс беті құралады, ол соқа корпусының жұмыс бетін салуға негіз бола алады (11а сурет).

A4B4C4 – сынасының жұмыс бетін жоғарыда 4–4 сызығымен шектеп, ал II, III және IV жұмыс қырларының жазықтарын көрші квадратқа созып, соқа корпусының сынақ жұмыс бетін аламыз (11ә сурет).

Қисық үшбұрышты сыналардың жұмыс қырларының қиылысуында түзулер: 1-1, 2-2, 3-3 пайда болады.

Шексіз көп сыналардың қиылысуы шекте қисық сызықты ойық жұмыс бетті құрайды. Көрсетілген мысалда бұл цилиндрлік бет (γ=const). Мұнда жазық үш қырлы қисық сыналардың жұмыс қырларының әрбір қиылысу сызығы цилиндрдің жасаушысы болады.

Шымдалған байланысты топырақты сынамен қопсыту мүмкін емес, сондықтан оның қыртысын аударып, басқа құралдармен қопсытады. Бұл жұмыс көлденең тік жазықтықта күшті дамыған β бұрышты сынамен орындалады. Мұнда қыртыс үзілмеуі үшін қопсыту бұрышы α нашар дамуы керек.

β бұрышы АВСО сынасының ВС қабырғасы көлденең тік жазықтықта айналуы (12 сурет) және бір уақытта оның көлденең жазықтықта жатқан х осіне параллель ВД түзуінің бойымен қозғалуында дамиды. Осының нәтижесінде винттік бет (геликоид) құрылады.

Демек жазықтық қисық үшін қырлы сынаның жұмыс беті оның әр параметрлерінің дамуына сәйкес соқа корпусының әртүрлі типті бетін құрауы мүмкін. Мысалы, цилиндрлік (α бұрышы дамығанда), цилиндроидалдық (α және γ бұрыштары дамығанда) және винттік (β бұрышты) дамығанда құрылады.

10 сурет - Қарапайым сынаның қисық сызықты бетке дамуы.

11 сурет - Қисық үш қырлы сынаның цилиндрлік бетке дамуы.

12 сурет - Қисық үш қырлы сынаның винттік жұмыс бетке дамуы.

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 243 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сынаның жұмыс қырына орнату бұрышының оның жұмысына әсері| СОҚАЛАР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)