Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СОҚАЛАР

МАЗМҰНЫ | Топырақтың құрылысы және фазалық құрамы | Топырақтың технологиялық қасиеттері | Технологиялық операциялар, процестер және жүйелер | Сына мен топырақтың өзара әсері | Сынаның жұмыс қырына орнату бұрышының оның жұмысына әсері | Соқа корпусының жұмыс бөліктері | Соқалар конструкцияларына шолу | Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу | Соқа корпусына әсер ететін күштер |


Соқалардың жалпы құрылысы және жіктелуі

Соқа рамаға орнатылған жұмыс органдарынан, механизмдерден, тірек доңғалақтардан, асу немесе тіркеме тетіктерінен тұрады. Соқаның негізгі жұмыс органдары – пышақ 1 (13 сурет), шым аударғыш 2 және корпус 3. Пышақ топырақ қыртысын тік жазықтықта кеседі. Шым аударғыш қыртыстың шымдалған бөлігін кесіп, оны аударады және қопсытады.

 

13 сурет - Соқаның жұмыс органдары.

 

Соқалар корпусының құрылысына, атқаратын жұмысына, трактормен байланысуына және технологиялық процесіне қарай жіктеледі.

Корпусының құрылысына қарай ол түренді, дискілі, ротациялы және құрамалы болып бөлінеді.

Атқаратын жұмысына қарай жалпы және арнайы жұмысқа арналған соқалар болып екіге бөлінеді.

Трактормен байланысуына сәйкес соқалар тіркемелі, жартылай аспалы және аспалы болып жіктеледі. Технологиялық процесінің ерекшелігіне қарай соқаларды айқара-қаусыра және тегіс жыртатын деп айырады.

Шаруашылықты жалпы жұмыстарда қолданылатын соқалардың сипатамаларын 3.1 кестеден көруге болады.


Кесте - Соқалардың сипаттамасы

 

Көрсеткіш тер Аспалы соқалар Жартылай аспалы соқалар
ПН-30 ПН-2-30 ПЛН-3-35 ПЛН-4-35 ПЛН-4-40 ПЛН-5-35 ПЛН-8-40 ПЛ-5-35 ПЛП-6-35 ПТК-7-35 ПТК-9-35
Трактор классы, КН     10-20   30-40 30-40 50-60 30-40 30-40 30-40 50-60
Корпус саны                      
Алым ені, м 0,3 0,6 1,05 1,4 1,6 1,4-1,75 3,2 1,75 2,1-1,4 2,45 3,15-2,6
Соқа салмағы, кг                      
Топырақ кедергісі, кПа                      
Өңдеу тереңдігі, см                      
Өңдеу жылдамдығы км/сағ 5,3 5,3 8,7 9,0 9,0 6,1 6,1        
Жұмыс өнімділігі, га/сағ 0,15 0,41 0,77 1,26 1,44 0,91 1,95 1,71 2,0 2,69 3,46

 


Соқалардың жұмысына қойылатын талаптар:

- жер жыртудың тереңдігінің берілген мөлшерден ауытқуы 5%-дан аспаған жөн;

- соқалардың кесіп аударатын қыртыстарының геометриялық өлшемдерінің мөлшері тұрақты болуы керек;

- қыртыстар аударылғанда арамшөп, өсімдік қалдықтарын және себілген тыңайтқыштарды толық көмуі тиіс;

- өңделген жердің беті тегіс, аударылған қыртыстардың үстіндегі жалдар біркелкі болып, 5см аспауы керек;

- көрші алымдар арасында кең ашылған қарықтар, болмаса өңделмеген жалдар болмауы тиіс.

 

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 1280 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жазық бетті сынаның қисық бетке дамыту| Соқа корпусы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)