Читайте также: |
|
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДУОВ М.
ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР МЕН ҚҰРАЛДАР
Ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы
АСТАНА, 2011
ББК 41. 43 Я7
Ә 11
УДК 631.3 (075.8)
Әдуов М.
Ә 11 Топырақ өңдеуге арналған машиналар мен құралдар (Оқу құралы) – Астана: – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. 2009 – 103 бет.
ISBN 9965-829-35-7
Бұл оқу құралында топырақ өңдеуге арналған машиналар мен құралдардың құрылысы, жұмысының технологиялық процесі, реттеулері, жұмыс органдарының параметрлері мен жұмыс режимін есептеу әдістемелері қарастырылған.
Техникалық факультетінің әдістемелік комиссиясы (С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ техникалық факультетінің №17 хаттамасы, 10.01.2011), Қазақ агротехникалық университетенің ғылыми кеңесі (С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ ғылыми кеңесінің №9 хаттамасы, 25.02.2011) және Қазақ ҰАУ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі (Қазақ ҰАУ ОӘС РОӘК №6 хаттамасы, 12.05. 2011) құптаған.
ББК 41. 43 Я7
Пікір жазғандар:
Есхожин Ж. З. – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, техника ғылымының докторы.
Қошанов О. М. – Қазақ Республика астық ғылыми-зерттеу институтының лаборатория меңгерушісі, техника ғылымының кандидаты.
Ә | © С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2011 |
ISBN 9965-829-35-7 |
МАЗМҰНЫ
Кіріспе..........................................................................................................5
1. Топырақтың құрылысы, фазалық құрамы және технологиялық
қасиеттері.......................................................................................................6
1.1 Топырақтың құрылысы және фазалық құрамы...................................6
1.2 Топырақтың технологиялық касиеттері...............................................8
2. Топырақты механикалық өңдеудің технологиялық негіздері..........................................................................................................13
2.1 Технологиялық операциялар, процестер және жүйелер......................13
2.2 Жер жыртудың түрлері..........................................................................14
2.3 Топырақты өңдеуге қойылатын агротехникалық талаптар................14
2.4 Сына мен топырақтың өзара әсері........................................................15
2.5 Сынаның жұмыс қырын орнату бұрышының оның жұмысына әсері...........................................................................................................18
2.6 Жазық бетті сынаны қисық бетке дамыту............................................21
3. Соқалар.......................................................................................................24
3.1 Соқалардың жалпы құрылысы және жіктелуі......................................24
3.2 Соқа корпусы...........................................................................................26
3.2.1. Соқа корпусының жұмыс бөліктері...................................................28
3.3. Шым аударғыш, бұрыш кескіш және пышақ......................................28
3.4 Соқалар конструкцияларына шолу........................................................30
3.5 Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу..............................................................................................................32
3.6 Соқа корпусына әсер ететін күштер......................................................34
3.7 Соқа корпусы мен шым аударғыштың біріккен әсеріне топырақ кедергісі..........................................................................................................35
3.8 В. П. Горячкиннің рационалдық формуласы. Соқаның пайдалы әсер коэффициенті................................................................................................36
4. Тырмалар....................................................................................................37
4.1 Тісті тырмалар........................................................................................37
4.2. Дискілі тырмалар...................................................................................39
4.3 Тісті тырмалардың негізгі өлшемдерін және тарту күшін анықтау...42
5 Сыдыра жыртқыштар.................................................................................45
5.1 Дискілі жұмыс органдарының негізгі геометриялық және орнатылу параметрлері..................................................................................................48
6 Культиваторлар..........................................................................................50
6.1 Жаппай өңдейтін культиваторлар..........................................................51
6.2 Отамалы культиваторлар........................................................................55
6.3 Культиватордың негізгі параметрлерін анықтау..................................61
7 Топырақ өңдейтін фрезалар......................................................................67
7.1 Фрезаның жұмыс органының кинематикасы және негізгі параметрлері.................................................................................................68
8 Катоктар......................................................................................................71
8.1. Катоктар мен доңғалақтар теориясының негіздері............................72
9 Жел эрозиясына ұшыраған топырақты өңдеуге арналған машиналар мен құралдар.................................................................................................73
10. Су эрозиясына ұшыраған топырақты өңдеуге арналған машиналар.....................................................................................................79
11 Топырақ өңдейтін құрастырмалы машиналар мен агрегаттар...........80
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................84
КІРІСПЕ
Машиналар жүйесі – өндірістік процестерді механикаландыруда қолданылатын бір-бірімен технологиялық процесте байланысқан, технико-экономикалық параметрлері мен өнімділігі сәйкестендірілген машиналар жиынтығы. Машиналар жүйесін елдің табиғи-климаттық аймақтарының ерекшеліктерін ескеріп жасайды (жобалайды).
Әрбір жүйе энергетикалық, тасымалдағыш, тиегіш, технологиялық, басқарушы-бақылаушы және кибернетикалық машиналар тізбегінен тұрады.
Ауылшаруашылық машиналар (АШМ) технологиялық машиналар қатарына жатады. Олар бір немесе бірнеше операцияларды орындайды, сонда өңделетін материалдар өздерінің өлшемдерін, пішінін, жағдайларын физикалық және биологиялық қасиеттерін өзгертеді.
Ауыл шаруашылығында істейтін машиналардың басқа машиналардан айырмашылығы – олардың тірі табиғатқа тура әсері және орындайтын операцияларын жыл мерзіміндегі тұрақты орны. АШМ өңдейтін материалдарға: өсімдіктер, дәндер, топырақ және тағы басқа нысандар жатады. Сондықтан жаңа ауылшаруашылық машиналар жасағанда немесе таңдағанда өңделетін өсімдіктердің технологиялық қасиеттері мен агробиологиялық ерекшеліктерін, топырақ-климаттық жағдайлар мен жұмыс өткізу мерзімін ескерту қажет.
Ауылшаруашылық машиналар жылжымалы, тұрақты және қозғалмалы болады. Жылжымалы машиналарда технологиялық процесс оның қозғалысы кезінде өтеді. Тұрақты машиналардың жұмыс орны өзгермейді. Қозғалмалы машинаны бір позициядан келесі позицияға онда орналасқан материалдарды өңдеу үшін қозғайды.
АШМ тіркемелі, жартылай аспалы, аспалы және өздігінен жүретін болып бөлінеді.
Ауылшаруашылық машиналарға атқаратын жұмысына қарай оның сапасын анықтайтын агротехникалық талаптар қойылады.
Машиналардың техникалық деңгейін анықтайтын көрсеткіштерінің бірі – оның өнімділігі немесе берілген уақыт бөлігінде қажетті сапамен орындалған жұмыс мөлшері. Ауылшаруашылық машиналардың өнімділігі орындалатын жұмыс түріне сәйкес өлшемдермен анықталады. Мысалы, жер жыртуда бір сағатта өңделген жер ауданы, га/сағ.
Ауылшаруашылық машиналарды ұтымды пайдалану үшін оның құрылысын, жұмысын, технологиялық процесін және реттеулерін білу қажет. Ұсынылып отырған оқу құралы осы мақсатқа арналған.
Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 246 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Трагедия «Стальных» людей | | | Топырақтың құрылысы және фазалық құрамы |