Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сынаның жұмыс қырына орнату бұрышының оның жұмысына әсері

МАЗМҰНЫ | Топырақтың құрылысы және фазалық құрамы | Топырақтың технологиялық қасиеттері | Технологиялық операциялар, процестер және жүйелер | СОҚАЛАР | Соқа корпусы | Соқа корпусының жұмыс бөліктері | Соқалар конструкцияларына шолу | Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу | Соқа корпусына әсер ететін күштер |


Читайте также:
  1. Access 9х-пен жұмыс істеу режимі (тәртібі).
  2. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері.
  3. Азаматтық қоғам және оның институттары
  4. Аналитикалық дәріс. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық және инфляция.
  5. Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу
  6. Бөлім. Музыка жетекшісін педагогикалық жұмысқа
  7. Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.

 

Жалпы жағдайда сына екі функция атқарады: топырақ қыртысын қирату және оны қозғау. Қиратуда сынаның принципиалдық ерекшелігі: аз қозғаушы Т күшті қолданып қыртысқа үлкен қалыпты қысым күшін туғызып, оның элементтерін жаныштап жарылуына жағдай туғызуды пайдаланады (8а сурет). Қыртыстың реакция күші күштік үшбұрыштан (8ә сурет) анықталады.

 

8 сурет – Қыртыс пен сынаның өзара әсері.

 

 

(12)

 

Егер α= 150 болса, N=4T

 

Сына мен топырақтың өзара әсері сипаттамасына жұмыс қырының горизонталдық жазықтыққа көлбеулік α бұрышы үлкен әсер тигізеді. Осыған көзімізді жеткізу үшін топыраққа енген солдан оңға қарай қозғалған АВС сынасын қарастырайық (9 сурет).

Топырақ бөлшегіне сынаның жұмыс қырының m нүктесінің қалыпты қысымын екі құрашыға жіктейік. Құраушы Nv сына қозғалыс бағытымен, ал Nт күшті сына бойымен жіберейік. Бөлшекке қалыпты күштен N басқа үйкеліс күші F әсер етеді. N және F күштері R күшін құрайды, ол нормальдан φ бұрышына ауытқиды. Мұнда α бұрышының мәніне сәйкес сынаның жұмысының екі режимі ықтимал: бөлшек жұмыс беттің бойымен тайғанап қозғалады (түрен, жазық кескіш табан және т.б.); топырақ жұмыс бетімен бірге қозғалады (бульдозер қайырмасы, грейдер пышағы, культиватордың қопсытқыш табаны және т.б.).

9 сурет - Сынадағы бөлшекке әсер ететін күштер.

Егер қалыпты қысымының жанама құраушысы Nт топырақтың сына бетімен максималдық үйкеліс күшінен үлкен болса, бөлшектің сынаның жұмыс қырымен қозғалуы мүмкін, демек N > Fm.

Бірақ

 

ал

 

 

мұнда φ – топырақтың сынаның жұмыс бетімен үйкеліс бұрышы.

Демек топырақтың сына бетімен тайғанап қозғалу шарты келесі түрде болады.

немесе

(13)

 

Жұмыс бетке қалыпты N әсер бағыты мен оның қозғалыс жылдамдығы V бағыты арасындағы бұрыш кез келген топырақ өңдейтін машинаның жұмыс органының маңызды параметрлерінің бірі болғандықтан, оны жеке символмен белгілейік. Сонда материалдың жұмыс бетімен тайғана қозғалу шарты қарапайымдалады:

ξ > φ

 

Егер ξ < φ болса, онда Nт және F күштері өзара теңгеріліп, материал жұмыс бет бойымен қозғалмайды, қозғаушы күш Nv болғандықтан бөлшек және жұмыс бет бір бағытта қозғалады. Бұл жағдайда сына алдындағы барлық топырақ массасын бірге итереді.

Жоғарыда келтірілген заңдылық γ бұрышты сынаға қатысты. Бұл жағдайда α бұрышын γ бұрышымен алмастыру керек. Сонда топырақтың жұмыс бетімен тайғанап қозғалу шарты келесі түрде жазылады:

 

γ (15)

9а сурет – Топырақтың сынаға кедергісінің құраушыларының (Rx, Rz) α бұрышының өзгеруіне сәйкес тәуелділігі.

 

Сына қозғалуындағы топырақ кедергісіне α бұрышы күшті әсер етеді (9 сурет). Суреттен көрінгендей, α бұрышы өскен сайын топырақ кедергісінің көлденең құраушысы Rx өседі, ал тік Rz кемиді. Rx күші технологиялық процеске шығындалған энергия шығынын, ал Rz сынаның топыраққа тереңдетуін сипаттайды.

Графиктен көрінгендей, аз энергия шығынымен сынаның жақсы тереңделуі α бұрышының аз мәндерінде байқалады.


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 147 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сына мен топырақтың өзара әсері| Жазық бетті сынаның қисық бетке дамыту

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)