Читайте также:
|
|
Ақпарат - қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілер, олардың параметрлері, қасиеттері мен қалып күйлері туралы өмір сүру немес жұмыс барысында ақпараттық жүйелер (тірі организмдер, басқару машиналары) қабылдайтын мәліметтер.
Әр түрлі қабылдаушының алдыңғы біліміне, түсінігіне, қызығушылығына байланысты бірдей ақпарат көлемі (мақала, хат, телеграмма, сұлба, хабарлама) әр түрлі болуы мүмкін
Ақпарат - мәліметтің сипаттамасы емес, мәлімет пен оны қабылдаушы арасындағы қатынас. Тұтынушысы болмаса, ақпарат туралы айту қажет емес.
Ақпаратпен техникалық құрылғыда автоматты жұмыс кезінде ақпараттың мазмұны емес, ондағы символдар саны туралы айтылады.
Ақпаратты компьютерде өңдеуде ақпарат деп мағынасы бар және компьютерге түсінікті түрде бейнеленген символдық белгілеулердің (әріп, цифра, кодталған графикалық бейнелер мен дыбыстар) тізбегі туралы сөз болады. |
Ақпараттың түрлері:
- мәтін, сурет, сызба, фотобейне,
- жарықтық және дыбыстық сигналдар, радиотолқындары, электр және нерв импульстары, магниттiк жазба сигналдары,
- қимылдар, мимика, иіс және дәм,
- ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым арқылы берілетін хромосомдар.
Ақпараттық қасиеттері тұрғысынан қарастырылатын материалдық немесе материалдық емес заттар, үдерістер, құбылыстар ақпараттық объектілер деп аталады.
Ақпараттың қасиеттері:
1) Дәлдiгi - iстiң ақиқаттық жағдайын толық ашу керек.
2) Толықтығы - ақпаратты түсiнуге және белгiлi бiр шешiм қабылдауға жеткiлiктi болуы керек.
3) Бағалылығы – ақпаратты пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше аламыз.
4) Түсiнiктiлiгi - ақпараттың пайдаланушыға түсiнiктi тiлде жазылуы.
5) Объективтілігі және субъективтілігі.
Мысалы, фотодағы табиғаттың суреті не құбылысы бізге объективті ақпарат береді. Ал адам салған бұл табиғат суреті объективті бола алмайды. Ақпараттық үдеріс барысында ақпараттың объективтілігі әр қашан төмендейді. Мысалы, құқық пәндерінде бір оқиғаны көрген адамдар әр кім өз түсінігі бойынша әр-түрлі ақпарат береді.
Мәліметтермен жүргізілетін негізгі амалдар: сақтау, жинақтау, беру (шығару), тасымалдау, өңдеу
Ақпаратты өңдеу - қандай да бір алгоритмді (нұсқауларды) орындау арқылы бір ақпараттық объектілерден екінші ақпараттық объектілерді алу. Ақпаратты өңдеу құралдары: компьютер, тірі ағзалар, өсімдіктер.
Ақпарат қалай тасымалданады?
Байланыс каналы
Ақпарат көзі Қабылдаушы
(кодталған ақпарат) (кері кодталады)
Мысал: телевидение, ауа-райы, сезім мүшелері – нерв импульстары).
Байланыс каналдары арқылы берілетін ақпарат кедергінің әсерінен өзгеуі мүмкін.
Ақпарат мөлшері қалай өлшенеді?
Соңғы уақытта ақпарат мөлшері деп ақпараттың жаңалығы немесе ақпараттың анықсыздығын азайтуы туралы айтылады.
Американдық инженер Р. Хартли (1928 г.) – ақпарат алуды алдын ала белгілі N тең дәрежелі хабарламадан біреуін алу деп, ал алынған хабарламадағы ақпарат мөлшерін (І) N екілік логарифмі деп қарастырады.
Хартли формуласы: I = log2N
Мысалы, бір мен жүз аралығы сандарынан бір санды алу керек. Хартли формуласы бойынша қажет ақпарат мөлшері I = log2100» 6,644 есептеледі. Дұрыс табылған сан туралы дұрыс хабарламада 6,644 ақпарат мөлшері болады.
Ақпарат теориясында ақпарат дегеніміз – екі тең дәрежелі хабарламаны ажыратуға қажет ақпарат мөлшері. ЕТ-да бит деп деректер мен командаларды машинада бейнелеуге пайдаланылатын "0" мен "1" белгілерінің біреуін сақтауға арналған жадының ең кіші бөлігі. Кез келген символды кодтауға (8 бит) 1 байт қажет болады. Клавиатура алфавитінің 256 символын кодтауға 8 бит (256=28) қажет болады. |
Ақпараттың өлшем бірлігі 1 бит (англ. bit — binary, digit — екілік сан).
· 1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,
· 1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,
· 1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.
· 1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,
· 1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт.
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 822 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Информатиканың ғылымдар жүйесіндегі орны | | | Дәріс 2. Информатиканың арифметикалық негіздері. |