Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 5. Операциялық жүйелер. Бағдарламалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы.

Зертханалық сабақтарды жоспарлау | Түсіндірме сөздік | Дәріс 1. Информатика пәні және міндеттері. | Информатиканың ғылымдар жүйесіндегі орны | Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. | Дәріс 2. Информатиканың арифметикалық негіздері. | Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау | Компьютердің логикалық элементтерінің белгіленуі | Графтар және ағаштар: ағаштар, бағытталмаған графтар, бағытталған графтар. | ЭЕМ даму буындары |


Читайте также:
  1. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
  2. Аналитикалық дәріс. Мемлекеттің әлеуметік және аймақтық саясаты
  3. Аналитикалық дәріс. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық және инфляция.
  4. Дәріс 1. Информатика пәні және міндеттері.
  5. Дәріс 14. Компьютерлік желілер.
  6. Дәріс 2. Информатиканың арифметикалық негіздері.

Дербес компьютердегі пайдаланушының жұмысын ұйымдастырудағы операциялық жүйенің ролі. Операциялық жүйенің қызметі. Операциялық жүйенің топтамасы. Бірмәнді және көпмәнді, бір пайдаланушыға және көп пайдаланушыларға арналған операциялық жүйелер.

Қолданбалы ПҚ бүтін ақпараттық жүйенің есептеу үрдiсiн ұйымдастыру және қолданушының нақты есептерін шешу үшін арналған.

Базалық(жүйелік) ПҚ құрамына мыналар кіреді:

· Операциялық жүйелер

· Сервистік бағдарламалар

· Тілдерді бағдарламалаудың трансляторлары

· Техникалық бағдарламалаудың қызмет көрсетуі

 


3. сурет Базалық ПҚ құрлымдық кескіні.

Жүйелік программалар компьютердің аппараттық жабдықтарын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады. Олардың құрамына: операциялық жүйелер, драйверлер, утилиттер және басқа да жүйелік (сервистік) программалар кіреді.

Операциялық жүйе (ОЖ)– адам мен ЭЕМ арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын программалар тобы. Операциялық жүйенің екі негізгі қызметі: 1) Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, олардың бір-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету; 2) Әрбір адамға ЭЕМ-ді басқару мүмкіншілігін беру.

Операциялық жүйенің негізгі жұмысына программалардың бiр-бiрiмен және сыртқы құрылғылармен байланыса отырып әрекет етуiн қамтамасыз ету, оған керектi ЭЕМ-нiң жадын бөлу, программаларды және жұмыс нәтижесiн қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәлiметтердi сыртқы ортадан алу және беру сияқты функциялар жатады.

Операциялық жүйе түрлерiне MS-DOS (PS-DOS), CDOS, MSX, UNIX және WINDOWS 95, 98, 2000, NT программалары жатады.

ОЖ-тың екі негізгі қызметі:

1)барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппаратық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету

2)әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру.

ОЖ-нің негізгі жұмысына программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен байланыса отырып әрекет етуін қамтамасыз ету, оған керекті ЭЕМ-нің жадын бөлу, программаларды және жұмыс нәтижесін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру сияқты функциялар жатады. ОЖ-нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ-нің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ-ның командалық тілі пайдаланады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режімін орнату сияқты әр түрлі әрекеттерді орындайды. ОЖ – Адам мен ЭЕМ-нің аппараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе біріктірілген программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер -сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер -жұмысты жеңілдететін программалар және тағы басқалар кіреді.

Драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары (мысалы, клавиатураныкі – key.com, тышқан құрылғысыныкі –mouse.com т.б.).

ОЖ-нің атқаратын қызметін үш топқа жіктейміз

1) мәліметтерді еңгізу-шығарудың барлық түрлерін ұйымдастыру

2) ЭЕМ-нің сыртқы ортамен қатынасын ұйымдастыру

3) мәліметтерді сақтау мен өңдеу жұмыстарын атқару.

ОЖ-нің түрлері: MS-DOS (PS-DOS), CDOS, MSX, WINDOWS, UNIX жүйелері.

MS-DOS –бір есепті, командалық интерфейсте жұмыс істейтін ОЖ. MS DOS жүйесі 1981 жылы IBM PC компьютерлерімен бірге шықты.

WINDOWS– көп терезелі, көп есепті, көп пайдаланушылы графикалық интерфейсті ОЖ.

 


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 642 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жады түрлері| Операциялық жүйелердегі (ОЖ) негізгі ұғымдар мен белгілер.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)