Читайте также:
|
|
Объект – қарастырылып отырған, белгілі бір нәрсе немесе процесс.
Жүйе - өзара байланыстағы объектілерден элементтерден) тұратын біртұтас нәрсе.
Жүйенің түрлері:
1) Материалды, көзбен көріп, қолмен ұстауға болады). Мысалы стол: беті, сирағы, болттар,..
2) Материалдық емес, мысал, ауа, қандай да бір үдеріс процесс).
3) Аралас
Жүйенің негізгі қасиеті: жүйелік эффектінің пайда болуы. Жүйенің эффектісі дегеніміз жүйеге жаңа элемент қосылғанда, жүйеде оның ешбір элементінде жоқ жаңа қасиет пайда болады.
Ақпараттық моделдің түрлері.
1) Cызықтық
| 2) Кестелік | 3) Иерархиялы | |||
Сызықтық модельде жүйедегі элемент реттік номерімен анықталады.
Кестелік модельде элемент орналасқан бағанның және жолдың номерімен анықталады.
Иерархиялы модель графтар мен ағаштар түрінде болады.
Граф дегеніміз төбелер мен төбелер жұптарының жиыны. Граф доғалармен және қабырғалармен байланысқан төбелерден тұрады.
Егер сызық бағытталған болса онда ол доға, ал бағытталмаған болса қабырға деп аталады. Доға қарама-қарсы бағытталған болса, онда оны бір қабырғамен көрсетуге болады. Барлық сызықтары бағытталған болса граф бағытталған деп аталады. Доға немесе қабырғаға байланысқан екі сызықты сыбайлас деп атайды.
А-бағытталмаған; Б-бағытталған граф
Графтың төбесі – объектіні, ал қабырғалары доғалары) – олардың арасындағы байланысты білдіреді. Граф арқылы жүйенің құрылымын көрнекі бейнелеуге болады.
Мысалы, жүйе – қалам, оъектілері - денесі, қалпағы, стержень
Белгіленген граф дегеніміз –белгіленген немесе сызықтары қандай да бір ақпаратпен байланысты граф 2 сурет).
2 сурет
Бұл ақпарат байланыс каналы) сөйлемнің немесе сызықтың салмағы деп аталады. Салмақ жазу түрінде беріледі. Салмақтың берудің басқа әдістері бар: түрі, түсі, бояулығы.
Графты берудің тағы бір түрі: графтың берілген төбесі тікелей байланыстағы түйіндердің тізімін беру.
Суретте берілген графты төмендегі кестелік құрылыммен көрсетуге болады
S | Көрші түйіндер тізімі | |||
S бағанасында түйін номері, ал келесі бағаналарда онымен байланысқан түйіндер көрсетілген.
Химияда атомдардың байланысын граф арқылы бейнеленеді.
Граф мысалдары: Шежіре ағашы, қалалар арсындағы қатынас, картадағы темір жол маршруты, аэропорттағы әуе рейстерінің картасы
Егер граф байланысты және циклсіз болмаса, онда ол ағаш деп аталады. Графтағы төбелердің әрбір жұбы тек бір ғана тізбекпен байланысса, сонда ғана граф ағаш болады. N төбесі бар ағаштың N-1 қабырғасы болады. Ағаштың кез келген қабырғасын алып тастаса, онда ол байланыссыз болады.
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 1593 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Компьютердің логикалық элементтерінің белгіленуі | | | ЭЕМ даму буындары |