Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зертханалық сабақтарды жоспарлау

Дәріс 1. Информатика пәні және міндеттері. | Информатиканың ғылымдар жүйесіндегі орны | Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. | Дәріс 2. Информатиканың арифметикалық негіздері. | Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау | Компьютердің логикалық элементтерінің белгіленуі | Графтар және ағаштар: ағаштар, бағытталмаған графтар, бағытталған графтар. | ЭЕМ даму буындары | Жады түрлері | Дәріс 5. Операциялық жүйелер. Бағдарламалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы. |


Информатика кафедрасы

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ

 

 

Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

_______________________________________________

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

 

5B072900-Құрылыс мамандығының студенттеріне арналған

 

 

 

Астана – 2012


СИЛЛАБУС

1.Байгушева Канагат Мубараковна – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетің информатика кафедрасының доценті, п.ғ.к.

Байланыс телефоны: жұмыс тел. 709550 (31 113), эл.пошта:baigusheva_km@enu.kz;

Бас оқу ғимараты, кабинет № 170

2. Пәннің атауы, коды және кредиттер саны:

Пәннің аты –Информатика, Пән коды – Inf 1105. Кредит саны – 3.

3. Оқу пәнінің өткізілетін орны және уақыты:

2 семестр – сабақ кестесі бойынша

4. Оқу пәнінің пререквизитттері және постреквизиттері:

Реквизит алды (пререквизит): орта мектеп көлеміндегі информатика пәнін және математиканы білу керек.

Реквизиттен кейін (постреквизит):мамандықты ңақпараттандырумен байланысты пәндер.

5. Оқу пәнінің мінездемесі:

5.1. Оқу пәнінің арналуы:

Оқытылатын пән болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін, ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.

5.2.Оқу пәнінің мақсаттары:

Студенттерді ақпараттану дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерін қолдануда, математикалық және сандық үлгілеуде, ғылыми-техникалық есептердің нәтижелі алгоритмдерін құруда, пәндік салада қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды қолдануда студенттердің білім және дағды алуын қамтамасыз ету, компьютерлік графика, деректер қорын жобалау негіздерімен, желілік технологиялар негізгі концепцияларымен таныстыру.

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

­ ақпарат және ақпараттану бойынша студенттердің теориялық білімдерін қалыптастыру;

­ дербес компьютердің аппараттық және бағдарламалық қамтамалары бойынша студенттердің білім, білікті қалыптастыру;

­ дербес компьютермен жұмыс жасай білуінің іс тәжіребилік біліктілігін қалыптастыру;

­ желілік технологияларды қолдануға қажет біліммен және біліктілікпен қаруландыру.

5.4. Пәннің қысқаша мазмұны. Оқу пәні келесі негізгі тақырыптарды қарастырады: Ақпарат және ақпаратану; Компьютердің аппараттық және бағдарламалық қамтамалары; Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар (MS Word мәтіндік процессоры, MS Excel кестелік процессоры, MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі); Компьтерлік желілер; Компьютерлік қауіпсіздік және қорғау.

5.5. Оқу пәнінің жоспары:

 

№ ап та Тақырыптар атаулары Оқыту түрлері, сағаттар саны СӨЖ тапсырмалары
1. Информатика пәні және міндеттері. Информатика ғылым және техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Ақпараттың бейнеленуінің әртүрлі деңгейлері. Мәліметтерді тасушылар. Мәліметтермен операциялар Дәріс (1 сағ), СӨЖ (6 сағ) 1.Ақпараттық үдерістерді сипаттау. Ақпарат өлшем бірліктері.
2. Информатиканың арифметикалық негіздері.Ақпараттық берілу формалары. Санау жүйелері және ақпаратты кодтау. Екілік, сегіздік, ондық және оналтылық санақ жүйелері. Әр түрлі санау жүйелеріндегі әрекеттер.   Дәріс (1сағ), СӨЖ (6 сағ) 1. Есептер шығару. Ақпаратты кодтау. Ақпаратты өлшеу бірліктері. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру. Екілік санау жүйесі. Екілік арифметика. 2.Он алтылық санау жүйесі. Тура және кері кодтар. «Арифметикалық негіздер» тақырыбы бойынша тестілеу және өзіндік жұмыс.
3. Дискретті математиканың негізі Функция, қатынас және жиын. Логика негізі, логикалық ойларды айту, логикалық байланыстар, ақиқаттылық кестелері. Графтар және ағаштар: ағаштар, бағытталмаған графтар, бағытталған графтар Дәріс (1сағ), СӨЖ (6 сағ) «Информатиканың логикалық негіздері» тақырыбы бойынша өзіндік жұмыс.
4. Дербес компьютердің архитектурасы. Құрылысының ақпараттық-логикалық негіздері. Функциональды-құрылымдық ұйымдастыру. Микропроцессорлар. ДК есте сақтау құрылғысы. Жадының құрылымы. Жадында мәліметтердің берілу тәсілдері. ДК негізгі сыртқы құрылғылары.. Жедел жады. BIOS. Шиналар мен порттар. Жинақтағыш құрылғылар. Дәріс (1сағ), СӨЖ (6 сағ) 1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары. Функционалдық-құрылымдық ұйымдастыру. Жадының құрылымы: ішкі және сыртқы жады. Компьютер жадында мәліметтерді беру тәсілдері. 2. Компьютердің негізгі блоктары. Қосымша құрылғылар. Логикалық құрылғылар. Микропроцессор және оның негізгі сипаттамасы. Кэш-жады. Жүйелік тақташа. Сокеттер мен слоттар.
5. Операциялық жүйелер. Дербес компьютердегі пайдаланушының жұмысын ұйымдастырудағы операциялық жүйенің ролі. Операциялық жүйенің қызметі. Операциялық жүйенің топтамасы. Бірмәнді және көпмәнді, бір пайдаланушыға және көп пайдаланушыларға арналған операциялық жүйелер. Дәріс (1сағ), СӨЖ (6 сағ) «Дербес компьютердің архитектурасы», «ЭЕМ даму тенденциялары және қалыпты жағдайы», «Windows операциялық жүйелері», «Бағдарламалық қамтамасыздандырудың даму тенденциялары және жағдайы» тақырыптары бойынша өзіндік жұмыс
6. Windows операциялық жүйесі.Windows операциялық жүйесінің тұжырымдамасы. Windows-тің объектілі бағытталған платформасы. Файл, бума және жарлық – файлдық жүйелер объектісі. Қосымша және құжат – пайдаланушы деңгейіндегі объектілер. Пайдаланушы графиктік интерфейсі. Мәліметтер алмасуды ұйымдастыру. OLE объектілерін енгізу және байланыстыру технологиясы. Дәріс (1сағ), СӨЖ (6 сағ) 1.Windows операциялық жүйесінің құралдары және базалық түсініктері. 2.Windows операциялық жүйесін баптаудың қарапайым түрлері. Windows ортасын баптау.
7. Сервистік бағдарламалық жабдықтау.Дискілерді тексеру. Файлдарды архивтеу туралы жалпы мағлұмат. Архиватор-бағдарламалар. Антивирустық бағдарламалық құралдар. Компьютерлік вирустар сипаттамасы. Дәріс (1сағ), СӨЖ (6 сағ) 1.Файлдық менеджер. Қызметке бағытталған стандартты қосымшалар. 2.Дискілер қондырғыларына жағдай туғызу. Дискілерді дефрагментациялау және оларды тазарту.
8. Мәтіндік процессорларНегізгі мүмкіндіктері. Мәтінмен жұмыс істеу. Баспа жүйесімен жұмыс жасау. Макростар. Дәріс (1сағ), СӨЖ (6 сағ) 1.Баспа жүйелерінде жұмыс. Microsoft Word редакторында іс-қағаз жүргізу. Microsoft Word редакторында баспа істері. 2. «Microsoft Word мәтіндік редакторы» тақырыбы бойынша практикалық тапсырмалар
9. Кестелік процессор. Негізгі ұғымдар. Кестелік процессордың функционалдық мүмкіндіктері. Электрондық кестеде жұмыс істеу технологиясы. Математикалық есептерді шығару. Матрицалармен жұмыс жасау. Графиктер тұрғызу және сызықты емес теңдеулерді шешу Дәріс (1сағ), СӨЖ (6 сағ) 1.Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу. Функциялардың график-терін тұрғызу. Сызықтық бағдарламалаудың есептерін шешу. Массивтерге элементтері бойынша операциялар жүргізу.
10. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ). Негізгі ұғымдар. МҚБЖ–нің функционалдық мүмкіндіктері. МҚЖБ–мен жұмыс істеу негіздері. Мәліметтер қорының құрылымы. Кестелер. Өріс пен жазба. Кілттік өрістер. Индекстер. Дәріс (1сағ), СӨЖ (6 сағ) 1.Кестелерді байланыстыру. Форма. Сұраныс және есеп. 2.«MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі» тақырыбы бойынша бақылау тапсырмалары.
11. Қазіргі заманғы компьютерлік көрсетілім.Презентацияны жасау құралы. Microsoft PowerPoint терезесінің негізгі элементтері. Көрсетілім жасау технологиясы. Слайд және көрсетілім Дәріс (1сағ), СӨЖ (6 сағ) 1.Слайдқа диаграмма және графикалық нысандарды орнату. 2. Флэш-анимация. Слайдтар арасындағы ауысу анимациясын баптау. Демонстрациялар жүргізу.  
12. Информатиканың алгоритмдік негіздері. Бағдарламалау жүйелер. Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері және оларды сипаттаудың әдістері. Алгоритмнің түрлері. Алгоритмдік құрылымдар. Бағдарламалау жүйелер, топтамасы Дәріс (1сағ), СӨЖ (6 сағ) 1.Алгоритмнің тиімділігін анықтау тәсілдері. 2.Бағдарламалау жүйелері. Бағдарламалау тілдері. Трансляторлар мен компиляторлар.
13. Компьютерлік желілер. Компьютер желілерінің архитектурасы. Жергілікті есептеу желілері. Ауқымды INTERNET желісі. INTERNET желісінің қызметі. Интернет және электрондық пошта. FTP и Telnet протоколдары. HTML. Сайт құру Дәріс (1сағ), СӨЖ (6 сағ) 1.Коммуникациялық орта және мәліметтерді тарату. 2.Сайт құру бағдарламалар. MS Front Page бағдарламасы.
14. Компьютерлік графика негіздері. Компьютерлік графика ұғымы. Расторлік және векторлық графика ұғымы. Түрлі түсті моделдер. Графикалық бейнелерді кодтау.   Дәріс (1сағ), СӨЖ (6 сағ) 1.Графикалық форматтар. Растрлік және векторлік графикаға, түрлі түсті модельдерге есептер шығару. 2. «Компьютерлік графика негіздері» тақырыбы бойынша өзіндік жұмыс.
15. Интеллектуалдық және сараптау жүйесі. Ақпараттық қауіпсіздік. Интеллектуалдық жекеменшікті қорғау мәселелері. Сараптау жүйесі. Криптография туралы түсінік. Ақпаратты қорғау тәсілдері. Дәріс (1сағ), СӨЖ (6 сағ) 1. Телеконференция. Internet-тен ақпарат іздеу. Microsoft Front Page редакторында web-беттерін жасау. 2.Слайдтарды құру. Бірнеше слайдтардан презентация құру. Слайдтар арасында ауысу. Анимация құру.

 

Зертханалық сабақтарды жоспарлау

Тақырыбы Көлемі
1. Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) бағдарламасы  
2. Дискілерге қызмет көрсету. Файлдарды архивтеу. Антивирустық бағдарламалар.  
3. Word мәтіндікпроцессоры. Мәтіндікқұжаттардықұру, редакциялау  
4. Word мәтіндікпроцессоры. Мәтіндікқұжаттардықұру, форматтау  
5. Word мәтіндік процессоры. Құжатқа суреттер, графиктік объектілер орнату  
6. Word мәтіндік процессоры. Формулалар редакторы.  
7. Word мәтіндік процессоры. Макростар құру  
8. Кестелік процессорMS Excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі  
9. Кестелік процессорMS Excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі  
10. Кестелік процессорMS Excel. Функцияның мәндерін есептеу. Функция шебері  
11. Кестелік процессорMS Excel. Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу  
12. Кестелік процессорMS Excel. Беттер (поверхность) тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу  
13. Кестелік процессорMS Excel. Мәліметтерді сұрыптау Мәліметтерді фильтрациялау  
14. Кестелік процессорMS Excel. Матрица. Матрицамен жұмыс істеуге арналған функциялар  
15. Кестелік процессорMS Excel. Күрделі өрнектерді есептеу. Крамер әдісі  
16. Кестелік процессорMS Excel. Крамер әдісі  
17. Кестелік процессорMS Excel. Экономикалық есептеулерге (кредит және займ) арналған финанстық функциялары  
18. Кестелік процессорMS Excel. Қаржы функциялары  
19. Кестелік процессорMS Excel. Кезендегітөлемақыныесептеу  
20. Кестелік процессорMS Excel. Амортизацияны есептеу  
21. Кестелік процессорMS Excel. Қорытынды кестелер (Сводная таблица). Мәліметтер консолидациясы  
22. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі  
23. Microsoft Access Бірнеше кестелерден деректер қорын жасау  
24. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау  
25. Microsoft Access Формаларды жасау  
26. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Сұратуларды жасау  
27. Microsoft Access Сұратуларды жасау  
28. Microsoft Access Есепберудіжасау  
29. Гипермәтіндік құжаттарды жасау тілі – HTML. Тексті пішімдеу тегтері.  
30. Гипермәтіндік құжаттарды жасау тілі – HTML. Суреттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер  
   

 

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:

6.1. Негізгі әдебиеттер:

1. Шарипбаев А. А. Информатика. – Астана, Нұржол, 2004

2. Абдрашева Г.К. Информатика. – Астана, ЕГИ, 2007

3. Абдрашева Г.К., Мухамедкалиева З.Н. Microsoft Excel. Электронные таблицы: учебно-методическая разработка. Астана: ЕАГИ, 2005

4. Степанов А.Н. Информатика. Базовый курс для студентов высших учебных заведений. Питер; 2011.

5. Мұқашева М. Ө., Андасова Б. З., Ермағанбетова М. А. Информатика. Зертханалық практикум., 2006 ж

6.2.Қосымша әдебиеттер:

1. Козырев А.А. Информатика. Учебник для вузов.СПб.: Изд. Михайлова В.А.,2001

2. Могилев А.В. и др. Информатика.Учебное пособие для студентов вузов.-М.: Изд.центр «Академия», 2001

 

 

7. Оқыту нәтижесін бақылау және бағалау:

Аудиторлық сабақ барысында ағымды бақылауды жүргізу, СӨЖ берілген тапсырмаларды орындау сапасын тексеру жоспарланады, межелік бақылау (рубежный контроль) тестілеу түрінде жүргізіледі (7, 15 аптада). Пән бойынша қорытынды бақылау – емтихан, компьютерлік тестілеу түрінде.

Ағымды бақылау бағалары (балдары) сабақ түрі бойынша (дәріс, зертханалық, СӨЖ) апта сайын электрондық журналға 100-балды жүйемен қойылады. Ағымды бақылау балдарының қорытындысын есептегенде сабақ түрлерінін салмақты үлестері есепке алынады: дәріс сабақтары -0,2; зертханалық – 0,5; СӨЖ – 0,3.

Рейтинг Р1(Р2) ағымды бақылау (АБ) және межелік бақылау (МБ) балдарымен сәйкес анықталады: Р1(Р2)=(АБ+МБ)/2

Емтиханға кіру үшін:

1) Жіберу рейтинг ЖР = (Р1+Р2)/2≥50

2) Әр рейтинг бойынша балдар Р1 ≥25 және Р2 ≥25 болу керек

Пән бойынша қорытынды баға келесі формула бойынша есептеледі:

Қ=ЖР*0,6+Е*0,4

Мұнда Қ – қорытынды баға, ЖР – емтиханға жіберу рейтинг, Е – емтихан бағасы

Әріп бойынша бағалау Балдың сандық эквиваленті Пайыздық мөлшерде Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау  
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

8. Оқу пәнінің саясаты:

«Информатика» пәні міндеттіге жатады. Оқу жүктемесі 3 кредиттер санына сәйкес келеді. Олардың ішінде: 15 сағат – дәріс, 60 сағат – зертханалық жұмыс, 90 сағат – СӨЖ.

Студенттердің міндеттеріне сабақтан себепсіз қалмау, зертханалық жұмыстарды, тапсырмаларын уақытында орындау, өзіндік жұмысты тапсыру, кітапхана мен Интернет залда жұмыс жасау кіреді.

Оқу жүктемесінің көлемі мамандықтың оқу жоспары бойынша анықталады. Дәрістерге және зертханалық сабақтарға алдын-ала дайындық, студенттердің өзіндік жұмысы үшін арналған тапсырмаларды міндетті түрде орындау, білімді бақылаудың барлық түрлеріне қатысу талап етіледі.

 

Информатика кафедрасының әдістемелік секциясының отырысында қарастырылған

2012 жылғы “______” ________________ № _____ хаттамасы.

 


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 564 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Asking for a Pen.| Түсіндірме сөздік

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)