Читайте также:
|
|
Дербес компьютердің барлық құрылғыларының жиыны аппараттық жасақтама деп аталады, олар:
- Жүйелік блок – ішінде: аналық тақша процессор, жедел жады (RAM – RandomAccess Memory), бейнетақша, дыбыстық тақша және сыртқы жады құрылғылары орналасады;
- Сыртқы жады құрылғылары – қатты магниттік диск (HDD – Hard Disk Drive), лазерлік оқу (CD ROM) және оқу/жазу CD RW компакт-дискілері және олардың дискқозғағыштары;
Негізгі ішкі жадыға 2 типті электронды құрал жатады
- Тұрақты сақтаушы құрылғы (ROM – Read Only Memory);
- Жедел жады (RAM – RandomAccess Memory) және КЭШ жады (cache Memory). Олардың нағыз түрлері – микросхемалар.
Шапшаң жадыда ақпарат уақытша сақталады.
Кэш-жадыда жиі қолданылатын деректер сақталады. Кэш-жады жүйелік платада немесе процессорда орналасады да, процессор мен негізгі жадының арасында тез әрекет жасайтын буферлік жады қызметін атқарады.
Тұрақты жады ақпаратты тұрақты сақтайды. Компьютерді сөндіргенде де ондағы ақпарат жоғалмайды.
Сыртқы жады – электр энергиясынан тәуелсіз көлемі үлкен, ақпаратты ұзақ мерзімге сақтауға арналған алмалы салмалы магниттік тасымалдаушы құрылғылар.
Қатты магниттік дискідегі жинақтауыш (HDD – Hard Disk Drive) немесе винчестер – жүйелік блогка кірістірілген, жұмыс жасауға қажетті ақпаратты ОЖ, программалар дестесін, сандыұ деректерді, мәтіндерді, ойындарды сақтау үшін арналған. HDD тің сыйымдылығы 4096 Гб (4 Тб) дейін жетеді.
Енгізу құрылғылары: Клавиатура, Тышқан, сканер (планшетті, штрих-сканер, барабанды), жарықтық қалам, дигитайзер, цифрлік фотокамера, графикалық планшет (диджитайзерлер), микрофон, сенсорлық экран
Шығару құрылғылары: Монитор, принтер (Матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш),график сызғыш, плоттер, колонкалар жатады.
Манипуляторлар: трекбол, джойстик.
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 1512 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ЭЕМ даму буындары | | | Дәріс 5. Операциялық жүйелер. Бағдарламалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы. |