Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түсіндірме сөздік

Информатиканың ғылымдар жүйесіндегі орны | Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. | Дәріс 2. Информатиканың арифметикалық негіздері. | Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау | Компьютердің логикалық элементтерінің белгіленуі | Графтар және ағаштар: ағаштар, бағытталмаған графтар, бағытталған графтар. | ЭЕМ даму буындары | Жады түрлері | Дәріс 5. Операциялық жүйелер. Бағдарламалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы. | Операциялық жүйелердегі (ОЖ) негізгі ұғымдар мен белгілер. |


Автоматтандырылған бағдарламалау жүйесі - берілген есептің формалды сипаттамасы бойынша бағдарлама құратын инструментальді бағдарламалық құрал.

Авторлық жүйелер – интерфейстік қосымшасы бар, пайдаланушы өзінің пәндік саласындағы ақпаратпен толтыра алатын біріктірілген орта.

Аналогты-цифрлық түрлендіргіш (АЦП) – датчиктен берілген аналогтық түрдегі сигналды цифрлық сигналдарға түрлендіретін арнаулы тақта

Антивирустық бағдарламалар – компьютерлік вирустарды анықтап, әсерін жоятын бағдарламалар.

Аппараттық жабдықтама (сәулеті) – компьютерге қатысты техникалық құрылғылар мен жабдықтардың жиынтығы.

Аналық (жүйелік) тақта – дербес компьютердің құрамындағы ішкі байланыстарды басқаратын, сыртқы құралдармен өзара байланысқа түсетін басты бөлігі.

Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін арнайы сығу әдістерімен файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін бағдарламалар тобы.

Адрес пішіні -(1) машина командасындағы адрес өрістерінің орналасуы мен саны. (2) адресте элементтердің орналасуы мен саны.

Адрес өрісі - адрестерді немесе операндтардың мәндерін алу үшін қажетті ақпаратты, адресті қамтитын машина командаларының кез келген өрісі.

Адрестің модификациясы -адресте орындалатын кез келген арифметикалық, логикалық немесе синтаксистік амалдар.

Алгоритм -берілген топтағы кез келген есепті шектеулі қадам арқылы шешу үшін қай әрекетті қандай тізбекте орындау туралы орындаушыға түсінікті және дәл нұскаулар жиыны

Алгоритмдік тіл -алгоритмдерді бейнелеу үшін құрастырылған жасанды тіл.

Арғы тегі -иерархиялық (бұтақ тәріздес) құрылымның ағымдағы тармағынан жоғары орналасқан төбе.

Архивтiк деректер қоры -белгiлi бiр сәтте жазылып алынған деректер қорының көшiрмесi.

Архитектура (сәулет) -жүйенің немесе компоненттің ұйымдық құрылымы.

Архитектураны жобалау -компьютерлік жүйенің құрылымын жасау үшін қажетті аппараттық және бағдарламалық компоненттері мен олардың арасындағы интерфейстердің жиынын анықтау үдерісі.

Ассемблер -ассемблер тіліндегі бағдарламаны машиналық тілдегі эквивалентке аударатын бағдарлама; әдетте ассемблер командасы машиналық бір командаға алмастырылады.

Атрибут - э лементтің сипаты (типі, өлшемі).

Алмастыру буфері ( Clіpboard) – өзі жұмыс жасап тұрған уақытта Wіndows-тың ерекшелейтін жад аймағы. Құжаттардың және қосымшалардың арасында мәтіндік және графикалық ақпараттарды алмастыру үшін тағайындалған.

Бағдарланған граф - төбелерді қосатын доғалардың бағыттары көрсетілген граф.

Байт - ақпраттың өлшем бірлігі. Ол 8 биттен тұрады және тұтас өңделеді.

Буфер, буферлеу - Деректерді уақытша сақтау үшін қолданылатын құрылғы немесе жадының облысы.

Біріктірілген (интеграцияланған) жүйелер - бірыңғай жүйе принципі (командалар жүйесі) арқылы бір форматты пайдалана отырып мәтін редакторын, электрондық кестелерді, графиктік редакторды, деректер қорын басқару жүйесін, калькулятор және тағы басқаларын біріктіріп, бір интерфейс арқылы осылардың барлығын пайдалану мүмкіндігін береді.

Бейнекартақта (видеобластер) – қозғалмайтын және қозғалыстағы кескіндерді монитор экранына шығару құралы.

Бейнежад – мониторға шығатын кескінді сақтайтын жад.

График тұрғызғыш (плоттер) – сызбаны қағазға шығару құрылғысы.

Гипермәтіндік жүйелер – гипермәтіндік өңдеу бағдарламалары.

Графиктік редакторлар – графиктік ақпаратты өңдеуге арналған бағдарламалар.

Деректер құрылымының сызба-нұсқасы- Деректердің элементтер жиынын, олардың атрибуттарын және олардың арасындағы логикалық байланысты бейнелейтін сұлба.

Дигитайзер (графиктік планшет) – компьютерге кескінді қолмен салып енгізу құрылғысы.

Дискжетек(Дисковод) – магниттік дискті енгізугеарналған электрондық-механикалық құрылғы.

Драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару бағдарламалары.

Деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) – компьютер көмегімен белгілі бір сала бойынша үлкен деректер қорын құрып сақтауға, ондағы деректерді реттеуге, сұрыптауға және қажет деректі іздеуге мүмкіндік беретін бағдарламалар жүйесі.

Деректер - (1) фактілерді, ұғымдарды, нұсқауларды тасымалдауға, интерпретациялауға немесе адаммен немесе автоматты тәсілмен өңдеуге қолайлы түрде көрсету. (2) Ақпарат, шама үшін синоним.

Джойстик (ұршық) -компьютерге мәндердi енгiзу үшiн пайдаланылатын ұршық. Тiк және көлденең қозғалу қабiлеттiлiгiнiң арқасында ол бiр мезгiлде компьютерге екi мәндi енгiзедi. Электрондық ойындарда, сондай-ақ графикалық кескiндердi салуда қолданылады.

Динамикалық -бағдарламаның орындалуы кезінде болатын үдеріске немесе оқиғаға арналады; Кері. “статикалық” (static).

Дыбыстық тақта (саундбластер) – дыбысты жазуға, шығаруға, синтездеуге мүмкіндік беретін құрылғы.

DVD – файлды оқып-жазуда оптикалық технологиялы бар құрылғы.

Жүйелік (сервистік) бағдарламалар – әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін бағдарламалар тобы.

Жүйелік утилиттер – қосымша қызмет атқаратын, жұмысты жеңілдететін бағдарламалар тобы.

Жарық қаламы – ұшына фотоэлемент орнатылған қалам түріндегі енгізу құрылғысы.

Жедел жад – деректерді өңдеу, қабылдау, жіберу кезінде қолданылатын тұратын компьютер жадысының түрі.

Екілік цифр (бит) - (1) нөлмен немесе бірмен көрсетілетін ақпарат бірлігі; (2) (1)-мағынада ақпараттың бірлігін сақтай алатын компьютер жадысының элементі;

Иерархия - компоненттері деңгейлердің бағыныштылықтары бойынша орналасқан құрылым: әрбір компонент нөл немесе бірнеше бағынышты компоненттерге ие; ешбір компонент бір компоненттен артық компонентке бағынбайды; ешбір басқа компонетке бағынбайтын компонент (тамыр) бар; ешбір басқа компонетті бағындырмайтын компонеттер (жапырақтар) бар;

Иллюстративтік графика – баспа жүйесіндегі графикалық материалдардың кескіндік бейнелерімен байланысқан графика.

Интерпретатор - жасанды тiлдегi бағдарламаның әрбiр әрекетi (нұсқауы немесе амалы) жеке алдын ала аударылмастан бiрден машиналық тiлде орындататын бағдарлама.

Ақпараттық жүйелер – үлкен көлемді ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу және оларды ұйымдастыру жұмыстарын жасайтын бағдарламалар.

Иілгіш диск – файл түріндегі ақпаратты тұрақты сақтайтын алмалы-салмалы сыртқы магниттік тасығыш.

Интеллектуальдық деректер қоры - д еректерге қатынау табиғи тiлде немесе табиғи тiлге жуық сұратулар тiлiнде жүзеге асырылатын деректер қоры.

Код - (1) белгілі мағынаны білдіретін символ немесе биттер жинағы; (2) бағдарламалау тілінде немесе тілдік процессормен қалыптастырылған пішінде көрсетілген нұсқаулар мен деректер анықтамалары; (3) бағдарламаны бағдарламалау тілінде бейнелеу.

Кодтау - (1) ақпаратты белгілі бір символдар көмегімен бейнелеу; (2) бағдарламаны бағдарламалау тілінде көрсету үдерісі. (3) жоба спецификациясынан логика мен деректерді бағдарламалау тіліндегі бейнелеуге түрлендіру.

Каталог (директорий) –дискідегі файлдардың белгілі атпен аталған тобы.

Клавиатура – алфавиттік-цифрлық ақпаратты компьютерге енгізу құралы.

Компакт-диск – файл түріндегі ақпаратты тұрақты сақтайтын алмалы-салмалы сыртқы жинақтауыш.

Контроллер (адаптер) – компьютердің әр түрлі құрылғыларын басқаратын электрондық сұлба.

Қосалқы процессор – негізгі процессордың жұмысын толықтыратын арнайы процессор.

Кэш-память – процессормен жедел жад арасында деректер алмастыруды жылдамдататын буфер ретінде қолданылатын жедел жад.

Қатты диск (винчестер) – файл түріндегі ақпаратты тұрақты сақтайтын жинақтауыш.

Команда -(1) машиналық опрацияның машиналық тілдегі көрсетімі; 2) тапсырмаларды басқару тілінің сөйлемі; (3) басқарушы сигнал.

Командалар модификаторы -машиналық команданы өзгерту үшін қажет сөз немесе сөз бөлігі.

Компонент -жүйені құрайтын бөліктердің бірі. Компонент аппараттық немесе бағдарламалық болуы және басқа компоненттерге бөлінуі мүмкін.

Компьютерлік жүйе - бір немесе бірнеше компьютерлерді қамтитын және сәйкес бағдарламалық жабдықтамалардан тұратын жүйе.

Компьютерлік вирустар – өзінен өзі басқа бағдарламалар соңына немесе алдына тіркеліп жазылып, оларды бүлдіру, компьютер жұмысына кедергі келтіру үшін арнайы жазылған бағдарлама.

Компилятор - алдымен жасанды тiлдегi бағдарламаны түгелдей машиналық тiлге аударып, сонан кейiн бұл бағдарлама басынан орындататын бағдарлама.

Конвертірлеу - бағдарламалық жабдықтаманы басқа ортада жұмыс істеу үшін функционалдық сипаттамаларын сақтай отырып түрлендіру. Мысалы, (1) бір тілдегі бағдарламаны басқа тілдегі бағдарламаға аудару; (2) бір компьютерде орындалынатын бағдарламаны басқа компьютерге арналған бағдарламаға ауыстыру.

Құйылма сиялы, бүріккіш принтер -бейнені қағазға арнайы сияларды бүрку арқылы қалыптастыратын принтер. Әсіресе түрлі-түсті баспа үшін тиімді.

Құрамды тип -мүшелерінің әрқайсысы деректердің бірнеше элементтерінен тұратын деректер типі.

Қолданбалы бағдарламалар – белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын бағдарламалар жиыны.

Құралды (сайманды) бағдарламалық жасақтар басқа бағдарламалар мен автоматтандырылған жүйелер жасау үшін қолданылатын бағдарламалар мен бағдарламалар кешені.

Қолданбалы бағдарламалық жабдықтама - пайдаланушының нақтылы қажетіне арналған бағдарламалық жабдықтама.

Қолданбалы тіл -мүмкіндіктері немесе ұғымдары бір қолданбалы аймағына жарайтын компьютерлік тіл.

Лазерлік принтер -кескіндерді қалыптастыру лазер арқылы орындалатын принтер.

Лаптоп -жол жүргенде пайдалануға қолайлы, ықшамды компьютер.

Массив -тікелей адрестелінетін бір типті деректердің реттелген көпөлшемді жиыны.

Массивтің элементі -қатынауы аты және бір немесе бірнеше индекстері бойынша іске асырылатын дерек.

Матрицалық принтер – бұрын е ң көп тараған және арзан принтер. Оның сапасы және

жылдамдығы орташа.

Модем – 1) аналогтық сигналды цифрлық сигналға және кері ауыстыратын құрылғы. 2) телефон желісі арқылы компьютерлер арасында мәлімет алмасу құрылғысы

Микропроцессор — өзіне берілген командаларды орындап, машина жұмысын басқаратын шағын құрылғы (интегралды микросұлба),

Монитор (дисплей) – мәтіндік және графиктік ақпаратты экранға шығару құрылғысы.

Мультимедиалық жүйелер – визуальды және аудиоэффектілерді басқаратын бағдарламалар.

Мәтіндік редактор (процессор) – мәтіндік мәліметтерді теріп, оларды өңдеуге арналған бағдарламалар.

Объектке-бағдарланған жоба -бағдарламалық жабдықтаманы құру әдісі. Бұл әдіс бойынша жүйе немесе компоненттер объектілер терминдері мен осы объектілер арасындағы байланыстар арқылы көрсетіледі.

Объектке-бағдарланған тіл -бағдарламаны объектілер терминінде және объектілер арасындағы байланыстар арқылы көрсетуге мүмкіндік беретін бағдарламалау тілі. Мысалы, C#, C++, Java.

Ортақ жады -бағдарламалық жүйенің екі немесе одан да көп модульдері қатынай алатын жедел жадының бөлігі.

Операциялық жүйе (ОЖ) – адам мен ЭЕМ арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын бағдарламалар тобы.

Принтер (баспа құрылғысы) – ақпаратты қағазға шығару құрылғысы.

Процессор – есептеу үдерісін басқаратын, арифметикалық және логикалық әрекеттер орындайтын құрылғы.

Бағдарлама -компьютердің аппараттық жабдықтамаларына есептеу немесе басқару функцияларын орындауға мүмкіндік беретін деректердің анықтамалары мен нұсқаулардың жинағы.

Бағдарламалауды автоматтандыру -есептің қойылымының формальды сипаты бойынша бағдарлама құрастыратын инструментальды бағдарламалық құрал.

Бағдарламалық жабдықтама – компьютермен жұмыс істегенде қолданылатын бағдарламалық және ақпараттық ресурстардың жиынтық аты.

Бағдарламалау тiлi – бағдарлама жазуға арналған жасанды тiл.

Разрядтылық микропроцессор үшін қабылданатын биттер саны (4, 8, 16, 32, 64 – 2-нің бүтін дәрежесі).

Сенсорлық тақта –тышқан орнына қолданылатын саусақты жылжытып көрсету арқылы енгізу (басқару) құралы.

Стриммер – магниттік ленталы кассетаға ақпаратты жазып сақтау құрылғысы.

Сканер – графиктік және мәтіндік ақпаратты компью­терге оқу құралы.

Саймандық жүйелер (бағдарламалау жүйесі) – жаңа өңдеу құралдарының бағдарламасын немесе жаңа бағдарламалау тілдерін құру үшін тағайындалған бағдарламалар жиыны.

Сымшоғы (Шина) – барлық контроллерді микропроцессормен, жедел жадпен байланыстыратын байланыс жеткізу магистралі.

Тактілік жиілік микропроцессордың ішіндегі қарапайым операцияларды орындау жылдамдығының көрсеткіші.

Трекбол – тышқанға ұқсас енгізу құралы.

Тұрақты жад (ROM немесе ПЗУ) – компьютерді жасау барысында енгізіліп, өзгермейтін, компьютердегі бағдарламалар тек қана оқи алатын деректер орналасқан дербес компьютердегі жады.

Утилиттер - компьютердің әр түрлі құрылғыларына қызмет көрсете алатын бағдарламалар.

Үйлесімділік -екі немесе одан да көп жүйелердің немесе компоненттердің ақпаратпен алмасу қабілеті.

Файл -біртұтас ретінде қарастырылатын дискідегі (сақтау құрылдағы) байланысқан жазбалар жиыны.

Фон, фондық -тапсырманы жоспарлағанда Пайдаланушы мен әрекеттестікті талап етпейтін үдерістер немесе артықшылығы төмен үдерістер орындалатын есептеу ортасы.

Факс-модем – модем мен факсимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге атқаратын құрылғы.

Хакер - е шқандай құқығы жоқ болса да жүйелiк бағдарламалық жабдықтамаға өзгерiс енгiзуге әрекет жасайтын пайдаланушы. Компьютерлік бұзақы өзгенің файлындағы деректерді өзгертеді және парольды сұрыптау арқылы мәлiметтердi қорғау жүйесiн жеңуге тырысады.

Цифрлық-аналогтық түрлендіргіш (ЦАП) – цифр түріндегі сигналдарды аналогтық түрге түрлендіретін арнаулы тақта.

Эксперттік жүйелер - қолданбалы салада эксперт (сарапшы) ретінде қолданылатын бағдарлама.


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 343 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Зертханалық сабақтарды жоспарлау| Дәріс 1. Информатика пәні және міндеттері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)