Читайте также:
|
|
Дербес компьютерде программалар мен мәліметтерді сақтаушы рөлін магниттік дискідегі жинақтауыштар (МЖД) атқарады. Дискілер латын алфавитінің алғашқы бас әріптермен А:, В:, С:, D: белгіленеді. ДЭЕМ іске қосылғанда ОЖ көбінесе С: қатты дискісінен немесе А: иілгіш дискісінен оқылып жедел жадқа жүктеледі де, экранға ОЖ-нің қызмет атқаруға дайындығын білдіреді.
А:\ > - бұл А: дискісінің жұмыс істеуге дайындығын көрсететін шақыру
C:\ > - С: дискісінің жұмыс істеп тұрғанын көрсететін шақыру
Файлдар жүйесі.
Файл (file-бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес информациялар жиыны. Файлдың толық атауы екі бөліктен құралады: аты, заты (түрі, типі, кеңейтілуі). Файлдың аты мен кеңейтілуі нүктемен ажыратылады.
Command. com Norton.exe Marat.doc Aigul.txt Game.bas
аты типі
Файлдың атрибуттары (көрсеткіштері) дегеніміз файлдың аты, заты, көлемі және операциялық жүйенің календары мен сағатынан алынып жазылған күні, айы, уақыты.
Файлдар типінің стандартты түрлері.
.asm – ассемблер тілінде жазылған программа.
.bak – негізгі (түпнұсқадағы) файлға зақым келген жағдайларда қолданатын резерв файл (көшірме)
.bas – basiс тілінде жазылған программа
.bat – дестелі (пакетті) түрде өңдеуге арналған командалық файл
.com – тәуелсіз орындалатын командалық файл
.dat – берілген мәліметтер файлы
.doc - өңдеуге арналған текстік (документтік не құжаттық) файл
.exe – ОЖ басқаруымен жұмыс істейтін, бірден орындалатын файл
.pas – паскаль тілінде жазылған программалық файл
.txt – текстік файл
.xls - электрондық кесте
.gif -графика
.jpg - графика
.avi - дыбыстық
Файлдарды топтап белгілеу немесе шаблонмен, маскамен белгілеу.
* - файлдың атындағы кез келген символдар тіркесін білдіреді;
? – файлдың атындағы болуы мүмкін кез келген бір символды білдіреді.
Мысалы:
*.* - барлық файлдарды белгілеу
*k.exe – аты k символымен аяқталатын барлық орындалушы файлдар
???. doc – кез келген үш символдан тұратын текстік файлдар.
a??b.gif – төрт символдан тұратын, бірінші, соңғы символы белгілі, екінші, үшінші символдары кез келген символ болатын файл атын белгілеу.
Файлдар каталогы.
Каталог немесе директорий – белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай магниттік дискіде бір-бірімен қатар орналастырылған бір топ файлдар тізіміне қойылған атау. Бірнеше каталогтардың аты басқа тізімге тіркелуі де мүмкін, онда ол басқа каталогқа бағынышты каталог болады.
Дискілерді форматтағанда онда автоматты түрде әртүрлі мәлімет жазыла алатын басты немесе түпкі каталог құрылады.
Файлдар маршруты.
Файлдар орналасқан орнын көрсететін толық атауы маршрут не жол деп те аталады. Файлдың маршруты толық түрде былай көрсетіледі:
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 295 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәріс 5. Операциялық жүйелер. Бағдарламалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы. | | | Олданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру және оның даму тенденциялары |