Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дискілік жұмыс органдарының негізгі геометриялық және орнатылу параметрлері

СОҚАЛАР | Соқа корпусы | Соқа корпусының жұмыс бөліктері | Соқалар конструкцияларына шолу | Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу | Соқа корпусына әсер ететін күштер | В. П. Горячкинның рационалдық формуласы. Соқаның пайдалы әсер коэффициенті | Тісті тырмалар | Дискілі тырмалар | Тісті тырмалардың негізгі өлшемдерін және тарту күшін анықтау |


Читайте также:
  1. Access 9х-пен жұмыс істеу режимі (тәртібі).
  2. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
  3. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  4. Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау
  5. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
  6. Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика
  7. Ақпараттық экономиканың тұжырымдамасы. Экономикалық ақпараттың мазмұны және мәселелері. Электрондық Үкімет.

Дискілік жұмыс органдарының негізгі геометриялық параметрлеріне диск диаметрі D, дөңестік радиусы r және орталық бұрыштың жартысы ε1 жатады (29 сурет).

29 сурет - Дискінің негізгі параметрлері

Осы параметрлердің әрқайсысының технологиялық маңызы бар. Дискі диаметрінің үлкеюіне сәйкес топырақтың тік бағыттағы реакциясы өседі, сондықтан дискінің топыраққа енуі нашарлайды. Диск диаметрі өңдеу тереңдігіне тәуелділігі тәжірибе жолымен келесі қатынаспен анықталған.

D = ka (30)

мұнда k – коэффициент, соқалар үшін 3....3,5, тырмаларда 4....6, сыдыра жыртқыштарда 5....6 тең.

Дөңестік радиусы r дискінің қопсыту және аудару қабілетін анықтайды. Дискінің дөңестік радиусы кішірейген сайын, ол топырақты жақсы қопсытып аударады.

Дискінің екі параметрін тағайындап, үшіншісін

D = 2 r sin ε1, (31)

формуласынан анықтауға болады. Дискінің негізгі параметрлері стандартталған. Соқалар дискілері диаметрі 610...810 (тіркемелі) және 580...710мм (аспалы), сыдыра жыртқыштар 450....610; тырмалардікі – 450....660 мм болады. Дөңестік радиусын r тұрақты түрде қабылдайды: соқалар үшін 600мм, сыдыра жыртқыштарда 169мм, тырмаларда 109, 169 және 220мм. Ал ε1 бұрышы: соқаларда 31....370, сыдыра жыртқыштарда 26..... 320 және тырмаларда 22....260 тең болады. Дискінің технологиялық қасиеттеріне қайралу бұрышы і, желкелік немесе саңылаулық бұрышы ε2 әсер етеді. Қайралу бұрышы і сыдыра жыртқыштар мен тырмаларда 10....200, соқада 15....250 тең. Кесу бұрышы келесі формуладан анықталады:

= і+ ε2 (32)

Желкелік бұрыш ε2 топырақ өңдеуге шығындалған энергияға және дискінің жұмыс қабілетіне әсер етеді. Орналастыру параметрлеріне дискінің айналу жазықтығы мен құрал қозғалысының бағыты арасындағы және диск айналу жазықтығы мен тік жазықтық арасындағы бұрыштар жатады. Бірінші бұрыш шабуыл бұрышы деп аталады. Екі параметрдің де технологиялық маңызы бар. Мысалы, шабуыл бұрышы үлкейген сайын арамшөптер жақсы кесіледі, топырақ тереңірек қопсытылады. Соқалар үшін шабуыл бұрышы 40....450,сыдыра жыртқыштарда 10......350, ал тырмаларда 10....220 болады. Дискінің көлбеулік бұрышы соқаларда ғана болады, ол 10... 250 арасында. Жұмыс процесінде әрбір диск топырақтан қыртыс кесіп алып, қарық түбінде науа тәрізді ойық жасайды (30 сурет). Науалар арасында биіктігі h жалдар болады. Осы жалдардың биіктігіне қарай өңдеу сапасын бағалайды. Жал биіктігі h диск диаметріне d, дискілер ара қашықтығына в және шабуыл бұрышына Ө тәуелді. Осылардың ішінде шабуыл бұрышы ғана реттелетін болғандықтан, оның жалдар биіктігіне қалай әсер ететін қарау тиімді.

ОАВ үшбұрышына (30 сурет)

немесе түрлендіргеннен кейін

h2 - Дh +

сонда h1.2 = Д/2

Есеп шартын тек екінші түбір қанағаттандырады және EFK ұшбұрышынан

С = в сtg Ө

30 сурет-Жал биіктігін анықтау сызбасы

Сонда

h = D/2 ġ 2 Ө (33)

Осы өрнектен шабуыл бұрышы өскен сайын жал биіктігінің кішіреюін көруге болады. Егер сыдыра жыртқыштарда h ≤0,5 а, ал соқаларда h ≤0,4 а болса, өңдеу сапасы қалыпты деп саналады.

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 306 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СЫДЫРА ЖЫРТҚЫШТАР| Жаппай өңдейтін культиваторлар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)