Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

В. П. Горячкинның рационалдық формуласы. Соқаның пайдалы әсер коэффициенті

Топырақтың технологиялық қасиеттері | Технологиялық операциялар, процестер және жүйелер | Сына мен топырақтың өзара әсері | Сынаның жұмыс қырына орнату бұрышының оның жұмысына әсері | Жазық бетті сынаның қисық бетке дамыту | СОҚАЛАР | Соқа корпусы | Соқа корпусының жұмыс бөліктері | Соқалар конструкцияларына шолу | Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу |


Читайте также:
  1. Жылу беру коэффициентінің және критериалық тендеудің коэффициенттерің эксперименталды анықтау әдісі
  2. Капиталдың инон жаңа категориясына ықпалы мен әсері. Ақпаратты-экономикалық талдау. Жаңа экономиканың концепциясы
  3. Соқа корпусына әсер ететін күштер
  4. Сына мен топырақтың өзара әсері
  5. Сынаның жұмыс қырына орнату бұрышының оның жұмысына әсері
  6. Экономикалық жағдайдың туризмге әсері

 

Академик В. П. Горячкин соқаны тартуға жеткілікті күшті анықтайтын және соқаның жұмыс процесінде негізгі факторлар мен жалпы кедергіні өзара байланыстыратын формуланы ұсынды. Бұл формула рационалды түрде жазылған.

 

(18)

 

мұндағы f – үйкеліс коэффициентіне ұқсас коэффициент;

G – соқаның ауырлық күші, Н;

K – топырақтың меншікті кедергісі, Па;

а және в – қыртыс өлшемдері, м;

ε – қайырма пішініне және топырақ қасиетіне тәуелді өлшемсіз

коэффицент;

ρ – топырақ тығыздығы, кг/м3;

V – жұмыс жылдамдығы, м/с.

 

Формуланың бірінші бөлігі Р1 соқаның қозғалысына, доңғалақтардың топыраққа және корпустың қарық түбіне үйкелісіне және т.б. кедергілер кіреді. Бұл кедергілер жүктелуге пропоционалды, жылдамдыққа тәуелсіз.

Кедергінің екінші бөлігі Р2 жұмыс жылдамдығына сәйкес қыртыс деформациясымен анықталады, жылдамдыққа тәуелсіз.

Үшінші бөлік Р3 топырақ қыртысына кинематикалық энергия беруде туатын кедергіден тұрады.

Соқаның пайдалы әсер коэффициенті келесі қатынаспен анықталады.

 

(19)

 

немесе

(20)

 

Бұл формуламен анықталған соқаның пайдалы әсер коэффициенті сәл жоғары болады, себебі мұнда соқаны тартуға кедергіде атыз тақтайшасының үйкелісі мен түрен жүзінің мұқалуы ескерілмейді. Осы факторларды ескере отырып, жалпы есептеулерде соқаның пайдалы әсер коэффициенті 0,7 тең деп алуға болады.

 

ТЫРМАЛАР

 

Тырмалар топырақтың жоғары бетін қопсытуға, егістік бетін тегістеуге, топырақ кесектерін ұсатуға, арам шөптерді құртуға, тұқым мен тыңайтқыштарды сіңіруге қолданады.

Жұмыс органдарының құрылысына қарай тырмалар тісті, серіппелі және дискілі болып бөлінеді.

Тырмалар жұмысына келесі агротехникалық талаптар қойылады. Тісті тырмалар топырақты 4 см-ден кем емес тереңдікте қопсытып, егістік бетін тегістеуі және кесектер өлшемдері 4см-ден аспауы керек. Егістік бетін өңдегенде өсімдіктерде зақымдалу 3 %-дан аспауы қажет.

Дискілі тырмалар арам шөптердің 97 %-дан кем кеспеуі керек, өңдеу тереңдігінен ауытқуы 3%, өңделген топырақ бетіндегі кесектері өлшемдері 10 см-ден аспауы керек.

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 328 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Соқа корпусына әсер ететін күштер| Тісті тырмалар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)