Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Соқалар конструкцияларына шолу

МАЗМҰНЫ | Топырақтың құрылысы және фазалық құрамы | Топырақтың технологиялық қасиеттері | Технологиялық операциялар, процестер және жүйелер | Сына мен топырақтың өзара әсері | Сынаның жұмыс қырына орнату бұрышының оның жұмысына әсері | Жазық бетті сынаның қисық бетке дамыту | СОҚАЛАР | Соқа корпусы | Соқа корпусына әсер ететін күштер |


Читайте также:
  1. Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу

 

Алты корпусты жартылай аспалы ПЛП-6-35 соқасы меншікті кедергісі 9 Н/см2 жерді 30см тереңдікке жыртуға арналған. Соқаны төрт немесе бес корпуспен жабдықтауға болады. Соқа рамасында корпустар 2 (17 сурет), шым аударғыштар 1, дискілік пышақ 8, жүктегішті аспа тетігі 11, артқы доңғалақ механизмі және тырмалар тіркемесі 3 жиналған.

Соқада дақылдық, жартылай бұрамды, қайырмасыз, ойықты, топырақ тереңдеткішті табанды және шығармалы қашаулы корпустар орнатуға болады.

Шым аударығыштар әрбір корпустың алдында арнайы кронштейнде бекітілген.

Дискілік пышақ соңғы корпус алдында арнайы кронштейнмен түрен тұмсығынан 120мм қашықтықта бекітілген. Рама жазық негізгі 15 (17 сурет), бойлық 9 және қөлденең 12 арқалықтардан пісіріп жасалған. Арқалыққа 15 корпус тіректері және шым аударығыш кронштейндері орнатылатын бұрыштамалар пісіріліп бекітілген. Көлденең арқалыққа 12 аспа тетіктері орнатылған кронштейндер 13 бекітілген.

Аспа тетігі тіректерден 11 және жүктегіштен 16 тұрады. Жүктегіштің 16 ұзындығын өзгерту арқылы бірінші мен соңғы корпустардың жырту тереңдігінің біркелкілігін реттейді.

Тірек доңғалақ 10 (17 сурет) өңдеу тереңдігін реттеуге және оны бірқалыпты ұстап тұруға арналған. Доңғалақ тірегін биіктік бойынша жылжытуға болады.

Артқы доңғалақ механизмі соқаның рамасының артқы бөлігін көтеруге және түсіруге, сонымен бірге корпустар берілген тереңдікке өңдеуін қамтамасыз етеді (17 сурет).

Артқы доңғалақ механизмі кронштейннен 20, екі рычагтан 2, жетекті 6 жоғары рычагтан 30, төменгі 24 және 23 стақандардан және доңғалақ білігінен тұрады. Біліктің 5 ұшына бағыттаушы сақина 21 кигізіліп бекітілген.

Соқаның рамасының алдынғы бөлігін трактордың асу құралы, ал артқы бөлігін жетекшімен 6 байланысқан гидроцилиндр 7 көтереді.

Бес корпусты жартылай аспалы ПЛ-5-35 соқасы меншікті кедергісі 13 Н/см2 топырақты өңдеуге арналған. Соқа рамасы екі топсалы қосылған арқалықтан және көлденең тартқыштан тұрады.

Соқаны дақылдық жартылай бұрамалы және бұрамалы корпустармен жабдықтауға болады.

ПЛП-6-35 соқасынан айырмашылығы соқа екі қарықтық доңғалақпен жабдықталған, алдыңғы доңғалақ бірінші корпуспен қатар, ал артқы доңғалақ соңғы корпус ашқан қарық түбімен жүреді.

17 сурет - Жартылай аспалы ПЛП-6-35 соқасы

 

 

18 сурет - Аспалы ПЛН-5-35 соқасы

 

Доңғалақтарды гидроцилиндрмен көтереді және түсіреді. Транспорттық жағдайда соқа трактор тіркемесі мен қарықтық доңғалақтар көмегімен қозғалады.

Өңдеу тереңдігін тірек доңғалақтарының винттік механизмімен және гироцилиндрдің штогының ұзындығын өзгерту арқылы реттейді.

Бес корпусты аспалы ПЛН-5-35 соқасы меншікті кедергісі 8 Н/см2 топырақты 30см тереңдікке дейін жыртуға арналған.

Соқаға дақылдық, жартылай бұрамалы, ойықты, қайырмалы, топырақ тереңдеткішпен және қайырмасыз корпусты орнатуға болады.

Бас 5, бойлық 10 және көлденең 11 арқалықтарға (18 сурет) корпустар 2, шым аударғыштар 1 және дискілі пышақ орнатылған.

Бас арқалыққа корпус тірегін бекіту үшін бұрыштама және шым аударғыштарға арналған кронштейндер пісіріліп бекітілген.

Шым аударғыш пен корпус ара қашақтығын кронштейн 13 бойынша қамытты қозғалу арқылы қояды. Шым аударғыштың өңдеу тереңдігін тіректің биіктігін өзгерту арқылы реттейді.

Дискілі пышақ 7 кронштейнге 6 бекітілген. Пышақтың айналу кіндігі шым аударғыш тұмсығынан 120 мм алға шығарылған. Жұмыс кезінде соқа рамасы доңғалаққа 8 сүйенеді, ал доңғалақ жағдайын винттік механизм арқылы реттейді.

Соқа аспасы көлбеу таяныштан, қалақшадан және таяныштың артқы ұшы бойлық арқалық корпус санына сәйкес екі жағдайда бекітіледі.

Басқа аспалы ПЛН-4-35, ПЛН-3-35 және ПН-4-40 соқалары ПЛН-5-35 соқасынан корпус саны болмаса конструкциясы бойынша ешқандай айырмашылығы жоқ.

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 617 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Соқа корпусының жұмыс бөліктері| Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)