Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Соқа корпусы

МАЗМҰНЫ | Топырақтың құрылысы және фазалық құрамы | Топырақтың технологиялық қасиеттері | Технологиялық операциялар, процестер және жүйелер | Сына мен топырақтың өзара әсері | Сынаның жұмыс қырына орнату бұрышының оның жұмысына әсері | Жазық бетті сынаның қисық бетке дамыту | Соқалар конструкцияларына шолу | Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу | Соқа корпусына әсер ететін күштер |


Читайте также:
  1. Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу
  2. В. П. Горячкинның рационалдық формуласы. Соқаның пайдалы әсер коэффициенті
  3. Соқа корпусына әсер ететін күштер
  4. Соқа корпусының жұмыс бөліктері
  5. Соқалар конструкцияларына шолу

 

Жер жырту сапасы соқа корпусының конструкциясына, оның геометриялық пішініне және жұмыс бетінің қарықтың қабырғасы мен түбіне орналасу жағдайына тәуелді. Конструкциясына қарай корпустарды қайырмалы, қайырмасыз, ойылған, топырақ тереңдеткішті, шығармалы қашаулы, дискілі және құрастырмалы деп айырады.

Қайырмалы корпус аударып қопсытуға (14 сурет) арналған. Корпус тіректен 3, түреннен 1, қайырмадан 2 және аңыздық тақтайшадан 5 тұрады. Тірекке бекітілген түрен мен қайырма жұмыс бетін құрайды.

Соқа корпусы алым енімен в, өңдеу тереңдігімен а, түреннің қарық түбі мен қабырғасына орналасу бұрыштарымен (α, γ) және жұмыс бетінің қалпымен сипатталады. Жалпы жұмысқа арналған соқалардың алым ені 25, 30, 35 және 40см, ал арнайының корпус алым ені 45, 50, 60, 75 және 100см болады.

 

14 сурет - Соқа корпусының түрлері.

Қайырмалы корпустар жұмыс бетінің пішініне қарай дақылдық, жартылай бұрамалы, бұрамалы және цилиндрлік болып бөлінеді.

Дақылдық корпус (14а сурет, Δγ = 2...7°) топырақ қыртысын жақсы аударып ұсатады.

Жартылай бұрамалы (14ә сурет, Δγ = 7...15°) қыртысты жақсы аударады, бірақ нашар қопсытады.

Бұрамалы корпус қыртысты қопсытпай толық аударады.

Цилиндрлік корпус қыртысты жақсы ұсатады, бірақ нашар аударады.

Қайырмасыз корпус жел эрозиясына қауіпті және құрғақшылықты аймақтарда топырақ өңдеуге арналған (14б сурет). Түренмен кесілген топырақ қыртысы кеңейткішпен көтеріліп қарық түбіне түседі. Қыртыс түренмен, кеңейткішпен және қарық түбіне соғылу нәтижесінде деформацияланып араласпай ұсатылады. Қалқан 7 тіректі 3 үйкеліп тозудан қорғайды.

Ойылған корпус (14г сурет) күлгіндеу топырақты аударып жыртуға және горизонтын 4-5см тереңдетуге арналған. Корпус екі түренмен 10 және 11 жабдықталған. Екеуінің арасынан 11 түренмен кесілген қыртыс аударылмай өтеді. Жоғарғы 10 түренмен кесілген қыртыс қайырмаға 9 көтеріліп аударылып, сосын қарық түбіне түседі.

Шығарылған қашаулы корпус (14д сурет) тас араласқан қатты топырақты өңдеуге арналған. Түрен 1 тұмсығына 3-4см алға шығарылған қашау 12 бекітілген. Қашау корпустың жақсы тереңдеуін қамтамасыз етеді және түренді тасқа тигенде сынудан сақтайды. Тозған қашауды жаңасымен айырбастайды.

Топырақ тереңдеткішті корпус (14е сурет) күлгін, қоңыр және нашар қуатты қара топырақты аудара жыртумен бірге жыртылыс қабатын 4-15см тереңдетуге арналған. Корпус артында түреннен төмен жебе тәрізді топырақ тереңдеткіш табан 14 корпус ашқан қарық түбін қопсытады. Тіректегі тесіктер табанның биіктікті орналастыруын, демек өңдеу тереңдігін өзгертуге мүмкіндік береді.

Дискілік корпус (14б сурет) ағаш тамыры кең жайлған ауыр және көп ылғалды топырақты жыртуға қолданылады. Корпус өткір жүзді сфералық дискімен жабдықталған. Дискінің кесу жүзінің айналу жазықтығы қарық түбіне 700 пен орналасқан, ал соқа қозғалу бағытымен 40...450 жасап тұрады.

Құрастырамалы корпус (14 е сурет) ауыр топырақты ұсақтап жыртуға арналған. Корпус қысқартылған қайырмамен 2 және ротормен жабдықталған. Ротор пішіні кесілген корпус оның жасаушыларына қалақшалар 20 орнатылған. Ротор білігі 18 корпуста 17 минутына 268-507 айналым жиілігімен айналады. Қалақшалар қайырмадан түскен топырақ қыртысын ұсақтаумен бірге араластырып, оны қарық түбіне тастайды. Құрастырмалы корпуспен өңделген егістік беті тегіс және жақсы қопсытылады.

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 462 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СОҚАЛАР| Соқа корпусының жұмыс бөліктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)