Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Технологиялық операциялар, процестер және жүйелер

МАЗМҰНЫ | Топырақтың құрылысы және фазалық құрамы | Сынаның жұмыс қырына орнату бұрышының оның жұмысына әсері | Жазық бетті сынаның қисық бетке дамыту | СОҚАЛАР | Соқа корпусы | Соқа корпусының жұмыс бөліктері | Соқалар конструкцияларына шолу | Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу | Соқа корпусына әсер ететін күштер |


Читайте также:
  1. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
  2. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  3. Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау
  4. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
  5. Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика
  6. Ақпараттық экономиканың тұжырымдамасы. Экономикалық ақпараттың мазмұны және мәселелері. Электрондық Үкімет.
  7. Азақстандағы электронды бизнес: болашағы және кедергілері.

 

Топырақты өңдеу деп оған машиналар мен құралдардың жұмыс органдарының әсерін айтады. Топырақты өңдеудің негізгі мақсаты аудару, ұсақтау (қопсыту), кесу, араластыру, тығыздау, тегістеу, арамшөптерді кесу және жұлу, жота, қарық, ойық жасау сияқты технологиялық операцияларды орындау арқылы жүзеге асады. Аудару – топырақтың жоғарғы және төменгі қабаттарының өзара орналасуын өзгерту.

Қопсыту (ұсақтау) топырақтың өңдейтін қабатын жеке құрылымдық бөлшектерге бөлу, демек, топырақтың көлемдік массасын (тығыздығын) азайту. Топырақтың қопсыту дәрежесін оның өңдеуге дейінгі және өңдеуден кейінгі тығыздықтарының қатынасы көрсетеді. Қопысытқанда топырақ жеке агрегаттарға ұсатылады. Осы агрегаттардың (бөлшектердің) өлшемі 1 мм-ден кем болмауы керек, өлшемі 1 мм-ден кем агрегатты топырақ эрозиялы қауіпті болып саналады.

Кесу-өңделетін қыртысты немесе жеке жұқа қабатты топырақ массивінен бөліп алу процессі. Топырақтың біркелкі еместігін ескеріп кесуді тік және көлденең деп екіге бөледі.

Араластыру – топырақ агрегаттарының, тыңайтқыштардың және т.б өзара орналасуын өзгерту. Араластыру топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштарды біркелкі енгізу үшін қолданады.

Тығыздау-қопсытуға кері процесс. Оны ұсақ дәндерді біркелкі енгізуге, күздік дақылдар сепкенде қолданылады.

Беттерді тегістеу құрғақшылық аймақта ылғал шығынын азайту, дәндердің біркелкі тереңдікке сіңіру үшін, ал суғаратын аймаққа-біркелкі суғару жағдайын жасау үшін өткізіледі.

Арамшөптерді кесу және жұлу-арамшөптердің тамырларын кесіп немесе жұлу арқылы жою.

Жоталар, қарықтар, ойықтар жасау топырақтың су және ауалық-термиялық режимін реттеу үшін қолданылады.

Технологиялық процесс. Топырақ өңдейтін құралдардың жұмыс органы бір уақытта бір технологиялық процеске кіретін бірнеше операцияларды орындайды. Мысалы: жер жырту технологиялық процесіне қыртысты кесу, аудару, қопсыту және араластыру кіреді.

Казір кең қолданылып жүрген технологиялық процестер: жырту, терең қопсыту, сыдыра жырту, культивациялау, тырмалау, тығыздау, фрезерлеу және т.б.

Ауыл шаруашылық дақылдарды егіп, өсіруде қолданылатын технологиялық процестер жиынтығы топырақ өңдеу жүйесін құрайды. Топырақты климаттық жағдайларға және егіп өсіру технологиясына қарай аудармай және минималдық өңдеу жүйелері қолданылады.

Аудармалы жүйеде топырақ қыртысын аударады, мұнда өсімдік қалдықтары, арамшөп тұқымдары және ауру қоздырғыштар топырақтың терең қабатына сіңіріледі. Сонда өсімдік қалдықтары тез шіріп ерігіш минералдық қосындылар құрайды, ал арамшөптер, зиянкестер мен ауру қоздырғыштар құрып кетеді. Аудармалы өңдеу ылғалы көп және жеткілікті аймақтарда кең қолданылады.

Аудармай өңдеуде топырақ қыртысын аударуды терең қопсытумен ауыстырады. Терең қопсытқанда өсімдік сабақтары танап бетінде қалып, топырақты жел эрозиясынан сақтайды. Бұл жүйе ылғалы аз, жел эрозиясы қауіпті аймақтарда қолданылады.

Минималдық өңдеу жүйесі өңдеу мөлшері мен тереңдігін азайту үшін бірнеше операцияларды біріктіріп агрегаттың бір жүрісінде өткізуді қарастырады.

Жұмыс органдарының өңдеу тереңдігіне және орындалатын операцияларға қарай топырақтың негізгі, беттік және арнайы өңдеу деп бөледі. Негізгі өңдеу 20....35 см тереңдікте өткізіледі.

Беттік өңдеу тұқым себу алдында немесе себу кезінде 14см дейінгі тереңдікте жүргізіледі.

Арнайы өңдеу жаңа жерлерді игергенде немесе өсімдіктер қалыпты өсуі үшін арнайы жағдай туғызу үшін қолданылады.

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 648 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Топырақтың технологиялық қасиеттері| Сына мен топырақтың өзара әсері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)