Читайте также:
|
|
Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау жұмыстарының мақсаты – кәсіби қазақ тілі пәнінен білімдерін және тәжірибелік дағдыларын бекіту.
Ағымдық бақылау жұмысы әрбір тәжірибелік сабақтан кейін тапсырылады. Сол өтілген тақырып бойынша білім алушыларға бірнеше тапсырмалар беріледі. Аралық бақылау жұмыстары тест түрінде, бірнеше нұсқада беріледі, немесе өтілген тақырыптар бойынша тапсырмалар беріліп, ауызша сұралады. Қорытынды бақылау жұмысы бойынша емтихан сұрақтары дайындалады. Емтихан сұрақтары жазбаша және әңгімелесуге арналған материалдардан тұрады.
Білім алушылардың оқудағы жетістігі (білім, білік, дағды мен құзірет) төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін әріптік жүйемен бағаланады (оңды бағалары, жоғарыдан кемуіне қарай, А-дан Д-ға дейін «қанағаттанарлық» - Ғ – қанағаттанарлықсыз»);
Барлық білім технологиясының тиімділігін, объективтілігін және сапасын арттыру мақсатында оқу процесі мен білімнің қорытынды бақылауы ажыратылады.
Ағымдық және аралық бақылаудың барлық түрі мен білім алушылардың біліміне тиісті бағалауды сабақ беретін оқытушы жүргізеді. Ол баға аталған оқу пәні бойынша білімнің қорытынды бағалауының 60 пайызынан кем.
Білім алушыларға аралық аттестаттау қорытынды бақылауды оқытушы жүргізеді, ол баға аталған оқу пәні бойынша білімнің қорытынды бағалауының 40 пайызынан аспайды. Пән бойынша қорытынды бағаға ағымдағы, аралық және қорытынды бақылаудағы бағалар кіреді.
Аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
Аралық бақылау сұрақтары
Бақылау түрі: тест тапсырмалары
І Нұсқа
Журналистика қандай термин?
А. мемлекеттік
В. бұқаралық
С. ақпараттық
Д. халықаралық
Е. үгіт-насихат
Журналистика пән ретінде қай жылдардан бастап зерттеле бастады?
А. 1900
В. 1940
С. 1920
Д. 1930
Е. 1850
Халық... қарым-қатынас жасау, барлық қоғамдық өмір... қамту – журналистика... қоғамдық рөлін арттырады. Тиісті жалғауларды қойыңыз.
А. –қа, -ді, -ның
В. –пен, -ді, -ның
С. –пен, -ден, -мен
Д. –тан, -ден, -ға
Е. –тың, -мен, -ны
Журналистиканы нешінші билік деп атайды?
А. екінші
В. билікке жатпайды
С. үшінші
Д. төртінші
Е. бірінші
Публицистика жанрында тіл құралдары қалай қолданылған?
А. еркін
В. үнемдеп
С. эмоционалды
Д. көркем
Е. көп
Сөйлемді тиісті сөзбен толықтырыңыз. Журналист оқырман... зерттейді.
А. көңіл күйін
В. арманын
С. психологиясын
Д. мақсатын
Е. байлығын
Деректі” сөзін қай сөзбен байланыстыруға болады?
А. фильм
В. сұхбат
С. материал
Д. монолог
Е. жанр
Мақалды толықтырыңыз. Бас кеспек болса да,... кеспек жоқ.
А. қол
В. сөз
С. ой
Д. тіл
Е. аяқ
Публицистикалық шығармалар ненің көрінісі?
А. журналист пікірінің
В. адамгершіліктің
С. өмірдегі шындықтың
Д. журналист табиғатының
Е. іскерліктің
Мақаланың неге тікелей қатысы бар?
А. іскерлікке
В. ойдың құрылымына
С. журналист шеберлігіне
Д. қоғам өміріне
Е. мамандыққа
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 433 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар. | | | Берілген сөйлемді тиісті сөзбен толықтырыңыз. Егер біреу өзінің тауарын сатқысы келсе, ол ... емес. |