Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мәтінді оқып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыздар.

Оқу пәнінің сипаттамасы | Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы | Біздің университет. | Азіргі публицистика жанрының қалыптасуы жайлы баяндама дайындаңыздар. | Мәтінді оқып, өз пікірлеріңізді білдіріңіздер. | Мәтінді оқып, аударып баяндаңыз. | Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар. | Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау | Берілген сөйлемді тиісті сөзбен толықтырыңыз. Егер біреу өзінің тауарын сатқысы келсе, ол ... емес. | Дұрыс жазылған нұсқаны табыңыздар. |


Читайте также:
  1. Access 9х-пен жұмыс істеу режимі (тәртібі).
  2. Ақпараттық таным. Трансакциялық шығындар. Электрондық кітапхананың жаңа рөлі.
  3. Аналитикалық дәріс. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық және инфляция.
  4. Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу
  5. Бөлім. Музыка жетекшісін педагогикалық жұмысқа
  6. Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
  7. Дүние тарихынан бақылау жұмыстарының жүктемесі

 

ес білу – помнить себя

жаңа ұғымдар – новые понятия

мәнін түсіну – понимать суть

игілік - достояние

игеру –освоить

таразылау – взвешивать

болжау – прогнозировать

ұжым – коллектив

 

Адам баласы ес білген кезінен бастап жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды. Қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен ұғынады, туған тілі арқылы игеріп, игілігіне жаратады. Өткеніне көз жіберіп, ой елегінен өткізіп, таразылайды, болашағын болжайды, келешегіне жоспар жасайды.

Қазақ тілінің қоғамдық қызметі оқу орындарында, білім алу, тәрбие беру істерінде, жұмыс орнында, ұжымда адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы кезінде байқалады. Осыған байланысты қазақ тілі оқу-ағарту, білім-тәрбие саласында, мәдени өмір де (мысалы, театр, концерт, ойын-сауық кештері және т.б.), қоғамдық-саяси өмір де (әр түрлі ресми жиындар, құрылтай, жиналыстар), ғылым саласы нда, іс қағаздар ісі нде т.б. міндетін атқарып, халқына қызмет істеп келеді.

(«Қазақ тілі» оқулығынан)

Сұхбаттасыңыздар.

- Адам баласы жаңа ұғымдарды қашаннан бастап біле бастайды?

- Ес білген кезінен бастап.

- Өзің қанша жасыңнан бастап есіңді білдің?

- Мен үш жасымнан бастап есімді білдім.

- Мәдени, рухани байлық деген не?

- Ол адамның ақыл-ойы, тәрбиесі, алған білімі, шығармашылығы деп ойлаймын.

- Сол мәдени, рухани байлықтарды адам қалай игереді?

- Ана тілі арқылы игереді.

- Қазақ тілінің қоғамдық қызметі қандай жерлерде байқалады?

- Қазақ тілінің қоғамдық қызметі оқу орындарында, ұжымдарда, адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы кезінде байқалады.

 

Төмендегі етістіктер қай шақта тұр, мағынасын ашыңыздар.

Түсіне бастайды, ұғынған, жаратыпты, болжады, жасайды, байқалар, қызмет істеп жүр.

 

Еске түсірейік: Етістіктің ауыспалы осы шағы көсемшенің –а, -е, -й жұрнақтары арқылы жасалады. М: отыр- а-ды, сөйле- й-сің, бер- е-ді.

 

Айда? деген сұраққа жауап беріп жаттығыңыз.

 

Жатыс септігінің жалғауларын (-да, -де, -нда, -нде) есіңізге түсіріңіз.

 

оқу орындар ы - нда,

білім алу, тәрбие беру істер і - нде

жұмыс орн ы - нда,

ұжым- да

адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы кез і - нде

оқу-ағарту, білім-тәрбие салас ы - нда,

мәдени, қоғамдық-саяси өмір- де

ғылым салас ы - нда,

іс қағаздар іс і - нде

БӨЖ тапсырмалары

 

Сұхбатты жалғастырып, өз ойыңызды қосыңыз.

- Сен неге ана тіліңде газет-журнал оқымайсың?

- Себебі, көп сөздерді түсінбеймін.

- Қалайша, сен біраз сөздердің мағынасын жақсы білесің ғой, әрі қарай дамыту керек емес пе?

- Әрине, солай ғой, дегенмен...

- Оның себебі не?

Отаныңыз, туған жеріңіз жайлы «Ана тілім – айбыным менің»тақырыбына шығарма жазыңыздар.

 

Ағымдық бақылау сұрақтары.

1. Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі қандай?

2. Қазақ тілінің қоғамдық қызметі қандай жерлерде байқалады?

3.Қазақ тілінің қоғамдық қызметі оқу орындарында, ұжымдарда, адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы кезінде байқалады.

4.Етістіктің шақтары.

 

2 сабақ


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 201 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Емтихан сұрақтары| Туған жерге байланысты мақалдарды жаттап алыңыздар. Мағынасын ашыңыз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)