Читайте также:
|
|
Қоғамдық сана, азаматтық қоғам, оқырман талғамы, психологиялық сана, сезіну, пікірдің қалыптасуы, кепіл, журналистиканың өлшемі.
Еске түсірейік: Шылаулардың өз алдына мағынасы болмайды, сөздерді байланыстырады. Олардың үш түрі бар: жалғаулық шылаулар (да, де, та, те, және, мен, бен, пен, кейде,бірде, бірақ т.б.); септеулік шылаулар (дейін, кейін, шейін, соң); демеулік шылаулар (-ақ, -ау, -ай, ғана, тек т.б.). |
Жаңа сөздермен таныс болыңыз.
Басты функция – основная функция
Қоғамның талабына сай – согласно требованию общества
Әлеуметтік-психологиялық сана – социально-психологическое сознание
Баспасөз қызметкері – сотрудник печати
Оқырман психологиясы –психология читателя
Талғамы оянады – появляется вкус
Пікірдің қалыптасуынан гөрі – чем формирование мнения
Қоғамдық сананың қалыптасуы – формирование общественного сознания
Диалектикалық байланыс – диалектическая связь
Нәтиже – результат
Журналистиканың өлшемі – суть журналистики
Өзгертудің кепілі – залог изменения
Мәтінді оқып, пікір алмасыңыздар.
Қазіргі журналистиканың басты функциясы – адамдардың қоғамдық санасын дамыту. Азаматтық қоғамның талабына сай келетін әлеуметтік-психологиялық сананы да қалыптастыратын – публицистика жанры.
Баспасөз қызметкерін оқырман психологиясын қалыптастырудың көзі деп айтуға да болады, өйткені ол материалды оқу барысында ойланады, сезінеді, оның талғамы оянады. Дегенмен журналистикада пікірдің қалыптасуынан гөрі қоғамдық сананың қалыптасуы алғашқы орында тұруға тиіс.
Диалектикалық байланысты ұмытпау керек: қоғамдық пікір қоғамдық сананың нәтижесі ғана емес, оны өзгертудің де кепілі.
Журналистиканың өлшемі де көпшілік аудитория санасындағы өзгерістер болмақ.
(В.Ворошилов, «Журналист»)
Мәтіннен шылауларды атаңыз, мағыналарын түсіндіріңіз.
Үлгі: да – жалғаулық шылау.
Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойыңыз.
1. Асқар... Айман үйлеріне қайтты.
2. Институтқа... біраз жер бар.
3. Сабаққа сен... келген жоқсың.
4. Кешке қар... жауды, жаңбыр... жауды.
5. Олар ерте келді,... есік жабық екен.
БӨЖ тапсырмалары
Сөз тіркестермен сөйлемдер құраңыз.
Журналистика арқылы, азаматтық қоғам туралы, он шақты, жүз шамалы, дегенмен орындалуға тиіс, сонда да ұмытпау керек, журналистер ғана.
8. Журналистиканың қоғамдағы атқаратын маңызды рөлі туралы газет, журналдардан нақты ақпарат дайындаңыздар.
Ағымдық бақылау сұрақтары.
1. Қазіргі журналистиканың міндетті не?
2. Қазақ баспасөзінің қалыптасуы мен дамуын айтыңыз.
3. Журналистикада қоғамдық сананың қалыптасуы алғашқы орында тұруға тиіс пе?
4. Ғаламтор желілеріне туралы ақпарат беріңіз.
5. Шылау, оның түрлері.
Сабақ.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 185 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Мәтінді оқып, аударып баяндаңыз. | | | Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау |