Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Мәтінді оқып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыздар. | Туған жерге байланысты мақалдарды жаттап алыңыздар. Мағынасын ашыңыз. | Біздің университет. | Азіргі публицистика жанрының қалыптасуы жайлы баяндама дайындаңыздар. | Мәтінді оқып, өз пікірлеріңізді білдіріңіздер. | Мәтінді оқып, аударып баяндаңыз. | Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар. | Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау | Берілген сөйлемді тиісті сөзбен толықтырыңыз. Егер біреу өзінің тауарын сатқысы келсе, ол ... емес. | Дұрыс жазылған нұсқаны табыңыздар. |


Читайте также:
  1. Адам организмінің құрылысының жалпы сызбанұсқасы.
  2. Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
  3. Жалпы ережелер
  4. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  5. Жалпы сипаттама
  6. Сандық бағдарламамен басқарылатын (СББ) станоктар және басқару жүйелері туралы жалпы мағлүматтар
  7. Студенттің өздік жұмысына тапсырма
Әріптік жүйе бойынша баға Сандық эквивалент % мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 үздік үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы жақсы жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 0-49 қанағаттанарлықсыз
  1. Оқу тәртібінің саясаты.

Кәсіби қазақ тілі пәні – міндетті пән. Оқу жүктемесінің көлемі 2 кредиттен тұрады, оның ішінде семинар (практикалық) сабақ – 30 сағат.

Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, семинар сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, БӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмалары, аралық бақылау, қорытынды бақылау).

Білім алушылардың білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.

 

 

Глоссарий

Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.

Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып,тыңдауға жаттығу.Радио, теледидар хаьарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау,айтып беруге үйрену.

Оқылым - өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет материалы, естеліктер және әңгімелер, повестер оқу тапсырылады. Өздік жұмыс барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.

Жазылым – сөйлесім, тыңдалым-оқылым үнемі жазба жұмыстарымен ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу,көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.

Дыбыс – дыбыстау мүшелері арқылы жасалып, естілетін физикалық құбылыс.

Орфография – сөздердің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығы.

Орфоэпия – сөздердің дұрыс айтылу ережесі.

Омоним – дыбысталып, жазылуы бір, мағыналары бір– бірінен алшақ сөздер.

Антоним – мағыналары бір – біріне қарама– қарсы сөздер.

Синоним – жазылуы мен айтылуы әртүрлі, бірақ мағыналық жағынан жақын сөздер.

Түбір – сөздің ешқандай бөлшектеуге келмейтін түпкі түрі.

Қосымша – жеке тұрғанда мағынасы болмағанмен, түбірге жалғану арқылы сол сөзге әртүрлі лексикалық және грамматикалық мағына беретін сөз бөлшнгі.

Физика-“ фюзис” деген грек сөзі қазақша табиғат дегенді білдіреді.

Сөйлем – тиянақты ойды білдіретін сөз, сөз тіркесі.

Сөз тіркесі – толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да байланысуы.

Хабарлы сөйлем – белгілі бір оқиға, құбылыс, адам, нәрсе туралы хабарлай айтылатын сөйлем.

Сұраулы сөйлем – бір нәрсе жайында сұрай айтылатын сөйлем.

Бұйрықты сөйлем – іс–қимылға итермелеу, орындауға ұмтылдыру мақсатында айтылатын сөйлем.

Лепті сөйлем – айтушының немесе жазушының көңіл күйін, эмоциясын білдіретін сөйлем.

Құрмалас сөйлем – мағыналық жағынан, интонациясына байланысты, грамматикалық тұлғаларына қарай екі не одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіреді. Олар салалас құрмалас, сабақтас құрамалас және аралас құрмалас сөйлемдер деп бөлінеді.

 

Диалог – екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.

Дискуссия (лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.

Жағдаяттық тапсырма – білім алушының белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға қатысты орындайтын жұмысы. Көп жағдайда бұл тапсырма рөлдік үлгіде орындалады.

Жазылым – сөйлесім, тыңдалым-оқылым үнемі жазба жұмыстарымен ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу,көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.

Монолог – бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған материалдарды ауызша баяндауы.

Презентация (лат. Praesentatio - таныстыру) – жеке немесе топта орындалған оқу-танымдық жұмыстың нәтижелерін көрсету.

Семинар – (лат. Seminarum - орда) – жоғарғы оқу орындарындағы практикалық сабақ. Семинар сабақтың мақсаты – оқу пәнін тереңдетіп оқыту.

Тьютор – нақты пәнді меңгеруде білім алушының академиялық кеңесшісі рөліндегі оқытушы;

Публицистика -ақиқат шындықтың жария көрінісі;

БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары. Ақпараттану.

Журналистика ( французша Jornal,немісше Jornalistik) – бірнеше ұғымда қолданылатын халықаралық термин. Бұқаралық хабар және насихат құралдарының жалпылауыш атауы.

Жарнама – латын сөзі, «айғайлау» деген ұғымды білдіреді. Жарнама – «тауар, қызмет көрсету т.б. туралы хабарлама».

Газет – итальяндар сөзі, «Gazzetta», ол «майда ақша» деген ұғымды білдіреді.

Диктофон - мәліметті есте сақтау мүмкін болмағанда пайдаланатын техникалыө құралдың түрі.

Блокнот – кейбір мәліметтер мен хабарламаларды сақтау үшін пайдаланылатын қажетті кітапша. Блокноттағы мәліметтерге қарап еске түсіруде өте қолайлы дүние.

Редактор – басылымдардың (газеттер мен журналдар) шығуына басшылық жасайтын қызметкер.

Редакция – басылымдармен тікелей жұмыс жасайтын (газет, журналдардың) қоғамдық орын.

Редакиялық алқа – басылып шығатын басылымдарға тікелей жауап беретін қызметкерлерден тұратын құрам.

Деморатия -сөз бостандығы.

PR пиарлау – тұтынатын тауарларды немесе жағымды ақпараттармен жарнамалап жеткізу.

БАҚ демократиясы – қоғамдағы әлеуметтік топтардың өмір сүріп отырған жағдайларын ақпараттандыру.

Медиа-форум – жаһандану кезеңіндегіәлемдік мәселерді талдау, талқылаудағы құбылыстар.

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 152 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оқу пәнінің сипаттамасы| Емтихан сұрақтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)