Читайте также: |
|
Ағымдық бақылау сұрақтары.
7 сабақ
Бүгінгі баспасөз.
Мақсаты: Студенттердің өз ойларын жан-жақты түрде баяндауға жағдай жасау. Сабақ тақырыбына сәйкес білімдерін дамыта түсу. Кәсіби сөздерді мақсатты түрде қолдана білуге жағдай жасау. Білімдерін шыңдай түсу тұрғысынан іздемпаздыққа үйрету.
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) «Журналистика» термині қандай мағынаны білдіреді?
2) Неліктен журналистиканы үгіт-насихат жүргізудің құралы дейді?
3) Қазақстанда журналистика қашан пайда болды?
4) Қазір журналистика ненің құралына айналып отыр?
Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар.
Ақиқат шындық, қоғамдық кәсіп, өмір деректері, көзқарас, журналист табиғаты, заман көрінісі, нақты деректер, адам парасаты, факт жинау, деректер, үгіт-насихат,
Мәтінді оқып, өзара сұрақтар дайындаңыздар.
Журналистика(франц. Journal, нем. Journalistik) – бірнеше ұғымда қолданылатын халықаралық термин. Бірде бұқаралық хабар және насихат құралдарының жалпылауыш аты, бірде творчестволық өнердің бір типі, енді бірде баспасөз, радио, теледидар арқылы тарату үшін қажетті хабар-ошар, факт, оқиға, деректерді жинап, өңдеудегі қоғамдық саласы. Ал тағы бірде бұқаралық үгіт-насихат жүргізудің құралы және бірде ғылыми зерттеудің бір пәні деген мағынада ұғынылады.
Қазақ сахарасында журналистика хабар құралы, қоғамдық кәсіп түрі, шығармашылық өнердің бір типі ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. ХХ ғасырда ол біраз дамыды. Қазірде мүлде кең тарап, кемелденіп, үгіт-насихат жүргізудің, қоғамдық ой-пікірді қалыптастырып, бұқараны тәрбиелеудің, мемлекет басқару ісін жетілдірудің ықпалды құралына айналды. Журналистика пән ретінде 40-жылдардан зерттеле бастады.
(Т.Қожекеев)
Еске түсіріңіз: Сөйлемдер құрамына қарай жай және құрмалас сөйлемдер болып екіге бөлінеді. Бір ғана баяндауышы, бір ғана бастауышы бар, тиянақты бір ойды білдіретін сөйлем жай сөйлем деп аталады. Екі жай сөйлемнен түрып, күрделі ойды білдіретін сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады. |
Сөздерді жұптастырып, сөйлем құраңыз.
1. көсемсөз басым
2. деректі пайдалану
3. көпшілікке жанры
4. оқырман материалдар
5. қоғамдық-саяси түсінікті
6. тіл құралдарын психологиясы
7. эмоционалдығы лексика
Үлгі: Біз көсемсөз жанры жөнінде әңгіме қозғадық.
Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
Монолог түріндегі ойтолғам, сұхбат алу, оқырманға түсінікті, радио тыңдау, троптың түрлері, қоғамдық-саяси лексика, мақала жазу, эмоционалдығы басым, деректі материал, газет оқу, туған елді сүю.
Мәтіндерден кезектес шылауларды, қыстырма сөздерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 182 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Біздің университет. | | | Мәтінді оқып, өз пікірлеріңізді білдіріңіздер. |