Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азіргі қазақ әдебиеті

Міржақып Дулатов | Жүсіпбек Аймауытов | Мағжан Жұмабаев | Мұхамеджан Сералин | Дебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар | Бейімбет Майлин | Сәкен Сейфуллин | Ілияс Жансүгіров | Мұхтар Әуезов | Мұқанов Сәбит |


Читайте также:
  1. VI - IX ғасырлардағы көне түркі әдебиетінің ескерткіштері.
  2. XIX ғасырдығы қазақ әдебиеті.
  3. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі
  4. Азіргі заманғы Қазақстан тарихынан күнтізбелік-тақырыптық жоспары.
  5. Азіргі публицистика жанрының қалыптасуы жайлы баяндама дайындаңыздар.
  6. Дәріс 5. Операциялық жүйелер. Бағдарламалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы.

XX ғасырдың II жартысындағы қазақ әдебиеті (1960-2000 ж.ж.)

кезең әдебиетіндегі көркемдік жаңашылдықтар сипаты

-поэзия

-проза

-драма

Бұл дәуір қазақ әдебиетінде алдыңғы дәуірлерге қарағанда, бірсыпыра өзгешеліктермен ерекшеленеді. Бұл дәуірдегі әдеби қозғалыстың ерекшелігі – жазушылардың шығармашылық белсенділігінің артуы болды. Олар өмірді боямалап, бір жақты көрсетуден бас тартып, заман қиындығын қайшылықты құбылыстар арқылы тануға тырысты. Әдебиет бұл дәуірде күрделі қоғам шындығын бастан кеше отырып дамыды. Қазақ халқының ұлттық ой-санасының жүдеп бара жатқанын көрген зиялы азаматтар 60-70 жылдардан бастап, халық тарихының оқиғалары негізінде ұлттық сананы оятып тәрбиелеуге көркем әдебиетті пайдалану мақсатын қойған еді. Ол үшін М. Әуезов негізін салған тарихи роман дәстүрін жалғастыру қажет еді. Қазақ тарихының әрқилы беттері жаңаша бажайланып, көркем бейнелеуге ие болды. І.Есенберлиннің, Ә.Әлімжановтың, С.Сматаевтың, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауинның, Ш.Мұртазаның, С.Жүнісовтың романдары жарық көрді. Мұндай ұлттық оянуды көптеген туысқан халықтар да басынан кешірді.

Негізінен, бұл жылдары дәстүр және дәстүр жалғастығы, сонымен қатар жаңашылдық сарыны да байқалды. Авторлардың туындыларында түр мен жанрдағы ізденістер барынша көрініс тапты. Халқымыздың басынан өткен Ұлы Отан соғысы тақырыбы сол соғысты басынан кешкен М.Ғабдулиннің “Менің майдандас достарым” (1947), Б.Момышұлының “Төлеген Тоқтаров”, “Біздің генерал” (1963), Ә.Шәріповтың “Ормандағы от”, Қ.Қайсеновтың “Жау тылында” (1967), атты публицистикалық толғаулары, романдары, повестьтері, әңгімелері, партизан ақын Ж.Саинның “Жорық жолдары” (1970), Т.Ахтановтың “Шырағың сөнбесін” (1973), Ә.Нұршайықовтың “Махаббат, қызық мол жылдар” (1970), “Ақиқат пен аңыз” (1976), С.Мәуленовтың “Жеңіс жүрек” (1985), Т.Бердияровтың “Оқ пен гүл” (1967), т.б алуан жанрдағы туындыларында бейнеленді. Ұлы Отан соғыс кезінде жастық шағы сол кезеңге дөп келген ұрпақ өкілдері Б.Соқпақбаевтың “Өлгендер қайтып келмейді” (1967), Н.Ғабдулиннің “Жігер” (1983), М.Мағауиннің “Бір атаның балалары”, Д.Исабековтың “Біз соғысты көргеміз жоқ”, С.Мұратбековтың “Жабайы слма” повесть-романдарында, Е.Ибраһимнің “Өмір өлмейді” (1963), Ө.Нұрғалиевтің “Соғыстың соңғы жазы” (1978-1984), т.б поэмалары мен өлең кітаптарында көрініс тапты.

Бұл жылдары жарияланған экология мәселелері жалпы адамзаттық мәніне көңіл аударыла бастады. Экологиялық күйзеліске ұшыраған ауылдың экономикалық, әлеуметтік, философиялық тұжырымдары Т.Ахтановтың “Дала сыры” (1968), “Боран” (1968), Қ.Жұмаділовтың “Саржайлау” (1978), “Сәйгүліктер” (1984), С.Жүнісовтің “Жапандағы жалғыз үй”, Д.Исабековтың “Гауһартас”, С.Шаймерденовтың “Селдің екпіні” (1977), З.Шашкиннің “Сенім”, І.Есенберлиннің “Көлеңкеңмен қорғай жүр”, т.б шығармаларында көрінді. 1960-1990 жылдары жарық көрген Т.Әлімқұловтың “Ақбозат” (1962), “Кертолғау” (1973), “Тұлпарлар тағдыры” (1975) жинақтарында өнер адамдары мен тарландар тағдыры арқау болды.

Қазіргі прозамен - лирика мен эпика, реалистік, романтикалық әдістермен үйлесіп, дерек пен ойдан шығарумен түйіндесіп жатты. Ә.Әлімжановтың “Отырардан келген сыйлық” (1964), “Махамбеттің жебесі” (1960), О.Бөкеевтің “Қамшыгер” (1970), “Ән салады шағылдар” (1978), Т.Әбдіковтің “Ақиқат” (1978), С.Ерубаевтың “Ойсылқара” (1972), Т.Жармағанбетовтың “Соңғы хат” (1974), Д.Исабековтың “Қарғын” (1980), “Тіршілік” (1975), Ә.Кекілбаевтың “Дала балладалары” (1967), “Шыңырау” (1982), М.Мағауиннің “Көкмұнар” (1972) жинақтарында жанрлық, стильдік соны ізденістер байқалды.

Ұлттық поэзия арсеналы жаңа көркемдік бояулармен молыға түсті: Ә.Тәжібаев “Таныс дауыстар” (1984), О.Сүлейменов “Әр күн-арайлы таң” (1986), С.Мәуленов “Жапырақтар жанады” (1964), Т.Айбергенов “Арман сапары” (1963), “Аманат” (1975), Ә.Ахметов “Тырау- тырау тырналар” (1974), К.Салықов “Жезкиік” (1973), Ж.Нәжімеденов “Темірқазық” (1982), К.Ахметова “Жапырақ- жаздың жүрегі” (1974), С.Жиенбаев “Іңкәр дүние” (1981), Ж.Жақыпбаев “Саратан” (1979) т. б.

Сонымен қатар, дәл осы жылдары Жамбыл, Кенен ақындарының мерейтойлары дүниежүзі қазақтары мәслихатының құрметіне арналып, республикалық айтыстар өткізілді. Айтыс ақындары М.Көкеновке, Ә.Қалыбековаға, Қ.Әбілевке “Қазақ ССР халық ақыны” деген атақ берілді.

Бұл жылдары сюжетсіз лиркалық-философиялық поэмалар көптеп жазыла бастады. Мұндай ізденістерге Қ.Бекхожиннің “Сұңқар туралы жыр”, Х.Ерғалиевтің “Аңыз ата”, “Жылдар, жылдар”, Ж.Молдағалиевтің “Мен қазақпын”, “Байқоңыр баспалдақтары”, “Қыран дала”, Ә.Тәжібаевтың “Портреттер”, М.Әлімбаевтің “Менің Қазақстаным”, Т.Бердияровтың “Жер мен адам”, Қ.Мырзалиевтің “Данышпан”, М.Мақатаевтың “Өмір дастан”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Моцарт”, “Жан азасы”, т. б шығармалары жатады.

Баллада жанрына келетін болсақ, баллада жанрындағы Қ.Жармағанбетовтың үрдісін М.Шаханов дамытты. Оның “Сейхундария”, “Махаббаты қорғау”, “Сенім патшалығы”, “Барселона аэропортындағы сұңқарлар”, “Жеңілген жеңімпаз хақындағы дастан”, т. б балладаларында жанрдың ішкі қуатының молдығы байқалды.

Қазіргі прозада әлеуметтік, саяси, моральдық, психологиялық, философиялық жайларды жазушылар бірегей шешуге ұмтылды. Оған Т.Ахтановтың “Боран”, Ә.Әлімжановтың “Көгілдір таулар” (1982), О.Бөкеевтің “Мұзтау” (1975), “Ән салады шағылдар” (1973), т. б жатады.

Колхоздастыру, кулактандыру, тап ретінде жою драмасы кеңінен өріс тапты. 1932- 1933 жылдардағы ашаршылық трагедиясы, сталиндік репрессия Ж.Сыздықовтың “Әли қарттың әңгімесі”, Ғ.Мүсіреповтің “Сөз жоқ соның іздері”, Х.Есенжановтың “Ағайынды Жүнісовтер”,т.б. көркем шығармаларында реалистікпен бейнеленді. Зобалаң шақ шындығы Ш.Мұртазаның “Сталинге хат”, “Бесеудің хаты”, Қ.Мұхаметжанованың “Біз періштеміз бе?” атты сахналық туындыларында тереңдетіле түсті.

Дәл осы жылдары қазақ прозасы тарихи тақырыпты кең құлашпен игере бастады. Қатпарлы қалың тарихтың көрінісі Ғ.Мүсіреповтің “Жат қолында” (1984), Ғ.Мұстафиннің “Көз көрген” (1963), І.Есенберлиннің “Қаһар” (1969), “Алмас қылыш” (1971), “Жанталас” (1973), “Алтын орда”, Х.Есенжановтың “Көп жылдар өткен соң” (1963), “Тар кезең” (1965), “Жүнісовтер хикаясы” (1972), Ә.Нұрпейісовтың “Қан мен тер” (1971), Ә.Кекілбаевтың “Үркер” (1981), “Елең- алаң” (1984), Қ.Жұмаділовтің “Соңғы көш” (1974), “Тағдыр” (1989), Д.Досжановтың “Жібек жолы” т. б кеңінен ашылды.

1984 жылы ұзақ үзілістен кейін Ғабит Мүсірепов “Оянған өлкенің” екінші кітабын “Жат қолында” деген атпен жариялады. Оның негізгі оқиғасы бұрынғыша Қарағанды жерінде, өндірістің шетел капиталының қолына өтуі оқиғаларына құрыла суреттеледі. Кейіпкерлері де негізінен бұрынғы таныс адамдар, жаңа кейіпкерлер ішінен дараланып көрінген- Игілік бидің баласы Кенжеғара. Жазушы шетелдік алыпсатарлардың байлыққа құмартқан пиғылын, амал- айласын көз алдыңыздан өткізеді. Ескінің тозып, жаңаның өніп келе жатқанын бейнелейтін күреске Кенжеғара арласады. Жас жігіт әділет жолын іздейді, тарих тағылымынан кеш қалған елін алға сүйреуді мақсат етеді. Роман ескі өмірдің күйреуімен, шетелдіктердің Қарағандыны тастай қашуымен аяқталады. Халық алға үмітпен қарайды.

60-шы жылдардың аяғында І.Есенберлин ең бір даулы, қиын тарих беттеріне арнаған “Қаһар” (1969) романын жазды. Роман әуелдекөп адамды шошытты, әрі таңқалдырды. Әуелгі әсер біртіндеп басылды, роман оқылды, орнықты. Көп дауға түскен жоқ. Бұған бірінші себеп - қоғамдағы идеолдогиялық бақылаудың әлсірей бастағаны болса, екіншіден, жазушының Кенесары қозғалысын бағалаудағы екі жақты көзқарасы болды. Патша отаршылдығының күшейіп, халықтың тұрмыс-тіршілігінің ауырлауы жағдайында көтерілген Кенесары қозғалысының алғашқыда халықтық сыпат алғанын, тілектес жұрттың оның соңынан ергенін көрсете отырып, Ілияс Кенесарының хан көтерілгеннен кейін көтерілістің халықтық сыпаты әсірелеп, жеке бастың хандық мүддесі үстем бола бастағанын суреттеді. Кенесары соңынан ергендердің одан қол үзіп, айырыла бастауы да осыған байланысты. Мұндай концепция билеуші идеология саясатына онша қиғаш та келмейтін еді. Олар көтерілістің осылай бағалануына келіскендік білдірді. Негізінен, Кенесары қозғалысының екі жақты сыпаты жайлы осындай пікір ұстана отырып, Ілияс партияның отаршылдық саясатының қазақ халқының өмірін ауырлатып жібергені. Кенесары көтерілісінің туу заңдылықтары, Кененің жеке басының әскери басқарушылық таланты жайлы жазды. Онда халық адамдарының арман-мұраты мен өкініші, күйініш- сүйініші, олармен тілектес ел басшыларының бейнесі жаңаша ұғым- түсінікте жасалды. Бұрын хан, би, жырау сияқты ел билігіне араласқан адамдар тек үстем тап адамы есебінде таріс бағаланып келсе, Ілияс бірінші рет қазақ әдебиетінде олардың ісі, арман- тілегі, ой-пікірі халық тағдырымен байланысты болғанын ашты. Романды Кенесарыға қоса оның батыр інісі Наурызбайдың, сарбаздары Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Бұқарбайдың, т.б ерлік бейнелері жасалған. Жазушы қазғалыстың қайшылығын, жеңілу себептерін де жасырмай, жақсы- жаманды айыра көрсетеді. Кененің өзін көтере көрсетуге тырысуын, кейде өзін қызықтап кететін мінін де, қатыгездігін де ашық айтады.

Сөйтіп, “Қаһар” тарихты қайта қозғаудың басы болған, халықтың отаршылдыққа қарсы азаттық күрестері жайлы елдің есіне салып, оның санасын оятуға көмектескен шығарма боп тарихқа кірді. Қазақ халқының ХV ғасырдан бергі тарихы жайлы жаңа романдар (“Алмас қылыш”, “Жанталас”) жазған Ілияс кейін “Қаһарды” осы серияның үшінші кітабы етіп қосты. Бәрі бірігіп “Көшпенділер” деген трилогияны құрады.

“Алмас қылыш” (1971) Дешті Қыпшақтың ханы Әбілқайырдың билігінде болған қазақ руларының топтасуын, олардың билікке таласын, Жәнібек, Керей бастаған қазақтардың бөліну үрдісін көрсетуге арналса, “Жанталаста” (1973) қазақ хандығының жоңғарлардың шабуылынан қорғану тарихынан мол мәлімет береді. Онда Хақназар, Тәуекел, Есім, Абылай хандар тұсындағы қазақ елінің жайы суреттеледі. “Алмас қылыштың” идеясы қазақ руларының бірігуі, бөлек ел болуы жайына құрылса, “Жанталаста” қазақ халқының елін қорғау және ұлттық мемлекетті орнықтыру жолындағы күресі негізге алынады. Екі роман да қазақ халқының саяси-экономикалық ахуалы мен көшпелі елдің рухани өмірін кең суреттейді. Халықтың ел қорғаған батырлары мен шешен билерінің бейнелерін жасайды. Роман стилінде халық әдебиетінің, эаостың бейнелеу тәсілдері байқалады. Қазақ елінің ұзақ (ХV-ХVІІІғасырлар) тарихын көркемдікпен танытуға арналған шығармады хроникалық сыпат та мол. Сөйте тұра, “Көшпеділер” қазақ тарихының негізгі кезеңдерін, ондағы дамудың бағыты мен оқиғаларын, тарихи қайраткерлері өмірін кеңірек түсінуге жол ашқан тың шығарма болды. Ол бүгінгі ұлттық әдебиетімізге жаңа леп әкелді.

Ілияс Есенберлиннің тарихи тақырыпқа жазған соңғы шығармасы - “Алтын орда” атты үш томдық романы. Мұнда ХІІІ-ХV ғасырларда күшті мемлекет болған Алтын Орданың саяси-қоғамдық, мәдени өмірі суреттеледі. Роман ертедегі тарихқа, аңызға сүйеніп жазылғандықтан, онда аңыз, әңгімешілдік стилі көбірек пайдаланылды. Оның оқиғалық жүйесі тарихи хроникадан, шежіреден тұрады. Жазушы осы материалдарды көркемдік толғамнан өткізіп, әлеуметтік, психологиялық суреттермен байытқан.

Қазақ-орыс қарым-қатынасының кейінгі тарихын (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) Ә.Кекілбаев жазды. Оның “Үркер” (1981), “Елең-алаң” (1984) романдары Қазақстанның Ресей құрамына кіруі мен содан кейінгі алғашқы дәуірдің күрделі қарым-қатынасын суреттейді.

Бұл жетістіктермен қоса, қазақ драматургиясы тақырыптық, көркемдік жағынан байып, жетіле түсті. Қ.Мұхаметжановтың драмалық туындылары ерекше бағаланды. Оның Ш.Айтматовпен бірігіп жазған “Көктөбедегі кездесу” (1972), Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тер”, Т.Ахтановтың “Ант”, С.Жүнісовтің, Д.Исабековтың, т. б пьесалары сахналық мәдениетімізді кемелдендіруге үлкен үлес қосты.

Бұл дәуірдегі әдебиеттану ғылымы мен сыны уақытпен бірге тыныстап, талап деңгейінен шығуға үлес қосып жатты. Ондай еңбектер: Ғ.Мүсірепов “Суреткер парызы” (1970), Ғ.Мұстафин “Ой әуендері” (1978), С.Қирабаев “Шындық пен шығарма” (1981), “Талантқа құрмет” (1988), Ә.Нұрпейісов “Жүрегі тола жыр еді” (1978), Т.Ахтанов “Көкейтесті” (1980), З.Қабдолов “Жебе” (1977), Р.Бердібаев “Қазақтың тарихи романы” (1979), Ш.Елеукенов “Замандас парасаты” (1977), “Жаңа жолдан” (1989), Ә.Кекілбаев “Дәуірмен бетпе- бет” (1972), М.Мағауин “Ғасырлар бедері” (1991), Р.Нұрғалиев “Өнердің эстетикалық нысанасы” (1979), “Айдын” (1985), З.Серікқалиев “Ақыл таразысы” (1976) және “Уақыт және қаламгер”, “Стиль сыры”, “Сөзстан”, т. б жинақтар жарық көрді. Бұларда жанр табиғаты, шығарманың көркемдік палитрасы, жазылу тарихы, сюжеті, характер, типтендіру, т. б мәселелері сөз болды.

 

Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары:

1. 1960-1990 жылдары қазақ әдебиетінің көркемдік сипаты?

2. Қазақтың қатпарлы тарихи көріністер негізінде жазылған тарихи романдары?

3. Ұлы Отан соғысын басынан өткеріп, осы тақырыпқа қалам тартқан ақын-жазушылар кімдер?

4. Экологиялық күйзеліске ұшыраған ауылдың тағдыры туралы жазылған шығармалар?

5. Осы кезеңде қандай жанрдағы поэмалар көптеп жазылды?

6. Баллада жанрын ілгері дамытушы?

7. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» туындысының тақырыбы, мазмұныны?

8. І.Есенберлиннің ең бір даулы, қиын беттер тарихына арнап, оқырман қауымын әуелде шошытып, таң қалдырған туындысы?

9. Қазақ драматургиясында қандай жаңалықтар болды?

10. Бұл дәуірдегі әдебиеттану ғылымы мен сыны уақытпен тыныстап, талап деңгейінен шығуға үлес қосып жатты. Ол қандай еңбектер?

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 562 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мүсірепов Ғабит| Дәріс тақырыбына байланысты қосымша мәліметтер жинау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)