Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

VI - IX ғасырлардағы көне түркі әдебиетінің ескерткіштері.

Оқу пәнінің мақсаты. | Пәнді оқыту жоспары. | ХІІІ - ХҮ ғасырдағы (Алтын Орда дәуіріндегі) әдебиет (1 сағ). | Асанқайғы Сәбитұлы | Бұқар жырау Қалқаманұлы | XIX ғасырдығы қазақ әдебиеті. | Махамбет Өтемісұлы | Шоқан Уәлиханов | Абай Құнанбаев | XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі |


Читайте также:
  1. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі
  2. Көне грек мәдениеті.
  3. Орта ғасырлардағы әлеуметтік таным
  4. Түркі өркениеті және қазақ мәдениеті.

 

- Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар (б.з.б. VII-6.3.IV ғ.ғ.)

- Қазіргі Қазақстан жерінде біздің заманымызға дейінгі VII ғасырлардан заманымыздағы IV ғасырлар арасында сақ, ғұн, үйсін тайпалары өмір сүрген.

- Тілі - түркі тілі, жазуы - түркі жазуы болғандығы жөніндегі бұлтартпас деректер бар. ("Сақа", "сақы", "сақпан", "қарсақ", "сақсыну", т.б. сөздердегі "сақ" түбірінің сақталуы). (ғұн, үйсін тайпаларының өмір тіршілігі жайында қытайлықтар Сыма-Цянның "Жылнама", Бань-Гудың "Ханнама" кітаптарында жазылған). Сақтардың б.з.дейінгі дәуірлерде-ақ 26 әріптен тұратын өз жазуы болған. Оның дәлелі ретінде Алматы маңындағы Есіктен табылған Алтын адамның жанындағы күміс тостағандағы жазуларды айтуға болады. Жазу бар жерде мәдениет, әдебиет дамитыны анық.

Геродоттың "Тарих" кітабында жазылып қалған скиф-сақ дәуіріндегі аңыздардың бірі – Тарғытай. Тарғытай біздің заманымыздан 1500 жыл бұрын өмір сүрген, скиф-сақтың көсемі.(Тарғытай бабаның әкесі – Көк тәңірі, шешесі –су перісі, оның үш ұлы: Арпоқсай, Ылпоқсай, Қолоқсай (қол–әскер, оқ–ел, сай–патша деген ұғымды білдіреді). Осы үш ұлдан скифтер тарайды. Шаңырақты кіші ұл иелену дәстүрінің түпкі көрінісі. Осы аңыздың қазақта жұмбақ түрінде айтылуы (түрен, балта, мойынтұрық, шөмішті тұспалдау). Тарғытай сақтардың кейінгі ұрпақтарының есінде Ер Тарғын атымен есте сақталған. Скифтер тайқазан жасап, оған жылқы етін асып, аталарына ас берген. Бие сауып, қымыз ашыту дәстүрі де бүгінгі қазақтарда бар дәстүр.

Алып-Ер Тұңға (Тоңа) – ежелгі дәуірде өмір сүрген түрік көсемі. Фирдоусидің "Шаһнамасындағы" Афрасияб, "Авестада" Франграсиан болып суреттеледі.. Ол қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. Бұл жоқтау - ежелгі түркі әдебиеті мен фольклорының алғашқы нұсқаларының бірі. Ол М. Қашқари "Сөздігінде" (XI ғ.) берілген.

Батырға арнаған елінің жоқтауы бар. Алып ЕрТұңғаның түріктерді жау табанына салдырмаған аяулы ұлы болғандығын көрсетеді.

Тұмар патшайым(б.д.д VІ ғасырдағы аталарымыздың мекені ұлы сақ даласын Тұмар атты әйел патшасы билепті. (ұлы сақ даласының билеушісі) Тұмар «Қобыланды батыр» жырындағы Қарлыға сияқты, көрікті де ақылды болған. Сол кезде парсының патшасы Кирдің көзі сақ даласына ауыз түседі. Жаулап алмақ болған Кир патшаның жансыз басына жиіркене қарап тұрып: "Аңсағаны" қан еді, іш енді соның, - деп қан толтырған сабаға тығып, өзенге лақтыруы.

Ел тағдыры үшін жанын қиған Ширақ батыр (б.з.бұрын VІ ғасыр) Кирдің орнына келген Дарий патшадан елін аман сақтап қалады.. Өз бақытынан ел бақытын артық санаған Зарина сұлу (сақ патшаймы Зарина сұлу б.з б. дейінгі V ғасыр). Мадия патшасының баласы Мадия патшасының баласы, Ханзаданың ұнатуы. Күйеуі Мөрмөрдің Ханзаданың қолынан қаза табуы. Бұнда да елінің еркіндігін, бақытын бірінші орынға қояды. Тұмар мен Зарина үлгісінің Қарлыға, Гүлбаршын, Гүләйім бейнелерінде сақталуы.

Көшпелі сақтардың ұлы, әйгілі шешен Анақарыс (Анахарсис).

Ғұн билеушісі Мөде (Мөте, Боғда) ерліктері жайлы аңыздар. Ғұндардың Мөде деген батыр ханы болған(б.з.б 209-174-жыл). Жер елдің байлығы. Өз байлығымды берсем де ел байлығын бере алмаймын деп қытайлармен соғысып, тас талқан етеді. Ғұндардың жаңа туған айға, күнге табыныуы қазақтарда да бар.

Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (V-VIII ғ.ғ.)

Бұмын қағанның (Елхан) түрік тайпаларының басын қосып, Түрк қағанатын құрған. Бұмынның мұрагерлері Мұқан қаған мен Естемі. Елтеріс қағанның түріктерді тауғаштардан азат етуі. Күлтегін мен Білге қаған, Тоныкөктің тұсындағы Түрк қағанаты.

Түркілердің киетегі (төтемі) - "Көк бөрі" аңыздары. Есіктен табылған заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар мен жазба деректер. Алтын адамның жанындағы тостағандағы жазу. "Аға, саңа очуқ! Без чөк! Бүкүн ічре азұқ" - сөздерінің мағынасы мен мәні. Ондағы көркемдік ойлаудың көріністері.

Деректі жазу бар жерде әдебиет болатындығы. Орхон ескерткіштері (VІІІ), (оның жазылу себебі. Зерттелуі. Ескерткіштің кілтін табудағы Дания ғалымы В.Томсен мен В.В.Радловтың еңбектері).

Бұмын қаған құрған «Түркі қағанаты» шамамен 630-680 ж.ж. көршілес ел – Тауғаштарға тәуелді болып, Елтеріс хан тұсында қайтадан бостандыққа қол жеткізеді. Елтеріс қайтыс болғанда, артында қалған ұлдары Білге мен Күлтегін жас болған. Бұлтуралы жырдағы үзінді:

Әкем қаған өлгенде,

Інім Күлтегін жеті жаста қалды.

Он жаста Умай текті шешемнің бағына

Інім Күлтегін ер атанды.

Сондықтан Елтерістің інісі – Қапаған таққа отырады. Ол қаза тапқаннан кейін, Білге таққа отырып, хан (қаған) болады, ал Күлтегін – әскербасы болады. Тоңықұқ – Елтеріс, Қапаған, Білге қағандардың кеңесшісі болған.

Орхон ескерткіштері – осы тарихи тұлғаларға арнап орнатылған тастағы жазулар. Орхон-Енисей өзендерінің аңғарында табылғандықтан осылай аталған. Таста «Түркі Білге қағанның еліне арнап жаздырдым. Мен - Тоңұқұқ»(«Тоныкөк»)деген жазу кездеседі.

Негізгі ойы – елдің тәуелсіздігін, береке бірлігін сақтауға шақыру және ел қорғаған батырлар мен көсемдерді дәріптеу.

Білге қаған халқының қамын ойлап, күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған Елбасы.

Тонықұқ бейнесі «Оғыз қаған жырындағы» ұлық түрік және қазақтың Бұхар жырауымен ұқсас. Қара Ертісті жайлаған қарлұқтардың Сәбек тайпасынан шыққандығы. Тонықұқ сол кездегі түрк қағанатының саяси-әлеуметтік және әскери ісінің барлығын өз қолынан өткерген дана абыз.

Тапқандар: швед Иоганн, орыс ғалымы Н.М.Ядринцев(ХVІІІ-ХІХ).

Тұңғыш оқыған – даниялық ғалым Вильгельм Томсен.

Орысшаға аударғандар: Радлов, Милиоранский, Малов, Стеблева.

Тасқа жазылған бұл жазулар руналық жазулар деп аталады.

Көк тәңіріне, Күнге табынған. Құрбандыққа жылқы соятын болған. Ондағы мақсаты – ең жүйрік жануар саналатын жылқы – адамның тәңірге деген ризалығы. Көкке, Күнге тез жеткізеді деп ойлаған. Ғұндар ата-баба рухын сыйлап, оны өздеріне қиын-қыстау сәтте медеу тұтқан.

(Орхон жазуларының жанры. И.В.Стеблеваның, Қ.Өміралиевтің, Ғ.Айдаровтың, М.Жолдасбековтың пікірлері. Жырдың қазақтың дәстүрлі эпосымен ұқсас екендігі. Ортақ ұқсастық бірліктері: тақырыбы, көтерген мәселесі, көркемдеу тәсілдері, сөз қолданысы тұрғысынан қарастыру. Жырдың туындыгері кім? Йоллық тегін, Тонықұқ туындыгерлігі жөніндегі пікірлер. «Тегін» және «құл» сөздерінің мағынасы (Қашқари сөздігінде) тәжірибелік сабақта талданады).


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1355 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оқу пәнінің саясаты| Дебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)