Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Абай Құнанбаев

Оқу пәнінің мақсаты. | Пәнді оқыту жоспары. | Оқу пәнінің саясаты | VI - IX ғасырлардағы көне түркі әдебиетінің ескерткіштері. | Дебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар | ХІІІ - ХҮ ғасырдағы (Алтын Орда дәуіріндегі) әдебиет (1 сағ). | Асанқайғы Сәбитұлы | Бұқар жырау Қалқаманұлы | XIX ғасырдығы қазақ әдебиеті. | Махамбет Өтемісұлы |


(1845-1904)

Абайдың ақындық өмірбаяны. Абайтану кеше, бүгін және келешекте. Абай мұрасының зерттелу, басылым жайы. Абайдың ғашықтық, көңіл – күй, сезім жырлары. Абайдың заманға, қоғамға, ел мінезіне мін, сын айтқан шығармалары. Абай шығармаларындағы дін жайы, дүниетаным мәселелесі. Абайдың қара сөздері: 2, 7, 13, 25, 27, 38. Мән – мазмұны. Зерттелуі. Ғылым., оқу. өнер жайлы шығармалар. Өнер, өлең. ән туралы туындылары. Абайдың аудармалары. Поэмалары. Абайдың өлең құрылысы. Абай поэтикасының тілі. Көркемдік шеберлігі.

Абай қазақ үшін бір ғана әдебиеттің ауқымына сыймайды. Ол – күнделікті тіршілігімізді, рухани әлемімізді - қарақан басты алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі аралықты тегіс қамтитын жан-жақты құбылыс.

Әлемдік әдебиетте өзінің көркемдік шеберлігімен, ақындық құдіретімен оқырманды таң қалдырған суреткерлер баршылық. Бірақ Абайдың ешкімге ұқсамайтын ғажайып қасиеті – оның мәңгі ескермейтіндігі, мәңгі жасылдығы, мәңгі жүрекжардылығы, оның шығармаларының кеше жазылған өлеңдей сиясының кеппей тұратындығы. Екінші ғажайып қасиеті – әлемдік философияда том-том кітаптарға әрең сыйған ойларды тарының қауызына сыйдырғандай құдіретпен екі-ақ ауыз сөзге сыйдыра білуінде. Абай - қазақтың ұлттық философиясының негізін қалаушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл.

Абай Құнанбаев - қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері, өз ұлтының реалистік жаңа әдебиетінің негізін қалайшы, қазақ поэзиясы кезінің ең озық деңгейіне көтеріп, қоғамдық дамудың шындығын дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген прогресшіл ақын. Ол халқының болашағы үшін жан аямай қызмет етті, оны мәдениет нұрына үндеді. Белгілі тарихи кезеңнің алға қойған сұрауына жауап беріп, ел көшін зор мақсатқа меңзеді. Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи маңызын түсініп, өз халқы үшін оның ізгі әсерінен мол үміт күтті. Сондықтан да ол қазақ елін орыстың озық мәдениетінің аясына жетеледі.

Ұлы Абайдың шығармашылық қалыптасуына шешуші ықпал еткен үш арна: қазақ халқының рухани мәдениеті (фольклоры, ақын-жураулар мұралары, т.б.), Шығыстың классикалық әдебиеті мен ғылыми, орыстың классикалық әдебиеті және Еуропаның философиялық ғылыми.

Жас шағындағы өлеңдері: «Иузи-Раушан», «Фзули-Шәмси», «Әлиф-би», «Сап-сап көңілім», «Тайға міндік». Өлеңдері: азаматтық көңіл-күй, философиялық толғаныстар: «Көңілім қайтты», «Патша құдай», «Көкбайға», «Қартайдық, қайғы ойладық», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Келдік талай жерге енді», «Жақсылық ұзақ тұрмайды», «Лай суға мал бітпес», «Өлсе өлер», «Сенбе жұртқа», «Өлсем орным қара жер», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Сегіз аяқ», «Ішім өлген, сыртым сау», «Қажымас дос халықта жоқ»;

- махаббат, ғашықтық сезімдерімен өрілген тебіреністер: «Қор болдым жаным», «Сен мені не етесің», «Жігіт сөзі», «Қыз сқзі», «Білектей арқасына өрген бұрым», «Қызарып, сұрланып», «Көзімнің қарасы»;

- табиғат суреттерін айшықтау: «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры»;

- оқу, білім, ағарту, тәрбие мәселелерн жырлау: «Жасымда ғалым бар деп ескермедім», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Жігіттер ойын арзан», «Бір дәурен келеді күнде»;

- ақындық өнер туралы: «Өлең сөздің патшасы, сөз-сарасы», «адамның кейбір көздері», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;

- ән өнері туралы: «Көңіл құсы құйқылжыр», «Құлақтан кіріп бойды алар»;

- табиғат пен адамдық мінез-құлық, іс-әрекет, сезім мәселелерін астартыра жырлау: «Желсіз түне жарық ай», «Қараша, жетоқсан мен сол бір екі ай», «Көлеңке басын ұзартып»;

- сыншыл, сатиралық мамұндағы өлеңдері: «Адасқанның алды жөн», «Байлар жүр», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Көжекбайға», «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың», «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші ем наданды», «Бойы бұлғаң».

Ән-өлеңдері: «Алыстан серпеп», «Сен мені не етесің», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Ата-анаға көз қуаныш», «Бойы бұлғаң», «Сүйсіне алмадым, сүймедім», «Айттым сәлем қаламқас», «Біреуден біреу артылса».

Аудармалық-назиралық өлеңдерге арнап шығарған әндері: «Татьянаның хаты», «Онегиннің жауабы»;

Аудармалық өлеңдерге ілесе шығарған әндері: «Қараңғы түнде тау қалып», «Мен көрдім ұзын қайың құлағаның», «Сұрғылт тұман дым бүркіп».

Абай – қазақ өлеңі өрімінің дәстүрлі өрнектерін жаңғырта түлектен жаңашыл ақын. Ақын өлеңдеріндегі жаңа өрімдер.

Абай – қазақтың жазба көркем әдеби тілін қалыптастырушы. Ақын шығармашылығындағы бейнелілік сырлары.

Абайдың аудармалық – нәзиралық шығармалары - әлемдік әдебиетті қазақша сөйлетудің үздік үлгілері. М.Лермонтовтың тызға жуық өлеңін аударуы. Оның өлеңдері мен поэмаларын аударудағы Абай аудармашылығының шеберлік белгілері. М.Ю.Лермонтов аударуындағы Дж.Байрон, В.Гете өлеңдерін Абайдың қазақшаға аударуы. Аударма шығармаларындағы ұлы Абайдың ақындығын айқындайтын төлтума бояулар.

А.Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан алынған хаттар негізіндегі махаббат жырлары – нәзира үлгісімен жырланған лирикалық дастан. Түпнұсқаны қайта жырлаудағы Абай нәзирасының ерекшеліктері. (Қараңыз: Ғабдуллин Н. Абайдың нәзира үлгісі), (Жұлдыз, 1991, № 11, 146-153-беттер).

И.Крыловтың бір топ мысалдарын қайта жырлап шығу: «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Түлкі мен қарға», «Піл мен қанден».

Поэмалары. Абай поэмалары – оқиғаларды суреттеу арқылы өсиеттік, ұстаздық ой туғызатын шығармалар. Абай поэмалары – дәстүрі нәзира үлгісіндегі шығармалар.

«Масғұт» поэмасында адамгершілік мәселесінің философиялық тұрғыда көркем жырлануы. Қыдыр қарт қсынатын жеміс (ақ-ақыл, сары-дәулет, қызыл-әйелмен достық) және оның мәні.

«Ескендір» поэмасындағы ұлы Абайдың гуманистік ойлары. Поэмадағы адамның көз сүйегіне Аристотельдің берген бағасы арқылы дидактиқалық, философиялық қорытынды жасау.

«Әзім әңгімесі» атты аяқталмаған поэмасының арқауы «Мың бір түннің» бір тарауы «Әлидің Әзімі» екендігі. Поэманың опасыздықты (аяршал) танытушылық қуаты.

Абай шығармаларындағы көркем бейне, композияциялық, сюжеттік құрылым, көркемдік, бейнелілік мәселелер.

Абайдың аудармашылығының, нәзирагөйлігінің кейінгі қазақ әдебиеті дамуына жалғасқан тарихтық, мәдениеттік, көркемдік, шеберлік дәстүрі тұрғысындағы игі әсері.

Абайдың қарасөздері. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, ось шығармалар көркем сөздің Абайдың өзі тапқан бір түрі екендігі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбіне адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. (М.Әуезов 20т. 218-219-беттер).

Абайдың қара сөздері – ежелгі грек ойшылдарының шәкірттерне айтқан әңгіме-сұхбат жанры дәстүріндегі шығармалар. Олардың тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктеріне қарай ажыратылған түрлері:

- халық тарихы, қазақ еліндегі қоғамдық құрылыс, елді басқару мәселелері (3,8,22,38,41,42,46-сөздер).

- оқу-ағарту, ғылым, өнер-білім, тәлім-тәрбие мәселелері (2,8,10,17,18,25,32,33,38,43-сөздер).

- еңбек, шаруашылық, тұрмыс туралы (29,33,42- сөздер).

- адамгершілік тәрбиесі, мінез-құлық мәселелері туралы (4,14,15,17,18,21,22,28,34,42,44-сөздер).

- дін, имандылық, өмір сырлары туралы (12,13,15,17,31,35,36,37-сөздер).

Абай қарасөздерінің жанрлық түрлері: тарихтық мақала-очерк (46-сөз), мысал-өсиет әңгіме (27-сөз), афоризм (37-сөз), дидактикалық насихат кеңес (4,5,8,9,10,12,16,18,20,25,27,31,32,40-сөздер), көркем сөздік памфлет(6,11,14,22,39,41-сөздер), мемуарлық мақала (1-сөз).

Абай қарасөздерінің тілі, стилі. Қарасөздегі автор мен тыңдаушы сұхбатына тән стиль ерекшеліктері. Абай қарасөздері – ұлттық сөз өнеріндегі публисцистика, ғылыми-философиялық мазмұнды прозалық шығармашылық дәстүрінің бастау негізі.

Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы. Абайтану ғылымының тарихындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бокейханов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш зиялыларының бастама еңбектері.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – абайтану ғылымының негізін қалаушы, мазмұн-сипатын қалыптастырушы. Абайтанудың қазіргі жағдайыжәне болашағы.

Қорытынды. Абай – қазақ сөз өнеріндегі жаңа реалистік жазба көркем әдебиеттің негізін салған ұлы классик ақын.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 751 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шоқан Уәлиханов| XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)