Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

XIX ғасырдығы қазақ әдебиеті.

Оқу пәнінің мақсаты. | Пәнді оқыту жоспары. | Оқу пәнінің саясаты | VI - IX ғасырлардағы көне түркі әдебиетінің ескерткіштері. | Дебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар | ХІІІ - ХҮ ғасырдағы (Алтын Орда дәуіріндегі) әдебиет (1 сағ). | Асанқайғы Сәбитұлы | Шоқан Уәлиханов | Абай Құнанбаев | XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі |


Читайте также:
  1. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі
  2. Азіргі қазақ әдебиеті
  3. Түркі өркениеті және қазақ мәдениеті.

XIX ғасырда қазақ жұртының Ресейдің қол астына өту кезіндегі әртүрлі көзқарас-концепциялар тұрғысында жырлаған ақындарды бірнеше топқа бөледі. Олар, халықты –азаттық көтеріліске үндеген Махамбет бастаған ақындар, отаршылдыққа өткір тілмен наразылық танытқан Дулат, Шортанбай, Мұраттар бастаған «Зар заман» ақындары, ұлттың өзін-өзі сақтау сарынында жырлаған Абай және ағартушылық бағыттағы ақындар. Белгілі әдебиеттанушы ғалымдар Дихан Қамзабекұлы, Амантай Шәріп, Бауыржан Омарұлының бірігіп жазған «Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік» атты монографиясының «Зар заман поэзиясы және ұлт ментальдігінің трансформациясы» тарауында(зерттеген Б.Омаров) XIX ғасырда ел мен жердің азаттығын аңсаған ақындардың жырларында сақталған мәдени құндылықтарды ой таразысынан өткізеді. Ғалымның пікірінше зар заман әдебиетінің негізі қазақтың фольклорлық мұралары қалыптастырған төл оппозициялық ұғымында жатыр. Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан т.б. ақындар шығармашылығында молынан кездесетін «Заманақыр» тұжырымның ұшығы халықтың отырықшылыққа наразылығынан басталатынын тілге тиек етеді. Ал ұлт ментальдігі – отырықшылыққа наразылық жырларының негізгі ұстаны» дейді. «Зар заман» ағымының өкілдері шығармаларындағы Ресей отаршылығы бастаған кездегі елдің екіге жарылу бейнесінің көрініс табуы, көшпелі мәдениеттің отырықшылыққа ауысуын ақырзаманның белгісі ретінде наразылықпен қабылдауы қалыптасқан ұлттық дүниетанымның қағидалары негізінде жүзеге асатын заңдылық. Олардың жырларындағы басқыншы империяның саясатымен бірге келген тұрмыстық жаңалықтарды (ақша, самауыр т.б.) қабылдамау ұғымы да сол себепті деп түйіндейді.

Зерттеуші Б.Омарұлы отаршылық қамытын киген қазақ халқының сол кезеңдегі әдебиетте көрініс тапқан сана-сезімін, ой-толғамдарын зерттеуде бірқатар ғылыми тәжірибелер жасайды. Ол үшін әлемдегі өмір сүру мәдениеті қазаққа ұқсас кейбір елдердің әдебиетіне шолу жасайды. Мәселен, француздардың боданында болған көшпелі фульбе халқының поэзиясындағы пайымдаулардың қазақ ақыны Шортанбайдың жырларымен үндесуі ұқсастықтың, тағдырластықтың дәлелі деген ой қорытады. Ағылшындардың отары болған Үндістандағы урду тілінде сөйлейтін халықтың поэзиясының сипатының өзгеруін, дәл біз сияқты қоғамдық формацияны бастан кешірген көршілес қырғыз, қарақалпақ елдері ақындарының шығармашылығында «зар заман» идеясының көрініс табуын қазақ ақындары жырларымен салыстыра талдау зерттеудің ғылыми маңыздылығын арттыра түскен. Ғалым осы тәжірибелері арқылы тәуелсіздікке ұмтылған әр халықтың мақсат-мұраты, ой-ниетінің ортақ болатынын дәлелдеп шыққан.

XIX ғасырдағы қазақ халқы өзінің елдік өмірінде 1822 жылғы хандық құрылысты ыдырататын атышулы реформаны бастан кешу арқылы бодандық тәуелсіздіктен отарлық бағыныштылыққа түсті. Қазақстанның солтүстігін жайлаған жұрт әуелі Қасым Абылайұлының, соңынан Кенесары Қасымұлының бастауымен Ресей патшалығына қарсы қарулы қарсылықты бастан кешті. Мұнын арты үлкен қанды қақтығысқа ұласты. 1836-1838 жылдарда И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт–азаттық көтерілісі, одан кейінгі Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқаруындағы Арал бойы еңбекшілелінің әлеуметтік және экономикалық қысымшылықтарға қарсы ұзақ жылдаға созылған Хиуа хандығы мен Ресей отарлаушыларына қарсы азаттық жолындағы айқастары, Жетісу еңбекшілерінің Қоқан хандығының озбырлыңына қарсы қанды күресі сол дәуірдегі қазақ әдебиетінің басты тақырыбы болды. Отарлық езгіге қарсы күрес, ел болу, тәуелсіз жұрт болуды арман еткен халықтың көзі қарақты қауымының атынан жырлаған ауызша дәстүрдегі, сондай–ақ жазба дәстүрдегі қазақ ақындарының рухты шығармалары осы дәуірде өмірге келді. Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар бастаған халқымыздың жоғары санадағы жазба әдебиеті туып, қалыптасу кезеңдерін ұлт ретіндегі есею, іздену жолынан хабардар ететін қайсарлық дәуірінің әдебиеті. Осы дәуірде өмірге келген ұлттық әдебиетті игеру арқылы журналист мамандығын алушы жас маман өз халқының дүниежүзілік өркениетпен қалай қауышатындығына жауап таппақ.

ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының тақырыптық ауқымы да кеңіп, молыға түсті. Адамгершілікке, әділеттілікке уағыздаумен бірге қоғамдық мәселе, әлеуметтік теңдік, азаматтық, азттық идеялары жырланды. Заман талабына сай жаңалықтардың жаршылары бола білді. Оқу, өнер-білімнің маңызын, адал еңбекті, өнімді кәсіпті, ісмер іскерлікті, жігерлі талапкерлікті батыл көтеріп, жатып ішер жалқаулықтың тамырына балта шабуға үндеді. Осылайша, өз елін мәдениеті озық елдердің қатарына көтеру қамын жасады.

Дулат Бабатайұлы (1802–1871) қазақ жырын мазмұн мен тақырып, түр мен көркемдік тұрғысынан жаңа сатыға көтерген ақын. ШҚО, Аягөз ауданында кедей отбасында туған. Ауыл молдасынан сауатын ашқан. Өзінің көп ізденуі арқылы білімді де сауатты азаматтардың бірі болады. Ақын отаршылдықтың зорлық-зомбылығына қарсы бірінші болып үн көтерген. Одан Абайдың өзі үлгі-өнеге алғаны қайсыбір балама-теңеулерінен байқалып отырады.

Дулат творчествосынан елеулі орын алатын «Еспембет» атты ұзақ толғау. Көлемі құрылысы жағынан халық жырлары үлгісіндегі ерлік дастан тәрізді. 1959 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланды. Еспембет батыр туралы аңыз сюжеті бойынша жазылған. Дастанның негізгі қаһарманы жетім бала Еспембеттің нағашы жұртында болуы, есейген соң еліне ештеңе алмай, тек «Ақбқрте» тайды алып келу,. Сол арқылы дегеніне жетіп, қалмақтарды жеңуі, еліне аты шыққан батыр атануы сөз болады. Дулат ақын кейінгілерге Еспембет атын үлгі етеді. Сәтімқұл бидің асында аты бәйгеден озып келіп, тігілген бас бәйге жүз тайлақты Сыбанға бөліп береді.

«Бірінші сөз» туған жердің сұлу табиғатын жырлайды, «Бесінші сөз» немесе «Ата қоныс Арқада» деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездердегі тарихын баян етеді.

Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын болып саналады.

1. «Бір патшаның бір кезде»( аңыз мысал өлеңі) дүниеқор, баққұмар патшаның көзі тоймай, қанағат қылмай мерт болуы сөз болады. Үйінің қасына ағаш өсуі, гүлденіп, жеміс беру. Төбедегі ғайыптан пайда болған қыздың айтақына еліктеп, өзіндегі байлыққа қанағат тұттпай, жерді де, аспанды да өзі билегісі келгендігі. Тосыннан болған қатты жел талды сындырып. Бай құлап өледі (барға қанағат тұтпасаң, барыңнан айырыласың).

2. «Шымшық пен бөдене»

3. «Сары шымшық»

4. «Қара қарға жем тілеп» мысалдарында мақтаншақтық, қуыскеуделіктің алысқа апармайтынын әшкерелейді. «Әліне қарамай әлек» болатындардың қылықтарын сынаған.

«Шаштараз» мысал стилінде жазылған шығармасы. Шаштаразда Ескендір туралы аңыз. Оның басында екі мүйіз барлығын тек бір ғана шаштараз білген. Әбден байыған шаштараз сыршашып қойып, басынан айырылады.

«Он бес деген жас қайда?»

Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туған. Исатай бастаған көтеріліске қатысқан.Күрес жеңіліске ұшырағаннан кейін Баймағамбет сұлтанның қудалауына ұшырайды. Өзінің өлеңдерінде өктем билікке сес көрсеткен өршіл рух, өжет жігер сезіледі. Әсіресе Баймағамбет сұлтанға суырып салып айтқан сөздері. Ал терме-толғауларында өмір-ғұмыр жайынан өнегелі ой-пікір шертуге шебер.

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881) ОҚО, Қаратау жерінде туған. Шығармалары ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында «Бала зары» деген атпен Қазан қаласында басылып шыққан. Ақын қазақ даласына отаршылдық алып келген қайғылы хал-ахуалды, заман зарын, дін мен діл, имандылық ирімдерін өз шығармаларына өзек етті.

Мұрат Мөңкеұлы(1843-1906) Атырау жерінде дүниеге келген. ата-тегі мал баққан шаруа қазақ. Молдадан сауатын ашқан. Ақын. Айтыстарға қатысып, қарсыластарының бәрін жеңіп отырған. Ескі сөздерді, елдің шежірелерді өте жақсы білген. Орақ, Мамай, Қарасай, Қази, Қазтуған секілді батырлар жөнінде көп жырлаған. Орыс отаршылдығының озбырлылығын әшкерелеген ұлы сарынына байланысты, оның шығармалары кеңес өкіметі кезінде дұрыс бағасын ала алмады. Ақынның өлең-толғауларын жинап бастырып, 1923 жылы өзінің «Аламан» аталатын жинағында алғаш ғылыми талдау жасалған –проф. Халел Досмұхамедұлы.

Сүйінбай Аронұлы (1822-1895) айтыстың асқан шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын. Қазақ, қырғыз елдеріне аты мәлім әділетсіздіктерді әшкерелеп отырған батыл да әділ сыншы. Сондықтан да М.Әуезов С.Аронұлына, «ХІХ ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деген баға берген. 1935 жылы І.Жансүгіровтің әзірлеуімен алғаш жинағы шықты. Кеңес тұсында ақын мұрасын профессор С.Садырбаевтың зерттеуімен баспаға шыққан.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1297 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бұқар жырау Қалқаманұлы| Махамбет Өтемісұлы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)