Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Асанқайғы Сәбитұлы

Оқу пәнінің мақсаты. | Пәнді оқыту жоспары. | Оқу пәнінің саясаты | VI - IX ғасырлардағы көне түркі әдебиетінің ескерткіштері. | Дебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар | XIX ғасырдығы қазақ әдебиеті. | Махамбет Өтемісұлы | Шоқан Уәлиханов | Абай Құнанбаев | XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі |


ХV ғасырдың алғашқы жартысында біздің халқымыз өзінің бұрынғы-соңғы тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірін бастан өткереді: бүкіл әлемдік шеруде айрықша орын алып отырған Евразиялық ұлы мемлекетіміз Алтын Орда ыдырайды. Алтын Орданың шығыс бөлігін құраған құдіретті Көк Орданың өзі қақ жарылып, қазіргі Қазақстан(кейінгі тарихи әдебиетте Қазақ хандығы) аталатын қуатты жаңа ұлыс бөлініп шығады. Алғаш рет 1456 жылы ірге көтерген қазақ мемлекеті арада оншақты жыл өтер-өтпестен атамекен жерінің біршама бөлігінде өзінің саяси, экономиялық, әкімшілік билігін орнатып үлгереді. Тағы қырық жыл озғанда бүкіл Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстан өңіріне өкім етіп, халқының саны бір миллионға жетеді. Енді бірер ғасыр орйында қазақ халқы қазіргі Қазақстан жерін толығымен иеленеді. Халқының саны үш миллионға жетіп, ата жұртта біржола тамыр жаяды. Әлемдегі ең үлкен әрі қуатты мемлекеттердің бірі болып тұрды.

Халықтың рухани өмірінде жетекші орынға шыққан поэзия әлденеше ғасыр бойы қазақ әдебиетінің жай ғана көшбасшысы емес, ең басты жанры қызметін атқарады. Ал осы кезеңдегі қазақ поэзиясының ең ауыр жүгін көтерген, сөз өнерінің жетекші өкілдері – жыраулар болды. Қазақ жыраулары XV – XVIII ғасырлар шегінде бүкіл әлемдік мәні бар аса құнды әдеби мұра жасады.

Поэзияға, тіл өнеріне көшпенділер ерекше мән берген.

Жыраудың ең сүйікті жанры – толғау (толғану, толғаныс деген ұғымды білдіреді).

Толғау екіге бөлінеді:

А) ойға құрылған толғау. Мұндай толғаулар нақыл, тақпақ, афоризм түрінде келеді. Бұқардың «Ай, заман-ай, заман-ай», Шалкиіздің «Асқар, асқар, асқар тау»т.б. толғаулары.

Ә) Сезімге құрылатын Сыр толғаулар. Лирикалық толғаулар.

 

І. Кет-бұға – Найманнан шыққан ұлы жырау. Кет-бұға қаһарлы Шыңғысқа, кәрлі Шыңғысқа сүйікті ұлы Жошының өлімін естірткен деген аңыз бар. Зерттеуші В.Г.Тизенгаузен Алтын Орда туралы жинақтаған деректерде Шыңғыс ханға Жошының өлімін естірткен Ұлық (ұлы үлкен жыршы) жыршы. Екі аңыздың мазмұны бірдей, тек өлең мәтіндерінде ғана айырмашылық бар.

Академик В.Бартольдтің айтуынша Шыңғыс хан ақын болуы мүмкін бірақ ол маңғол тілінен басқа тілді білмеген.

Күні бүгінге дейін күйшілер Кет-Бұғаның Жошы өлімін естіртуі деп «Ақсақ құлан, Жошы хан» атты күй тартады. Қазақ шежірешілерінің айтуынша, найманның бір бұтағы Балталы – осы Кет-Бұғадан тараған ұрпақ. Халық өлеңдерінде Кет-бұға ескіде өткен батагөй ақсақал ретінде еске алынады.

Міне, осы мәліметтердің бәрін кездейсоқ деп қарауға болмайды. Шыңғыс заманында, ХІІІ ғасырда найманда Кет-бұға атты ұлы жыраудың жасауы анық. Өз кезінде Кет-бұға жырлары халық арасына кең тараған болуға тиіс. XV ғасырдың аяғы мен XVІ ғасырдың бас кезінде жасаған Доспамбет жырау «Кет-бұға биді» аузына алады, оның сөздерімен өзінің таныстығын білдіреді. Бірақ біздің заманымызға Кет-бұғаның аңызға айналған есімі ғана жетіп отыр.

ІІ. Осындай аты аңызға айналған адамның бірі – Сыпыра жырау. Сыпыра айтыпты деген шығарма сақталмаған. Тарихтан да ол жайында ешқандай дерек ұшырата алмаймыз. Алайда Сыпыра жырау бейнесі халық санасында елеулі орын алған. Халық қамқоры дана қария қазақтың ескі батырлар жырының біразында бой көрсетеді. «Ер Тарғында» Сыпыра жырау жайында «бұл – өз өмірінде толғау айтып тоғыз ханды түзеткен кісі еді» делінеді. «Телағыс» жырында да ел бірлігінің ұраншысы болады. Ал «Құбағұлда» ол - «жүз сексенге келген» дана қария. Сыпыра – Сувра, Супра – чырау, Сафардау деген аттармен бұл жырдың туысқан халықтар арасындағы барлық нұсқаларында көрінеді. Әйгілі Мұрын жыршы өзін Сыпыра жыраудың ұрпағымын деп есептеген. Сыпыра – қарақалпақ әдебиетіндегі ең үлкен эпосшы жыраулар мектебінің негізін салушы болып саналады.

ІІІ. Жұма-Құл жырау. Кет-бұға мен Сыпыра жырау сияқты аты аңызға айналған. Жұма-Құл жырау өзінің жырларын таң атып, боз торғай шырылдаған кезде, күн шығар алдында ғана толғайды екен. Соған қарағанда Жұма-Құл жырау тіпті ертеде, қазақтар тегіс шаман дінін ұстаған кезде жасағанға ұқсайды.

Бұл айтылған жырауларымыз еншісі бөлінбеген түркі тілдес туысқан халықтардың мұрасына ортақ дүние.

ІІІ. Ал енді дербес, ешкімнің таласы жоқ қазақ атымен аталатын әдебиеттің өмір сүруі – ХV ғасырдың орта шенінен басталады. Бұған себепкер болған жай – 1456 жылы Шу бойында қазақ хандығының құрылуы, осының нәтижесінде қазақ халқының тарих сахнасына шығуы.

«Дәшті-Қыпшақтың бұл кездегі әміршісі Әбілқайыр хан еді. Әбілқайыр Жошы әулетінен тараған сұлтандарға көп теперіш көрсетті, сондықтан олардың екеуі – Жәнібек пен Керей хан Моңғолстанға ауып кетті. Иса-Бұға хан оларды меймандостықпен қабылдап, иеліктеріне Моңғолстанның батыс бөлігіндегі Шу, Қозы-Басы деген жерлерді бөліп береді», - деп жазады Дулат руынан шыққан атақты тарихшы Мухамед Хайдар қазақ хандығының құрылуы жайында.

Ш.Құдайбердіұлы бұл деректерді толықтыра келіп, қазақтарды Әбілқайыр ұлысынан бөлінуіне сылтау болған жағдайды былай баяндайды.

Әбілқайыр ханның сүйікті қазысы – әділ төреліктері үшін Ақжол атанған Дайырқожа деген би екен. Осы Дайырқожа мен ханның тағы бір сүйікті адамы Қара Қыпшақ Қобланды батыр қас болыпты. Бұлар іштей жауласып жүргенде бір күнде далада оңаша кездескен Дайырқожаны Қобланды өлтіреді. Мұны білген әз-Жәнібек құн даулайды. Қалың елден аса алмаған хан батырдың басының орнына үш кісінің төлеуін берсе де риза болмай Жәнібек өкпелеп көшіп кеткен деген аңыз бар.

Дайырқожаның әкесі Қодан жырау баласының сүйегін айналып жүріп жылаған жыры сақталған. Жыр өте көркем, бояуы қанық, суреттері ашық:

Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!

Сексен асып, таянғанда тоқсанға,

Тұра алмастай үзілді ме жұлыным!

Адасқанын жолға салдық бұл ноғайлы ұлының!

Аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде құрыдың,

Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!

Қодан –тайшының мұрасынан бізге жеткені осы. Алты алашқа аты мәлім болған ақын сияқты.

Асан жайлы, Жәнібек хан туралы ел аузынан жиналған деректі әңғімелердің мәнділігі. Асанның өмір сүрген дәуірі мен жасын анықтауға қызмет ететін хатқа түскен мағлұматтар. Асанның 1393 жылы Тоқтамыс хан атынан Литва билеушісі Ягойлаға екі адамның бірі болып еншілікке баруы. Қазақ хандығының XV ғасырдағы хал – жайын баян ететін «Қырында киік жайлаған», «Әй, хан, мен айтпасам, білмейсің», «Алты атанға қос артып» шығармаларында баяндалатын тарихи оқиғалар болмысы. Жыраудың дін, ғылым, адамгершілік, ел бірлігін жырлаған туындылары.

Қыдан тайшы. Жыраудан қалған «Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным?» шығармасында сипатталатын оқиғалар. Ақжол би (Дайырқожа) мен қобыландының өзара жауласуы. Қазақ қауымының 1456 жылы басынан өткен жағдайын сипаттайтын Қыдан тайшы туындысының «Жылау, жылау, жылау күй» деп басталатын халық жырымен мазмұндастығы. Ш.Құдайбердіұлы мен М.Әуезовтің Қыдан шығармашылығы, жоғарыда аталған туындыларға байланысты пікірлер.

Өз заманының ой-санасына әсер еткен, биікте, асқарда тұрған жандар жайындағы шын, жартылай лақапқа құрылған әңгімелер өз кейіпкерінің тірі кезінде-ақ бой көрсете бастайды. Мұндай әңгімелер уақыт өткен сайын түрленіп, бара бара аңызға айналып кетпек. Тиянағы – тарихи адам неғұрлым соқталы тұлға болса, аңыздар да соғұрлым көп әрі мазмұнды болуға тиіс.

Асан Қайғы жайлы толып жатқан аңыздардың нәр алған көзі – Асанның тірлігі мен кешкен өмірі. Алайда біз білетін желмая мініп, жер кезген данышпан қарттың шын Асанмен несі бар, тарихи Асан мен аңыз қаһарманы Асанның арасындағы қатыс қаншалық, бұлардың соңғысына қарап алғашқысының кейпін елестете аламыз ба деген мәселелерді шешу өте қиын. Дегенмен Мұхтар Әуезов айтқандай, аңыз-әңгіменің тарихтық адамды біржола өзіне ұқсамаған кейіпке түсіріп әкететіні болмайды. Әрбір аңыз-әңгіменің негізінде тарихта болған адамның шын кескінінің түбегейлі ерекшеліктері жүреді. Сондықтан халық аңызы жасаған Асан Қайғының бейнесіне бажайлап қарасақ, белгілі дәрежеде тарихи Асанның кейпін де көруіміз хақ.

Жұрт санасынан орын алған Асан – халық бақытын, ел тыныштығын ойлаған дана қария.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 521 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ХІІІ - ХҮ ғасырдағы (Алтын Орда дәуіріндегі) әдебиет (1 сағ).| Бұқар жырау Қалқаманұлы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)