Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқу пәнінің саясаты

Оқу пәнінің мақсаты. | Дебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар | ХІІІ - ХҮ ғасырдағы (Алтын Орда дәуіріндегі) әдебиет (1 сағ). | Асанқайғы Сәбитұлы | Бұқар жырау Қалқаманұлы | XIX ғасырдығы қазақ әдебиеті. | Махамбет Өтемісұлы | Шоқан Уәлиханов | Абай Құнанбаев | XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі |


Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының “Социология” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары
  2. Аналитикалық дәріс. Мемлекеттің әлеуметік және аймақтық саясаты
  3. Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары
  4. Есеп саясатының бөлімдерінің ашылуы
  5. Есеп саясатының мәні және маңызы
  6. жұмыс оқу жоспарынан көшірме
  7. Мемлекеттік жастар саясаты.

« Қазақ әдебиеті тарихы» пәні оқу жүктемесінің көлемі 3 кредиттен тұрады, оның ішінде дәріс - 30 сағат, тәжірибелік (практикалық) сабақтар - 15 сағат, СОӨЖ - 45 сағат, СӨЖ - 45 сағат.

Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, дәрістер мен семинар сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын ала дайыдалу, СӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау,СӨЖ тапсырмаларын тексеру, аралық бақылау, қорытынды бақылау).

 

  1. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар

Глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша келесі терминдердің түсінігін дұрыстап бірнеше рет оқып, түсіну қажет. Оқу барысында әдебиет, оқу құралдарын қолдануға болады

Негізгі терминдік ұғымдар:

Аңыз, архитектоника, әдеби каһарман, әдеби мұра, әдеби процесс, әдеби сын, әдеби үрдіс, әдебиеттану, әдебиет теориясы, әңгіме, әпсана, библиография, ғұмырнама, поэтика, историография, мәтінтану, фольклор, фольклортану, мәтін түсініктемесі.

Ақын – поэзиялық туындыларды шығаратын өнер иесі.

Аллегория – (грек. пернелеп айту) жан–жануарларға адам мінез–құлқының сипаттарын беру.

Аллттерация – (лат. «дыбыстық») тармаө басында дауыссыз дыбыстардың қайталануы.

Ассонанс – (лат. үйлесім) тармақ басында дауысты дыбыстардың қайталануы.

Аңыз – тарихи шындыққа негізделген, халықтың жадында сақталған, уақыт өте келе өңделіп, көркемделген оқиғалар баяндалады.

Архитектоника (герекше–architecton)–әдеби шығарманың біртұтастығы, бүтіндігі, басты құрамдары мен жеке бөліктерінің сәйкестігі, үйлесімділігі.

Архивтану – мақсат, міндеті жағынан библиографиямен бағыттас, айырмашылығы әдебиет тарихына байланысты құжаттық, мемуарлық дерек- мәліметтерді, материалдарды жинақтауында.

Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттейді және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін белгілейді.

Әдеби бағыт және ағым – көптеген жазушылардың, топтар мен мектептердің шығармашылығына тән рухани және эстетикалық ұстанымдардың өзара сәйкестігіне негізделген бағдарламалық – шығармашылық мақсаттардың, тақырыптардың, жанрлар мен стильдердің жиынтығы.

Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы. Әдеби байланыс нышандары жазушының қалыптасқан әдеби дәстүрлерге табан тіреуінің нәтижесінен, сондай-ақ тамырлас әдебиеттердің арасындағы типологиялық ұқсастықтардан туындайды.

Әдеби мұра – көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындылары. Әдеби мұра – халықтың әр түрлі тарихи кезеңдегі мәдени өресінің, әлеуметтік хал-жайының, тілдік, эстетикалық талғамының айғағы.

Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы.

Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы.

Әдеби үрдіс - әдебиеттің әлемдік, аймақтық, ұлттық көлемдегі белгілі бір кезеңін, сондай- ақ тұтастай тарихын қамтитын туу, қалыптасу және дамуынан тұратын тарихи қозғалыстағы ағымы.

Әдеби тек – объектіге немесе субъектіге қатысты танымдық бағыты мен өзінің сөздік қолданыс сипаттары типтері; немесе көркемдік бейнелеу актісінің өзі.

Әдеби түр - әдеби тек аясындағы поэтикалық құрылымның тұрақты типі.

Әдеби жанр - әдеби шығарманың тарихи қалыптасқан типі.

Әдебиеттану - көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп – төркінін, мән – маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым. Нақтылай айтқанда, әдебиеттану – көркем әдебиетті, оның пайда болуы мен әлеуметтік байланыстарын, сөздік – бейнелік ойлау ерекшеліктерін, көркем шығармашылықтың табиғаты мен қызметін, әдеби үрдістің жалпыға және нақты бір аймаққа тән даму заңдылықтарын қарастыратын ғылым.

Әдебиет тарихы - әдебиеттану ғылымындағы көркем сөз өнерінің даму жолын әлемдік немесе белгілі бір халықтық деңгейдегі идеялық бағыт – бағдарларды, әдеби ағым – бағыттарды және олардың көркемдік ерекшеліктерін қоғамдық - әлеуметтік, экономикалық – саяси құрылысымен тығыз байланыста танып – білуге бағытталған басты салалардың бірі.

Библиография – әдебиеттануға қатысты түрлі еңбектердің көрсеткіші. Басты міндеттері – көркем әдебиет және әдебиеттану жайында ақпараттар жинау; әдебиеттің үздік туындыларын таныстыру, насихаттау; әдебиет тарихшыларына зерттеу жұмысында көмек беру.

Жалпы поэтика – мәтіннің дыбыстық, сөздік және образдық құрылымын зерттеу бағытына сәйкес іштей үш салаға бөлінеді. Жалпы поэтиканың мақсаты – осы салалардың бәрін қамтитын көркемдік әдіс – тәсілдердің жүйелі құрамын белгілеу.

Жеке поэтика –да жоғарыда айтылған жалпы поэтикаға тән мәселелерді қарастырады. Басты айырмашылығы- екеуінің зерттеу нысанасына байланысты, яғни жалпы поэтика әдебиетті тұтастай алса, жеке поэтика әдеби туыны көлемінде шектеледі.

Историография - әдебиет теориясының, тарихының сынының тарихи даму барысындағы деректер мен дәйектердің, мәліметтердің жинағы.Әдебиеттану ғылымының жүріп өткен жолы мен қол жеткізген нәтижелерін жинақтап көрсету арқылы историография ғылымының бір орында тұрып қалмай, алға қарай ылжуына қызмет етеді.

Интерьер – шығарма кейіпкерлерінің тұрмыс – тіршілігіне қатысты түрлі заттар мен құрал – жабдықтардың бейнеленуі.

- өзара байланысты, әрі шамалас бөліктерге бөлшектеуге келетін жүйелі көркем сөз.

Идея – көркем шығармада айтылатын ой.

Импровизация – (лат. кенеттен) суырыпсалып айту өнері.

Иницинировка – әдеби туындыларды сахнада, теледидарда, радио қойылымдарына лайықтап драмалық формада жазып шығару түрі.

Ирония – (грек. келемеж, кексін) сырттай жақсы баға бергенмен, ішкі мағынасында келеке, әжуаның басым болуы.

Көркем образ - өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категория.

Көркем сөз - әдеби шығарманың образды мазмұнын бейнелейтін тілдік түр.

Көркемдік шындық – біртұтас ой арнасына шоғырланған көркем идеялар әлемі.

Кейіптеу – әр түрлі жан–жануарлар немесе табиғат құбылыстарын жансыз нәрселерді жандының іс–әрекетіне, қимылына суреттейтін көркемдік тәсіл.

Композиция – (лат. құрастыру, шығарма) сюжеттік дамудың кезең–кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын тәсілі. Сюжеттің құрылымы болады, оны композиция дейді. Олар –басталуы, оқиғаның дамуы, о.шиеленісуі, о. шарықтауы, о. аяқталуы немесе шешімі.

Композиция – көркемдік түрлердің орналасуы және ара қатынасы, яғни шығарманың мазмұны мен жанрынан өрбитін туынды құрылысы.

Лирикалық шегініс – эпикалық шығарма авторының ойы мен сезімінің шығармада тікелей көрінуі.

Мәтін – қандай да бір дәуірдегі адам ойының ескерткіші, мәдениет жәдігері.

Мәтін түсініктемесі – (латынның – «commentarius» - «ескерту, түсіндіру» деген сөзінен шыққан), әдебиет жәдігерлерінің мәтінін зерттеу, түсіндіру мәселелерімен айналысатын филологиялық жанр.

Лең сөз

Палеография – («palaios»- «ежелгі, көне, жазу» деген сөздерінен шыққан), жазу тарихын, сондай – ақ ежелгі жазба жәдігерлердің мәтінін, жазылу мерзімі мен дүниеге келген орнын анықтау мақсатын көздейтін тарихи – филологиялық пән.

Поэтика – әдеби шығармадағы бейнелеу құралдарының жүйесі мен тілдік құралдарды көркемдік тұрғысынан пайдалану жайын зерттейтін ғылым. Поэтика сөзінің түп-төркіні грек тілінде “шығармашылық өнер” деген мағына беретін “poietike techne” деген сөзде жатыр.

Пролог – шығармадағы негізгі сюжет дамуына өзінше кіріспе іспетті.

Пейзаж – шығармада табиғат көрінісінің бейнеленуі.

Романтизм – Европаның көптеген елдерінің өнері мен әдебиетінде, сондай – ақ, Америка әдебиетінде ХҮIII ғасырдың соңы мен ХIХ ғасырдың бірінші жартысында аса ірі бағыттардың бірі ретінде пайда болған және әлемдік сипат алып, кеңінен таралған көркемдік әдіс.

Реализм - әдебиет пен өнерде өмірді ақиқат өмірдегі құбылыстар мәніне сәйкес келетін жіне өмірдің өзінен алынған шынайы фактілерді көркемдік жинақтау жолдары арқылы жасалатын образдармен бейнелеу әдісі.

Стиль – шығарманың тұтастығына негіз болып тұратын көркемдік пішіндердің құрылымдық ұстанымы.

Сюжет –(«sujet» - «зат») – эпикалық және драмалық, кейде лирикалық шығармаларда қозғалыс үстінде көрінетін оқиға барысы, әрекет дамуы.

Тарихи поэтика - салыстырмалы- тарихи әдебиеттануға сүйене отырып, жекелеген поэтиклық тәсілдер мен олардың қалыптасқан жүйесінің даму жолын қарастырада.

Текстология – мәтін (текст) сөз, ұғым, ілім деген сөздерден шыққан; филологияның әдеби шығарма мәтінінсыни тұрғыдан тексеріп – зерттеумен және әдебиеттану айналымына кеңінен түсіру мақсатында баспа арқылы жариялаумен айналысатын тармағы.

Тақырып, проблематика, идея – тақырып – шығарманың заттық болмысы болып табылатын бөлшек; теңей айтсақ, болашақ құрылыстың шикізаты; проблематика – осы «шикізат» - тақырыпты біртұтас көркемдік – тұтастықты қорытындылаушы деуге болады.

айтып шығу фабула болса, сюжет шығарманы оқу арқылы ғана танылады

Фольклор – халық арасында тауып, атадан балаға жетіп,ел аузында сақталып келген көркем сөз өнері, оның айтылуы және орындалу ерекшеліктері.

Фольклортану - неміс ғалымы И.Ф.Кнафьлдің анықтауынша (ағыл. folk-халық, lore – даналық) – халық даналығын зерттейтин ғылым.

Эпилог – шығармада көрінген әрекет, оқиғалардың ең ақырғы шешімінің бейнеленуі.

Эвристика - (гректің «heurisko» – «табамын, ашамын» деген сөзінен шыққан), әр текті әдеби ізденістердің жиынтығы.

Фабула – мазмұндап әңгімелеуге болатын нәрсе. Мәселен, шығармада суреттелетін оқиғаны қысқаша жеткізу.

Филология – адам баласының рухани мәдениетінің мәні мен тарихын жазба мәтіндерді тілдік және стилистикалық тұрғыдан талдау арқылы танып білуге негізделетін лингвистика, әдебиеттану, тарих, т.с.с. гуманитарлық пәндердің бірлестігі, жиынтығы.

 

 

  1. Пән бойынша дәрістер тезисі

Дәріс №1


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 406 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пәнді оқыту жоспары.| VI - IX ғасырлардағы көне түркі әдебиетінің ескерткіштері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)