Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Есеп саясатының мәні және маңызы

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР | БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСI | ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ | Аржылық есептіліктің ұлттық стандарттарының ерекшеліктері | Халықаралық қаржылық есепТІЛІК стандарттарының ЕСЕП саясатына қоятын талаптары | Типтік бухгалтерлік есеп шоттарын және бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін есеп саясатын құрастыруда қолдану | Есеп саясатының бөлімдерінің ашылуы | Бұхгалтерлік құжаттама | Дістемелік бөлімі | Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары |


Читайте также:
  1. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
  2. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  3. Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау
  4. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
  5. Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика
  6. Ақпараттық экономиканың тұжырымдамасы. Экономикалық ақпараттың мазмұны және мәселелері. Электрондық Үкімет.
  7. Азақстандағы электронды бизнес: болашағы және кедергілері.

Мазмұны

 

КІРІСПЕ.. 2

1.Есеп саясатының мәні және маңызы... 3

2. ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік құрастырудың нормативтік-құқықтық негіздері. 7

3.ҚР "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 28.02.2007 ж № 234-111 заңының мазмұны... 9

4.Қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарының ерекшеліктері. 15

5.Халықаралық қаржылық есепТІЛІК стандарттарының ЕСЕП саясатына қоятын талаптары... 22

6.Типтік бухгалтерлік есеп шоттарын және бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін есеп саясатын құрастыруда қолдану.. 23

7. Есеп саясатының бөлімдерінің ашылуы... 29

8.Әдістемелік бөлімі. 34

8.1Қаржылық есептiлiк. 34

 

 

9. салықтық есепке алу саясаты... 38

Әдебиеттер тізімі. 42

 

 

 

КІРІСПЕ

Нарық экономикасының өркендеуі ғылымдардың және қоғамдық өндірістік қатнастардың алдында жаңа талаптар қоюда. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдарды басқаруға бос қаржыларын өндірістің өркендеуіне бағыттау, қаржы-несиелік қатынастарға кірісуі және инвестицияларды жарғылық, айналым капиталының қорлануына жұмсау арқылы қатынасады.

Қаражаттарын бағыттау үшін, қаражаттары салынған шаруа,фермер қожалықтары қаржылық жағдайын зерттеу, қызметінің дамуын бақылап отыру әрбір инвестордың, несие берушінің міндеті болып табылады.Ол әр шаруа,фермер қожалықтары қаржылық есептілігінің және есеп саясатының дұрыс құрастырылуы арқылы жүзеге асырылыды.

Есеп саясаты ақпараттық негізгі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан оны дұрыс құрастыру үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік заңдылықтарын арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек

Есеп саясатының әдістемелік негіздерін және оның қалыптасуын білу әрбір шаруа,фермер қожалықтарына олардың болашақ қызметіне пайдалы.

 

Есеп саясатының мәні және маңызы

 

Бұл тақырыпта қолданатын негізгі ұғымдар:

1.Есеп саясаты – субъект шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығы(8 ias халықаралық қаржы есептілігінің стандарты)

2. Есептеу принципі – кәсіпорынның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі..

3. Үздіксіздік принципі - яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады.

 

Есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес, олардың қажеттіліктері мен қызмет ерекшеліктері негізге алына отырып, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін дара кәсіпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты принциптерді, негіздерді, ережелерді, тәртіп пен практиканы білдіреді.

Есеп саясатында ұйымның есептік нұсқасы, нұсқалар рұқсат өткен есеп объектілерін бағалау, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және кәсіпорын қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мән ұйымдастырудың техникасының нысандары таңдалады.

Шаруа,фермер қожалықтары есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Мұның өзі нарық экономикасы жағдайында бухгалтерлік есептің рөлі мән мәнін арттыруда аса маңызды.

Қазақстанның қаржылық есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасын, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.

Шаруа,фермер қожалықтарының бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыру және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері Шаруа,фермер қожалықтарының есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат- бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.

Бухгалтеррлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік- құқықтық құжаттарда белгіленген.

Оларды жүзеге асыру барысында нақты шаруа,фермер қожалықтарының есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынған жөн:

Ø Шаруа,фермер қожалықтары өз мүлкімен өзімен өзі болушылығы (Шаруа,фермер қожалықтары өз балансында тек заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық құндылықтар мен міндеттемелер баланстан тыс шотаррда есепке алынады);

Ø Толассыз қызметі (есеп саясаты мәселесі бойынша қандай да бір қабылданатын шешім, шаруа,фермер қожалықтары өз қызметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек);

Ø Есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де);

Ø Шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр фактілердің немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек).

Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы – шаруа,фермер қожалықтарының қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, обьективті және шынайы ақпаратпен қаптастыру.

Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есеп іскер адамдарды біріктіре алатын бизнес пен кәсіпкерліктің тілі болып табылады. Бұған қоса, бухгалтерлік есеп макро-экономикалық көрсеткіштердің қалыптасуының жалпы мемлекеттік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Ал бұның өзі әрбір шаруа,фермер қожалықтары мұндай көрсеткіштерді есептеп шығаруға қажетті ақпараттарды әзірлей отырып, бірегей әдістер мен қағидаларға сүйенулері керек. Бұл қағидалар есеп ресімдерін таңдау мен есеп процесін әзірлеуде сақталуға тиіс, кәсіпорынның есеп жүйесіндегі бастапқы сәттерді белгілейді.

Олар шаруа,фермер қожалықтарында бухгалтерлік есептің жүйесін құрудың іргетасы. Оның мақсаты салыстырмалы ақпаратқа рұқсатты қамтамасыз ету, қаржы жағдайы мен қызмет нәтижесі туралы шынайы ақпаратты тапсыру болып табылады.

Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің мынадай принциптерін сақтау керек:

1. Есептеу – кәсіпорынның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.

2. Үздіксіздік - яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады.

Оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамдалады.

3. Түсініктілік принципі - қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.

4. Маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауы және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды болуы керек.

5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ немесе дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.

Есеп саясатын қалыптастыру әрбір стандартта ұсынылатын әдістердің біреуін таңдап алу және оларды негіздеумен түсіндіріледі. Есеп саясатының қалыптасуына кәсіпорынның басшысы жауап береді.

Есеп саясатының ашылуы - бұл қаржылық есептемеге түсіндірме жазудағы неғұрлым елеулі аспектілерге сипапама беру.

Қаржылық есептіліктің деректері бойынша шаруа,фермер қожалықтарының мүліктік және қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеті, шаруашылық етудің негізгі ережелері, кәсіпорын қызметінің жақсаруындағы (нашарлауындағы) үрдістер және т.б. көрсеткіштер белгіленеді.

Бұйрықпен ресімделген есеп саясаты нормативтік құжат болуға тиіс. "Есеп саясаты" термины ресми түрде Қазақстан Республикасы бухгалтерлерінің іс тәжірибесіне, кезіндегі Казақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық Комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №2 қаулысымен енгізілді. Толық түрде есеп саясаты ұлттық қаржылық есеп стандартында(ҰҚЕС-1, ҰҚЕС-2) және Халықаралық қаржылық есеп стандартында (ХҚЕС) танылып, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық ұйымдарда міндетті түрде жасалынатын болды. Әрбір ұйым өзінің есеп саясатын калыптастырып, мұның өзін ішкі шаруашылық өрісінде және бухгалтерлік есеп жүргізу ісінде қолданатын мүмкіндікке ие болатын болды.

Есеп саясаты - деп ұйымдарда іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік есеп объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған өрісі кең ішкі ережелер жүйесін айтады.

Есеп саясатының түпкі мақсаты - нарық пен базарлы саудаға түсетін ұғымды жолдарды анықтау, өндірісті ары қарай модернизациялау, жаңа және сапалы өнімдер өндіруге ықпал ету, қаржылық күйреу жағдайын болдырмау, материалды активтер мен басқа да құндылықтарды дұрыс бағалау мен есептен шығару, резервтік қорлар көздерін көбейту, өңдірістік шығындар тиімділігін ұғымды баскару болып табылады. Түпкі мақсаттың ең дәлелдісі ұйымдардың таза пайдамен қызмет аткаруын қамтамасыз ету.

Есеп саясаты екі жағдайда - "жоғарыдан" және "төменнен" реттеледі. "Жоғарыдан" реттеу кезенінде есеп қызметін жүргізу жөніндегі зандар мен нормативтік актілер, сондай-ақ бекітілген бухгалтерлік есеп стандарттары, салық заңдылығы т.б. ресми құжаттар басшылықка альшады. Екінші жағдайда "төменнен" реттеу кезеңінде ұйымдардағы технологиялык ерекшеліктер, салалық кұрылым, табыс келтіру жолдары т.б. ішкі ерекшеліктер басшылыққа алынады. Есеп саясатын қалыптастыру үшін есеп жүргізу әдістерінің ішінен, осы кәсіпорынға тән кажетті әдістер мен ережелерді тандап алып, есеп саясатының маңызын ашуға болатындыған тағы да айта кеткен жөн. Есеп саясаты өзінің құрылымы мен баяндау нысаны бойынша үш дәстүрлі блоктан тұрады:

1. Жалпы бөлім;

2. Ұйымдастырушылық бөлім;

3. Әдістемелік бөлім.

" Жалпы ережелер" бөліміне мыналарды енгізген жөн:

· ұйым туралы жалпы мәліметтер;

· қаржылық жағдайлар, қызмет нәтижелері және осы үйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы шынайы ақпаратты қалыптастырудың қамтамасыз етілуі туралы оның есеп саясатының негізгі мақсаты.

"Ұйымдастыру" бөлімі бухгалтерлік есепті жүргізуге, бухгалтерия құрылымын ұйымдастыруға және оның қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін білуге, бухгалтерлік есепті жүргізудің қолданылатын нысандарын, шоттардың Жұмысшы жоспарын және басқаларды сипаттауға жауапты тулғаларды анықтайтын елеулі мәселелерді қамтиды. Мұның барлығы бухгалтерия жұмысын ретке келтіруге, ақпарат келіп түскен кезде оны дәл бірегейлендіруге, бағалауға, жіктеуге және жүйелендіруге мүмкіндік беріп, есептілікті жасаған кезде жұмысты едәуір оңайландырады. Басқа да қадамдардың болуы мүмкін.

"Әдістемелік" бөлімі ақпаратты қаржы есептілігінде көрсетудің ҰҚЕС және ХҚЕС ұсынатын тандаулы баламаларға орай нақты тәсілдерін қамтуға тиіс. Егер басқаша жасаудың ерекше негіздемелері болмаса, есеп саясатын осы стандарттар бойынша бірінші рет қалыптастыратын ұйымдарға негізгі жол бойынша жүргені жөн болады. Жүйелілікті, кезектілікті және толықтықты қамтамасыз ету мақсатында бір ҚЕС-нан басқасына таңдауды жүзеге асырған, көзделген тәсілдерді, баламаларды анықтап алған дұрыс.

 


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 1521 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.| Р "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 28.02.2007 ж № 234-111 заңының мазмұны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)