Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Р Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы 28.02.2007 ж № 234-111 заңының мазмұны

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСI | ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ | Аржылық есептіліктің ұлттық стандарттарының ерекшеліктері | Халықаралық қаржылық есепТІЛІК стандарттарының ЕСЕП саясатына қоятын талаптары | Типтік бухгалтерлік есеп шоттарын және бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін есеп саясатын құрастыруда қолдану | Есеп саясатының бөлімдерінің ашылуы | Бұхгалтерлік құжаттама | Дістемелік бөлімі | Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары | Салықтық есепке алу саясаты |


Читайте также:
  1. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
  2. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  3. Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау
  4. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
  5. Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика
  6. Ақпараттық экономиканың тұжырымдамасы. Экономикалық ақпараттың мазмұны және мәселелері. Электрондық Үкімет.
  7. Азақстандағы электронды бизнес: болашағы және кедергілері.

Бұл тақырыпта қолданатын негізгі ұғымдар

1. Қаржылық есептілік стандарты - бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау принциптері мен әдістерін белгілейтін құжат;

2. Қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары (бұдан әрі - ұлттық стандарттар) - қаржылық есептіліктің уәкілетті орган бекіткен стандарттары;

3. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (бұдан әрі - халықаралық стандарттар) - Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары комитетінің Қоры бекіткен қаржылық есептілік стандарттары;

2008 жылдың 1- қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының субъектілері қаржылық қортындыларын ҰҚЕС-1, ҰҚЕС-2 және ХҚЕС- ке сай келтіре тапсырулары керек. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңының талаптары осындай.. Бір жағынан, бұл ұйымның есеп жүйесі мен саясатын өзгертумен байланысты үлкен мәселе, екінші жағынан- бұл инвесторлармен, кредиторлармен жаңа дәрежеде қарым- қатынас құрудың мүмкіндігі. Бұл Заңның күшi,дара кәсiпкерлерге,заңды тұлғаларға, шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерiне (бұдан әрi - ұйымдар) қолданылады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бiржолғы талон немесе патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiк жасауды жүзеге асырмауға құқылы.

Дара кәсiпкерлер мен ұйымдар мынадай санаттарға:

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiретiн заңды тұлғалар үшiн, сондай-ақ оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi.Олар ұлттық қаржылық есептіліктің № 1 стандартын (ҰҚЕС-1) қолданады;

2) Жалпы салық режимiн қолданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерi. Олар қаржылық есептiлiк жасауды ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандарттына (ҰҚЕС-2) сәйкес жүзеге асырады;

3) Орта кәсiпкерлiк субъектiлерi, сондай-ақ жедел басқару құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорындар (қазыналық кәсiпорындар).Бұл топтағылар қаржылық есептiлiк жасауды ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандарттына (ҰҚЕС-2) сәйкес жүзеге асырады. Бұған қосымша осы ұйымдар есептiлiк саясатын бекiткен басшы органдарының шешiмi бойынша қаржылық есептiлiктi халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға құқылы.

4. Iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жария мүдделi ұйымдар қаржылық есептiлiктi халықаралық стандарттарға (ХҚЕС) сәйкес жасауға мiндеттi.

Мемлекеттiк мекемелер 1 қаңтар 2013 жылдан бастап қаржылық есептiлiктерін қоғамдық ұйымдардың халықаралық стандарттарына (ҚҰХҚЕС) сәйкес жасауға мiндеттi.

Субъектіні қаржылық басқаруда есеп саясаты маңызды роль атқарады. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес, олардың қажеттiлiктерi мен қызмет ерекшелiктерi негiзге алына отырып, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау үшiн дара кәсiпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты принциптердi, негiздердi, ережелердi, тәртiп пен практиканы бiлдiредi. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес субъект басшысы немесе дара кәсiпкер:

1) есеп саясатын келiседi және (немесе) бекiтедi;

2) бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруды қамтамасыз етедi.

Есеп саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және ұйымның жарғысымен (ережесiмен) бекiтiледi.

Басшылық немесе дара кәсiпкер есеп жұмысының көлемiне қарай:

1) бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлiмше ретiнде бухгалтерлiк қызмет құруды;

2) штатқа бас бухгалтер лауазымын енгiзудi;

3) бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды шарт негiзiнде бухгалтерлiк немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсiби бухгалтерге берудi;

4) бухгалтерлiк есептi жеке жүргiзудi жүзеге асыра алады.


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 589 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Есеп саясатының мәні және маңызы| ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)