Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Есептілік жҮйесін реттеу

Есеп саясатының мәні және маңызы | Р "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 28.02.2007 ж № 234-111 заңының мазмұны | ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР | Халықаралық қаржылық есепТІЛІК стандарттарының ЕСЕП саясатына қоятын талаптары | Типтік бухгалтерлік есеп шоттарын және бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін есеп саясатын құрастыруда қолдану | Есеп саясатының бөлімдерінің ашылуы | Бұхгалтерлік құжаттама | Дістемелік бөлімі | Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары | Салықтық есепке алу саясаты |


Читайте также:
  1. Аржылық есептіліктің ұлттық стандарттарының ерекшеліктері
  2. Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу
  3. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСI
  4. Мәтiндi реттеу
  5. Р "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 28.02.2007 ж № 234-111 заңының мазмұны
  6. Халықаралық қаржылық есепТІЛІК стандарттарының ЕСЕП саясатына қоятын талаптары

2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред қара)

20-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу

1. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін уәкілетті орган мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерімен белгілейді.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі (Директорат) жүзеге асырады.

4. Қаржы ұйымдарында және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді - нормативтік құқықтық актілерді және оларға әдістемелік ұсынымдарды қабылдау арқылы, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

5. Уәкілетті орган:

1) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;

2) бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін айқындайды;

3) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;

4) ұлттық стандарттарды және оларға қатысты әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

5) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасы халықаралық стандарттардың талаптарына қайшы келген жағдайда, консультациялық органның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді;

6) бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын әзірлейді және бекітеді;

7) ұлттық стандарттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды;

8) өзге де мемлекеттік органдармен және кәсіби ұйымдармен бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

9) консультациялық органның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің жобасын әзірлеу туралы ұсыныстарын қарайды;

10) кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді;

11) кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережелерін бекітеді;

12) консультациялық органның ұсынымдарын ескере отырып, кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

13) аккредиттеу ережелері сақталмаған жағдайда, кәсіби ұйымдарға, сертификаттау жөніндегі ұйымдарға ескерту жасайды;

14) кәсіби ұйымды, сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу жөніндегі куәлігінен айыру туралы шешім қабылдайды;

15) кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілікті ұсынуының тізбесін, нысанын және мерзімділігін анықтайды;

16) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізбесін мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;

17) консультациялық орган туралы ережені бекітеді;

18) депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді;

19) сертификаттың нысанын келіседі.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды

20) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды

21) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

1) қаржы ұйымдары үшін:

уәкілетті органмен келісім бойынша халықаралық стандарттармен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

2) мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының (үлесінің) елу және одан да көп проценті немесе акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін тізбелер мен нысандарды, сондай-ақ қаржылық есептілікті ұсынудың мерзімі мен тәртібін белгілейді;

3) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары үшін:

осы заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық стандарттардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарын және халықаралық стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды

20-1-бап. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы

мемлекеттік бақылау

1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

Тарау.


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 275 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСI| Аржылық есептіліктің ұлттық стандарттарының ерекшеліктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)