Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Салықтық есепке алу саясаты

Р "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 28.02.2007 ж № 234-111 заңының мазмұны | ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР | БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСI | ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ | Аржылық есептіліктің ұлттық стандарттарының ерекшеліктері | Халықаралық қаржылық есепТІЛІК стандарттарының ЕСЕП саясатына қоятын талаптары | Типтік бухгалтерлік есеп шоттарын және бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін есеп саясатын құрастыруда қолдану | Есеп саясатының бөлімдерінің ашылуы | Бұхгалтерлік құжаттама | Дістемелік бөлімі |


Читайте также:
  1. Аналитикалық дәріс. Мемлекеттің әлеуметік және аймақтық саясаты
  2. Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары
  3. Есеп саясатының бөлімдерінің ашылуы
  4. Есеп саясатының мәні және маңызы
  5. Мемлекеттік жастар саясаты.
  6. Оқу пәнінің саясаты

Бухгалтерлік есепте халықаралық есеп стандарттарын және ұлттық қаржылық есеп стандарттарын қолдану үшін әр шаруа,фермер қожалықтарының өзінің есеп саясатын жасауға мүдделі. Сол сияқты салық кодексінің талаптарын іс жүзіне асыру үшін әр шаруа,фермер қожалықтарының өзінің салықтық есепке алу саясатын дайындап, қолданысқа енгізуі тиіс. Бұл екі міндетті құжат кәсіпорында жеке немесе біріктірген түрде дайындалуы мүмкін. Салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер белгіленуге тиіс:

- салық төлеуші дербес әзірлеген салық тіркелімдерінің нысандары мен жасалу тәртібі;

- стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізбесі;

- салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдар лауазымдарының атауы;

- салық салудың әр түрлі шарттары көзделген қызмет түрлері жүзеге асырылған жағдайда бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;

- жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырған жағдайда бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;

- корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерімге жатқызудың, сондай-ақ қocылғaн құн салығын есепке жатқызудың салық төлеуші таңдап алған әдістері.

- хеджирленетін тәуекелдерді, хеджирленетін баптарды және оларға қатысты пайдаланылатын хеджирлеу құралдарын, хеджирлеу тиімділігінің дәрежесін бағалау әдістемесін айқындау саясаты.

Бірлескен қызмет жөніндегі салықтық есепке алу саясатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар әзірлейді және бекітеді.

Салықтық есепке алу саясатында белгіленген ережелердің күші күнтізбелік жылға қолданылады.

Салық төлеуші салықтық есепке алу саясатында бұрын көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде салықтық есепке алу саясатына тиісті өзгерістер және толыктырулар енгізуге тиіс.

Салық төлеуші салықтық есепке алу саясатына өзгерісті және толықтыруды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына немесе бөліміне өзгерістер және толықтырулар енгізу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.

Салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:

- бастапқы есептілік-салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, үстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;

- кезекті есептілік- салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және осы тұлға салық төлеуші болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезендері үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;

- қосымша есептілік - осы өзгерістер және толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салықесептілігіне осы тұлға салықтөлеуші болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;

- хабарлама бойынша қосымша есептілік- салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салықтөлеуші болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;

- тарату есептілігі - салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі, салық төлеушілердің мынадай санаттарының әрқайсысы үшін:

- сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары;

- коммерциялық емес ұйымдар;

- әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

- жер қойнауын пайдалануға арналған келісім шарттар бойынша немесе өнімді бөлу туралы келісім шарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;

- өздеріне декларацияны жасау және табыс ету жөніндегі міндет белгіленген, корпоративтік табыс салығын басқа да төлеушілер үшін жеке-жеке осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстардың корпоративтік табыс салығын, шегерімге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетілімдерін, салық салынатын табысты, салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды, шеккен залалдарды, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын және салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын азайтатын салықтар сомасын декларациялауына арналған.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсатына орай салық қызметі органдары пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:

- құн өсімінен түсетін табыстар (залалдар) жөніндегі;

- күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша табыстар мен шығыстар, міндеттемелерді және талаптарды есептен шығару, оның ішінде кредиторлар мен дебиторлар бойынша есептен шығару жөніндегі;

- сыйақылар бойынша табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Сыйақылар бойынша шығыстар жөніндегі осы қосымшаның нысаны сыйақы алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;

- өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бойынша белгіленуі мүмкін;

- свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін;

- резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі;

- инвестициялық салық преференциялары жөніндегі;

- салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз берілген мүлікті, демеушілік көмекті алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;

- амортизациялық аударымдар, жөндеуге жүмсалатын шығыстар және тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер жөніндегі;

- шетелдік көздерден алынатын табыстар жөніндегі, жеңілдікті салық салынатын елдерге тіркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік салық және есепке жатқызылу сомасы жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;

- алынған стандартты салық жеңілдіктері бойынша салық міндеттемесін есептеу жөніндегі;

- халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі ақпаратты;

- корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен табыстар мен шығыстар туралы есепті салыстыруды;

- Своп бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны келісімшартжасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін;

- мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшылары және (немесе) сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылар бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, салық міндеттемесі туралы;

- резиденттің Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде орналасқан тұрақты мекемелері шегерімге жатқызатын, резиденттің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.

- салық салу объектілері, оның ішінде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектілері туралы;

- салық ставкасы туралы;

- халықаралық шарттарды қолдану туралы;

- Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңі туралы;

- халықаралық шартқа сәйкес есептелген салық сомасы туралы.

 

 

 


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 586 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары| Вывод здесь один – был народным депутатом – виновен в развале страны! Значит, вычеркиваем таких из списков сразу.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)